Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат


Мемлекеттің қызметіне қарай бөлінеді



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі21,16 Kb.
#80614
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саясаттану дәріс 3 апта
Саясаттану дәріс 3 апта
Мемлекеттің қызметіне қарай бөлінеді:
ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу;
сыртқы саясат – халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды реттеу.

Бүгінде аталмыш терминді көбінесе ықпал жасау мен басқарудың түрлері ретінде жиі айқындалады. Саясат қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды және рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады.


Саяси өмірбұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды.
Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек. Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады.
Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады:
қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету;
қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру;
қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру;
әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу;
түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру;
қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету;
жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.

Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» пікірін басшылыққа алады. Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау пайдаланылады. Заманауи саясатта бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі маңызды рөл атқарады.


БАҚ саясаткерлердің қоғамдық сананы манипуляциялауға мүмкіндік беру арқылы өз мақсаттарына жетуге септігін тигізеді.
Саясат, мораль және құқықтың арақатынасына мән берсек. Негізінен саясат пен мораль арасында мынадай айырмашылықтар бар:
Саясат бүкіл қоғамды қозғайтын топтық әлеуметтік қақтығыстарды реттеуге бағытталған және билікте қолдануды талап ететін қызметті атқарады. Мораль саяси өткірлікке жетпеген адамдар арасындағы күнделікті жеке қатынастарды сипаттайды. Саясаттың қайнаркөзін адам мүддесінің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар құрайды. Мораль қайнаркөзіне индивидтің жеке пайдасын көздемейтін жалпыадамзаттық құндылықтар жатады. Мораль жетістікке жетуді көздейтін мұрат-мақсаттармен тығыз байланысты. Ол іс-әрекеттердің субъективті, ішкі алаңдаушылықтарын бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет