Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат


Неміс саясаттанушысы М. Вебер



бет2/6
Дата06.02.2022
өлшемі21,16 Kb.
#80614
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саясаттану дәріс 3 апта
Саясаттану дәріс 3 апта
Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады
Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»).
Ежелгі Греция қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді политикос деп атаса, өз қаласындағы саяси өміріне қатыспайтын және қызығушылығы жоқ азаматтарды ιδιοτικός (идиотикос) деп атаған (Steven Kreis. The Athenian Origins of Direct Democracy. Lecture 6. [Электрондық ресурс]. –
Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы.
Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары.
Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі ерекшеліктерді атап өтуімізге болады:
1. жалпыміндетті шешімдерді қабылдау бойынша қызмет;
2. мемлекет, партия, мүдделес топтар қызметінің саласы;
3. билік үшін күрес, билікке ықпал жасау және оны пайдалану;
4. мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы бар істерді басқару;
5. әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының ерекше түрі;
6. қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау және өзгерту.
Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет