Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


РАФТ әдісіне тапсырма және оны ұйымдастырып өткізу әдістемесі туралы жаз



бет18/20
Дата18.12.2023
өлшемі175,07 Kb.
#197540
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер-emirsaba.org

РАФТ әдісіне тапсырма және оны ұйымдастырып өткізу әдістемесі туралы жаз

РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.


Р – Роль

А - Аудитория


Ф - Форма
Т – Тақырып
«РАФТ» әдісі - жеке жұмыс ретінде, жұпта немесе топта жұмыс ретінде ұсынуға болады. Ол сыныптың қабілетіне байланысты. Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

17-билет


  • Тиімді оқытудың түрлері. Модельдеу


Тиімді оқыту бағдарламасы бойынша сабақ жоспарлау мұғалімнің өз сабағының жоспарын мақсатты құруына, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді. Бұл бағдарлама оқушылардың бірігіп оқу қабілеттілігіне ықпал ететін бірнеше компоненттерден тұрады.


Компоненттер оқытушының қолдауы мен оқыту үшін жауапкершіліктен басталады, оқытушының қолдауы оқушылар өздеріне оқу үшін көбірек жауапкершілік сезінгеннен бастап біртіндеп күрделіден жеңілге қарай өтеді. Тиімді оқыту бағдарламасының бірнеше компоненттері бар. Олар мыналар: сабақ мақсатын белгілеу, модельдеу (үлгілеу), оқытуды басқару, бірлескен жұмыс (топтық жұмыс) және өз бетімен орындалатын жұмыс.
Сабақтың мақсаты оқушылар үшін олар орындайтын тапсырма мен оларды оқыту себептерінің арасындағы байланысты көре алуы үшін анық баяндалуы тиіс.
Мақсаттар – сабақ кезінде жүргізілетін оқытуды білдіреді. Мақсаттардың үш түрі болады: оқу материалының мақсаты, тілдік және әлеуметтік мақсат.
- Оқу материалының мақсаты: оқушылардың не істейтіндігінен күтілетін нәтиже.
- Тілдік мақсат: оқушылардың өз білімін ауызша немесе жазбаша тіл арқылы қалай көрсететіндігін түсінуді білдіреді, оқушылар сабақ кезінде пайдаланатын тілге қатысты болжалдарын белгілейді.
Тілдік мақсаттың мысалы: жалпы, ұқсас және т.б. тірек сөздерді пайдалана отырып, бір шығарманың екі нұсқасын салыстыру және теңестіру.
- Әлеуметтік мақсат: оқушылардың сабақ кезінде бір-бірімен қалай тілдесіп, өзара әрекеттесуі керек екендігін түсінуді білдіреді.
Әлеуметтік мақсаттың мысалы: басқа оқушылардың сөздерін мұқият тыңдау.
Модельдеу оқытушы өзі жоспарлаған әрекеттерді таныстыра отырып, тапсырманы орындаған кезде нұсқау беріп отыруы.
Тиімді модельдеу үшін жеті қадам бар.
- Стратегия, дағды немесе міндетті айту.
- Мақсатты айту.
- Стратегия немесе дағды қолданылатын жағдайды түсіндіру.
- Алдыңғы білімдерді жаңа ақпаратқа байланыстыру үшін аналогияларды пайдалану.
- Дағды, стратегия немесе міндеттің қалай қолданылатындығын көрсету.
- Қателерді болдырмау керектігін ескерту.
- Дағды пайдасын бағалау
2. Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді, сапалы білімге қол жеткізіледі, функционалдық сауаттылықтары артады. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасалынады, үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады. Ұжымның шығармашылық ахуалы артады. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарттары іске асады.
Әрбір бағыттың басымдықтары мен табыс критерийлері белгіленді. Мектеп қызметінің басты бағыты оқу және оқыту үдерісіне тоқталып кеткім келеді. Басымдықтары мен табыс критерийлері:
- Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру- Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау; Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру; Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі; Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру;
- Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу- Білім сапасының артуына қол жеткізу; Оқушыларды бағалаудың жаңа критерийлерін қолдану: оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау; Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау жүйесін енгізу; Оқушыларды өзіне және өзгелерге сын көзбен қарауға дағдыландыру;
- Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру - Қабілетті және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу; Мәселелерді шешу құзыреттілігін дамыту; Оқушыны белсенді жұмыс жасауға ынталандыру. Психологиялық ахуалды оңалту;
- Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оқу жүктемесінің шамадан тыс көбеюінің алдын-алу - Сабақ кестесін талапқа сай жасақтау; 1-5 сыныптарда сабақ үстіндегі сергіту сәттерінің өткізілуін жүйелендіру; 1-4 сыныптарда үлкен үзілістерде қозғалыс жаттығуларын ұйымдастыруды жүзеге асыру; Үй тапсырмасының көлемін оңтайландыру, бейімдеу;
Ұзақ мерзімді жоспар 2013-2016 жылдарға арналған және орта мерзімді жоспар 2013-2014 оқу жылына арналған. Жоспар мектеп қызметінің алты бағытын қамтиды. Олар: оқыту мен оқу үдерісі, ғылыми-әдістемелік қызмет, тәрбие жұмысы, әлеуметтік-психологиялық қызмет , ата-анамен жұмыс және әлеуметтік және кәсіби серіктестік.
Бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай мектептің талантты да дарынды мұғалімдеріне өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп,жұмыс аясы анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан,негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа,олардың жұмысының мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді. «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және «мектеп мәдениетін» қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-қатынас қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік шараларына басымдық берілді.
Кезекті педагогикалық кеңесте мұғалім құзыреттілігі, жаңа сипаттағы сабаққа қойылатын талаптар, білім сапасын арттыру мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылып, мектептің даму перспективасымен барлық педагогтар таныстырылды. Мектеп - қоғам аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс
3.
18-билет

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.




І. Мақсатына қарай :
  • эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы


  • әрекетттік рефлексия.


  • оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.




    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет