Оқыту түрі: күндізгі, сырттай



бет3/21
Дата18.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#10039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



6.5 Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Башаров Р.Б., Байжасарова, Тоқбергенова У.К. Физика және астрономия-7., Мектеп.

  2. Башаров Р.Б., Байжасарова, Тоқбергенова У.К. Физика және астрономия-8., Мектеп.

  3. Башаров Р.Б., Байжасарова, Тоқбергенова У.К. Физика және астрономия-9., Мектеп.

  4. Башаров Р.Б., Байжасарова, Тоқбергенова У.К. Физика -10. Мектеп. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  5. Кем В.И., Кронгарт Б.А Физика -10. Мектеп. Жаратылыстану-математикалық бағыт.

  6. Башаров Р.Б., Байжасарова, Тоқбергенова У.К. Физика -11. Мектеп. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  7. Кем В.И., Кронгарт Б.А Физика -11. Мектеп. Жаратылыстану-математикалық бағыт.

  8. . Физикадан есептер жинағы(барлығы)

Қосымша:

1. Құдайқұлов «Физиканы оқыту әдістемесі»

2. Усова «Методика преподавания физики»

3. Кем В.И., Кронгарт Б.А. Физика. Әдістемелік нұсқау.Мектеп.2008 ж.Кем. Кронгард..



Электрондық оқу құралдары: 

Электрондық оқулық:

 

Аты

Авторлары

1

Мектеп физика оқулығы

Ш.Ш.Уәлиханов ат. КМУ Шүйішбаева Н.Н.

2

10-11 мектеп физика оқулығы

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасы

3

8-9 физика оқулығы

Ш.Ш.Уәлиханов ат. КМУ Шүйішбаева Н.Н







(толығымен мәліметтерді физика кафедрасының сайтынан білесіздер: phys.kokgu.kz)

7. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары


№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары



Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

№ тапсыр-маны

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және тарау

1

2

4

5

6

7

  1. 2

7 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері

НӘ[1]


[1]1-215

беттер



Сұрақ-жауап

бақылау


2 апта 3 апта

  1. 3

8 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері

НӘ[2]


[2]1-345

беттер



бақылау


4 апта

5 апта


  1. 4

9 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері

НӘ [3]

[3]1-287

беттер


Физикалық диктант

6 апта 7 апта



10 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері(қоғамдық-гуманитарлық бағдар)

НӘ[4]

[4]1-220

беттер



бақылау


8 апта 9 апта

  1. 5

10 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері

(жаратылыстану-математикалық бағдар)



НӘ[5]

[5]1-330

беттер



бақылау


10 апта 11 апта



11 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері (қоғамдық-гуманитарлық бағдар)

НӘ[6]


[6]1-231

беттер



бақылау


12 апта 13 апта

  1. 6

11 СЫНЫП оқулығы бойынша тараулардың ең маңызды мәселелері

(жаратылыстану-математикалық бағдар)



НӘ[7]


[7]1-377

беттер


бақылау


колоквиум

14 апта 15 апта




  1. Баға бойынша ақпарат

бақылау түрі (ағымды, аралық, қорытынды);

бақылау әдістері (сұрау, жазбаша жұмыс, тестілер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100 %) жүйеге негізделген және төмендегі ұпайлардың реттелуін көздейді





Пәнді зерделеу үрдісіндегі бақылау түрлері

Балмен бағалау

Міn/max

I

I Ағымды бақылау

. . .

20




I Аралық бақылау

10




I Қорытынды аралық бақылау

30




II

II Ағымды бақылау

. . .

20




II Аралық бақылау

10




II Қорытынды аралық бақылау

30







Қатыстыру рейтингі

ТК1+РК2+ТК2+РК2

2


30/60

III

Қорытынды бақылау (ҚБ)

Емтихан


40

20/40

Барлығы

100

50/100


Бағалау баламасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық баламасы

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз



10. Оқу пәні мен академиялық әдептің саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу мен жазалау.




Дәріс сабақтардың тезистері
І. Кіріспе
Физиканың мектептік курсының мазмұны іргелі физикалық теориялардың динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталады. Физиканың базалық мазмұны осы іргелі теориялар төңірегіне топтастырылады. Физиканың мектеп курсы құрылымы «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика», «Электродинамика», «Кванттық физика» бөлімдерінен тұрады. Мұнд а физиканың қозғалыс және күш, зат, өріс және энергия, сондай-ақ ғылыми-физикалық таным әдістері сияқты категориялары аталған бөлімдер арасындағы байланыстырушы буын ретінде көрініс табады.

Ғылыми танымның физикалық әдістері. Физиканы оқыту оқушыларды ғылыми таным әдістерімен қаруландыруға, олардың жасында және білім деңгейіне сәйкес табиғи және техникалық құбылыстарды өз бетінше теориялық және эксперименттік зерттеуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық және практикалық біліктіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.

Оқу пәні ретінде «Физика» оқушыларға ғылыми танымның жалпы әдістері тәжірибеде қолдана алу біліктілігін қалыптастырады.

Физикадағы таным әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры болып отыр. Оны игеру ғалым-зерттеуші үшін де, оқушы үшін де өте маңызды.

Механика. Материалық нүктенің түзу бойымен қозғалысы; координата, жылдамдық, үдеу. Бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс; координата мен жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі. Бірқалыпты және қисық сызықты қозғалыс.

Механикалық тербелістер: гармоникалық тербелістер; амплитуда, жиілік және период. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Серпімді толқындар, олардың таралу жылдамдығы.

Денелердің өзара әсерлесуі. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Дене импульсі, импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Жұмыс және қуат. Потенциалдық және кинетикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы жай механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.

Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Еркін түсу. Салмақ. Салмақсыздық. Қатты денелердің серпімді және пластикалық деформациялары. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Заттың тығыздығы. Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзуі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Бернулли теңдеуі.

Молекулалық физика және термодинамика. Атомдар мен молекулалар. Зат бөлшектерінің жылулық қозғалысы, олардың өзара әсерлесуі. Температура. Ішкі энергия. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Жылу берілу, жылу берілудің түрлері. Жылу мөлшері. Жылу сыйымдылық.

Дененің балқуы және қатаюы. Кристалл денелердің балқу температурасы, меншікті балқу жылуы. Булану және конденсация, меншікті булану жылуы. Қайнау, қайнау температурасы және оның сыртқы қысымға тәуелділігі.

Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электрон. Қозғалмайтын зарядтың өзара әсерлесуі. Заттардың электрөткізгіштігі: өткізгіштер мен изоляторлар. Электр тогы, ток көздері. Электр тізбегі. Ток күші. Кернеу. Металл өткізгіштің кедергісі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді параллель қосу. Токтың жылулық әсері. Токтың жұмысы мен қуаты. Қыздыру шамы. Қысқа тұйықталу.

Токтың магниттік әсері. Денелердің электрленуі. Тұрақты магниттер. Электромагниттер. Жер - үлкен магнит. Электр қозғалтқышы.

Электр өрісі. Потенциалдар айырымы. Конденсатор, конденсатордың электр сыйымдылығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электролит ерітінділеріндегі токтың өту ерекшеліктері. Плазма туралы түсінік. Шалаөткізгіштер, шалаөткізгіштердегі токтың өту ерекшеліктері. Шалаөткізгішті диод.

Магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік өріс. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Электромагниттік толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Радиобайланыс принципі. Электромагниттік толқындардың тірі ағзаларға және адамға тигізетін әсері.

Электромагниттік толқындар спектрі. Жарық толқындары. Жарықтың интерференциясы және дифракциясы. Кескіннің дифракциялық табиғаты. Көру механизмі. Жарық шағылуы және сынуы. Айналар, линзалар. Көзді қаруландыратын құралдар. Фотометрия элементтері (көру экологиясы).

Жарықтың ортамен өзара әсері: поляризация, дисперсия және жұтылу. Денелердің түстері.

Арнайы салыстырмалылық теориясның элементтері.

Кванттық физика. Атом құрылысының ядролық моделі. Атомның жарықты жұтуы және шығаруы. Лазерлер туралы ұғым.

Жарықтың затпен өзара әсері: жарық қысым, фотоэффект. Жарық пен заттың корпускулалық-толқындық дуализмі.

Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар. Радиоактивтілік. Ядролық сәулеленудің биологиялық әсері. Сәулелену дозасы туралы түсінік. Сәулеленуден қорғану жолдары. Ядролық реакциялар. Байланыс энергиясы. Масса мен энергияның пропорционалдылығы. Ядролық реакцияларда энергияның бөлінуі. Тізбекті реакция. Термоядролық реакция.

Элементар бөлшектер туралы түсініктер.

Әлемнің біртұтас физикалық бейнесі. Әлем. Біздің ғаламның құрылысы. Жұлдызды аспан. Күн жүйесі. Птоломейдің геоцентрлік және Коперниктің геоцентрлік жүйелері. Күн жүйеснің планеталары. Планеталардың қозғалысы. Аспан сферасы. Шоқжұлдыздар. Ай, оның фазалары. Тұтылулар. Жердің жасанды серіктері.

Әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру теориялық та, эксперименттік те зерттеу әдістерін қолдану негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты физикалық білімнің базалық мазмұны мектептік физикалық экспериментті, лабороториялық практикумды, типтік (соның ішінде эксперименттік және есептеу) физикалық есептерді, сонымен қатар физикалық құралдарды және физикалық шамаларды өлшеуді де қамтиды.

Эксперименттік, лабороториялық-практикалық жұмыстардың базалық мазмұнын (тізімін) және физикалық есептерді «Физика» пәнінің сәйкес бағдарламалық-әдістемелік құралдарды анықтайды.

Орта білімнің сәйкес (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сатыларында «Физика» пәні бойынша базалық білім мазмұнын төменгідей жобаланады.

Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз кұбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарьн қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.

Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалык қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Сөйтіп мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептік физика курсының білім берудегі ең басты мәнін анықтайды. .

Қазіргі кезге дейін физика курсының бірінші сатысы (7-8 сыныптар), негізінен, физиканың келесі жүйелі курсы (9-11 сыныптар) және астрономия (11-сынып) үшін іргетас болып келді. Осы уақыттағы жағдай түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша зерделенетін болады. Бұл жаратылыстану, физика-математикалық техникалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсы болуы мумкін.

Осы жағдайларда жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптарына арналған физика курсы да жаңа мәнге ие болуда. Ол физика ғылымының негіздері мен оның қолданылуынан барлық оқушылар үшін олардың болашақ мамандығына байланыссыз іргелі білім жүйесін камтамасыз етуге бағытталған базалық аяқталған курс болады. Сондықтан курс бағдарламасы базалық ғылымда орналасуына сәйкес келетін механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, атом және атом ядросы бөлімін қамтуы тиіс.

Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды: окушылардың ақыл-ойы, танымдық және шьғармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның кұндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттар жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысы үшін ұсынылып отырған «Физика және астрономия — 7-9» бағдарламасында ескерілген мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

– материя құрылысының біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың қолдану аясын көрсету;

- физикалық құбылыстар, ғылыми ұғымдар, заңдар, іргелі теориялар (атомдық-молекулалық және электрондық) элементтері, тәжірибелік деректер, физика мен астрономияның зерттеу әдістері жайлы білімдерді қалыптастыру;

- оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру;

- оқушылардың ғылым ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы түрдегі ынтасын дамыту;

- оларда ғылыми мәліметтерді түсінуді, ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, өз бетінше зерттеулер жүргізуді қалыптастыру;

- қоршаған ортаға жеке тұлғалық карым-қатынасты, технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдануды, этикалық, және құлықтық нормаларды игеруді қалыптастыру;

- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу;

- ҒТП-ның басты бағыттарының негізі мен өндірістің ғылыми негіздері жайлы білімдерді қалыптастыру.

Бұл міндеттер мектептік физика және астрономия курсы мазмұнының құрамы мен құрылымын жаңарту кезінде шешілмек. Ал бұл жалпы білімдік дайындықтың қажетті базалық деңгейін бөліп көрсетуді қажет етеді.

Бағдарламада берілген осы мазмұнды таңдап алуда негізгі мектептің физика курсына қойылатын төмендегі талаптарды ескеретін негізгі тұжырымдық кағидалар басшылыққа алынды:

– тоғызжылдық негізгі мектепке арналған физика курсы логикалық аяқталған және тұйықталған болуы керек, яғни ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға әдіснамалық негіз болатын ғылыми білім мен танымның толық кешенді жүйесін құрайтын заңдылықтарды теориялық қорытындыларды, негізгі ұғымдарды қамтуға тиіс;

– физика мен астрономия пәндері интерграцияланған болып табылады; ол физиканың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын және теориялық қағидаларын, сондай-ақ астрономияның негізгі мәліметтерін (тарихи материалды, қазіргі астрономия мен астрофизика мәселелерін, әлемнің құрылысы мен дамуын) қамтуды көздейді;

– аталмыш курс ғылыми дүниетанымды (табиғатты, техниканы, адамның рөлін, оның түрлендірушілік қызметін, қоршаған ортаны қорғау мәселесі және т.б) қамтамасыз етуі тиіс; физиканың адамның күнделікті тұрмыстағы және өндірістегі практикалық қызметіне қажетті қолданбалы мәселелерін қамтуы керек;

– оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері жайлы түсініктерді қалыптастыруға, жаңа білімді өз бетінше игеру және білімді жалғастыру үшін білім беру стандартында ескерілген ғылыми танымның әдіснамасы жайлы мәліметтер беруі тиіс;

– оқушылардың жас (12-15 жас) ерекшеліктеріне байланысты танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ғылыми түсінік алуға дейінгі көзқарастарының деңгейін, жаратылыстану – математикалық ғылымдарынан алған білімдерін ескеруі керек;

– курстың мазмұндық көп деңгейлік (ішкі) саралауға бағдарланған, яғни ол оқушылардың көпшілігіне түсінікті болып, сонымен қатар физика мен астрономияны тереңірек меңгеруге қабілеті мен қызығушылығы бар балалардың қажеттілігін де қанағаттандыратындай болуы керек.

Ұсынылып отырған "Физика және астрономия – 7-9" бағдарламасын жасауда мына мәселелерге көңіл бөлінді, яғни:

– базалық білімнің мазмұны физика курсының мазмұндық әдістемелік желісін (таным әдістері, қозғалыс және күш, зат, өріс, энергия), логикалық құрылымын, пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесін анықтайтын ғылыми - әдістемелік ұжымдар негізінде құрылды;

– бағдарлама физика курсы мазмұнының тұрақты (инвариантты) компонентін айқындайды, білімнің негізгі элементтер жүйесінің минимал номенклатурасын, яғни базалық білім беру жүйесіне қажетті болатын және жалпы білім беретін орта оқу орындарын бітірушілер тегіс меңгеруге тиіс мәселелерді ғана қамтиды;

– оқу материалдарын мазмұндық-әдістемелік бағыттар, тақырыптар, бөлімдер, тараулар және нақты пункттер бойынша бөледі;

– барлық оқушылар меңгеруге тиіс оқу материалының стандартталған деңгейін, яғни қандай да бір тақырыптарға байланысты мәселелерді оқу кезінде қалыптасатын білім, біліктік, дағдыларға қойылатын талаптардың минимал және мүмкін деңгейлерін береді;

"Физика және астрономия – 7-9" курсының бағдарламасы сыныпқа сәйкес 2 + 2 + 2 апталық сағат санына есептелген курстың негізгі мазмұнын қоршаған ортаның жалпы сипаттамасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі (механикалық, жылулық, электромагниттік, электр, жарық атом, ішіндегі) құбылыстары сондай-ақ негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтер құрайды. Оқушылар физикалық материалды қоршаған әлемдегі физикалық заңдардың байқалуын және оларды адамның практикалық әрекетінде қолдануын түсіну деңгейінде меңгеруге тиіс деп ұйғарылады.

Ұсынылып отырған курстың негізгі ерекшелігіне қамтылып отырған сандық заңдылықтардың барлығының дерлік занңның мағынасы мен құбылыстың мәнін түсінуне мүмкіндік беретіндей көлемде берілуі жатады. Бұл физикалық процестерді және олардың табиғатта байкалуы мен техникада қолдануын сапалы түрде қарастыру кезінде оқушылардың зейінін аударуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың жас ерекшелігі физика мен астрономияның базалық курсының жалпы құрылымын адам мен әлемді, адамды әлемнің бөлшегі ретінде, адамды Әлемді зерттеуші ретінде жалпы суреттеуден бастап адамның атом, ядро, зат табиғатына енуіне дейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Оку материалы бағдарламада келесі ретпен орналасады:

VII сыныпта оқушылар зат құрылысымен, денелер қозғалысымен танысады, бұл білімдер физика курсының барлық басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Механикалық құбылыстар (қозғалыс) жайлы білім табиғат құбылыстарын түсіндіру кезінде басынан аяғына дейін қолданылады. Зат құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті енгізіліп, энергияның сақталу заңы окытылады. Күйенте мен біліктерге байланысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.

8-сынып физика курсының негізгі мазмұнын жылулық, электр, электромагниттік және жарық құбылыстары құрайды.

9-сынып физика курсының материалдары, негізінен, денелердің өзара әсерлесуін, тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросын, аспан сферасын және аспан координаталарын оқуға арналады.

Негізгі мектептің физика курсы мазмұнының өне бойында оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеумен тығыз байланысты қоршаған ортаны қорғау проблемалары, экологиялық проблемалардың пайда болу себептері, адамның табиғатқа және техникаға қатынасына байланысты мәселелер қамтылып көрсетіледі.

Сондай-ақ бағдарламада физиканың, астрономияның, техниканың дамуындағы Еуропа, Ресей Азия ғалымдары еңбектерінің маңызы да қарастырылады. Бұл оқушыларда эстетикалық көзқарастың қалыптасуына, адам ақыл-ойының құдіреттілігін сезінуге және қоршаған әлемді танып-білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи, дүниетанымдық мәселелердің мәні, өркениеттің дамуындағы физиканың рөлі күшейтілген, яғни физиканың гуманитарлық потенциалы терең ашылған.

Оқушыларды ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарымен, құралдардың, техникалық құрылғыларыдң, технологиялық қондырғылардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен таныстыру нәтижесінде олардың политехникалық білімдерінің негізі қаланады.

Оқушылардың теориялық және қолданбалы білімді меңгеруі, лабороториялық жұмыстарды орындауы мен есептерді шығаруы барысында политехникалық білім міндеттері шешіледі.

Негізгі мектептің физика курсының бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың практикалық әрекетіне үлкен мүмкіндіктер туғызады. Бұл курс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, байқаулар жүргізу мен эксперименттік тапсырмалар орындау біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда лабороториялық жұмыстар ерекше орын алады. Оларға бағдарламадағы курстың әр бөліміне берілген оқу уақытының 30%-і бөлінеді.

Бағдарламада материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, еңбекке баулумен, биологиямен, географиямен, химиямен пәнаралық байланыстар ескерілген.

Көптеген тақырыптарды оқып үйрену оқушылардың жаратылыстану курсынан алған білімдеріне сүйенеді.

Тәжірибе көрсеткендей, физиканы оқуға берілетін жалпы сағат санының 20%-і қосымша уақыт қорын құрауы тиіс, бағдарламада бұл жүзеге асырылған.

Бағдарламада екі меңгеру деңгейіндегі мұқият сұрыпталған білім мен біліктіліктер айқындалған: негізгі мектептің барлық оқушылары меңгеруі тиіс міндетті деңгей және оқушылардың қызығушылығымен қабілеттілігіне сәйкес игерілетін дайындықтың мүмкін деңгейі. Сонымен қатар бағдарламаның мазмұндық бөлігі негізгі мектепті бітірушілерге арналған міндетті білім мен біліктіліктер жүйесінен кеңірек ауқымды құрайды.

Оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген.

Бағдарламаның мазмұндық бөлігінің кейбір мәселелері жақшаларға алынған. Бұл материалдар оқушылардың қосымша танысуына арналады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет