Оқытушы туралы мәлімет



бет5/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
4. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ

  1. Тақырып 1. Автокөлік жолдары



    1. Автокөлік жолдарының жіктелуі

Кәзіргі уақытта Қазақстанда жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 88 мың км құрайды, оларды 65 мың км немесе 74% жергілікті маңызы бар жолдар болып табылады. 1998-1999 жылдары жергілікті маңызы бар жолдар өңірлердің балансына берілген кезде 40,4 мың км жол (ұзындығының 61%) қанағаттанарлық күйде болады. 1997 жылдан бастап жолдардың жайкүйі туралы аукымды зерттеулер жүргізілген жоқ, жолдардың жай-күйі аса т өмен қаржыландырумен байланысты одан әрі нашарлады.


Ауылшаруашылық өндірісінде көлік жыл бойы негізгі қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар-жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі.
Ауылшаруашылық аудандарында тасымалдау көліктің барлық түрлерімен темір жол, су, автокөлік және әуе жолдарымен жүзеге асырылады, бірақ аса маңызды автокөлікке байланысты.
Автокөлік жұмысы жол жағдайына байланысты. Көктемде, егін себудің қызу шағында және күзде егін жинау кезінде қолайсыз жолдарда, яғни топырақ қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жағар майдың көп шығындалуына және автокөліктің тез тозуына келіп соғады. Қысқы уақыттарда жолда жүру қардың қалың болып түсуінен қиындайды. Құрғақшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік қазғалысына жақын жатқан егістік жерлерінің өніміне және тұромстволық жолдарға бөлінеді. Көпшілік қолданыстағы автокөлік жолдары мемлекеттік жол шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады.
Автокөліктерді жетілдіру, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығын арттыруына байланысты болады.
Автокөлік жолдарын халық шаруашылығында пайдалану міндетті түрде жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың қауіпсіз қозғалысын барлық жол жүрісінде, бұрылыстар, жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа-райы мен жыл мезгіліне қарамай-ақ жүрүмен қамтамасыз ету керек. Жолдың сапасы жүргізуші мен жолаушыларды шаршатпайтындай жақсы жасалу керек. Басқа да санитарлық – гигиеналық жағдайлар сақталуы керек: аз шаңдату, қозғалыстың жоғарғы дәрежедегі тыныштығы, жолаушылардың ұзақ жолда демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанар май құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа.
Жолдың маңызы жоғары болса, оның салыну мен пайдалануына қатаң талап қойылады. Негізгі қызмет атқаратың қозғалыстың есебі, техника экономикалық көрсеткіші мен жол құрылысының қаражатын анықтайды.
Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалық, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорынды жолдарға бөлінеді. Әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты ортақ жүйлі жолдары келесі топтарға бөлінеді: жалпы мемлекеттік, Республикалық, облыстық және жергілікті белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет