Оқытушы туралы мәлімет



бет6/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
Жалпы мемлекеттік жолдар одақ мемлекеттік астаналарын, ірі өндірістік және мәдени орталықтарды, одақ манызы бар курортарды және көрші мемлекеттерді магистралды жолдармен байланыстырады
Обылыстық мағынасы бар жолдар, автономдық мемлекеттік негізгі әкімшілік, мәдени, экономикалық және саяси орталықтарды, обылыстарды өзара және аудан орталықтарымен байланыстырады.
Аудандық жолдар обылыстық орталықтарымен, маңызды теміржол станцияларымен және өзара аудандарды байланыстырады
Жергілікті белгілеу жолдары - аудан орталықтарын және ауылды елді мекендерді, теміржол, кемежай станцияларымен байланыстырады.
Қозғалыс қарқындылығы деп бір берілген уақытта (тәулік, сағат) жолдың кескіні арқылы өтетін автокөлік санын айтады. Қозғалыс қарқындылығы жолдың барлық ұзындығында бір қалыпты болмайды.
Жалпы желідегі автокөлік жолдарының маңызы мен қозғалыстың орташа тәулігінің перспективалық қарқындылығы бойынша бес техникалық санатқа бөлінеді.
1 және 2 санатқа қозғалыстың орташа тәулік есебін перспективалық қарқындылығы бойынша жалпы мемлекеттің маңызы бар жолдарды ірі қалалардан аэропорттарға, өзен мен теңіз порттарына кіре берістерді жатқызады: 1 санаттағы жолдарды 7000-дай автокөліктер; 2 санаттығы жолдарда 3000-7000; 3 санаттағы жодарды экономикалық және әкімшілік аудандарды, өндірістік және мәдени орталықтарды, көлік тораптарын, ірі өндірістерді байланыстыратын, қозғалыс қарқындылығы 1000-нан - 3000-ға дейінгі автокөліктер; 4 және 5 санаттар, бұлар көп жағдайда жергілікті шаруашылық және әкімшілік жолдарының қозғалыс қарқындылығы 4 санаттағы жолда: 200-ден 1000-ға дейін, 5 санаттағы жолдарда: 200-ге дейін автокөліктер.
Соңғы жылдары кейбір жолдардың ерекшелігін анықтайтын ауыл шаруашылығы жолдарының жобалауын салу мен жөндеуде ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде мынадай негізгі факторларды есепке алған жөн:

  1. технология мен ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету;

  2. жаңа ауылды жетілдірудің элементтік факторлары;

  3. жүк арту түрлері (тракторлар, поездар, құрылыс уақытындағы жүк);

  4. қозғалыс тәртібі;

  5. ауыл шаруашылығы өнімдерінің халық шаруашылында құндылығы;

  6. ауыл шаруашылығы өнімдеріне әсер тигізетін экономикалық негіздердің ерекшелігі;

  7. қаржыландыру ерекшеліктері (әр түрлі каналдар, жол құрылысын қаржыландыру);

  8. бір аумаққа белгілі нысандардың таралуы;

  9. бір объектінің шағын капиталдық сыйымдылығы;

  10. түрлі жұмыстар;

  11. жақсы жұмыс бойынша жұмыстардың айтарлықтай мөлшері;

  12. поселкелік жұмыстардың өзгешелігі;

  13. ұйымдасқан құрылыс жүйесінің өзгешелігі.

Ішкі шаруашылық жолдары көбінесе құнды жерлерден өтеді, сол себепті жобалау кезінде осы факторды есепке алу міндетті. Жолдарды салуда жерлерді қайта өңдеу қажет. Жердің өсімдік қабатының жиегінің ұзындығы бойынша жер жұмыстарын бастаудың алдын алып, жақын егіс жерлерге егу керек. Жолды жобалауда үш жоба жүзеге асырылады: көлденең кескін, жоспардағы жол және ұзына бойлы кескін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет