Қожан наргис николайқызы оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары және оның құралдары



бет3/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#6693
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары және оның құралдары
Білім алудағы, өмір сүрудегі мақсат-дүниені тану. Дүниені тану арқылы адам күн көреді, өмір сүреді, іс-әрекетіне өзгерістер енгізеді, қоғамды дамытады, өмірде өз орнын табады.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас күрделі мәселе. Дұрыс түсіну үшін оны біртұтастықта қарау керек. Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз. Дүниеге көзқарас – бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам, оның өмірде алатын орны туралы түсінік, ұғымдардың жиынтығы. Адамның дүниеге қарым-қатынасы сан қилы. Соған сәйкес көзқарастың түрлері де көп. Бірақ кез келген көзқарастың негізін философия құрайды. Ол жеке ғылымдардың қолы жеткен табыстарын жинақтап қорытады да, өмір, болмыс туралы біртұтас көзқарасты қалыптастырады. Философияның негізгі мәселесі – дүниеге көзқарас. Оны шешуге байланысты көзқарастың басты екі түрін – материалистік және иедалистік түрлерін айырамыз. Көзқарас – адамдардың әлеуметтік болмысының бейнесі. Ол белгілі бір тарихи кезеңдегі адамдардың біліміне және қоғамдық құрылысқа байланысты.

Кейінгі кезде ғылыми дүниетанымның төрт түрлі құрамын (компоненттерін) көрсетіп жүр:

а) ғылыми білім жүйесі;

ә) дүниетану;

б) сенім;

в) адам мұраты.

Сонымен біз осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік:

а) Білім – объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім – қалыптасудың және дүниетанымның дамуының ғылыми үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде ғылыми білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.

ә) Дүниетаным – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адам баласының пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным (матриалистік) тұрғысынан дәлелдесе, иеалистер идеалистік тұрғысынан дәлелдейді, яғни бірінші кезекте идея ма, жоқ материя ма деген сұрақтарға жауап іздейді.

Жалпы дүниетанымға сенім керек.

б) Сенім – терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымның беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі – шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімде эмоционалдық толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теоретикалық ой үлкен орын алады. Сенімге мұрат керек.

в) Адам мұраты – жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары өмірге ұмтылушылығы. Мұрат – жеке адамды немесе қоғамдық талаптардың мінез-құлқымен арман тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үдеріс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным үдерісінде әртүрлі факторлар әсер етеді: әлеуметтік орта, оқыту, тәрбиелеу, ақпарат құралдары, саясат т.б. Олардың әрқайсысы іс-әрекетке әр түрлі ықпал етеді.

Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары түрі. Бұл – философиялық, экономикалық және саяси-әлеуметтік көзқарастың жиынтығы. Дүниетанымдық идеяның жиынтығы табиғаттың, қоғамның, ой-өрістің дамуымен байланысынан туындайды да, оқушылардың санасынан орын алады. Алғаш көзқарас болжам болып санаға енеді де, біртіндеп ол ақиқатқа, сенімге ауысып қоғамдық, әлеуметтік, табиғат дамуының себептеріне ғылыми көз жеткізуге болады. Алғаш көзқарас болжам болып санаға енеді де, біртіндеп ол ақиқатқа, сенімге ауысып қоғамдық, әлеуметтік, табиғат дамуының себептеріне ғылыми көз жеткізуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас психикалық тұрғыда мына жағдайда қаралады:

а) Дүниені қабылдау, дүниені сезіну, дүниені елестету-дүниетанымның алғашқы қадамы, яғни дүниеге сыртай қарау.

ә) Дүниені түсіну, дүниені бағалау, дүниемен қатынас – дүниеге көзқарасты бекітіп сенімге жетелейді.

Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарастарының қалыптасу үдерісі дүниетанымдық идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Дүниетанымдық білімін оқушылар дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игереді. Бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа қарай дүниетанымдылығы кеңейеді, тереңдейді, толықтырылады.

Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Сондай-ақ оқулықтарда бағдарламаларға сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.

а) 1-4 сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, республикадағы, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие үдерісінде Қазақстан халқының бүгінгі тыныс-тіршілігі, кешегі бабаларымыздың, бүкіл дүниежүзі халықтарының өмірі туралы түсінік қалыптасады.

ә) 5-9 сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика, гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде дамиды. Сөйтіп олардың көзқарасы қалыптасады. Олар бүгінгі өмірге бейімделеді. Экономика, бизнес, сауда, еңбек, т.б. маңызын түсініп, бұрынғы масылдық көзқарастан арыла бастайды. Шәкірттердің өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың тәжірибелік іс-әрекеттеріне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді, өмірге бейімделеді.

б) 10-11 сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңиді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлеледеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық өмірлік істерде әділетті, адал болуға тырысады.

Ғылыми дүниетаным тек оқу үдерісінде немесе тәрбие үдерісінде ғана дамып қалыптаспайды. Ол күнделікті өмірде, тартыс-таласта, отбасында да қалыптасады. Бірақ ол ғылыми дүниетанымға сүйеніп таразыланады. Әрине, оған жоғарыда көрсеткеніміздей өзіндік көзқарас, сенімнің атқаратын рөлі ерекше.

Шәкірттердің дүниетанымын қалыптастыруда сол дүниетанымның өзіндік атқаратын қызметін білгеніміз жөн. Себебі, дүниетаным дүниетаныммен шектеліп қоймайды. Ол өзінше қоғамдық қызмет атқарады:

а) ағартушылық қызмет. Дүниетанымның ағартушылық қызметі бар. Сананы сауаттандырады, әлеуметтік, саяси жат көзқарастан тазартады.

ә) тәрбиелік қызмет. Дүниеге көзқарасты қатайтып сенімге айналдырады.

б) даму қызметі – адамның ой-өрісін кеңейтеді.

в) ұйымдастырушылық қызмет – адамның практикалық іс-әрекетіне басшылық жасайды.

г) болжам қызметі. Өмірдегі іс-әрекетті ғылыми түрде болжау, соны іске асыруға жәрдемдеседі.

Сонымен, оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде шәкірттердің ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады.

Ғылыми дүниетанымның қарапайым түрі бастауыш сыныпта пәндер арқылы беріле береді. Баланың ойы, санасы, көзқарасы қайшылықтар арқылы қалыптасады.

Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі, сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көзқарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады.

Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы.

Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуіне белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Баланың санасы ғылымды меңгерудің арқасында қалыптасады, көзқарасы, сенімі бекиді.

Сезім – адамның дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілікке, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады. Оған ерік керек.

Ерік – адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік еңбек, спорт арқылы қайсарлыққа тәрбиелеу нәтижесінде пайда болады.

Мектепте дүниеге көзқарас, ғылыми дүниетаным оқу-тәрбие барысында қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер, т.б. дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнына табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған.

Жоғарыда айтып өткендей 1-11 сынып оқушыларының әрқайсысы өзіндік ерекшеліктер мен пәндер арқылы ғылыми дүниетанымдарын қалыптастырады. Ана тілі, дүниетаным, жаратылыстану, матеамтика ғылымдарымен танысу процесінде оқушылар теориялық және практикалық белгілі білім көлемін игереді.

Бастауыш сыныптағы пәндермен қатар, жоғары сыныптардағы математика, физика, химия, биология оқулықтарында мазмұндалған негізгі теориялар мен заңдар біртіндеп күрделене беріледі. Бұл теориялар мен заңдар табиғат құбылыстарының терең байланыстылығын ашады, материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын түсіндіреді. Жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе алаңдарында оқушылар өсімдіктердің даму процесін бақылап, толық меңгере алатындай болады.

Жаратылыстануда оның ішінде физика, химия пәндерін оқығанда, тәжірибе арқылы оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдық көзқарасын, сенімін нығайтады. Физика, астрономия пәндерінде адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Осы жоғарыда көрсетілген пәндердің негізін бастауыш сынып пәндері құрайды.

Дүниетанымды қалыптастыруда гуманитарлық пәндердің де рөлі жеткілікті. Ол ана тілінен басталып, тарих, әдебиет сабақтарында жалғасады. Онда қоғамның дамуы туралы оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұратына, мінез-құлқының бағыттылығына анық түсінік береді. Қоғамдық пәндер қоғамның даму заңдарына түсінік берсе, әдебиет пәні адамдардың арасында қарым-қатынасқа, өмірге, еңбекке жастарды тәрбиелейді. Гуманитарлық пәндер арқылы оқушыларды Отанды сүюге, халықтар достығын нығайтуға, қазақстандық патриотизмді дамытуға, тәрбиелеуге болады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, өнегелі, эстетикалық, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет сабақтарының орны ерекше. Оқушылар сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып, музыка, көркеасурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәлім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.

Мектептен, сыныптан тыс ұйымдастырылған түрлі тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми-мтериалистік дүниетанымын дамытудың қажетті құралы болып есептеледі. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі пәндермен қатар, техникалық, жас натуралистер, көркемөнер үйірмелерінің, халық педагогикасының, салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні зор. Үйірмелер оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке үйретіп дағдыландырады, олардың арасында ғылыми көзқарасты насихаттайды.

Отбасында, мектепте жұргізілетін еңбектің орны ерекше. Өмірге бейімделу, шикізат өндіру, сауда-саттықпен айналысу, ілкімділік бүгінгі күннің талабы. Оқушылар қарым-қатынас арқылы білімді игереді, көзқарас қалыптасады, қоғамдық қатынастар тәжірибесі, сенімі мен сезімі дамиды, ерікті меңгереді.

Сонымен дүниетанымдылықтың құралдары – пәндер, үйірмелер, еңбек, қарым-қатынас, ал жолдары – осыларды меңгеру, игеру.

Ғылыми дүниетанымның қалыптасқан белгілері:


  • ғылыми білімнің тереңдігі;

  • адамның диалектикалық ойлау қабілеті;

  • әлеуметтік белсенділік таныту;

  • мақсаттылық, бағыттылық, соны іске асыру үшін күш-жігерін жұмсау.

Ұстаздардың шәкірттердің ақыл-ой күштері мен ойлауын дамыту жөніндегі, жалпы дүниетанымдылықты қалыптастыру жөніндегі көздеген мақсат қызметін ақыл-ой тәрбиесі дейміз. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы бала білім алады.

Ақыл-ой тәрбиесі тек ұстаздың ықпалымен ғана дамымайды. Оған қоршаған орта және шәкірттің өз ұмтылысы әсер етеді. Ұстаз осылардың бәріне ықпал етуге тырысады. Ақыл-ой тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста болады. Әсіресе соның ішінде адамгершілік тәрбиесімен, өйткені адамгершілік қасиеті адамның дүниеге көзқарасы мен идеялық сенімінің негізінде қалыптасып жасалады. Жалпы ақыл-ой тәрбиесі тәрбиенің барлық салаларымен тығыз байланыста болады.

Екінші сұрақ бойынша қорытынды:

Мектепте дүниеге көзқарас, ғылыми дүниетаным оқу-тәрбие барысында қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер, т.б. – дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнында табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіндіктердің негізі қамтылған.

Бүгінгі діни мәдениеттің дүниеге көзқарасты қалыптастырудағы орны ерекше. Діни мәдениет оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді.

Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Ерте заманнан дін тәрбие, білім құралы болып келген.

Кеңес өкіметі кезінде дінді уағыздауға тыйым салынды. Діни орындар талқандалып, дінді уағыздаушылар қудаланды. Себебі діннің уағыздайтын өсиеті кеңестік өсиетке көп жағдайда қайшы келді. Сондықтан кеңестік өсиетті еркін дамыту үшін діни орындар, дінді уағыздаушыларға тыйым салынды. Дегенмен 70 жылдан асқан күресте дін жойылған жоқ. Дін мүшкіл хал кешті, бірақ аман қалды.

Бұрынғы Кеңестер Одағындағы халықтар – негізінен христиан, мұсылман дінін уағыздаушылар.

Қазіргі дін бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегідей жасырын уағыздалатын дін емес. Кеңес Одағы кезінде коммунистер дінді әшкерелеп келсе, діншілдер, дінді қалайтындар коммунистермен ашық пікір тартысқа бара алмайтын. Себебі дін жабық мәселе болатын. Соның салдарынан дін тек көлеңке жағынан көрініп дүмше діншілдердің іс-әрекеттерімен әшкереленіп келген.

Шын мәнінде діннің де ғылымға суйенетін, халыққа тәрбиелік өсиет, өнеге, білім беретін тұстары көп. Кейінгі кезде көптеген мешіт, шіркеу салынып, керекті медреселер ашылып, дінді уағыздаушылардың саны көбейіп, дінді тәрбие, білім құралына айналдыруда. Ақпарат құралдарында дін туралы көптеген мақалалар жарияланып, кітаптар шығуда. Дінге ерік берілді.

Жалпы дің нәсілге, ұлтқа бөлінбейді. Діни- рухани фактор, этникалық немес нәсілдік фактордан анағұрлым күшті болатынын тарихи тәжірибе дәлелдеп отыр.

Қазіргі кезде дін орындарының қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесіп, адамгершілік тақырыбына, діннің тарихына, мәдениетіне тоқталып әңгіме өткізіп, сұхбат, білім беріп жүр. Жоғары оқу орындарында мәдениеттану пәні өтуде.

Дегенмен дін орындарымен бүгінгі жақындасу материалистік көзқарастан бас тарту емес. Дүниежүзінде дін мен мектеп бөлік. Себебі екеуінің бағыты екі басқа. Адам баласы екеуінен де сусындауы мүмкін. Діннің философиялық, эстетикалық, тарихи мәдени мәні бар. Оны терең білу дүниетанымға пайдасын тигізеді.

Дүниежүзіндегі тамаша сәулетті сарайлар, кескіндемелер, ән, т.б. діннен бастау алады. Олардың тарихын, үлгісін, мәдениетін білмей оқушылардың дүниетанымың кеңейте алмаймыз.

Сонымен үшінші сұрақ бойынша қорытынды:

Дін мәдениеті, тарихы-білім. Ол – адам баласының дүниетанымына ықпал етуші құралдың бірі.

Дүниетаным көптеген салалардан тұрады. Соның бірі- экономика.

Экономика – кең мағынада белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның базисін сипаттайтын қоғамдық өндірістік қатынастардың жиынтығы.

Жастарға экономикалық тәрбиені саналы түрде беру керек. Ол үшін экономикалық сананы қалыптастыру қажет.

Экономикалық сана – ғылыми көзқарастың, дүниетанымның негізгі бір бөлігі. Экономикалық сана арқалы өмірдегі экономикалық өзгерістерді түсініп, өзімізше талпынып әрекет жасаймыз. Экономикалық сана бүгін халықты базарда сауда –саттықпен айналысуға, кішігірім кәсіпорын құруға, ауыл шаруашылығында шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, т.б. итермелеп отыр. Экономикалық сана жетілген кезде бүгінгі істеп жатқан істерімізден тиімдірек жасайтын жлдарын іздестіреміз. Бұрынғымыз экономикалық сана емес, жалпы даурықпа сөз еді. Әлі де сол экономикалық санамызды қалыптастыра алмай келеміз. Дегенмен экономикалық сананы қалыптастаруға ұмтылу керек. Оны мектеп оқушылары да түсіне бастады. Олар да сауда- саттықпен, түрлі қол еңбегімен шұғылданып, пайда табу жолын іздестіруде.

Жалпы халқымыздың, оның ішінде оқушыларымыздың да экономикалық ой- өрісі кеңейе бастауда. Дүниежүзілік озық технологиядан хабардар болып, соны іске қосып та жүр. Экономикалық сана тек озық технология немесе сауда, пайдамен шектелмейді. Экономикалық сананың құрамды бөлігіне: ұжымдық, қол ұшын беру, көмектесіп, бірлесіп істеу, тәртіп, қоғамдық парыз, әділдік, т.б. өнегелік, адамгершіліктің нышандары жатады. Осының бәрі экономикалық тәрбиені құрайды.

Экономикалық сана кейбір әлеуметтік функцияларды да (қызметті) атқарады: ағартушылық, даму (экономикалық ой- өріс), тәрбиелік, эстетикалық, прогностикалық (болжамдық).

Экономикалық білім дегеніміз- оқушыларға әдейі ойластырылған жұмыс жүйесі мен олардың экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған ұстаздың еңбегі.

Экономикалық білім экономикалық ойдың дамуын қамтамасыз етеді, өнегелі, іскерлік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Мұның бәрі экономикалық қызметті атқару кезінде іске асады. Экономикалық білімде мынандай қасиеттер қалыптасады:



  • қоғамдық белсенділік;

  • іскерлік, белсенділік, ұқыптылық;

  • қоғамдық немесе жеке мүлікке көзінің қарасындай қарау, талан- таражға жібермеу;

  • жаңа технологияны іске қосу, пайдалану;

  • өнімнің сапалылығын қадағалау, баюдың жолын іздеу.

Экономикалық білімді бастауыш сыныптан бастап әр пәнде, әр сабақта, сабақтан тыс іс- шараларда іске асыруға болады. Оқушылардың экономикалық сауатын ашу қажет. Әрине мұндай нәрсені мектептің кішігірім өндіріс орындары арқылы іске асырса, өте дұрыс болар еді. Кейінгі кезде Қазақстанда қолданбалы экономика деген факультативтік пәннің бағдарламасын шығарды. Сол іс жүзінде іске асса дұрыс болған болар еді.

Оқушыларға берілетін экономикалық тәрбиенің, білімнің тиімділгі мына деңгеймен бағаланады:



  • негізгі экономикалық түсінік, ол туралы білім;

  • экономикалық білімді іс жүзіне асыра білу;

  • іс жүзіндегі құнттылық;

  • еңбекке деген жауапкершілік;

  • экономикалық сананы қалыптастыру.

Төртінші сұрақ бойынша қорытыеды:

Экономика – кең мағынада белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның негізін сипаттайтын қоғамдық өндірістік қатынастардың жиынтығы. Жастарға экономикалық білімді саналы түрде беру керек. Ол үшін экономикалық сананы қалыптастыру қажет. Экономикалық сана – ғылыми көзқарастың, дүниетанымнын негізгі бір бөлігі.

Экономикалық білімі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолы болып табылады. Оның тиімділгі


  • негізгі экономикалық түсінік, ол туралы білім;

  • экономикалық білімді іс жүзіне асыра білу;

  • іс жүзіндегі құнттылық;

  • еңбекке деген жауапкершілік;

  • экономикалық сананы қалыптастыру деңгейлерімен анықталады.

Дүниетанымның тағы бір саласы – экология, табиғатты, қоршаған ортаны білу, қорғау, сақтау.

Экология (грекшесі – ойкус, қазақшасы – үй, мекен)- тірі ағзалардың тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Экология терминін 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель ұсынған.

Экологияның негізі ағза мен ортаның бірлестігі және ағзалардың эволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралады.

Қазір экология - өзінше үлкен ғылым. Ол сан тармаққа бөлінеді: өндірістік экология, ауылшаруашылық экологиясы, табиғатты қорғау, т.б. болып бөлшектеніп кете береді. Біздің қарастыратын мәсемелеміз экологиялық білім, экологиялық тәрбие, былайша айтқанда, экологияның тәрбиесі, білімі, соның оқушылардың дүниетанымына әсері.

Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кен байлықтарын барынша мұқият пайданалып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Бұл- дүниежүзілік мәселе. Қазақстанның өзін алып қарасақ, Арал теңізі, Балқаш көлі, Семей полигонының салдары сияқты, т.б. шешімін таппаған мәселелер баршылық.

Табиғатты қорғаудың керек екенін баланың дүниеге келген күнінен бастап санасына құя беруіміз керек. Жер – бұл біздің ортақ ғаламшарымыз, үй-жайымыз. Сондықтан табиғатты тепе-тңдікте сақтауымыз қажет.

Бірақ, экологияны бұзатын да адамдар. Әсіресе Кеңес дәуірінде біздің елді экологиялық сауатсыздық болды. Немістер жасылдар партиясын құрып, экология үшін күресіп жатқанда, біз Аралдың суын тұздандырып жібердік. Жөнсіз тыңды игереміз деп жерді, топырақты эрозияға ұшыраттық. Қазақстанда түрлі сынақ полигонын салып, халықтың ауру-сырқауын көбейттік. Мұның бәрі сауатсыздықтың салдары. Ештен кеш жақсы демекші енді халықты жаппай экологиялық сауаттандыруға көштік.

Қазір біз оқушаларымыздың экологиялық санасын қалыптастыруымыз керек. Экологиялық санаға экологиялық білім, нақты мәліметтер, табиғатпен, өсімдікпен, жан-жануарлармен қатынас жасайды. Экологиялық сананы қалыптастыру үшін біліммен қатар, экологиялық сезім, экологиялық жауапкершілік болуы керек. Біз осыны оқушыларымызға дарытуға тиіспіз.

Экологиялық сананың атқаратын қызметі де едәуір. Олар:


  • Ағартушылық;

  • Тәрбиелік;

  • Дамытушылық (ой-өрісін, ойлау қабілетін);

  • Ұйымдастырушылық;

  • Насихаттау.

Экологиялық мәдениет болуы керек. Оған экологиялық білім, табиғатты қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту, табиғатты қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту, табиғатты сезе білу, табиғаттың сылулығын түсіну, табиғатпен тілдесу жатады.

Экологиялық сана пән арқылы қалыптасады. Әр пәнді, әр сабақты экологиялық тәрбиеге үйлестіріп өткізуге болады. Оны бастауыш сыныптан бастап, дүниетаным, ана тілі, тарих, әдебиет, тіл, география, физика, биология, химия, т.б. пәндерге байланысты өткізуге мүмкіндік бар.

Экологиялық сананы арнайы сабақтар, кештер, іс-шаралар, үйірме жұмыстары арқылы қалыптастырған жөн. Әсіресе саяхат немесе бау-бақшаға қарау, өсімдіктерді баптау, тал-терек отырғызу, құстарға көмектесу, т.б. іс-әрекеттер экологиялық сананы қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады. Экологияны қорғау дегеніміз – ол суды, топырақты, ауаны, қазба байлықтарды, өсімдіктерді, жан-жануарларды сақтап қорғау.

ІІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫ-ЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстары

Бүгінгі заманда сауатсыз адамды табу мүлде мүмкін емес. Мемлекеттік мектептің бірыңғай жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырып, тәрбиелеп, оқытып, білім беретін орын ретінде қоғам үшін маңызы өте зор. Өйткені ол жалпыға бірдей ғылыми жүйе ретінде, бүкіл халықты қамтиды. Сонымен бірге, бүкіл азаматтарды қамтитын ақпарат құралдары әдебиет, үнқағаздар, журналдар, кинотеатрлар, теледидар, радио т.б. көпшілікке арналған таным құралдары жұмыс істейді.

Десек те, жас жеткіншектердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын, жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын, сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын жәнг дәлелдейтін көп мүмкіншілікке оқу орындарының адам өмірі мен оның қалыптасуында орны бөлек.

Жаратылыстану, математика ғылымдарымен танысу барысында оқушылар теориялық және тәжірбиелік іс-әрекеттің белгілі бір білім көлемін меңгереді, игереді, математика, химия, экология оқулықтарындағы теориялар мен заңдармен танысады. Мысалы, дифференциялды интегралды есептеу теориясы, атомдық молекула оқуы, Д. И. Менделеевтің периодтық заңдар табиғат құбылыстарының терең байланыстылығын ашады, материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын түсіндіреді, коршаған дүниені тану заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салады.

Физика, химия заңдарын білу және ол заңдылықтарды түсінуге арналған тәжірбиелер жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия адамның табиғат сырын бірте-бірте ашуы, тануы және ашылған заңдарды пайдалану туралы оқушылар түсінік алады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы, адам өмірінің мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауды түсінеді.

Тарих пәні қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіншілік жасайды.

Әдебиет сабағында оқушылар өмір шындығын, отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарастарын қалыптастырады.

Осы салада түрлі пән, техникалық, жас натуралистер, қолөнер үйірмелерінің тәрбиелік мәні зор.



Мектеп пен отбасы, ынтымақтаса отырып,оларды пайдалы еңбекке айналастыру арқылы оқушының дүниетанымын дамыта түседі.

«Білім» сөзі - өте күрделі және көп мағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағдылар ғана кірмейді, бұл ұғым аясы болып жатқан окиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу.

Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдірудің қайнар көзі- мәдениет немесе әлеуметтік тәжірбие. Дегенмен, әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білім мазмұнын толық анықтамайды. Міне, осылар материал таңдаудың және оны тиісті құрылымға құрастырудың факторларын анықтайды. Бұлар - ғылым, қоғамдық қатынастар тәжірбиесі, материалдық және рухани өнім жасау, қоғамдық сананың түрлері, т.б. жоғарыда айтылған қайнарлардың білім беру материалын құрастыру нақты психологиялық және тарихи талаптарды ескере отырып жүргізіледі.

Осы талаптарға сай әлеуметтік тәжірбиенің мазмұны, педагогикалық сын тұрғысынан қарастырылады. Білім мазмұнын құрастыруда сол сияқты балалардың жекелік-тұлғалық дамуының, олардың қабілетінің дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатта жалпы білім беру мақсатында міндетті пәндер мен катар оқушылардың қызығушылығына қарай таңдайтын таңдау пәндері де шгізілген.Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Сондықтан білім берудің басты міндеттері:

оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе- оқушы мәртебесінің қалыптасуы;

оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас,т.б. әрекет түрлерін кажетті деңгейде меңгеруі;



айналадағы дүние мен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін қамтамасыз ету.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін дүниетану бағдарламасы мен оқулықтарына, оқу-әдістемелік нұсқауларына талдау жасадық.

Оқушыларға берілетін білімнің дүниетану материалдарымен байланысын жүзеге асырылу міндеттеледі. Бағдарламада отбасы, мектеп, өндіріс орындары, табиғат құбылыстарын бақылау, өсімдіктерді танып білу, оқушыларды өлкенің жануарларымен таныстыру, олардың тіршілік әрекетін бақылау; сол жердің топырағын, ауа райының ерекшеліктерімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен және олардың негізгі сипаттамаларымен танысудың жақтары сараланады.

Зерттеу барысында дүниетану негізінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың өлшемдері айқындалды:



  • дүниетану материалдарының мазмұнын түсінуі;

  • дүниетану материалдарын сезіммен қабылдауы:

  • адам мен табиғаттың өзара байланысын білуі;

  • табиғат заңдылықтарын түсінуі;

  • дүниетану материалдарын тәжірибе жүзінде пайдалана білуі.

Бұл өлшемдердің негізінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың үш деңгейі белгіленді:

1. Жоғары деңгей. Дүниетану материалдарына жататын заттарды жақсы анықтайды, ынтамен, зейінін қойып қарайды, эмоциялық сезіммен қабылдайды, көріп білгендерін еркін айтып берумен шектелмей, дәлелдеп түсіндіреді, көріп байқағаны бойынша қорытынды шығарады. Дүниетану пәні материалдарының қажеттілігін, маңыздылығын түсінеді, өз ой-тұжырымын еркін жеткізеді. Дүниетану пәні материалдарына жататын заттарды, берілген тапсырманы қызығушылықпен, жауапкершілікпен орындайды.

2. Орта деңгей. Дүниетану пәні материалдарына жататын заттарды анықтау жөнінде үстірт білімін көрсетеді, қызығушылықпен қарастырады, оларды эмоциялық сезіммен қабылдайды, көріп білгендерін айтып беруге тырысады, бірақ ой-қорытындысын шығаруға қиналады. Табиғат объектілерін қабылдауда белсенділігі нашар, дүниетану пәні материалдарының қажеттілігі мен маңыздылығын толық түсінбейді. Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

3. Төмен деңгей. Дүниетану пәні материалдарын танып анықтай алмайды, ықылассыз қарастырады, көріп білгендерін ажыратып айтып бере алмайды, дүниетану пәні материалдарының маңыздылығын жете түсінбейді. Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарамай, оны мұғалімнің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды.

Зерттеу барысында бізге мектептерде дүниетану пәні бойынша берілетін жұмыстарды ұйымдастырудың төмендегі қайшылықтары анықталды:


  • ең алдымен дүниетанымның оқу үрдісіндегі маңыздылығына қарамастан, дүниетану пәні бойынша берілетін жұмыстарға аз көңіл бөлінеді;

  • жергілікті жердің (әсіресе ауылдың) табиғатын, оның ерекшелігін оқып білу арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жайында зерттеу жұмыстары жоқ.

  • мұғалімнің дүниетану пәні бойынша материалдарын жинау, оларды сабақта пайдалану жағы төмен.

Бастауыш сынып мұғалімдерімен сауалнамалар жүргізу арқылы мына мәселелер айқындалды: мұғалім негізінен оқулықта берілген мәтін мазмұнын түсіндіруге тырысады; дүниетану материалдарын жинақтаудың түрлерін, әдістерін меңгермегендіктен, оны сабақта пайдалану тәжірибелерінің жетіспейтіндігі; дүниетану материалдарын пайдаланудың, жинақтаудың әдіс-тәсілдерін көрсететін әдістемелік құралдардың жоқтығы.

Эксперимент Қызылорда облысы, №187 мектепте жүргізілді. Экспериментке 28 оқушы қатысты. Әрбір кезең педагогикалық, психологиялық және әдістемелік міндеттерді көздеді.

Бірінші кезеңде бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дүниетану материалдарын пайдаланудың деңгейі анықталды. Оқушылардың өз қаласы,өз елі туралы білімдері, түсініктері, оларға керекті жерде пайдалана білу дағдылары тексерілді. Белгілінген деңгейлер сауалнама арқылы тексерілді.

Сауалнамаға қатысқан эксперименттік топтағы 28 оқушылардың жоғарғы деңгейі -21%, орта - 23%, төменгі - 56% оқушыны құрады. Бақылау топтағы 28 оқушының жоғары деңгейі - 22%, орта - 23%, төменгі - 55% болды. Зерттеулер нәтижесінде дүниетану пәні материалдарының оқу-тәрбие үрдісінде мақсатты өз дәрежесінде пайдаланылмайтындығы, бастауыш сынып мұғалімдерінің бұл саладан әлі әдістемелік даярлықты қажет ететіні байқалды. Сонымен қатар, жергілікті жердің табиғатына зерттей қарау дағдыларының қалыптаспағандығы, дүниетану пәні материалдарының пайдалану жұмысының аз жүргізілетіндігі байқалды. Біз мұны 3 сынып бойынша алынған сауалнаманың нәтижесінен алдық. Мысалы, оқушылар қоршаған ортаға не жататынын ажырата алмайды; өз тұрғылықты жеріндегі өсімдіктердің аттарын білмейді; қаладағы басты-басты мәдени орталықтар мен ескерткіштер туралы мағұлматтары жоқ. Жергілікті жердің тарихы туралы, соғыс ардагерлер туралы, оқушылар сарайы жөнінде ұғымдары жоқ болды.

№ 187 орта мектебінің 3ә сынып оқушыларының ауыл шаруашылығы туралы түсінігі бар екендігі байқалды. Бұл олардың ата-аналарынан естігендері, қоршаған ортадан көрген-білгендері негізінде деп ойлаймыз. Бұл мектептің оқушылары жыл мезгілдерінің басты ерекшеліктерін де ажырата алмайды. Бұдан шығатын қорытынды – ауыл балаларының табиғат аясында тікелей болуына мүмкіндіктің бар екендігінің нәтижесі деп білеміз.

Оқушылардың дүниетану материалдары негізінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін келесі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:


  1. сөздік жүргізу: бұл мұғалімнің сабақта жүргізетін терминдері мен жұмысы. Оның мақсаты: оқушыларға дүниетанымдық сөздердің мағынасын ашып, мәнін түсіндіру арқылы дүниетанымдық сауаттылығы мен мәдениеттілігін, тіл байлығын дамыту. Сөздік жаңа сөздермен толықтырылып отырады.

  2. дүниетанымдық басылымдар жасау. Альбом, газет, кітапшалар т.б. шығару. Мысалы: «Қазақстан қорықтары» кітапшалары, «Сыр гүлі» альбомы, «Жолда жүру ережелері» т.б. шығарылады.

  3. қоректік тізбек құру. Табиғаттағы тірі ағзалар арасында әрқайсысы келесі буынға азық болатын, байланысты қоректік тізбектеп айтылады. Барлық қоректік тізбек қоректік байланыс торына біріктіріледі.Осыдан дүниетанымдық пирамида деген ұғым шығады.Бұл ұғымдарды дүниетанымдық сөздіктен аламыз. Мысалы, «дүниетаным» курсынан табиғаттағы көзге көрінбейтін байланысқа көптеген мысалдар табуға болады. Мысалы, 1тышқан бір жылда 1кг бидай жесе, ал 1 жапалақ 1 жылда 1000 тышқан, 1 қарлығаш 1 жылда 1млн маса, шыбын шіркей ұстайды.

  4. сүйеніш жүйелерін құру. Жаңа білімнің негізгі құраушы бөліктерін анықтап, жүйелі түрдегі байланысын сызба түрінде көрсете отырып меңгерту. Мысалы, қышқылдық жаңбырлар өндірістік, транспорттық газдардан, химикаттардан атмосфераның ластанып, жауын-шашын түрінде жерге түсуі. Мұндай жауын-шашын өсімдіктер мен жануарларға, ағаштар мен балдырларға, құрылыстар мен адам денсаулығына қауып төндіреді.

  5. дуниетанудан үлестірмелі қағаздар- бұл табиғатта өзін ұстай білу, жүру ережелері негізінде құрылған, табиғатты қорғау, қызықтау мақсатында салынған мазмұнды суреттеу.

  6. нұсқаулар ұйымдастыру. Бір кездерде педагогикада кең таралған, қазір Батыс Еуропада кең өріс алған және біздің оқу жүйемізге енді қайтарыла бастаған жұмыс түрі. Әрбір нұсқау- дүниетанымдық мәдениеттілікті дамытуға бағытталған кішкене бір жұмыс бөлігі, қысқа мерзімдік, жылдам өзгертіп отыруға болады. Ұсынылған нұсқаулар бастауыш класс оқушыларына тартымды, қызықты болады.

Нұсқау №1. «Табиғаттың шағым кітабы» (3-4 сыныптарға арналған). Мақсаты: табиғаттан түскен шағымдарды қарастырып, жауабын табу.

1. Шағым жазылады.

2.Талданып, жауабы беріледі.

Балаларға арналған суреттермен әрлендірілуі қажет.

Нұсқау №2. «Көрген жануарлар шеруі» (2-4 сыныптарға арналған). Көрген жануарлардың суретін, фотосын жинап, аттарын жазып, сипаттау. Баланың есте сақтау, іздену, сөздік қорын, байқағыштығын дамытады. Қорытынды ретінде көрме ұйымдастырылып, жануарлармен болған қызықты кездесулер жайлы айтып, беруге болады.

Нұсқау №3. «Тамшылар» (4 сыныпқа арналған). Бұл үнемділерге арналған нұсқау. Мақсаты: таза судың дұрыс қолданылуын, үнемделуін қадағалау.

1-бөлімі. «Суды қалай жоғалтамыз?» мектептегі, үйдегі су көздерін қадағалап, 1 сағатта, 1 күнде әр бала қанша су пайдаланатынын есептеу.

2-бөлімі. «Суды қалай үнемдейміз?» жауабын тауып, ескерту белгілерін қою. Плакат газет бюллетень шығару.

Нұсқау №4. «Қылмыс хроникасы» (1-4 сынып). Мақсаты: табиғатта болып жатқан қауіпті істерді белгілеп, шешу және алдын алу жолдарын қарастыру. «Қаламыздың шетінде орналасқан қарағайлы орманнан көңілсіз хабар келіп түсті. Белгісіз топ қарағайларды кесіп, ұрлаған, қылмыс белгілері қалған. Орман тұрғындары қобалжуда, қылмыскерлерді айтуға батпайды. Қылмыскерлерді ұстап, жазасын беруге және бізді олардан қорғауға көмекке шақырамыз». Балалар шешімін тауып, оқулық, қосымша әдебиеттің көмегімен шешімдерін дәлелдеу қажет.

7) географиялық мазмұндағы карталар. Бұл-тұрған жердің ластану көздерін анықтап, қоқыстар, өзен суы уланған жерлерді көрсете отырып, сол жердің картасын сызу. Тақырыпқа арналған карталар да сызуға болады. Мақсаты: маусымдық өзгерістерді бақылау арқылы карта сызуға үйрету. Шартты белгілерді оқи білуге қабілетін дамыту.

8) Сыныптан тыс жұмыстар.Конференциялар, шоу, кеш, сайыс мереке өткізу.


  1. ертегілер қою. Өсімдіктер жануарлар тіршілігін қорғау, аялау,сақтау көзқараспен қарап, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсерін көрсету. Мысалы, «Үй және жабайы жануарлар» (Саусақ театры).

Табиғат - балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, тілін, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы.

Оқушының ойын дамыту интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы табиғат жайында жүйелі білім беру керектігін ескеру қажет. Балаға табиғат құбылыстарын бақылату, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын, ойын, тілін дамытуды басшылыққа алып отыру әрбір ата - ананың, ұстаздың мақсаты

Заттардың, құбылыстардың өзгеруі, өлі және тірі табиғаттың, жануарлар мен өсімдіктердің, олардың сыртқы ортаға бейімделуін, мекендеуін, көбеюін жүйелі түрде ұғындыра отырып, негізгі көңіл: бірінші- әр объектінің өзгеруі, екінші- қимыл-қозғалысы, үшінші- пішіні, өсіп-дамуына бөледі. Егер бала осы негізгі қасиеттерді меңгерсе, жыл мезгілдеріне байланысты оның ерекшеліктерін көріп, байқап, сезіп, көрнекі-бейнелік ойы жетіліп, сөздік-логикалық ойының дамуына жол ашылады. Ол үшін біз балалардың есте сақтауын, көргенінің дұрыс немесе дұрыс емес екендігін ажыратып, айтып отыратындай танымдық қабілетін дамытатын, жұмыс жүйесін жасауға болады. Мысалы: қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне байланысты суреттер береді. Қыс суретінде табиғат, қоршаған орта қар жамылған, бірақ балалар жеңіл жаздық киім киіп шана сүйреп, аққала соғып жатыр. Жаз суретінде айнала дүние жадырап-жайнап, бірақ балалар қалың киіммен жеміс-жидектер теріп жүр, т.б.

Осындай суреттерді балалардың мұқият қарап, аңғарғандарын байқай отырып, суреттің жүйелі түрде қалай болу керек екендігін әңгіме құрастыру арқылы баяндауын ұсынып отырдық. Мұндағы мақсатым, баланың байқампаз, белсенді болуын шыңдау.



  1. Баланы берілген тапсырмаға қызықтырып отыру;

  2. Жұмысты орындаудың ерекшеліктерін;

  3. Бейнелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын;

  4. Тапсырманы сапалы орындаудың қажеттігін;

  5. Жұмыстың жалпы қорытындысына, нәтижесіне көңіл бөлу керек.

Балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың негізі, олардың жемісті іс-әрекеттерді (сурет жапсыру, құрастыру, мүсіндер жасау) орындауына байланысты.

  1. Балалардың сабаққа, оқу материалына, танымдық іс-әрекетке қызығушылығын белсендіру үшін сабаққа жаңалық және қызықтылық енгізу; балалардың өздерінің жеңуге шамасы жететіндей, оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасау; өз бетінше орындайтын әртүрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастыру; өз еңбегінің қуанышын сезуге мүмкіндік жасау сияқты тәсілдерді пайдалану;

  2. Сабақ мазмұнының ғылыми дәрежесіне сәйкестігі, өмірмен, қоғаммен, табиғат құбылыстарымен байланыстылығы, сабақ мазмұнының балалардың күш-жігерін, ақыл-ой белсенділігін талап ету;

  3. Ізденушілік, ойландырарлық ахуал жасау;

  4. Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;

  5. Мәселе- ізденушілік әдістері, дидактикалық ойындар, жаттығулар, танымдық есептерді шешуді, әңгіме әдісін пайдалану, тәжірибелерге зерттеушілік сипат беру.

Мұндағы негізгі мақсат - балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол салу. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық оқыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты іздесуші күйінде немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет. Бала үнемі табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы: қар қалай пайда болады? Неге алақанда ериді? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Алма ағашы неге көктемде ғана гүлдейді? Неге барлық ағаштар гүлдемейді? Жеміс салмайды?

Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны таныту, баланың дүниетанымын кеңейту. Бұл жолда ұстаздарға оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет. Мысалы: Сабақ- балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түрлі-түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.

Саяхат- сабақ түрі. Жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы, далада хош иісті көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру- терең ой, ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.

Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелуге бағдарланатынын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде құруға болмайтындығы түсінікті, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осыған орай білім мазмұнын былай жүктеуге болады: коммуникативтік мәдениет,(ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану, қоғамтану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі.

Бастауыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар. Бұл тұрғыда оқулықтардың атқарар қызметі зор. Осыған орай оқулықтарға қойылатын талаптарға тоқталайық:

- Оқу материалының қазіргі ғылым мен техниканың дәрежесіне баяндалуы;



- Жоғары идеялығы мен оқулықтар мазмұнының бағдарламаның мазмұнын ұғынуға лайықты болуы;

Оқулық материалдары жүйелі және бірізді түрде оқушылардың жалпы және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы, т.б.

Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе, Ахмет Байтұрсыновтың: "...Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істемейді һәм құралдар кандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Үшінші - мектепке белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі не мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз не өлшеусіз істелген іс - ол не артық, не кем шықпақшы..." -деген оқытудың дидактикалық негіздерін ғылыми тұрғыдан нақтылап белгілеп берген сөздерін келтіруге болады.



Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет