Ойлан да ойна «Келешек білімді ұрпақ қолында» Нұрсұлтан Назарбаев Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі14,59 Kb.
#19972

Ойлан да ойна

Сабақтың мақсаты:

  •  Өтілген материалды қайталау, бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру. Сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру. Туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу. 

Психологиялық даярлық

  • Архимедтей жаңалықтар ашар,
  • Болса үміткер, сайысқа үлес қосар
  • Ұлы дәрігер ізін басар
  • Біздерде бар жас талапкерлер
  • Біреуінің жүрегінің түгі бар,
  • Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
  • Біреуінің қатты істейтін миы бар
  • Бәрінің де жеңіске деген үміті бар

Топқа бөлу:

  • «Талай сынды бағындырар Қырандар» тобы
  • «Биіктен көрінер Алғырлар» тобы
  • «Жарқ еткен жас Жұлдыздар» тобы

Кезеңдері:

  • Бәйге
  • Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал
  • Білгенге маржан
  • 1 кезең: «Бәйге» Әр топқа 5 сұрақтан:
  • «Оқу – инемен құдық қазғандай»

1 топ: Қырандар

  • Сөз неден құралады?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
  • Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды?
  • Табиғат құбылысын ата.

2 топ: Алғырлар

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?
  • Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
  • Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға?
  • «Орман емшісі» деп қандай құсты айтады?
  • Жуан дауысты дыбыстарды ата

3 топ: Жұлдыздар

  • Үнді дауыссыз дыбыстарды тап
  • Түйе атасын қалай атайды?
  • Бас әріппен жазылатын сөздерді ата
  • 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
  • Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
  • Қалың киімді ұнатады,
  • Шешіндірсең жылатады.
  • Өшірді, сүртті,
  • Өзгені құртты,
  • Өзін де құртты
  • Тіл жоқ өзінде,
  • Сөзі бар ізінде.
  • (қалам-ручка-pen )
  • Қабат-қабат қатталған,
  • Асыл сөзбен апталған.
  • Парағы бар сөйлейтін ,
  • Ол қазына өлмейтін.
  • (кітап-книга-book )
  • Аяқпен кезек-кезек тебеді
  • Ол тынымсыз домалап
  • Зыр жүгіре береді.

2 кезең: «Қалт етпей, қағып ал да, жауабын тауып ал»

  • 10
  • 20
  • 30
  • 10
  • 20
  • Слайд 18
  • 30
  • Слайд 19
  • 10
  • 20
  • 30

1. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?

  • 1. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?
  • 1. Болады. Ұлы мен қызы бір ересекті алмастырады.
  • Бір жылда неше мезгіл бар?
  • Белгісіз санды тап
  • С + 3 = 45
  • Балмұздақ сөзінде неше буын бар?
  • Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 - еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша қалды?
  • Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр?
  • 7 спортшы.Үшеуі алдында, үшеуі артында, спортшы ортада.

Өсімдіктің қайсы мүшесі топырақ астында жатады?

  • Өсімдіктің қайсы мүшесі топырақ астында жатады?

Арман 11 тоқаш, ал Марат одан 2 есе көп тоқаш жеді. Арман мен Марат екеуі барлығы неше тоқаш жеді?

  • Арман 11 тоқаш, ал Марат одан 2 есе көп тоқаш жеді. Арман мен Марат екеуі барлығы неше тоқаш жеді?

Табиғат құбылыстарын ата

  • Табиғат құбылыстарын ата

Сергіту сәті

3 кезең: Білгенге маржан

  • Мәтінмен жұмыс
  • Дыбыстық талдау

1 топқа:

  • БАЛАПАН
  • Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?

  • Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
  • Олар ата-әжесіне қалай көмектесті?
  • Олар нені көрді?
  • Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
  • Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады?
  • Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
  • «Балапан» сөзіне дыбыстық талдау

2 топқа:

  • ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚОҚИҚАЗ
  • Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Олар Қорғалжын қорығындағыТеңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар «от» немесе жалын «құс» деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді

Қоқиқаздардың дене бітімі қандай?

  • Қоқиқаздардың дене бітімі қандай?
  • Олар қайда үялап, жұмыртқалайды?
  • 3.Қоқиқаздар қалай қоректенеді?
  • Қоқиқаздар ұя жасауға нені пайдаланады?
  • Қоқиқаздарды неліктен «жалын құс» деп атайды, олар қалай тіршілік етеді?
  • «Қоқиқаз» сөзіне дыбыстық талдау жаса

3 топқа:

  • Жайлау.
  • Біз жайлауға бардық.Ауыл көлдің жағасында екен.Самал  жел соғып тұрды.Қойшылардың өмірімен ,тіршілігімен таныстық.Біреуі қой жайса,екіншісі күзетеді.Қойшының Бөрібасар деген үлкен иті бар.Түсі суық,айбынды-ақ.Өзі қойшының  жанынан қалмайды.Ол-қойларды қасқырдан қорғайды.

1.Жайлауда не көрдіңдер?

  • 1.Жайлауда не көрдіңдер?
  • 2.Қойшылар не істеді?
  • 3. Жылдың қай мезгілінде жайлауға барады?
  • 5. Қойдың төлін не деп атаймыз?
  • 6. Бөрібасар ненің аты?
  • 7. «Бөрібасар» сөзіне дыбыстық талдау жаса

Қосымша тапсырма Суретпен жұмыс

  • 1 топ: Қоянға далаға шығу үшін қай зат керек және не үшін оған ол зат қажет?
  • 2топ: Әр заттың жұбын тап, олар бір –біріне не үшін керек?
  • 3 топ: Кемелердің иелерін тауып көр! Неге олай ойлайсың?
  • Марапаттау

Қортынды: Топтардың ұпай санын анықтау Бағалау.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет