Ойлау мәдениетінің пайда болуы



Дата10.10.2023
өлшемі346,69 Kb.
#184470
Байланысты:
1 дәріс. Философия. Г.Д.Рахимова.
Бизнес план

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану және әлеуметтік – философиялық пәндер кафедрасы Пән – Философия

Оқытушы: Философия ғылымдарының кандидаты Рахимова Гульнара Дүйсенқызы

1- дәріс тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы

Жоспар:

  • Философия – даналыққа құштарлық ретінде. Философияның пәні мен әдісі
  • Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану.
  • Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері.
  • Дүниетанымның түрлері: миф, дін, философия.
  • Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары

«Философия деген не?»

Философия – адам және оның дүниедегі орны жайлы ілім. Адамның дүниеге деген қатынасын зерттейтін ілім. Адамның дүниеге көзқарасы, дүниетанымы, бүкіл болмысы мен танымы ғылыми тұрғыдан онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық тұрғыдан кең қарастырылады.

«Философия» термині гректің «phileo» және «sophia» яғни, «даналыққа құштарлық», «даналықты сүйемін» деген сөздерінен шыққан. Философия терминін алғаш қолданған Пифагор болып табылады.

Философияның негізгі сұрағы

  • Философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа, рухтың табиғатқа, материяның санаға қатынасы мәселелері. Не алғашқы: рух па, әлде материя ма? Идеалдық па, әлде материалдық па? Кез келген философиялық құрылымның негізгі сұрағы осы болып табылады. Не бірінші немесе не бастапқы деген сұраққа берілген жауабына қарай философия екі бағытқа бөлінеді. Олар: материализм және идеализм.

Философия бағыттары


Философия
Материализм
Идеализм

Дүниетанымның тарихи типтері:

  • Миф
  • Дін
  • Философия
  • Мифологиялық – қоғамдық дамудың ерте кезеңінде қалыптасады да адамның, әлемнің пайда болуын және оның құрылысын, жердегі адамдар мен жануарлардың пайда болуын түсіндірудің, табиғаттың стихиялық құбылыстарының себебін, өзінің қоршаған әлемдегі орнын анықтаудың алғашқы әрекетін білдіреді;
  • 2) Діни – қоғамның салыстырмалы түрдегі жоғары сатысында қалыптасты. Шындықтың фантастикалық бейнесі бола отырып, ол табиғаттан тыс күштердің өмір сүруіне және олардың әлемнің жаратылысындағы және адамдар өміріндегі басқарушылық өміріне деген сеніммен ерекшеленеді. Міне осылайша – табиғаттан тыс күштерге деген сенім – діни дүниетанымның негізі болып табылады;
  • 3) Философиялық дүниетаным мифология мен діннен ол әлемді рационалистік тұрғыдан түсіндіруге бағыт алумен ерекшеленеді. Табиғат, қоғам, адам туралы барынша жалпылама түсініктер философияда теориялық зерттеу мен логикалық талдаудың пәніне айналады.

Дүниетаным түрлері


Мифология
Дін
Философия

Дүниетаным – адам және оның дүниеге деген жалпы қарым-қатынасын пайымдау жүйесі.

Дүниеге көзқарас дегеніміз – осы дүние, ғалам, адам, бүткіл тіршіліктің мән-жайы, болмыстың мағынасы хақындағы, адам өмірінің мәні мен мазмұны турасындағы идеялар мен пікірлердің және нақты түсініктердің жүйеленген және өзі дүниеде өмір сүруге бейімделген формаларының жалпылама жиынтығы болып табылады.

Философияның функциялары

  • Көзқарастық қызмет – адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
  • Сыни қызмет – білімнің барлығына күмәнмен қарайды. Адамның таным шекарасын кеңітеді.
  • Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, танымының дамуының жетістіктерін молайтады.
  • Белгілі бір тәжірибелерге сүйене отырып болжалдық роль атқарады.

  • Аксиологиялық қызмет – адам өміріндегі басты құндылықтарды (моральдық, эстетикалық, ғылыми, діни т.б.) анықтайды.
  • Әлеуметтік қызмет – адамның қоғамдағы орнын зерттейді.

Назарларыңызға рақмет



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет