Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет13/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

Сен бір адамды жан-тәніңмен сүйіп, ол үшін 
қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын болып 
көрдің бе? Өзіңе де сондай бол, өз бақытыңа қол 
жеткізу үшін бәрін істе. 


37
36
Түскі асқа дейінгі уақыт өтпей қойды. Қырсыққан
-
да жарық түсірушілер созылып жүріп алғандай, ал Карл 
үшін уақыт тоқтап қалғандай болды. Оның ойы жұмы
-
стан аулақ еді, ал жұмысты ойламаған кезде уақыттың да 
өтпей қоятыны белгілі. 
«Жарық қондырғыларындағы дублер деген не жұмыс 
мынау – деп өз-өзінен сұрады – студияға кіру үшін кез 
келген мүмкіндікті пайдаланғаным түсінікті, бірақ дублер 
деген тым өрескел».
Карл жұмысқа назар аударуға тырысты, түстен кейін 
назары өзі дублер болған актерге түсті. Тіпті оның ролін 
қалайша кремет ойнайтынын ұғынғысы келді. Жұмысы
-
на мән бере бастады: өз-өзіне көңілі толмаса да бір нәрсе 
үйренгісі келді. 
Карлдің Маркпен кездеспегеніне үш күн болды.
Ол Маркпен бірге түстенетініне қуанышты еді. Әрине 
ол дер кезінде келді. Марктің көңіл-күйі әдеттегідей 
көтеріңкі еді. 
– Неткен керемет күн! Сені көргеніме қуанышты
-
мын, кездесуге асықтым. Сен де, дер кезінде келіпсің. 
Тамаша!
– Мен де қуаныштымын. Бірақ ойым сан сақта. 
Түсініксіз нәрселер болып жатыр, – деді Карл. 
– Өзгерістер өмірімізге ерекше оқиғалармен, жаңа
-
лықтармен келеді. Жаңалық деген әдеттегі нәрсе емес. 
Байқауымша, сен өз-өзіңе жол тапқан сияқтысың, – деді 
Марк. 
– Немене, бірдеме дұрыс болмай жатыр ма?
– Сен ерекше жігітсің, жас кезімдегі мені есіме 
түсіресің. Сен әлгі үш сұраққа әлі жауап таппаған сияқты
-
сың ғой. 
– Рас, – деп келісуге мәжбүр болды Карл. 
– Бұл үш сұрақ қыр соңымнан қалар емес. «Бұл менің 
қолымнан келе ме?», «Мен махаббатқа лайықтымын ба?», 
«Мен кіммін?» – Ол Маркке сынай қарады. 
– Сен өзің оларға сенімді жауап бере аласың ба?
– Әрине. Және жауап бере алатыныма қуанамын да. 
Ол менің өмірімдегі бар жақсылық пен мейірімділіктің 
бастауы. Жауап таппаған күннің өзінде де мен сенің 
жұмысыңды істей алмас едім.
Шамалы үнсіздіктен кейін Марк сөзін жалғастырды:
– Зерттеулерім мен тәжірибиеме сүйене отырып, 
шынайы бақыт пен табысқа өзіндік сананы өзгертпей 
жету мүмкін емес екенін айта аламын, ал ол үшін сенің 
қолыңнан келетініне, махаббатқа лайық екеніңе, кім 
екеніңе сенімді болуың керек. 
Карл мұрнының астынан міңгірлеп, келіспейтінін 
білдіріп тұрды. Марктің өзіндік сана ең маңызды қасиет
дегені есінде, енді онсыз тіпті бақыт пен табысқа жете 
алмайсың дейді. Бұл енді тіпті асыра сілтеушілік деп ойла
-
ды Карл. Ол Марктен неге олай ойлайтынын сұрады. 
– Қуана түсіндіріп беремін. Бірақ менің қазір қарным 
ашты, – деді қуанышты күйден арылмаған Марк. 
Әдеттегідей олар үнсіз тамақтанды. Тамақ тағы да 
керемет дәмді болды. 
Дәмді десерттен кейін Марк:
– Түстен кейін менің бірнеше кездесуім бар. Менімен 
бірге фирмама барып, немен айналысатынымызды 
көруіңе болады. Әріптестеріммен де танысар едің, – деп 
ұсыныс тастады. 
Карл бірден келісті. Оған шын мәнінде қызық бола
-
тын. Олар офиске келе жатқанда Марк ескертіп қойды:
– Ешкім өз-өзіне сенімді болып тумайды. Бұл қабілет
-
ті дамытып отыру қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет