Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет12/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

35
34
Өзімізге сенімділіктің шешуші үш аспектісін түсінуге үш 
сұрақ көмектеседі. 
«Бұл менің қолымнан келе ме?»
«Мен махаббатқа лайықтымын ба?»
«Мен кіммін?»
Бұл менің қолымнан келе ме: өмірдің маған дайындаған 
сынақтарына мен дайынмын ба? 
Мен махаббатқа лайықтымын ба: бақытқа лайықтымын ба, 
әдемі де қуанышты өмір сүруге лайықтымын ба, мені жақсы 
көруге бола ма?
Мен кіммін: мен қандай адаммын, қазіргі өміріме алғыс айта 
аламын ба?
Осы сұрақтарға жауабымыз өміріміздің сапасын
айқындайды. 
Осы тұста мәтін үзіліп қалған. «Бұның бәрі қайдан 
келді? Мен жынданып кеткеннен саумын ба? Қандай да 
бір түсініктеме болу керек қой» деп ойлады Карл. Ол өзін 
сабырға шақырғанымен түк шықпады. Қайтадан жазбаға 
шұқшиды. Осы кезде басына: «Осы сұрақтарға өзім 
жауап берсем ше, жазбаша» деген бір ой сап ете қалды. 
Карл күліп жіберді. 
– Ал, кемпір, күнделігіңе тағы жазба қалдырсам қалай 
қарайсың?
Ол жазбасының басқа түспен түскенін қалады. 
Кемпір көк сиямен қалдырған екен, бұл қызыл сиялы
қаламды таңдады. 
Бұл менің қолымнан келе ме? Барлық нәрсе қолымнан келеді 
деп ойламаймын. Бәрі қолымнан келеді дейтін адам бар ма 
екен, сірә? Ол әрине Супермен болмаса. Ондай болсаң, әрине 
жақсы болар еді. 
Махаббатқа лайықтымын ба? Киноға түсетін жұлдыздар 
бұған лайықтырақ деп ойлаймын. Олар бақытты әрі әдемі 
өмірге лайықты, ал мен неммен лайықты бола аламын? 
Мен кіммін? Мен өзімді сипаттай алмаймын. Мен өзім туралы 
көп біле бермеймін және ол маңызды емес деп ойлаймын. 
Өзімді сипаттау қажет пе? Бұл сұраққа жауап беру маған 
мүлдем қиын. 
Ұялы телефон белгі берді. WhatsApp-қа Марктен 
хабарлама келген екен. Уәде еткен нақылдарын жіберіпті: 
«Жоқ» деп ойлады Карл. – Ондайды басымнан кешіп 
көрмеппін. Ешкімге шынайы ғашық болып көрмеп
-
пін. Жарық түсіретін студиядағы ассистентке болмаса.
Ол өте әдемі қыз. Бірақ оны махаббат деп айта алмаспын. 
Жоқ, махаббат емес». 
«Неге Марк мұндай хабарлама жіберді екен?» деген 
ой келді басына. Алайда ойланып жататын уақыт жоқ 
еді, киностудияға баратын кез таяп қалған. Кешігу ғана 
жетпей тұр ма еді. «Қызық, егер түсімдегі қызыл свитерлі 
кемпір мен күлгін күнделіктің кешігуіме себеп болғанын 
айтсам ел қалай қабылдар еді? Бәрі сеніп қалар әрине» деп 
өз-өзіне кекесінмен күлді. 
Карлдың жаны рахаттанып сала берді. Ол әзілдей 
алатынына мәз болды, ал әзіл көп жағдайда көмектесетіні 
сөзсіз. Оның ішінде бар-жоғы неғайбіл күлгін күнделік 
те бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет