41
40
себебі бұл ол үшін әлемдегі ең әдемі де, өзі бұрын естіме
-
се де, соншалықты таныс дауыс еді. Дауыс шыға берсе
екен деп тілеп тұр, әп сәтте дауысқа ғашық болып қалды.
«Есің дұрыс па? Дауысқа ғашық болды деген не
сұмдық! Мұндайды қорқынышты фильмде де кездестіре
алмассың!» деп өзіне жыны келді Карлдың. Жан-жағы
-
на қарай бастады. «Тың тыңдап тұрғанымды біреу
көріп қалмасын. Жетпегені осы еді. Мен тың тыңдап
тұрған жоқпын ғой, жай ғана дауысты тыңдап тұрмын».
Шындығында да солай еді. Ол сөздеріне мән беріп тұрған
жоқ еді, ол тек дауыс әуезділігін тыңдап тұр еді. Жүрек
-
тері шымырлай түсті.
Дауыс тоқтап қалды. Карл әйнек қоршауға қарап,
дауыс қайта шығар деген үмітпен тұра берді. Осы кезде
әйнек қоршау айқара ашылып, ішінен бір топ адам шыға
келді. Бұл үш ер адам және бір әйел еді. Олар сұраулы
жүзбен бұған қарап тұрды.
– Марк маған барлық жермен танысып, араласаң
болады деп еді, - деді міңгірлеп Карл.
– Иә, біздің Ми ондайды жақсы көреді, – деді бір жас
жігіт.
– Ми?
– Біз Маркті өз арамызда осылай атаймыз. Бұл мен
білетін адамдардың ішіндегі ең ақылды адам.
– Оның өзі де қарсы емес, – деп жымиды екінші
біреуі.
Карлды үнсіз бақылап тұрған жас әйел кенет жыми
-
ды да:
– Менің атым Анна. Мүмкін мен саған көмектесер
-
мін, не білгің келеді? – деді.
Карл өзін таныстырды. Өзі жаңа ғана тыңдап тұрған
дауыс Аннаға тиесілі екенін түсінді. Ол өте әдемі еді
және өзі дауысқа, дауысы өзіне керемет үйлесіп тұр еді.
Карл әйелден көзін ала алар емес. Бір кезде әйелдің жауап
күтіп тұрғанын түсінді де, ұялғанынан қызарып кетті.
«Былжыраған неме» деп өз-өзіне ұрысып алды да:
– Мен өзімнің кім екенімді білгім келеді. Бұл жерге
осы үшін келсем керек, – деді.
Төртеуі де күліп жіберді, бірақ Карл ешқайсысынан
кекесін байқаған жоқ. Олардың біреуі:
– Барлығымыз осы үшін жиналған сияқтымыз ғой.
Осы үш сұраққа жауап тапсақ, өміріміз толыққанды бола
-
тынын сездік.
– Мен саған көмектесейін, – деді Анна. Ол Карлды
қызығушылықпен бақылап тұр еді. – Бірақ сен толық
ашылуға дайын болуың керек.
Карлдың қобалжығаннан тамағы кеуіп қалды. Мына
әдемі әйелдің алдында бүкіл ішкі дүниесін жалаңаштай
ма? Барлық әлсіз тұстарын қалай айтпақ?
– Ол қолымнан келер ме екен, білмеймін, – еді
ұяттан жерге кірердей болған Карл. Осыншама ақымақ
болармысың!
Анна одан көзін алмастан басын изеді де:
– Бәрі жақсы. Қалай болғанда да жауаптарды іздеу
жолыңда табыс тілеймін. Мүмкін тағы кездесіп қалар-
мыз, – деп, үш жас жігітпен бірге кете барды.
Бойын билеген сезім Карлға бұрыннан таныс бола
-
тын, мұндай жағдайда ол бұрын да сезімдерін игере
алмай жататын. Оны өзі де неге олай екенін түсіндіре
алмайтын. Ол ары қарай танысуды жалғастырды. Өзінің
не іздеп жүргенін түсінбегендіктен, қабырғадағы жазу
-
ларды оқи бастады.
Достарыңызбен бөлісу: