Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Жылқының
басы етті және етсіз ашаң болып бӛлінеді. Жүйрік 
жылқының сағағы, яғни астыңғы екі жақ арасының кеңдігі жұдырық сиярдай 
болуға тиіс.
Мойын
. Мойын 7 мойын омыртқадан құралған. Бас пен мойын 
тұрғысының ӛзгеруі жылқының ауырлық түсетін жерінің ауысуына әсер етеді: 
ауыр
жүк 
тартып келе жатқан жылқы мойнын созып, басын аяғына қарай 
шұлғиды, сӛйтіп дене салмағын ілгерілетіп, тартыс күшін ұлғайтады; салт аттың 
шұғыл бұрылғанда не секіргенде денесінің ауытқымауын бас пен мойнының 
қимылы реттейді. Жылқы мойны ұзын, орташа және қысқа болып бӛлінеді. 
Әдемі имек мойынды аққу мойын деп, тамағы шығыңқы мойынды бұғы мойын 
деп атайды.
 
Ш
оқтықтан қия жоғары кӛтерілген мойынды биік, ал кӛтерілмей, 
түзу біткенін еңкіш дейді.
Шоқтық.
Шоқтықты білікті ұзын сербекті тӛс сүйегі, жауырын 
шеміршегі, бұлшық етті мен сіңір желбезегі құрайды. Салт мінетін жылқының 
шоқтығына тығыз және биік 11-12 омыртқа кірсе, жұмыс аттарының шоқтығы 
кең де тӛмен келеді: шоқтық биіктігі арқасынан 5% артса биік, 3,5-5%,артса орт 
болып саналады. 
Арқа.
Кеуденің шоқтықтан бастап белге дейінгі үстіңгі бӛлігі: ұзындығы 
бойынша қысқа, орташа, ұзын болып, сырт кӛрінісі бойынша түзу, бүкір, қайқы, 
салыңқы болып бӛлінеді. Жылқының арқасы түзу және бұлшық етті болғаны 
жақсы. Бүкір, жұмсақ не салыңқы арқа кемшілігі болып саналады. Арқасы 
жалпақ жылқы жұмысқа тӛзімді, күшті болса, арқасы қушық, бұлшық еті нашар 
жылқының кеудесі тар, әрі әлсіз болады
Бел.
Белді арқадағы 5-6 сербекті омыртқалар құрайды. Кеңдеу келіп
сауырға жалғасып кеткен бел жылқы жақсы саналады. Белі босаң, бұлшық еті 
нашар жетілген жылқының сауыры мен белінің жалғасатын жері шұқыр 
болады. Мұндай бел жылқы кемістігі болып саналады. Бел омыртқа сербегі 
шығыңқы 
болса, 
ол 
кемістікке 
саналады, 
ол 
жылқыны 
жӛнді 
азықтандырмаудың салдарынан орын алады. Жылқыны іріктегенде олардың 
белінің қысқа, кең және бұлшық еті жақсы жетілгеніне айрықша кӛңіл бӛлінеді. 
Сауыр.
Артқы аяқты денемен байланыстырып тұратын сауырды жамбас 
пен құйымшақ сүйегі құрайды. Сауыр ұзын, кең, етті болуға тиіс. Салт міністі 
жылқы сауырының ұзындығы кеңдігінен артық, ал ауыр жүк тартатын 
жылқыларда, керісінше, кем болады. Сауырды сербекті, дӛңес, түзу, салыңқы 


33 
деп бӛледі. 
Салт 
міністі аттардың сауыры түзулеу, дӛңгелек болғаны
дұрыс, 
ша
тыр тәріздес, салыңқы сауыр кемістікке жатады. Сербекті, бұлшық
еттері 
екі бӛлек 
сауыр ауыр жүк тартатын аттарда болады 
Шап.
Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі жерін 
үлкен және кішкене шап деп бӛледі. Салт мінетін аттардың шабы ӛте кең келеді 
және ұзын болмайды (10-12 см), жегілетін аттардың шабы ұзын болғаны дұрыс. 
Шап қимылына қарап жылқының тыныстануын санауға болады. Ат тыныққан 
кезде шап қимылы минутына 12-14 болса, ал шауыи немесе ауыр жұмыс істеп 
алқынған аттікі 20-30 ретке жетеді. Жылқының алқынуы ӛкпе ауруына (запал) 
шалдыққаннан де болуы мүмкін. 
Кеуде.
Кеуденің таянышы қабырға, тӛс омыртқа мен тӛс сүйегі. Кеуденің 
кендігі кӛбінесе қабырғаның ұзындығына байланысты. Қабырға неғұрлым 
иілген, имек болса, кеуде соғұрлым кең болады, ал жеткіліксіз иілсе, жылқының 
омырауы тар болады. Салт міністі жылқының кеуде қуысының кеңдігі 
ұзындығы мен тереңдігіне, ал ауыр жүк тартатын аттардікі кендігі мен 
қабырғасының иілгендігіне байланысты. Кеудесі тар жылқының ӛкпесі мен 
жүрегінің кӛлемі де кіші болады: салт мініс аты кеудесінің кендігі мен 
терендігінің катынасы 52%, желгіш аттікі 56-58%, жұмыс аттінікі 61% болады. 
Иық.
Жауырын мен тоқпан жіліктен құрылатын иықтың аласа-биік болуы 
жауырынның ұзындығына және еңкіштігіне байланысты. Салт мінетін және 
желгіш аттың жауырыны қиғаштау және ұзын болады. Ұшқыр келетін олардың 
жауырынының қиғаштығы 60% болса, ауыр жүк тартатын жылқынікі одан 
тіктеу келеді. 
Алдыңғы аяқ.
Алдыңғы аяқ шынтақ буыны, сан, тізе, жіліншік, тұсаулық, 
бақай, құндыздық, тұяқтан тұрады. Алдыңғы сан кәрі жілік пен шынтақтан 
тұрады. Жылқының алдыңғы аяғының бұлшық еттері нашар болуы үлкен 
кемістікке жатады. Алдына қарай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет