Омыртқа бағанасы (columna vertebralis)


Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales)



бет2/8
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#130128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұлға сүйектерінің құрылысы
Анатомия БОӨЖ №1 Сансызбаева Макпал 102 Б
Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales)

Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) – 7. Омыртқалардың басқа бөліктерінен басты ерекшелігі көлденең өсінділерінде омыртқалық артерияны бассүйек қуысына бағыттайтын тесік (foramen processus transverses) болуы. Сонымен қатар, ІІІ-ҮІІ мойын омыртқалырының көлденең өсінділерінің ұштары артқысы меншікті көлденең өсінді болса, алдыңғысы қабырғалардың рудименті болып  саналатын екі төмпешікке айырылады. ҮІ мойын омыртқаның алдыңғы төмпешігі жақсы жетілген, оған жалпы ұйқы артериясы жанасып жатыр, ұйқы артериясы жарақаттанғанда осы төмпешікке басып, қанды уақытша тоқтатуға болатындықтан оны ұйқы төмпешігі (tuberculum caroticum) деп атаған.

Мойын омыртқалырының денелері кішілеу, сопақша пішінді, үстіңгі және астыңғы беттері біршама ойыстанған. Буын өсінділерінің беттері жайпақ, олар 45° бұрышпен артқа қисая орналасқан. ІІ-ҮІ мойын омыртқаларының қылқанды өсінділері қысқалау, ұштары екіге айырылған, ал ҮІІ омыртқаның қылқанды өсіндісі өте жақсы дамыған, артқа қарай біршама шығып тұрады да, оның ұшын теріастынан сипап табуға болады, сондықтан ол шығыңқы омыртқа (vertebrae prominens) деп аталады. Бірінші (атлант) және екінші (білікті омыртқа) омыртқалар бассүйекті омыртқа  бағанасымен байланыстыратындықтан олардың пішіні басқалау болып келеді.

Атланттың (atlas)  ерекшелігі - денесінің көп бөлігін жоғалтуы, ол эволюция үрдісінде екінші омыртқаның тісін құруға жұмсалған. Атлант алдыңғы қысқалау және артқы ұзындау екі доғадан тұрады (arcus anterior et posterior). Алдыңғы доғаның ішкі бетінде екінші мойын омыртқасының тісімен байланысатын буын беті, ал сыртқы бетінде әлсіз айқындалған төмпешік орналасқан. Артқы доғаның артқы бетінде артқы төмпешікті (қылқанды өсінді рудименті), ал үстіңгі жиегі бойында қиғаш бағытталған омыртқа артериясының жүлгесін байқауға болады. Өте кең омыртқа тесігінің екі жанында атланттың бүйір массалары (massa laterales atlantis), ал олардың жоғарғы беттерінде жұп сопақша иілімді бассүйекпен қосылатын жоғарғы буындық шұңқыршалар (fovea articulares superiores), төменгі беттерінде жайпақтау, сопақ, білікті омыртқамен қосылатын төменгі буындық шұңқыршалар (fovea articulares inferiores) орналасқан.


Білікті омыртқаның (axis) басқа мойын омыртқаларынан айырмашылығы денесінің жоғарғы бетінде вертикалды орналасқан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің (dens) болуы, ол бассүйектің атлантпен бірігіп, айналатын бойлық бөлігін түзеді. Тістің алдыңғы бетінде атланттың алдыңғы доғасының буындық шұңқыршасымен қосылатын кішігірім буындық бет орналасқан. Көлденең өсінділері әлсіз дамыған, ұштарында көпшілік мойын омыртқаларындағыдай алдыңғы және артқы төмпешіктер жоғалған.













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет