Омыртқа бағанасы (columna vertebralis)


Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales)



бет5/8
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#130128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұлға сүйектерінің құрылысы
Анатомия БОӨЖ №1 Сансызбаева Макпал 102 Б
Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales) толығымен бірігіп, бітісіп сегізкөз сүйегін түзеді. Сегізкөз омыртқалары (5, кейде 6) адамда және көптеген басқа сүтқоректілер мен төменгі сатылы приматтарда (кейбір кесіртке-панголиттерден басқа) болады. Бұл тік жүру үрдісінің басталып, денесінің төменгі бөлігіне (жамбас пен аяқ) өте үлен жүктеменің түсуіне бейімделуінен деп түсіндіріледі. Сегізкөз (os sacrum)  адамда төрт қырлы пирамидаға ұқсас. Оның жоғары қараған негізі (basis ossis sacri) соңғы бел омыртқа денесімен, ұшы (apex) құйымшақпен қосылады. Бірінші сегізкөз омыртқасының алдыңғы жиегі бесінші бел омыртқаның төменгі жиегімен қосылып мүйін (promontorium) түзеді. Сегізкөздің жамбастық беті  ойыс, тегіс, ондағы көлденең сызықтардың (linia transversae)  ұштарында төртеуден жамбастық тесіктері (foramina sacralia pelvina) байқалады. Осы тесіктер арқылы Жамбас қуысына сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтары мен қан тамырлары өтеді. Сегізкөздің дорсалды беті  бұдырлы, дөңес. Оның өне бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген бес қырды көруге болады. Атап айтқанда: қылқанды өсінділердің бітісуінен пайда болған тақ ортаңғы, оның екі жанында буын өсінділерінің бітісу ізі, жұп аралық және латералдылау көлденең өсінділерден түзілген жұп қырлар. Дорсалды бетінде төрт жұп сегізкөздік тесіктер орналасқан (foramina sacralia dorsalia). Олар арқылы сегізкөз нервтері мен қан тамырлары енеді. Дорсалдық және жамбастық тесіктер омыртқааралық тесіктер арқылы сегізкөз өзегімен (canalis sacralis) байланысқан. Сегізкөз тесіктерінен сырттай, көлденең өсінділердің сәйкес қабырға рудименттерінің қосылысынан түзілген бүйір бөліктері (partes lateralis) жатады. Әр бүйір бөліктің сыртында бұдырлы өзі тәрізді мықын сүйектің бетімен қосылатын құлақ тәрізді бет (facies sacralis) анықталады. Ал оның артында сегізкөз бұдырмағы (tuberositas sacralis) орналасқан, ол сегізкөзді нығайтатын қысқа байламдардың бекитін орны. Сегізкөз ұшының артқы бетінен үшбұрыш пішінді сегізкөз өзегіне ендіретін саңылау көрінеді. Ү сегізкөз омыртқасының  төменгі бетіне сәйкес келетін сегізкөз ұшында құйымшақпен қосылатын кішігірім, сопақша келген буындық бет бар. Сегізкөз саңылауы бүйір жақтарынан буындық өсінділердің рудименті сегізкөз мүйіздерімен шектелген. Омыртқа бағанасының төменгі шеті жойылып кеткен құйрық қалдығымен (cauda) бітеді. Ол ересек адамдарға өзара бітісіп кеткен 4-5 құйымшақ омыртқаларынан (os coccyqis) немесе құйымшақтан тұрады. Бұл негізі жоғарғы, ал ұшы төменге бағытталған имек, кішкентай пирамида тәрізді сүйек. Омыртқа бағанасы қапталды бөлігінің кері дамуының (редукция) эмбрионалдық әрқилылығы омыртқа саны мен олардың қосылу сипаттарының тұрақсыздығына әкеледі .







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет