Омыртқа бағанасы (columna vertebralis)


Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae)



бет3/8
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#130128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұлға сүйектерінің құрылысы
Анатомия БОӨЖ №1 Сансызбаева Макпал 102 Б
Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae), тұлғаның тек қана сүтқоректілер мен адамда ғана сақталған қабырғалар бөлігіне сәйкес келетін және төменгі сатылы омыртқалылардың омыртқаларының алғашқы пішінен көп өзгермеген бөлігі. Адамда негізінен 12 (сирегірек 13) кеуде омыртқаларын ажыратады. Олар басқа омыртқалардан денелерінің бүйір беттерінде орналасқан жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқыршалардың (fovea costales  superiores et inferiores) болуымен ерекшеленеді. Х-ХІІ омыртқалардың денелерінде бір-бірден (оң, сол) ғана шұңқыршалар болады. Кейде омыртқалардың денелері үлкендеу болып келеді. Жоғарғы кеуде омыртқаларының денелерінің көлденең кесіндісі пішіні овалды, сәл төменірек – бұрыштары домалақтанған үшбұрышты, ал төменгілерінде қайта үшбұрышты пішін қалыптасады. І-Х кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінің ұштарының алдыңғы беттерінде сәйкес қабырға төмпешіктерімен буындасатын қабырғалық шұңқыршалар (fovea costales processus transversus) орналасқан. І-ҮІІІ кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері біртіндеп ұзарып, төменге иіле, бірін-бірі үстінен жауып (черепица) орналасқан, ал ІХ-ХІІ омыртқаларда біртіндеп горизонталды жағдайға иіле бастайды. ХІІ кеуде омыртқасынан басқаларының буындық өсінділері фронталды жазықтыққа бағытталған.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет