Омыртқа бағанасы (columna vertebralis)


Кеуде торы Кеуде торы (compaqes thoracis, thorax



бет6/8
Дата29.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#130128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұлға сүйектерінің құрылысы
Анатомия БОӨЖ №1 Сансызбаева Макпал 102 Б
Кеуде торы

Кеуде торы (compaqes thoracis, thorax) өмірлік маңызы бар ағзалар (жүрек, өкпе) орныны құрайтын, тұлғаның кеуде бөлігінің сүйекті негізі. Ол артынан - кеуде омыртқаларынан, алдыңғы бүйір жақтарынан – қабырғалар мен төс сүйектен түзілген.

Қабырғалар (costae) адамда 12 жұп қабырғалар бар. Адамның алыстағы өткен кезеңнің зоологиялық ұрпақтарында, тіпті қазіргі көптеген сүтқоректілерде қабырғалар саны едәуір көп. Ұзындығы әр қабырға біршама бұралған, азды-көпті иілген енсіз табақша болып табылады, олар артқы - ұзындау сүйектік, алдыңғы- қысқалау шеміршектік бөліктерден тұрады және артқы – омыртқалық, омыртқа бағанасымен қосылатын, алдыңғы – төстік ұштарын ажыратады. Жоғарғы жеті қабырға алдыңғы ұштарымен тікелей төс сүйекпен қосылады, бұл – нағыз қабыркалар (costae verae), келесі үш қабырға (ҮІІІ,ІХ,Х) шеміршектер арқылы бір-бірімен қосылып оң және сол қабырғалық доғалар түзеді. Бұлар жалған қабырғалар (costae spuriae), ХІ-ХІІ қабырғалар іштің бүйір бұлшықеттерінің арасында бос орналасқандықтан тербелуші қабырғаларға (costae fluctuantes) жатқызылады . Қабырғаның сүйектік бөлігінде басын, мойнын және денесін ажыратады. Қабырға басындағы буындық беті (caput costae) арқылы омыртқа бағанасымен байланысады. ІІ-Х қабырғалардың буындық беттері қырлар арқылы екіге бөлінген, себебі әр қабырғаның басы көршілес екі омыртқамен буындасады. І-Х қабырғалар денесінде омыртқаның көлденең өсіндісімен қосылатын қабырға төмпешігі (facies articularis tuberculum costae) бар. Қабырға төмпешігінің артқы жағында қабырға иіліп бұрыш (anqulus costae) түзеді. Қабырға денесі (corpus costae) жоғарғы және төменгі жиектерден тұрады. ІІІ-Х қабырғалардың төменгі жиегінің бойымен жүлге (sulcus costae) өтеді, онда қабырғааралық қан тамырлары мен нервтер орналасқан.  Ұзындығы ең азы, ал иілімі ең көбі І және ІІ қабырғалар . І қабырғаның жоғарғы бетінде тәжірибелік маңызы бар алдыңғы сатылы бұлшықет бекитін төмпешік байқалады. Осы төмпешіктің екі жағынан: артқы терең – бұғанаасты артерия, алдыңғы тайыз – бұғанаасты вена жүлгелері (sulcus arteria et vena subclavia) анықталады. Кей жағдайларда атавизм белгілері ретінде қабырғалар санының көбеюі мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет