Орал қаласының білім беру бөлімі Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» әдістеме құралы



бет2/38
Дата29.01.2017
өлшемі10,39 Mb.
#8258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Орал, 2014

Қалалық сараптама кеңесі шешімімен басылымға мұғалімдер арасында таратылуға ұсынылды

Хаттама №2. 26 желтоқсан 2014 жыл

Құрастырған:
Кажимова Б.А I санатты бастауышсынып мұғалімі №34МГ

Тауасова А.М – I санатты бастауыш сынып мұғалімі№22ЖОМ

Куаншалиева Ж.Қ – ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі№34МГ
Рецензентер:

Медешева А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университетінің информатика кафедрасының доценті

Шакирова Ж.С – А. Тайманов атындағы № 34 мектеп -гимназиясының жоғарғы санатты мұғалімі

Бұл жинақта ұстаздың бастауыш сыныптардағы дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» әдістемелік құралына курсты оқытудың бағдарламасы және сабақ жоспары, балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар енгізілген. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылырдың ойлауы, зейіні, есте сақтауы,өзіндік бағалау және қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды үйренеді.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қабілеті жоғары оқушыларды анықтауға көмекшіқұрал ретінде ұсынады.

.
Мазмұны

Алғы сөз.............................................................................................................. 4

Курс бойынша мазмұны мен құрылымы......................................................... 6



I бөлім «Қиял мен зейінге шолу»

Тақырыптық күнтізбелік жоспары..................................................................... 11

Сабақ жоспарлары............................................................................................... 14

II бөлім «Өмірдегі тиімділік»

Логикалық тапсырмалар....................................................................................... 47

Қорытынды ........................................................................................................... 67

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................... 68




Алғы сөз
Бастауыш білім- жалпы орта білім алудың негізгі базасы.Сондықтан, бастауыш білім берудегі мақсаттың бірі-оқыта және дамыта отырып,балаларды өз бетінше оқытып,білім алуға үйрету.Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ол үшін оқушы оқу еңбегінің дағдысы мен икемділікті қалыптастыру керек. Кейбір оқушылар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып жатады, ал кейбіреулері күнделікті жәй тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп жатады. Бірыңғай дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірлік жетістіктерге жету үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Оқушылар ақпаратты қабылдап қана қоймай,оны меңгеру технологиясын меңгерту қжет.Бұл үшін "Логика әлемі" атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.Талпынысы мен таланты жоқ бала болмайды. Ал ең бастысы жеке - дара ойлануды әдетке айналдыру қажет,дұрыс шешім қабылдауды іздеу керек. Бұл қасиеттер баланың өмірде жетістіктерге жетуіне көмектеседі. "Шығармашылық шеберлік" деген ұғымды бірден дамыту мүмкін емес. Сол себепті тапсырмалар арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажет.Тәжірибелік жұмыстар ойлау қабілетіне, өзіндік бақылауға, сонымен қатар баланың танымдық белсенділігін жетілдіруге бағытталған.Тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды.Әр сабақ сайын қиындайды,көлемі үлкейіп, күрделенеді, сөйтіп балалар жалықпай,тапсырманы орындау жылдамдығы артады.Тапсырма баға қоюға бағытталмаған, керісінше,оқыту мен дамытуды көздейді. Сол себепті логикалық тапсырмалар,жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Бұл - көңіл бөлу, елестету,есте сақтау мен ойлау."Бүгін және әрқашан өзің үшін жаса!" -міне, логика әлемі курсының негізгі тақырыбы."Логика әлемі" курсы ойлау, талдау, жинақтау, салыстыру,жүйелеу, шектеу, жіктеу,мойындамау(терістеу), сұрыптау, ой тұжырымы, есте сақтау, зейінді дамыту секілді тапсырмалармен қамтылған.

Қазақстан Республикасының әр жылға дайындалған білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке- даралық ерекшеліктеріне мән бере отырып,вариативтік оқыту жүйесі іске асырылуда.

Вариативтік оқытудың негізгі мақсаты-оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін туғызу.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.Оқытудың вариативтік негізінде құрастырылған таңдау курсы бастауыш сынып оқушыларына арналған.1-4 сыныптарда"Логика әлемі" курс бағдарлама үлгісі 1-сынып аптасына 1-сағат, жылына 33 сағат ,2- 4 сыныпта аптасына 1 - сағат,жылына 34 сағат жүктеме берілген.Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып,оқушылардың алған білім, білік,дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2014-2015оқу жылындағы ҚР - ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.

Логика сабақтары жүйесіндегі ұсынылған есептер мен жаттығулар үш түрлі мақсатты көздейді, олар: танымдық, дамытушылық. тәрбиелік.



Танымдық мақсаты.
Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру,дамыту.Жаңа шешімдерді іздеу,қажетті нәтижеге жету,ерекше тәсілдерін табу.

Дамытушылық мақсаты.

Сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту.Ойлау мен тіл бір--бірімен тығыз байланысты.Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу болса, керектісін дәлелдеу, пікірін айту, өзгемен хабарласу,жауап беру тіл арқылы жүзеге асады. Қиялдау,елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.



Тәрбиелік мақсаты.

Тұлғааралық қатынастың тәрбиелік жүйелері.Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету,ізденімпаздыққа,өз-өзінесенімді болуға тәрбиелеу.


Курстың міндетті:

-Курстың басты міндетті- оқушыларға білім жүйесінің негіздерін меңгерту,тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін молайту.

-Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді шешу.



Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.

Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.

Жиілігі: 33 сағат

Оқушылар білуі тиіс:

- өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану

- теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу

- өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу

- күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау әдісін қолдану арқылы анықтау

Оқушылар істей алуы тиіс:

- өзгеше және шапшаң ойлау

- әрекетті немесе нәтижені сынау

- өз көзқарасын және өз ойын ашық айту

- тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау



Күтілетін нәтиже:

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,өз бетімен жұмыстануға,дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға,есте сақтауға,өз-өзіне сеніммен қарауға,жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру.

Сауатты оқуға,түсінуге,ажыратуға,салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.


Курс бойынша мазмұны мен құрылымы

«Қиял мен зейінге шолу»

Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» көмекші, әдістемелік құралының құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық - математикалық дайындықты күшейтетін терең, әрі жан - жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.

Оқушыларды талқылай білуге, алған білімдерін қолдана білуге, негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдеріне арналған тапсырмалар енгізілген.

Шығармашылық жаттығулар, геометриялық маңызды жаттығулар, логикалық тапсырмаларды шығару тәсілдерін үйретуді көздейді.



«Өмірдегі тиімділік»

Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» көмекші, әдістемелік құралының ұтымдылығы оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап өз ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, қызықты сұрақтар, мақал - мәтел, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды талдатуға басты назар аударылaды. Сондай-ақ сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі, олардың ерекшеліктерін қамтыған материалдар берілді.Тез ойлап ,тез шешім қабылау, салыстыру,ажырату қабілеттерін дамытады.

Оқушылар тіліміздің грамматикалық құрылысы бойынша білімдерді толықтырылып, оларда білік, дағдылар қалыптастырылады.

Оқушыға өз ойын еркін айтуына, ойын дамыта өзгертуіне шығармашылық жұмыстағы еркіндікке, кез келген мәселені шешуге, баға беруге, таңдау жасауға, оқығанын өмірмен байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік береді.

Оқушылар алдына өзекті міндеттерді қоя біледі, оларды шешеді, логикалық тапсырмаларды пайдаланып, салыстыру, топтау әдістерін қолданып, дәлелді тәуелділіктің шешуін табады, талдай білу дағдысын дамытады, тәуелділік байланысын орнатады және қорытынды жасауды үйренеді.

Сонымен қатар логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық сөйлеу және ойша елестеу қабілеті дамиды.

Қоршаған ортаны танып, білу үрдісі баланың ойлануын дамытып қана қоймайды, оқушының қоршаған ортаға адамгершілік қарым - қатынасын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың қоршаған дүние туралы алған білімін дұрыс қолданып, әлеуметтік және табиғи ортада өзінің жүріс тұрысын әділ бағалай білу қабілетін тәрбиелеу. Қоршаған ортаны танып білу сабақтарында алған білімі өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытады.

Таным теориясы адамға жинақталған ақпаратты зерттеп, ішінен маңыздысын таңдап, соның негізінде дұрыс өмірлік салтын ретке келтіру, дұрыс таңдау жасау қабілетіне ие болуға, яғни өзінің болмысы мен әрекетін бағалау дағдысын көрсете білуге мүмкіндік береді.

"Логика әлемі " 1- сынып Күнтізбелік жоспар аптасына

1 сағат, жылына -33 сағат






Уақыты

Сағ

саны


Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Пәнаралық байланыс

1,2




2

Балалардың даму деңгейін анықтау

Есте сақтау қабілеті, уақытқа орындауға бейімдеу

Бейнелеу

3,4




2

Талдау және жинақтау

Қатені түзеуге, салыстыруға дағдыландыру

Әліппе, бейнелеу өнері

5




1

Талдау және жинақтау

Қатені түзеуге, салыстыруға дағдыландыру

Әліппе, бейнелеу өнері

6,7




2

Талдау және жинақтау

Шапшаңдыққа бейімдеу

Әліппе, бейнелеу өнері математика

8,9




2

Талдау және жинақтау

Салыстыруға дағдыландыру, көз қырағылығын дамыту

Әліппе, бейнелеу өнері

10,11




2

Салыстыру

Айырмашылықты табуға үйренеді

Әліппе, бейнелеу өнері

12,13




2

Салыстыру

Айырмашылықты табуға үйренеді

Әліппе, бейнелеу өнері

14




1

Ұқсастығы мен айырмашылығы

Ортақ белгілерді табады

Әліппе

15




1

Мөлшерді зерттеп салыстыру

Мөлшерлі зерттеп салыстыруға үйренеді

Әліппе, бейнелеу өнері

16,17




2

Жүйелеу

Заңдылықты сақтап сурет салуға үйренеді

Дүниетану,

әліппе


18,19




2

Жүйелеу

Заңдылықты сақтап сурет салуға үйренеді

Дүниетану,

әліппе


20,21




2

Жүйелеу

Логикалық тапсырманы ауызша есептеуге төселеді

Бейнелеу

22,23,




2

Шектеу

Түстерді ажырату.салыстыруға дағдыландыру

әліппе

24




1

Шектеу

Түстерді ажырату.салыстыруға дағдыландыру


әліппе

25,26




2

Терістеу( мойындау)

Түсіндіріп айту.

Математика

27




1

Терістеу( мойындау)

Түсіндіріп айту.

Математика

28,29




2

Талдап қорыту

Мұқият қарауға зейінін тұрақтандыру

Көркем жазу, математика

30




1

Қортындылау

Логикалық тапсырманы ауызша есептеуге төселеді

Әліппе

31,32




2

Сұрыптау

Логикалық тапсырманы ауызша есептеуге төселеді

Әліппе, бейнелеу өнері

33




1

Ой тұжырымы

Тапсырманы жүйелі орындауға дағдыландыру

Әліппе, математика, бейнелеу өнері

"Логика әлемі " 2- сынып Күнтізбелік жоспар аптасына

1 сағат, жылына -34 сағат




Уақыты

Сағ

саны


Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Пәнаралық байланыс

1,2




2

Балалардың даму деңгейін анықтау

көз қырағылығын дамыту

Дүниетану, математика, бейнелеу өнері

3




1

Зейінді шоғырландыру

Мұқият қарауға зейінін тұрақтандыру

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

4,5




2

Зейінді шоғырландыруды дамыту

зейінін тұрақтандыру

Әдебиеттік оқу, математика

6,7




2

Назар аударуды дамыту

зейінін тұрақтандыру

Әдебиеттік оқу, математика

8




1

Зейінді дамыту

Шапшаңдыққа үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

9




1

Зейінді жаттықтыру

Шапшаңдыққа үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

10,11




2

Есту арқылы жадында сақтауды дамыту

Есту арқылы есте сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

12




1

Есту арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады

Математика, қазақ тілі

13,14




2

Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

15,16




2

Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

17,18




2

Қисынды ойлауды дамыту

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады

Әдебиеттік оқу, Математика, қазақ тілі

19




1

Қисынды ойлауды дамыту

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады

Әдебиеттік оқу, Математика, қазақ тілі

20,21




2

Қисынды ізденіс тапсырмалары

Толықтырып жазу, сәйкестендіру

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

22




1

Қисынды ізденіс тапсырмалары

Толықтырып жазу, сәйкестендіру

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

23,24




2

Заңдылықты іздеуге үйрету

Заңдылықты анықтау

Әдебиеттік оқу, математика

25




1

Заңдылықты іздей білуге жаттықтыру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады

Әдебиеттік оқу, математика

26




1

Ойша көз алдына елестету

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Математика

27




1

Ойша көз алдына елестетуді жетілдіру

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Математика

28,29




2

Қисынды ізденіс тапсырмалары

Толықтырып жазу, сәйкестендіру

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

30




1

Қисынды ізденіс тапсырмалары

Толықтырып жазу, сәйкестендіру

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

31




1

Кеңістікте қиялды дамыту

Ойлау қабілеті артады

Математика

32




1

Заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге жаттықтыру

Кеңістіктегі ұғымдарды меңгереді

Бейнелеу өнері, Математика

33,34




2

Білімдарлар сайысы

Тапсырманы жүйелі орындауға дағдыландыру

Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері

"Логика әлемі " 3- сынып Күнтізбелік жоспар аптасына

1 сағат, жылына -34 сағат




Уақыты

Сағ

саны


Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Пәнаралық байланыс

1,2




2

Балалардың даму деңгейін анықтау

Сұраққа жауап іздеу, ойша ойлауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері

3




1

Балалардың даму деңгейін анықтау

Сұраққа жауап іздеу, ойша ойлауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері

4




1

Зейінді топтауды дамыту

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

5




1

Назар аударуды дамыту

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады, көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

6




1

Назар аударуды жетілдіру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады, көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

7,8




2

Зейінділікті жаттықтыру

Ойналуға, дәлелдеуге төселеді

математика, қазақ тілі

9




1

Есту арқылы есте сақтауды дамыту

Ойналуға, дәлелдеуге төселеді

математика, қазақ тілі

10




1

Есту арқылы есте сақтау қабілеттін жетілдіру

Есту арқылы есте сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

11




1

Есту арқылы есте сақтауды жаттықтыру

Есту арқылы есте сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

12




1

Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

13




1

Көру арқылы есте сақтау қабілетін жетілдіру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

14




1

Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

15




1

Логикалық ойлауды дамыту

Ауызша есептеу, елестету қабілеті артады

Математика

16




1

Логикалық ойлауды жетілдіру

Ойша ойлау, елестету қабілеті артады

Математика

17




1

Логикалық ойлауды жаттықтыру

Ойша ойлау, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

18,19




2

Логикалық ізденіс тапсырмалары

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

20




1

Заңдылықты іздеуге үйрету

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

21




1

Заңдылықты іздей білуге үйрету

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

22




1

Заңдылықты іздей білуге жаттықтыру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Әдебиеттік оқу, математика

23




1

Қиялды жетілдіру

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

24




1

Ойша көз алдына елестету

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

25,26




2

Елестетуді жетілдіру

Шартты белгілермен жұмыс жасау

Дүниетану,математика

27,28




2

Кеңістікте қиялды дамыту

Кеңістіктегі ұғымдарды меңгереді

Бейнелеу өнері, Математика

29




1

Кеңістікте қиялды жетілдіру

Кеңістіктегі ұғымдарды меңгереді

Бейнелеу өнері, Математика

30




1

Кеңістікте заттардың орналасуын анықтау

Кеңістіктегі ұғымдарды меңгереді

Бейнелеу өнері, Математика

31




1

Кеңістікте заттардың орналасуын анықтауды жетілдіру

Кеңістіктегі ұғымдарды меңгереді

Бейнелеу өнері, Математика

32




1

Қайталау

Тапсырманы жүйелі орындауға дағдыландыру

Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері

33,34




2

Білімдарлар сайысы

Тапсырманы жүйелі орындауға дағдыландыру

Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері

Логика әлемі " 4- сынып Күнтізбелік жоспар аптасына

1 сағат, жылына -34 сағат




Уақыты

Сағ

саны


Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Пәнаралық байланыс

1,2




2

Балалардың даму деңгейін анықтау

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

3,4




2

Зейін

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

5,6




2

Жадында сақтау

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

7




1

Заңдылықты сақтау

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

8,9




2

Қиял

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

10,11




2

Зейінді дамыту

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

12,13




2

Жадында сақтау

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

14




1

Заңдылықты іздестіру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

15,16




2

Қиялды дамыту

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

17




1

Өткенді қайталау

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

18,19





2

Зейінді жеттілдіру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

20,21




2

Жадында сақтауды дамыту

Ойлап салу, елестету қабілеті артады


Әдебиеттік оқу, математика

22




1

Заңдылықты іздеуге үйрету

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

23,24




2

Қиялды жеттілдіру

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

25,26




2

Зейінді жаттықтыру

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

27,28




2

Жадында сақтауды жаттықтыру

Ойлап салу, елестету қабілеті артады

Әдебиеттік оқу, математика

29




1

Көру арқылы есте сақтауға жаттықтыру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

30




1

Заңдылықты анықтауға арналған жаттығулар

Мұқият қарауға, тыңдауға дағдыланады көз қырағылығын дамыту

Әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі

31




1

Қиял мен қисынды жаттықтыру

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

32,33




2

Білімдарлар сайысы

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері

34




1

Білімдарлар сайысы

Заңдылықты сақтауға үйренеді

Қазақ тілі, бейнелеу өнері



1- сабақ 1 сынып

Балалардың даму деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы."Басты шайқау " Ойлау қабілетін жақсартады.

"Жалқау сегіздік" мидың белсенді жұмыс істеуіне , есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі.

"Мерген көз"көздің шаршағанын басуға көмектеседі. Сағат тілінің бағытымен 6 рет дөңгелек сызу және кері бағытта да 6 рет дөңгелек сызу.

Балалардың зейінділігі мен есту қабілетін байқау.

Тапсырма №1.

Тапсырманы мұқият қарап шық.Марғаулар телефонның сымын үзді.Үзілген жерді тауып, 2 минутта көк бояумен жалға.



Тапсырма №2.

Жұмбақты шеш.Суреттен жауабын тап.

Көк түсті қоңырау,

Тұр мылқау, саңырау.


Жауабы:қоңырау гүл

Каталог: uploads -> doc -> 07ae
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07ae -> Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар (ел аузынан)
07ae -> Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау
07ae -> Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет