Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп


Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп



бет2/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word
Сбакты зерттеу кадамдары
Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы рефлексиялық есеп

Топтық жұмыстан жоғары нәтиже алу үшін іс-әрекетке қатысушылар арасында бақылау, өзара қарым-қатынас, жеке тұлғалық дағдылар, өз ойларын еркін білдіру, бір-біріне өзара көмек көрсету, қолдау өте маңызды. Осы мақсатта топтық жұмысты ұйымдастырмас бұрын топ ережесін құрудан бастадым. Топтық жұмыстың ережелері:

-бірлесіп жұмыс жасау;

-өзгенің ойын тыңдау;

-ортақ шешімге келу;

-өз пікіріңді дәлелдеу;

-әркімнің ойы құнды.Топтық жұмысты ұйымдастыру барысын топқа бөлуді жүзеге асырудан бастадым.

«Геометриялық фигуралар» «Атом-моллекула» әдісі арқылы топқа бөлу

арқылы топқа бөлу

Алайда, алғашқы сабақтарда топқа бөлу жұмысында бірқатар кемшіліктер көрінді. Студенттерге түстердің немесе геометриялық фигуралардың ерекшелік жағдайларына сай топтасуларын ескертпеу, студенттер санының топқа теңдей бөліну сәттерін ескермеу жағдайлары. Мен жұмыс жасаған оқу тобында дамуында жеке ерекшелігі бар студент болды. Курс барысында үйренген атом-молекула топқа бөлу әдісі арқылы сабақ барысында жеке, жұптық, үштік, топтық жағдайда жұмыс жасауға өте қолайлы мүмкіндік болды.Мұндағы негізгі мақсат студенттердің кез-келген уақытта ситуациядан шығуға дайындығын қалыптастыру, саралауды жүзеге асыру, жекелеген студенттердің өзін-өзі таныта білу(Маслоу САН 20б.),өзін-өзі көрсетудің жолы ретінде қарастыру болатын. Айта кету керек, бұл топтағы студенттерге де ұнады, олар мұны сабаққа қатысты өз рефлекцияларында атап көрсетті.

Топтық жұмысты практика кезеңіндегі барлық сабағымда қолдандым және топпен жұмысты орындатуда бірқатар ескеруді қажет ететін жағдайлармен кезіктім. Топта жұмыс жасау- бұл студенттердің ортақ мақсатпен жұмыс жасауы. Топ үшін мақсат пен міндет қажет. «Оқушылар нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытады»(Л.С.Выготский)[1,24б.]. Сабақ барысында топ мүшелері берілген тапсырманың мақсатын түсінбей өзара талқыға салды, әр студент өз пікірлерін дәлелдеу арқылы мақсатты іздеуге әрекет жасады. Дәл осы сәтте көпіршелер (Мерсер және Фишер 1993)[1,25б.]. арқылы көмекке келу педагогикалық үрдісті алға жылжытты. Педагогика пәні бойынша, «Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері» тақырыбында «Әңгіме-дебат» (Мерсер 2000)құру студенттерге біраз қиындықтар туғызды. Себебі, олардың өз ішінде оқытудағы саналылық пен белсендiлiк және беріктік принциптерінің әрқашан жүзеге асатындығы аясында біраз келіспеушіліктер орын алды.

Білім алушылар арасында оқуға деген ынтаны тудыруда топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды болып есептеледі. Топтық жұмысты пайдалану барысындағы кейбір іс-әрекеттер: әңгімелесу, пікірталас, ортақ талқылау, проблемадан шығуға бірлесіп әрекет ету, бір-бірінің ойын толықтыру, ұжымшылдық, берілген ролдер арқылы жауапкершілікті сезіну, кері байланыс, рефлексия, тәжірибемен бөлісут.б. «Микс» жаттығуын орындауда өз әлеуетін толық көрсете білу(Маслоу 21б), өзін-өзі таныту, қабілетін көрсету өлең шығару, көрініс көрсету, бір әннің мелодиясына салып топпен орындау әрекеттері арқылы жүзеге асты.


Топтар өздеріне берілген проблеманы шешу үшін алдымен оны түрлі қырларынан зерттеп өзара талқылады, ой қорытындысын жасады, топ мүшелерінің ролдерін белгілеу арқылы өзара саралау жұмыстарын жүргізді, соңында топтың шешімін дәлелдеуге бірігіп әрекет жасады. Біріккен іс-әрекет ауызбіршілікке, жолдастық өзара көмек, жағымды эмоционалдық күй, білімге деген қызығушылық, құштарлық сезімдерін оятты, таным әрекетін тиімді ұйымдастыруға мол мүмкіндік берді.

Әр топ өздеріне берілген проблеманы зерделеу арқылы ақылға қонымды әңгіме ұсынып; олардың идеялары пайдалы бағытта бағаланды, мұқият бағалау жүргізілді; қатысушылар сұрақ қойып және айтқандарын дәлелдеді, осылайша әңгімеде дәлелдемелер «көрінді».Дегенмен бірқатар кемшіліктер орын алды: топ ішінде міндеттерді тең бөліспеу, топтардың бірін-бірі дұрыс тыңдай білмеуі, сабақтан көп қалатын себепті «Е» есімді студенттің топтан шеттеп қалуы, топтық жұмысқа тартылыстың болмауы, берілген тапсырманы түсінбей отыруы. Оқытушы тарапынан ескеруді қажет ететін жәйт топтық жұмыста белсенді емес студенттермен жұмыс жасаудың оңтайлы жақтарын қарастыру.

Жоғарыда орын алған кемшіліктерді жақсарту мақсатында алдағы уақытта:

-топтық жұыстың маңыздылығын студенттерге түсіндіру;

-ереже деген не, оның біздің жұмысымызға қажеттілігі жөнінде студенттерге түсіндіру;

-топтық жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру. Мысалы:топтық жұмыстан жұптық жұмысқа, одан жеке жұмысқа қарай ауысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет