Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп


Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу туралы рефлексиялық есеп



бет4/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word
Сбакты зерттеу кадамдары
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу туралы рефлексиялық есеп
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып есептелетін қазіргі ең басты педогогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен бірге ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін[1,45]. Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, ой үдерісіне өзін реттей алатын [1,48] болашақ мұғалімдерді баулуды мақсат ретінде санаймын.

Бірінші бетпе-бет кезінде курстан үйренген жаңа тәсілдерді қолдана отырып жоспарлаған 4 сабағымда басымдық алған осы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары болды. Олар: микс әдісі, РАФТ, ақылдың алты қалпағы, Блум түймедағы, кинометафора әдісі, бес жолды өлең, семантикалық карта стратегиясы,кластер әдісі, фишбоун әдісі, бес саусақ әдісі.

Блум түймедағы әдісін «Білім мазмұны-тұтас педагогикалық үдерістің компоненті» тақырыбы бойынша алдым. Блум күлтешелерінде қамтылған сұрақтар қатары мынадай болды:1)Білу: Білім туралы заң қашан қабылданды?2)Түсіну:И.Я.Лернер білім мазмұнына қандай анықтама берді? Бұл сұрақтар қайталау, тану жағдайына тән, мағлұмат пен деректерді еске түсірді, сұраққа нақты жауап айтты. Оқытушы әңгімелеп, көрсетіп, жетекшілік жасау арқылы, студенттердіайтылым, тыңдалым, есте сақтау, меңгеру, дейектер келтіру дағдысын дамытуға әрекет жасады. Нақты фактімен жұмыс жасауға машықтанды.

3)Қолдану:Білім мазмұнының компоненттерін сипаттаңыз, оларды тәжірибемен, өмірмен байланыстыра отырып түсінік беріңіз. Бұл категориядағы сұрақтар оқу материалын нақты жағдайда қолдануға әрекет жасады. Мұнда білім мазмұны қағидалары, заңдылықтары, компоненттерінің өмірде жүзеге асу жолдары қарастырылды. Мысалы, адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік даму компоненті студенттердің пікірі бойынша, бұл екеуі де білім беруде, атап айтқанда мектептегі педагогикалық процесінде мұғалімнің әрекеті арқылы адам өмірінде орындалып отырады.Тіршілік және іс-әрекет барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Мұғалім баланың білімге, өнерге, спортқа қызыығушылығын анықтап, тәрбие үдерісінде оны еңбекпен, эстетикалық тәрбиемен, дене тәрбиесімен ұштастыру арқылы дамытады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеуге деген белсенділігін қоғамдық жұмыстарға араластыру арқылы дамытады. Бұл әрекеттерді үнемі орындап жаттығу мен дағдылану адам белсенділігінің негізі. Демек, білімнің мазмұны бұл компонентті толықтай қамтиды деп студенттер жоғарыдағы компонентті талдап көрсетті.

4 )Талдау:Жауабы мынадай болса сұрағы қандай болады... Оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгеру. Бұл тапсырманы орындауда студенттер оқу материалының ішкі құрылысын сезіну, қалай құрылатынын талдау орындалды. Оқытушы мұнда бағыт беріп ақпарат көздерін ұсынды, талпынуға әрекеттендірді. Студенттер талдап, сұрақ құрастырып, оны қойып, жауап беріп талдау арқылы дұрыс сұрақты табуға әрекет жасады.Студенттер арасында пікір алмасу, бірі екіншісінің ойын жалғастырып алып кету, сыни талдау жасау, кілттік ұғымдарды бөліп алып (сындарлы оқыту, әлемдік білім, инновация) бұлардың барлығы нені меңзейді, кім қалай ойлайды деген диалогтар орын алып жатты.

5 )Жинақтау:Қазіргі кезеңде мектептегі оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері қандай. Оқытудың мазмұнын қайта қараудың мәнін сипаттады, оның жаңаша мағынасын құрастырды. Білім мазмұнының жаңаша нәтижесін талқылап, қайта қараудың себептерін өз көзқарастары бойынша түзе білді. Сыни ойлау негізінде салыстырды, болжам жасады, ойларын жинақтады, бір шешімге келіп тұжырым жасай білді. Оқытушы өз тарапынан студенттердің іс-әрекетіне әсер етті, жетелеуші сұрақтарын қою арқылы әрекетке итермеледі. Қойылған сұрақтар қатары мынадай болды: бәсекеге қабілеттілік дегенді қалай түсінесіндер? тәжірибелік дағдылар дегенді естігенде ойларыңа не келеді, функционалдық сауаттылық деген ұғымды естідіңдер ма?

6)Бағалау:Білім мазмұнына мәтін құра.Жоғарыдағы ойлау иерархияларынан өте келе, бұл деңгейде оқу материалы туралы пікір келтірді, өз ойын жүйеледі, өз ойымен білім мазмұнының маңызын анықтауға тырысты, мәтіннің мазмұнын құрды, сол арқылы оған баға берді, айғақтар келтірді, ойды дәлелдеуге әрекет жасады. Студент жасаған мәтін төмендегідей мазмұнда болды:Білім мазмұны дегеніміз-білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекетдің тобы. Ол нені оқыту керек деген сұраққа жауап береді.Білім ол күш, сенім. Оған адамзат атаулының барлығы ұмтылады. Білімнің мазмұны айнала қоршаған әлем, табиғат, қоғам, мәдениет, өнер,таным, ғылым туралы адамның санасында жинаған мол қорынан тұрады.

Блум түймедағы әдісі бойынша студенттерге қиындық туғызған жинақтау деңгейі болды. Менің пікірім бойынша оған себеп, оларда жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша ақпарат қоры аз. Оларда мұғалімдердің аузынан естіген, аз кем дәрістерде айтылған мәліметтердің төңірегінде ғана талдау жасауға мүмкіндік болды. Бұл стратегия кезең-кезеңімен орындалатын мақсаттардықамтамасыз ете отырып студенттердің сыни ойлауын, бағалау арқылы нәтижеге жете білу және түсіндіру процесі.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады[1,45]. «Білім мазмұны-тұтас педагогикалық үдерістің компоненті» тақырыбы сабағында қолданылған семантикалық картамен жұмыс алдын-ала даярланып қойылған ақпаратты, яғни талапқа сай өлшемдерді негізге ала отырып білім мазмұнын анықтайтын құжаттар қатарына талдау жасауға мүмкіндік берді.

Студенттердің алдына кітап, оқу жоспарының үлгісі және студенттерге арналған оқу-жұмыс бағдарламасы берілді. Оған қоса семантикалық карта ұсынылды. Алдарына берілген нақты құжаттарға талдау жасай отырып:

-негізгі дерек көздерді бағалауға;

- сұрақ қою арқылы өлшемдерді табуға;

-берілген құжаттарды талдауда нақты критерийлерді қою;

-критерийлер бойынша құжаттарды сәйкестендіру;

-құжаттың мазмұнын талдай білу;

-олардың бір-бірінен айырмашылығын, ерекшелігін ажырата білу;

-зерттеуге үйрену;

-талдау жасауға машықтану;

-құжаттарға сын тұрғысынан баға беру әрекеттері орын алды.

Мұнымен қоса, бұл үдеріс кезінде күрделі міндеттер тұрғысынан ойлау, құжаттарға құндылық көзқарас, күмәнді пікірлер, тәжірибедегі проблемаларды айқындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды түсіну қамтылды. Осындай бағытта жұмыс жасай отырып студенттер бақылау, пайымдау, ұғыну, сыни ойлау, елестету, баламалы шешімдер шығару жағдайында іс-әрекеттер орындады. Семантикалық карта болашақ мұғалімдерге педагогикалық қызмет барысында жұмыс жасайтын құжаттарымен танысуға мүмкіндік берді, олардың мазмұнына үңілді, құжаттардың нақты әрекет ету жағдайларына қанық болды. Топтағы студенттер арасында жұмыс барысында диалог орнату арқылы мәселені шешуге бағыт берілді. Олардың арасында:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет