Оразымбетова Анар Дауылбаевна «Тиімді оқыту» пшо жм филиалы Есеп



бет5/8
Дата25.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#114665
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оразымбетова А.Д. Word
Сбакты зерттеу кадамдары
-оқу жоспары деген не?

-бүкіл оқу жылы бойындағы барлық оқылатын пәндер жазылып тұратын құжат.

-оның ішінде пәндерден басқа тағы не болады?

-олардың неше сағат оқылатынын содан көреміз.

-қазіргі оқулықтарды осы талаптарға сай деп айта аламыз ба?

-я та, өйткені оны қадағалап мектептерге жіберіп отырған адамдар бар емес па,- деген тәріздес ойлар айтылды.

«Ақылдың алты қалпағы» арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру студенттердің оқу материалы бойынша өз бетімен жұмыс істеу, талдай алу қабілетін дамыту, оқу материалын сыни тұрғыдан бағалауға, өз тәжірибесінде қолдана білуге үйретуге мақсатталды. Бұл стратегияны қолданудағы күтілетін нәтиже, мәселелерге сын көзбен қарауға, қойылған проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға дағдылану болатын. Бұл стратегия «Педагогикадағы жеке тұлға мәселесі» тақырыбында қолданылды. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар мазмұнында жас ерекшелік кезеңдерін сипаттауды осы қалпақтардың түсімен байланыстыра аудиторияға жеткізу қажет болды. 1 топ студенттері жас кезеңдеріне бөлудің ертеден келе жатқан бөлінісінен бүгінгі күнге дейінгі жағдайына толықтай статистикалық талдау жасады. Мұнда авторлар бойынша, педагогиканың даму кезеңдері бойынша ақпараттар қамтылған. Нәтижесінде жас ерекшеліктеріне қатысты берілген барлық ақпараттар дерлік нақты, айқын толық қамтылған. Зерттеу, ойлау дағдылары, ақпаратты талдай білу критерийлері бойынша проблема өз шешімін тапқан.

Қызыл түсті қалпақтағы 2 топ студенттері жас ерекшелік кезеңдері туралы ақпаратты эмоциямен беруді сәбилік кезеңдегі балалардың қызығушылығын суреттеу арқылы берді. Мұнда ерте балалық кезеңде тануға, ұстап көрудің, аузына салып көрудің шамадын тыс жоғары болатынын және мұны айнала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау тактикасы екендігінмен талдап түсіндірді. Дәлелдері ойға қонымды, ғылыми ақпарат бар, мазмұнды жеткізгенімен мұнда эмоцияны көре алмаған жағдай болды. Сондықтан бұл топ ақпаратты басқалай беруге тырысу керектігі, берілген проблема өз деңгейінде жетпеген секілді болды.

Жаңа идеялар 3 топтағы студенттерде сәтті берілді. Олар жас ерекшеліктеріне сай бала тәрбиесіндегі маңызды кезең анасының жатырында жатқан уақыт. Студенттер нақты ғылыми ақпаратпен дәлелдеулер арқылы өз ойларын негіздеді. Ғылыми көзқарастар бойынша баланың мінез-құлқының кейбір тұстары осы кезеңде қаланады екен. Жүктілік уақытындағы анасының барлық күйі балаға берілетінін ғалымдар дәлелдеген. Жүсіп Баласағұнның «Құрсақта біткен қылық, қара жерге бірге кіреді» деген сөзінің мәнінің тереңдігін келтіріп өтті. Пайғамбарымыздың хадистерінен де деректер келтіре отырып бұл мәселенің тарихының тамыры тереңде, екендігін айтты. Бұл проблема айтылып жүрген болғанымен, жаңаша дәлелдеулердің өзі бұл идеяны басқаша көрсетті. Бұл студенттердің проблеманы сыни тұрғыдан ойлау білгенінің, олардың шығармашылық ойларының дәлелі болды. Ақылдың алты қалпағы әдісі бойынша болашақта тыңғылықты ойластыруды талап ететіндігіне осы сабақ көзімді жеткізді. Себебі, басқа 3 түстегі қалпақтың иелері өздеріне қойылған проблеманы өз деңгейлерінде жеткізе білмеді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану барысында болашақта жетілдіруді қажет ететін мына жағдайларды анықтадым: сұрақ қою технологиясын меңгеру; студенттерге диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүретін ортаны құру; студенттерді сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуға басымдық келтіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет