Орындаған: Байдрахманова Мадина Ауелбековна Психолог Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу



Дата08.06.2020
өлшемі20,62 Kb.
#72655
Байланысты:
Тапсырма Байдрахманова М.А.
Тапсырма Байдрахманова М.А., Тапсырма Байдрахманова М.А.


Орындаған: Байдрахманова Мадина Ауелбековна

Психолог

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі

1-тапсырма

Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруда педагогтар мен психологтардың идеясы:
В. В. Рубцовтың түсінігі бойынша “білім беру ортасы” – бұл жас ерекшелігіне байланысты қандай-да бір қауымдастық, ол мыналармен сипатталады: а) баланың ересектермен және басқа балалармен өзара байланысымен; б) өзара түсінісу, коммуникациялар, рефлексия процестерімен; в) тарихи-мәдени компонетпен.

Қауіпсіз білім беру ортасын құруда педагогог –психолог әрекеті балаларды тәрбиелеу және білім беруде жағдай жасау, қауіпсіз бiлiм беруді ұйымдастыру, барлық балалардың ерекшеліктеріне қарамастан, қол жетімді және сапалы білім беру мемлекеттiң бірден -бір әлеуметтiк саясаты, сонымен қатар табысты әлеуметтендіру, балаларларға арналған тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететiн шарттарды жасау :


дарынды және талантты балаларға, денсаулықтары шектеулі балаларға, мінез-құлықтарында аутықулар бар балаларға,
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға,
аз қамсыздандырылған отбасында тұратын балаларға,басқада санаттағы балаларға білім беруді қолдау.



  • Білім беру үдерісін қамтамасыз ету

  • Білім беру бағдарламаларын қолдау

  • Тәрбие стратегияларын психологияландыру

  • Ағартушылық

  • Тәрбие үдерісін қамтамасыз ету

  • Ақпараттандыру кезеңі

Психологиялық қауіпсіз ортаның технологиялық моделі (И.А . Баева)

  • Мәселенің маңыздылығы

  • Психологиялық дені сау тұлға

  • Психологиялық қорғалу

  • Тұлғалық сенімді қарым-қатынас

2-тапсырма

Тақырыбы: «Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата-ананың рөлі».
Мақсаты: ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру,ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімін көтеру, басты байлығы – баласы екеніне кеңес беру.

Барысы:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме құрметті ата - аналар! Бүгінгі «Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата-ананың рөлі». атты тақырыптағы тренингімізге қош келдіңіздер!Бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек. Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен балаларды «дамуға бейімделген» дап атайды. Мұндай қобалжулардың әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін тигізеді. Мәселенің маңыздылығына байланысты «жәбірлеу» мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәнін анықтау қажет.

Ата — аналарды ІІ топқа бөліп, төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.

Сабағымызды бастамас бұрын орта 12 ата-ана шыкса деймін. Ата — аналарды ІІ топқа бөліп, төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.

Ата-аналарға 2 түрлі түсті қағаз таратылат. 2 ге бөлемиз.



I. Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту. Мысалға менің атым Айнұр ақылдымын.
II. Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. мен сіздерге тренинг басталмас бұрын сіздерге жүрекшелер таратқанмын. сол жүрекшелердің артына сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазуларыңыз керек. Қазір сол жүрекшелеріңіз дайын болса, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жабыстырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.

III. 1.    Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?

2.    Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?

IY. «Өрмекші торы» жаттығуы. 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 
Жаттығу шарты: Топта бір-біріне жіпті бере отырып балаңыздың бойындағы жақсы қасиетті айтамыз,2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен бір-біріміз жақсы тілегімізді айтамыз. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 

Қорытынды:

«Ашық айтсам...» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________



__________________________________________________________________ Қолы__________________
 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет