Орындаған: Хамз Арайлым Тексерген: Альдибекова Шолпан Алматы қаласы, 2022 жыл



бет1/7
Дата14.05.2022
өлшемі158,38 Kb.
#143354
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Хамза Арайлым ПМНО пед тех СӨЖ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛЫТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырып: Заманауи әдіс және технологияларды ажырату, даму динамикасын кесте түрінде сызбаға түсіру




Орындаған: Хамз Арайлым
Тексерген: Альдибекова Шолпан

Алматы қаласы, 2022 жыл
Заманауи әдіс және технологияларды ажырату, даму динамикасын кесте түрінде сызбаға түсіру
Мақсаты: Заманауи әдіс және технологияларға талдау жасауға үйрету.
Негізгі сұрақтар: 1. Заманауи әдіс және технологияларға талдау жасау фишбоун әдісі арқылы
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс – әрекеті, тәсілі.
Технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.
Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың кәзіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

  • Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  • Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.

  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осылардың бірнешеуіне тоқтала кетсем. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау тоқталсам. Жалпы бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік және жиынтық (жиынтықтайтын) бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) болып табылады. Егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқытуды жылжыту үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет