Қорытынды аттестаттау тапсырмалары



бет4/68
Дата31.08.2022
өлшемі2,7 Mb.
#148454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
9КЛ ЕМТ ТАПС
ыбырайтану, ахметтану 8кл, морфология, оку сауат, 11-сынып қазақ тілі БЖБ 1-тоқсан
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қазақстанның экологиялық мәселелері


Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - деп белгілі жазушы Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.


Қазақстандағы экологиялық аймақтар:
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн. долларды құрайды. Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.

В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған (қалалық) территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы (біртіндеп нашарлап тозуы), ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.




Тапсырма.


Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза болашақты қалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.
[20]


А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

«Қызыл кітап» - табиғат қорғау негізі


Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Кітаптың беттері әртүрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.


Қазақстанда бұл кітап 3 рет басылып, соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде: ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы және қарақұйрық т.б.бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді. Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам болғандықтан, қоршаған орта мен табиғатқа баса назар аударуымыз қажет.
«Қызыл кітап» - табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған.
«Қазақстанның қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет