Қорытындылары туралы 2017 жылға арналған талдамалық жазба Саланың әлеуеті


«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ



бет5/5
Дата22.06.2018
өлшемі203,01 Kb.
#44140
1   2   3   4   5

«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ

Мемлекеттік мұрағаттың жұмысы құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар» Заңына сәйкес ведомстволық мұрағаттар және ұйымдармен есепті кезеңде жұмыстар жүргізілді.

Есепті кезеңде ұйымдармен әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, қаланың ұйымдарында құжаттарды ведомстволық сақтау және іс жүргізу, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша 5 оқыту семинары, құжаттарды салыстыру жүргізілді, Астана қаласының 6 ұйымдарымен мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.

5113 сақтау бірлігінде 6072 парақты қалпына келтіру, сақтандыру қорын жасау бойынша 152 сақтау бірлігінде 2501 парақ бойынша жұмыстар жүргізілді, ҚР Ұлттық мұрағат қорына 6219 сақтау бірлігі енгізілді, құжаттарды цифрлық форматқа аудару жалпы қордың 0,04 % құрады, сканерленген парақтар саны 108 сақтау бірлігі көлемінен 13000 құрады.

ГЭПК 5 отырыс өткізілді, онда 119 ұйымның номенклатурасы, 92 ұйымның құжаттарды жою актілері мен тізімдеуі енгізілді.

Мемлекеттік мұрағаттың залында келесідей түрлі іс-шаралар: «Не забывайте прошлое» көрмесін ұйымдастыра отырып Шешен-Ингуш диаспорасының өкілдерімен кездесу, «Цесна-Астық» концернінің 20-жылдығына арналған сала ардагерлерінің студенттермен кездесуі және сирек мұрағаттық құжаттардың көрмесі; Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары мен мұрағат зерттеушілерімен «Проблемы и перспектива развития в работе исследователей» дөңгелек үстелі; Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері көрме-кездесу; «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары» дәріс; Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мұрағат қорынан көрме ұйымдастырылды; №39, 69, 71, 84, 72 мектептерінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды; ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған лекция-әңгіме, мектеп және колледж оқушыларының арасында «Астана-менің елордам» атты сайыс; ЭКСПО 2017 халықаралық көрме аясында «Великая казахская степь в документальном наследии Омской области» дөңгелек үстел мен көрме; «Тіл –қымбат қазынам» байқау; «Алаш: взгляд современников» ғылыми-тәжірибелік конференция және көрме, т.б іс-шаралар өткізілді.

Оқу залында әр түрлі тақырыптар бойынша ғылыми жұмысты жүргізетін, мұрағаттық қорлар және істермен жұмыс жасайтын 67 ізденуші оқыды. Бір жылда берілген істер саны 2705 құрады.

Жетістіктері

Мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері құрмет грамоталарына және алғыс хаттарға, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Мәдениет және спорт қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Құрмет белгісіне ие.



Біліктілікті арттыру

Мемлекеттік мұрағат қызметкерлері «Астана қаласы бойынша ТЖД» ММ азаматтық қорғаныс саласындағы дайындықтан өтті;

Бухгалтерия қызметкерлері – қоғамдық сектордағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттар бойынша оқытудан сертификат алды;

Мұрағат қызметкерлері – Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының базасында, Ресей Мемлекеттік тарихи мұрағатында (Санкт-Петербург қ.) біліктілікті арттыру курстарынан өтті;



Сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес

Дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдерімен «Деструктивные течения религии и какую опасность они представляют для общества» дәрісі.

Мемлекеттік мұрағаттың 7 қызметкері азаматтық қорғанысты қалыптастыру командирінің сертификатын ала отырып «Астана қаласы бойынша ТЖД» ММ азаматтық қорғаныс саласындағы дайындықтан өтті;

«Астана қаласы бойынша ТЖД» ММ-мен бейне, аудиоматериалдарды қолдана отырып, оқу-әдістемелік сабағы өтті.



Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Пригородный кенті Әуезов көшесіндегі мұрағат ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Отын есептегіші, сорғы желдеткіші, ҚКБ шамдары, металл стеллаждар, дизель отыны, мұрағаттық қораптар сатып алынды.

БАҚ-мен жұмыс істеу

«Қазақстан», «Kazakh TV», «24KZ», «Атамекен» ТК. «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы», «Егемен Қазақстан» БАҚ ақпараттық баспаларында мақалалар орналастырылды, баспа және электрондық БАҚ мақалалар орналастырылды, «Қазақстан» РТРК, «Казах ТВ», «Атамекен», «24 КZ», «Евразия» және т. б. телеканалдарға сұхбат берілді.



Мемлекеттік мұрағатпен 90 іс-шара өткізілді келушілер саны 2905 адам.

«Коммуналдық меншік қоры» ШЖҚ МКК

Қор құрамында 8 «Столичный», «Студенттік», «Президенттік», «Ғашықтар», «Арай», «Жерұйық», «Ататүрік», «Отан қорғаушылар» саябақтары бар.

Қыс кезеңінде Қор саябақтарда халық үшін ойын-сауықтың қысқы түрлерін, қала аумағындағы қысқы құрал- жабдықтарды жалға беру пункттерін жалпы ұйымдастыруды жүзеге асырды, сауда нүктелерін безендірудің бірыңғай стилін қамтамасыз етті, сондай-ақ шаңғыроллер жолдарын күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды басқарды.

Маусымның басталу дайындық кезеңінде ашық бассейндердің жабдықтарын қайта іске қосу, ШСН сырланды, орындықтар мен урналар орнатылды, шезлонгтар, сүлгілер және т. б. қосымша сатып алынды, Жағажай және бассейндер кәсіби құтқарушылармен жасақталды, ТЖБ өзенге шомыту тәртібі туралы сабақ жүргізілді.

Батутта, балалар лабиринтінде ойнау ережелері, веломобильді пайдалану ережесі әзірленді.

Ағымдағы кезеңде 1 жұп экзотикалық қара аққулар, 4 жұп сәндік үйрек сатып алынды.

Кәсіпкерлермен отырған келісім-шартқа сәйкес саябақтарда «Американские горки», «Полет на ракете», «5 элемент» заманауи аттракциондар орнатылды

Саябақтар басқарушыларымен санитарлық нормалар сәйкестігі, объектілер мен персоналындардың сыртқы түрінің сәйкестілігі күнделікті бақылауда болады.



Іс-шаралар

Мәдени іс-шаралар «Астана», «Арай», «Жерұйық», «Студенттік» саябақтарында өткізіледі. Олардың ішінде өткізілген іс-шаралар:

Апта сайын «Fitness Astana Park» спорттық іс-шара;

«7 чудес парка» жобасы аясында әртістердің күнделікті концерті;

«Шаг» компьютерлік академиясының шеберлік кластары;

БЖЗҚ аниматорлары және үлкен қуыршақтармен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;

Көңілді жарыстар, викториналар, ойын-сауық бағдарламасы – «Юстимас» интеллектуалды даму халықаралық академиясы;

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына орай концерт;

«Қарақат» студиясының концерті;

Балмұздақ фестивалі;

Спорт мектептерінің арасындағы жарыс.

Коммуналдық меншік қорымен 1153 іс-шара өткізілді, келушілер саны 1289900.
«Астана-Бәйтерек» ЖШС

Астананың тарихи мен мәдениет ескерткіші «Астана-Бәйтерек» монументінде «Базис» құрылыс компаниясы» ЖШС-мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Монументтің күрделі жөндеу жұмыстары барысында бірқатар техникалық жұмыстар, яғни мәрмәр плиткаларын, баспалдақ марштарын ауыстыру, объектінің металл конструкцияларын тоттануға қарсы жабынмен сырлау және өңдеу, санитариялық тораптардың, оның ішінде халықтың аз қозғалатын топтары үшін жабдықтарын, витраждар ауыстыру, объекті конструкциясының үстіңгі бөлігін күшейту жүргізілді. Сонымен қатар, пайдаланылатын материалдан бастап кофеханалар, кәдесый салоны және киім ілетін орынға дейін қайта жасалды, жеке LED-экранымен қазіргі заман өнер галереясының ашылуы жаңалық болып табылды, сондай-ақ Монументтің фойесінде аумақты, иілген LED-экран орнатылды. Жоғарғы нүктесінде арнайы тапсырысы бойынша дайындалған люстра орнатылған.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін кіру билеттерін сату бойынша терминалдар орнатылған. Қазіргі уақытта аталған терминалдар үшін бағдарламалар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде осыған байланысты билеттерді сату кассалық аппараттар арқылы кассирлермен жүзеге асырылуда.

«Астана-Бәйтерек» монументіне жүргізілген жөндеу жұмысынан кейін алғашқы келуші Мемлекет Басшысы болды.

ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде Монументке Пәкістан Президенті, Индонезия премьер-министрі, Венгрия, Вьетнам, Гватемала, Грузия, Куба, Мексика, Ресей, Франция, Жапония, Қытайдың үкіметтік делегациялары келді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында 100 ірі халықаралық бизнес өкілдерінің, инвесторлардың қатысуымен Еуропалық YPO өңірлік конференциясы өткізілді.

Монументтің галереясында Қазақстан суретшілерінің көрмесі орналастырылған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Халықаралық ақпараттық агенттігі және «Sputnik Казахстана» радиосының «Сакральный Казахстан» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

«Астана-Бәйтерек» монументінің нақты жұмыс кезеңіне келушілер саны 584403 адам болды.


2017 жылы мәдени іс-шаралар «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында өтті.

21-23 наурызда «Қазақ елі» монументінің, қаланың ашық алаңдарында, Студенттер паркінің, «Жастар» театрының аумағында, Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино, Пригородный, Ильинка, Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын үй алаптарында Наурыз мейрамы тойланып өтті.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні елордалық шығармашылық ұжымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен концерт өтті. Кешкі мерекелік бағдарлама қалалық алаңда ашық аспан астында қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен жалғасты.

Отан Қорғаушылар күнін тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Әскери шеру 7 мамыр күні «Қазақ елі» алаңында болды.

8 және 9-мамыр Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттардан қаза тапқан жауынгерлердің қабіріне және «Отан қорғаушылар» монументіне гүл себеттерін қоюмен өтті. Ұлы Отан Соғысына қатысушыларының ұрпақтарымен «Бессмертный полк Астаны – марш мира» шеруі өтті.

Жеңіс күні Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, Рүстем Нұржігітов және басқа да танымал әншілер мен эстрада жұлдыздары қатысқан салтанатты концерт өткізілді.

Дәстүр бойынша «Студенттер» саябағында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған 11 әскери шатырда мерекелік дастархан жайылды.

2017 жылы ең айтулы оқиғасы Әзербайжан Мамбетовтың 85 жылдығына арналған «Сахнадан сәлем!» V Халықаралық театр фестивалі болды.

«Нұржол» сулы-жасыл бульварында «Astana Art Fest» Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония, Өзбекстан елдерінің 60-тан астам авторлары өздерінің туындыларын ұсынды.

23-24 маусымда «Бәйтерек» монументі аумағында «Spirit of Astana» фестивалі өтті.

1 шілдеде Орталық концерт залында А. Масляковтың қатысуымен КВН Халықаралық жазғы Кубогы, 3 шілде «МузАрт» тобының «Рахмет саған туған ел» концерті өтті.

1 мен 3 шілде күні Қалалық алаңда «Шашу» халық биінің ІІ Халықаралық фестивалі өтті.

2-6 шілде аралығында Астаналық циркте «АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты цирк өнерінің X Мерейтойлық халықаралық фестивалі өтті.

4 шілде күні Мемлекеттік туды көтерудің Салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне оқу озаттарына офицерлік погондар тапсырды.

5 шілде Конгресс-орталығының «ЭКСПО» көрмесі аумағында Астана күніне арналған салтанатты қабылдау өтті.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде келесі іс-шаралар: «Мүшайра» республикалық байқауы, «Астанаға тарту» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті, «Астана Арқау» түркі музыкасының фестивалі, «International Street dance Session in Astana» фестивалі, «Шаттық» Халықаралық балалар фестивалі, «Астана самалы» үрмелі аспаптардың халықаралық фестивалі «Серпер» халықтық оркестр фестивалінің Гала-концерті, Астана қаласы әкімінің супер кубогына караоке бойынша ЭКСПО-2017 «Поют все!» республикалық чемпионаты, «Көшпенділер қаласы» отбасылық-ойын-сауық саябағы, «Энергия музыки» циклінен концерт, «Елімнің жүрегі – Астана» этно-фольклорлық концерті, қазақстандық танымал әнші Достың «Біздің қала» атты концерті, «Ұлытау» тобының концерт, Астана әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Ритмы Астаны» концерті, опера және балет қойылымдары, оның ішінде, ашық аспан астында мюзиклдар, цирк қойылымдары, шоу-бағдарламалар, шерулер, театр апталығы, шоу, отандық көркем және деректі фильмдер, Қазақстанның республикалық мұражайлар мен кітапханаларының қорынан бейнелеу өнері, фотожұмыстар, кітап, жәдігерлер көрмелері ұйымдастырылды. Көрмелерде белгілі қазақстандық шеберлердің (кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер) жұмыстары ұсынылды.

EXPO 2017 Халықаралық көрмесі аясында ашық алаңдарда Польша, Оулу (Финляндия), Египет, Үндістан, Татарстан Республикасы, Иордания, Италия, Израиль, АҚШ, Малайзия, БАӘ және басқа да елдердің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың мемлекеттердің Ұлттық Күндері мәдени шаралары өткізілді.

Мәдени-көпшілік іс-шаралар қала маңындағы тоғыз тұрғын үй алаптарында өткізіліп осылайша, қаланың әкімшілік орталығының қашықтығына қарамастан мереке қала тұрғындары мен қонақтарын қамтыды. Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Теміржол, Үркер, Көктал және Промышленный ауылдарының тұрғындары үшін әр жексенбі сайын қазақстандық әртістер мен Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының (Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Астана қаласының Қуыршақ театры, Астана қаласының би ұжымдары, Астана қаласының балалар шығармашылық ұжымдары, Астана қаласы цирк жанрының әртістері, Астана қаласының эстрада әртістері, «Қорқыт» халық музыкасының ансамблі, «Сарыарқа» фольклорлық музыкасының ансамблі, әзіл-сықақ және сатира әртістері) концерттері өткізілді. Тұрғын үй алаптарының риза көрермендері, оның ішінде балалар өткізілген ойындарға қатысты. Ең белсенді көрермендерге сыйлықтар ретінде Астана күні және ЭКСПО шеңберінде өткізілетін іс-шараларға, оның ішінде астаналық театрларда өткізілетін спектакльдерге, «Азия Жаңғырығы» цирк өнерінің Халықаралық фестиваліне, «Астана» концерт залына «Астанаға тарту» атты дәстүрлі орындаушылардың концертіне, «БАРЫС-АРЕНА» мұз сарайында өткізілген «Щелкунчик» мұздағы шоу-ертегісіне билеттер берілді.

18 гүлбағында және 8 саябақта «Astana Park Land» фестиваль аясында іс-шаралар өткізілді. «Барыс-Арена» мұз сарайында 3-31 шілде аралығында мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен «Щелкунчик» мұздағы шоу-ертегісі қойылды.

Әр кеш сайын үш ай бойы Есіл өзенінде лазерлік мультимедиялық шоу жұмыс істеді.

11-13 тамыз аралығында «Астана» концерт залында «Kungfu Revelations-9 Scrolls» бірінші Қытай шоуы өтті.

19 шілдеде «Қазақстан» Орталық концерт залында «Звезды Сан-Ремо в Астане» концерті болды.

27 тамыз «Астана дауысы» I Халықаралық фестивалінің ашылуымен ерекшеленді. Еліміздегі музыкалық оқиғалардың бірі күні Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында әлемнің 15 елінен радиостанциялардың, хит-парадтар рейтингтерінің көшбасшылары өнер көрсетті. Олардың әрқайсысы музыканың дамуына қосқан үлесі үшін фестивальдің естелік мүсіншелерін және дипломын иеленді.

30 тамызда Қала алаңында, «Бәйтерек» монументі аумағында, сондай-ақ қаланың тоғыз тұрғын үй алаптарының ашық алаңдарында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерттер өткізілді.

1-8 қыркүйек аралығында Қазақстанның астанасында Дүниежүзілік қуыршақ карнавалының аясында әлемнің 47 қуыршақ театрларының ұжымдары өз өнерін ұсынды. Карнавал аясында бірінші болып Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры «Ер төстік» спектаклімен өнер көрсетті. Елордалық көрермендерге өз шығармашылығын Ресей, Болгария, Тунис, Португалия, Румыния, Франция, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Аргентина, Албания, Франция, Эстония, Австралия, Бразилия, Түркия, Венгрия, Жапония, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Бельгия, Словения, Германия және т. б. елдердің қуыршақ театрлары ұсынды.

Астана қаласының әкімдігі «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге маңызды үлес қосқан үздік қызметкерлер мен ұйымдарды марапаттап, қорытындылады. «Ең үздік мәдениет мекемесі» құрметті атағы Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясына берілді.

Астаналық саябақ 2017 жылы ТМД-ғы ең үздік ашық ойын-сауық саябағы деп танылды.

Астана саябағына құрметті атақ Сочи қаласында бірегей, жыл сайын ойын-сауық және демалыс индустриясында көшбасшыларды айқындайтын «Хрустальное колесо» XV смотр-конкурсында берілді.

Конкурс құрамында барлығы 162 қатысушы болды. Астаналық саябақ -«Лучший открытый парк развлечений, с количеством посетителей от 500 тыс. до 1 млн. человек в год» номинациясы бойынша жеңіске жетті. ТМД аумағында бұл санатқа 2014 жылы Қысқы олимпиадалық ойындар қарсаңында салынған Сочи-паркті қоспағанда барлық саябақтар кіреді. Жеңіс үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Тбилиси және басқа да ірі қалалардың саябақтары күресті.

16 желтоқсанда «Бәйтерек» монументі алаңында және Қалалық алаңда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттер өткізілді. Мерекеге орай Есіл өзенінің жағасында, «Хан Шатыр» СОО аумағында, Абылай хан даңғылы мен А. Пушкин көшесі қиылысындағы алаңда мерекелік отшашу болды.

18 желтоқсанда Астанада ЭКСПО аумағында еліміздің жаңажылдық бас шыршасын жағу салтанаты өтті, онда бір мезгілде шыршасын жағумен қатар «Astana Winter Land» қысқы фестиваль аясында «ЭКСПО-2017: Энергия будущего» тақырыбымен ең ірі мұз қалашығы ашылды.

31 желтоқсанда түнгі сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін ЭКСПО аумағында және Қалалық алаңда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Мемлекеттік академиялық филармония және Қазақстан эстрада жұлдыздарының, соның ішінде Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Ағайынды Жүгінісовтердің, Дос, Куляим Қайырбаева, Альбина Оганесян, «АРТ Домбыра» триосы, Ақылбек Жеменей және Асхат Тарғынов және басқа да әртістердің қатысуымен жаңа жылдық бағдарламасы ұсынылды.



Жаңа жылдық мерекелік от шашу қаланың үш ауданында - ЭКСПО көрме кешенінің, Есіл өзенінің жағалауында және А. Пушкин көшесі мен Абылай хан көшелерінің қиылысында іске қосылды.

Есепті кезеңде Астана қаласының әкімдігінің ведомстволық бағынысты мәдениет кәсіпорындарымен 9931 мәдени іс-шара өткізілді келушілер саны 5055424 адам.

Мәдениет, мұрағаттар және

құжаттама басқарма басшысы Б. Мажағұлов

Орынд. Н. Мұхамбеталина

тел. 55 67 65
Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет