Қорытындылары туралы 2017 жылға арналған талдамалық жазба Саланың әлеуеті


«А. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК



бет2/5
Дата22.06.2018
өлшемі203,01 Kb.
#44140
1   2   3   4   5

«А. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК

Іс-шаралар

Театрдың Көркемдік кеңесімен театрдың жаңа қойылымдарын талқылау және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.



Жыл бойы театрдың репертуары келесі қойылымдардан тұрды: А. Айларов «Сүрінген сүрбойдақ», Қ.Жүнісов «Сәкен сұңқар», драматург О. Жанайдаров «Жұт», В.Ежов «Летят журавли», Дж.Патрик «Қымбатты Памелла», С. Тұрғынбек «Шәмші», Е. Шварц «Күлшеқыз», М. Әуезов «Қорғансыздың күні», поэтикалық драма «Мұқағали», С. Потаповтың қойылымында А. Чеховтың пьесасы бойынша «Вишневый сад» қойылымы, Ш. Айтматов «Қызыл орамалды шынарым», И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы», Б.Ұзақовтың қойылымындағы «Ер төстік» халық ертегісі, Р. Отарбаев «Әміре».

Мемлекет Басшысының жолдауын ұжымдық талқылау, Халықаралық театр күніне, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күніне, халықаралық және мемлекеттік мерекелеріне іс-шаралар ұйымдастырылды.



Премьералар

Театрмен 5 премьералық қойылымдар қойылды: А. Оразбековтың қойылымындағы М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» драмасы, Т. Теменовтің қойылымындағы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы, Н.Жақыпбайдың қойылымындағы У. Есдаулеттің «Зере» драмасы, Б. Ұзақовтың қойылымындағы С. Тұрғынбековтың «Шәмші» элегиясы, Ф. Молдағали қойылымындағы А. Салбанның «Ойыншықтар оянғанда» ертегісі.



Гастрольдер

Сәуір. Атырау қаласындағы М. Өтемісов атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Айтматовтың «Аққудың көз жасы», Р. Отарбаевтың «Әміре», Дж.Патриктің «Қымбатты Памелла», Ш. Мұртаза «Бір кем дүние», А. Айларов «Сүрінген сүрбойдақ», «Ер Төстік» халық ертегісі және т. б.



Интеграциялық іс-шаралар

Маусым. Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының «Көңілді қонжықтар», «Құлыншақ пен бөлтірік» қойылымдары.



Фестивальдар

27 ақпан - 5 наурыз. Челябинск қ., РФ, «CHELoBEK ТЕАТРЫ» шағын нысандары спектаклінің V Халықаралық театр фестивалі-зертханасы;

Маусым. Казань қ., С. Потапов қойылымындағы А. Чеховтың «Шие» спектаклімен «Наурыз 2017» түркі халықтарының ХІІІ Халықаралық театр фестивалі;

Маусым. Астана қ., «Сахнадан сәлем» V Халықаралық театр фестивалі, Ә. Мәмбетовтың 85 жылдығына орай А. Оразбековтың қойылымындағы М. Әуезовтың «Қараш-қараш» спектаклі;

Маусым. «Астана» І Дүниежүзілік театр фестивалі, А. Әшімовтың 80-жылдығына орай А. Оразбеков қойылымындағы «Қорғансыздың күні» спектаклі;

Шілде. Қазақстанның ұлттық театрының IV Республикалық фестивалі. Т. Теменовтың «Аққудың көз жасы» спектаклінің қонақтар Англиядан Давид Попавқа, профессор, филология ғылымдарының докторы Рахима Абдувалиеваға, театр сыншысы және психолог Сара Коплейге арнайы көрсетілімі. Спектакль Лондон сахнасына шақырылды.

Қыркүйек. Белгілі сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты, профессор Әшірбек Сығайдың 70-жылдығына арналған Қазақстанның драма театрларының XXV Республикалық фестиваліне орайластырылған «Аққудың көз жасы» лирикалық драмасы «Үздік режиссерлік жұмыс» («Лучшая режиссерская работа») номинациясына ие болды.

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма театрының жылдығы аясында Жанат Хаджиев атындағы өңірлік театрлардың І театрлар фестивалінде Н.Жұманиязовтың «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы «Ең үздік режиссерлік жұмыс» («Лучшая режиссерская работа») номинациясына, Марио рөлі үшін актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеулов «Жанат Хаджиев атындағы арнайы номинация» номинациясына («Специальная номинация им. Жаната Хаджиева») ие болды.



Қайырымдылық

Маусым. Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балалар – біздің болашағымыз» акциясы аясында режиссер Ә. Оразбековтың қойылымында театр әртістері «Бразилия байлығы» ертегісі қойылды.

Маусым. Мемлекеттік рәміздер күніне орта буын оқушылары арасында «Ту, Елтаңба, Әнұран» атты викторина өткізілді, кейіннен «Ер Төстік» ертегісі көрсетілді.

Шілде. «Астана-есірткісіз қала» акциясы аясында Астана қаласы бойынша Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен, «Право» ҚҚ, «Житс алдын алу және күрес орталығымен» бірлесе отырып слайд көрсетіліп, лекциялар өткізілді, көрермендерге үлестірме материалдар (буклеттер, проспектілер, флайера) таратылды аяқталған соң Р. Отарбаевтың «Көлеңкессіз жолаушы» фильм спектаклі көрсетілді.

Қазан, желтоқсан. ЕЦ-166/1, ЕЦ-66/5 колонияларында Е. Хушваковтың «Қызыл алма» лирикалық драмасы көрсетілді.

Желтоқсан. Сарыарқа ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.



Жетістіктер

«Шие» спектаклі үшін «CHELoBEK ТЕАТРЫ» шағын нысандары спектаклінің V Халықаралық театр фестивалі-зертханасы лауреатының дипломы. Авторы А. Чехов, режиссер, Саха Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Сергей Потапов.

«Алтын адам – Жыл адамы» атағы, ТМД елдерінің мәдени ынтымақтастығы Кеңесінің алғыс хаты - Т. Теменов;

«Сахнагер -2017» ұлттық сыйлығы:

«Сахналық ғұмыр» номинациясы - Г. Аспетова

«Сахналық ғұмыр» номинациясы - Т.Д. Теменов

«Жылдың үздік дыбыс режиссері» номинациясы - Л.О. Қыстықбаева

«Үміт» номинациясы – Серіков Әбілмансұр

Халықаралық театр күніне және Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай Астана қаласы әкімі Ә.Исекешевтің «Алғыс хатымен» - А. Танабаева, Ж. Касымова, Ж. Оспанов, Т. Атымтаева, Б.Исабекова, Г.Қылышбай, Қ.Кожахметова, З.Карина, А.Жұмашев, О.Жақыпбеков марапатталды.

А.Танабаева, Д. Әлімов - Меценат Бекзат Алтынбеков тағайындаған актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кенебай Нұрланов» атындағы қаржылай сыйлық;

А. Молдахмет, А. Сұлтан, Қ. Сатыбалдина, А. Бекбенбетов, М. Бигалиев Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басшысының грамотасы;

Болат Ұзақов - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі иесі;

Б.А.Исабекова және С.Ә. Қашқабаев - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы;

М.С. Омар – «Құрмет» ордені;

Р.Омарханова, Т. Атымтаева – ҚР Президентінің мәдениет саласындағы стипендиясы.



Жемқорлыққа қарсы күрес, терроризм және діни экстремизм бағытындағы алдын-алу жұмыстары

Қаңтар. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен қауіпсіздік шараларына арнайы оқу жаттығулар өткізілді.

Мамыр. Антитеррорлық бағдарлама негізінде «Антитеррорлық жағдайда қорғанудың жолдары, «Мекемедегі техникалық қауіпті жарылғыш заттарды анықтаудың жолдары», «Қауіп тудырған жағдайда алдын-алу жолдары», «Терроризмді тудыратын салдарларын анықтау» тақырыбында семинар өтіп «SANA GLOBAL» ЖШС арнайы сертификаттар берді.

Кәсіби біліктілікті арттыру

Ақпан. Мемлекеттік сатып алу бойынша маман А.Жақсылық «Өзгеру 2017. Қаржы заңдылықтары. Салық заңдылықтары. Еңбек заңдылықтары» тақырыбында біліктілігін арттырды.

Қыркүйек. Бас бухгалтер А.Ахметова «Бухгалтерлік есеп-қисап» тақырыбында біліктілігін арттырды.

БАҚ-мен жұмыс

Есепті кезеңде Театр «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Астана Ақшамы» газеттерімен, «Қазақстан» ТРК, «Хабар» АҚ, «Білім және Мәдениет», «Астана ТВ», «24.kz», «BnewsKZ» телеканалдарымен, Астана Радиосымен ынтымақтастықта болды.

Есепті кезеңде газеттерде 122 мақала, радиоэфирге 22, телеэфирде қазақ тілінде – 20, 15 - орыс тілінде шығарылым, электрондық БАҚ – 178 материал жарық көрді.

Материалдық-техникалық жабдықтау

Театрдың ғиамаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Компьютер – 1 дана, принтер – 2 дана, ноутбук – 1 дана, желдеткіш – 5 дана, видеокамералар, музыкалық бағандар – 4 дана, жарық шамдары – 11 дана, 12 арналы жарық шамдары – 1 дана, шаңсорғыш – 1 дана, музыкалық күшейткіш – 1 дана сатып алынды.



2017 жылы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында келушілер саны 41220 адам болған 5 премьералық қойылым, 216 спектакль ұсынылды.

«М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК

Іс-шаралар

Ағымдағы репертуардағы спектакльді көрсетуден басқа, Театрда Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылау бойынша, Наурыз мейрамына, Жеңіс Күніне іс-шаралар, театрдың холлында «Бессмертный полк», Славян жазуы күніне, балаларды қорғау күніне көрмелер ұйымдастырылды.

Оқушыларға театр, костюмдер, гримдеу бөлмелеріне және тігін цехтарына экскурсиялар жүргізілді.

Көркемдік кеңес отырысының қорытындысы бойынша 2018 жылға арналған қойылымдар жоспары жасалды.



Премьералар

Театрда 4 премьера көрсетілді: Б. Абдұраззақов «Манкурт. Вечный раб», С. Потаповтың қойылымындағы П. Морозов «Ассоль», А. Янкявичустың қойылымындағы Л. Толстой «Анна Каренина», Ю. Квятковскийдің қойылымындағы А. С. Пушкин «Евгений Онегин».



Интеграциялық іс-шаралар

Шілде. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры «Сахнадан сәлем!» фестивалі аясында «Шыңырау» спектаклі;

Шілде. Жамбыл облыстық орыс драма театры «Сахнадан сәлем!» фестивалі аясында «Дон Жуан» спектаклі;

Шілде. Ақмола облысы мәдениет күндері аясында Ақмола облыстық орыс драма театры кешкі және таңғы спектаклдері.



Ғылыми-ағартушылық қызметі

Наурыз. Актерлер Е. Максим, Д. Маштаков – «Балтийский дом» театрының білім беру бағдарламасына (Санкт-Петербург қ., РФ) қатысты, онда «Мистерия-буфф» спектаклі нобайының қарқынды дайындығы, Санкт-Петербургтің жетекші педагогтарының шеберлік-кластары өткізілді.



Фестивальдар

Сәуір. Санкт-Петербург қаласында С. Потаповтың қойылымындағы «Пробуждение» спектаклімен «Встречи в России» фестивалінің конкурстық бағдарламасы;

Маусым. Астана қаласы, «Сахнадан сәлем» V Халықаралық театр фестивалі Ә. Мәмбетовтың 85 жылдығына орай «Манкурт. Вечный раб» спектаклі;

Маусым. Астана қаласы, А. Әшімовтың 80-жылдығына орай «Астана» І Дүниежүзілік театр фестиваліндегі конкурстық бағдарлама аясында «Язычники» спектаклі.

Маусым. Астана қаласы, Қазақстанның этникалық (ұлттық) театрларының IV Республикалық фестивалінің конкурстық бағдарламасының аясында «Анна Каренина» спектаклінің көрсетілімі болды.

Қазан. Г Нови Сад, театр Б. Абдұраззақовтың қойылымындағы «Манкурт. Вечный раб» спектаклімен «Synergy #wtf» тілдік азшылықтардың І Халықаралық театр фестиваліне қатысты.

Қазан. Көкшетау қаласы, театр «Театральная осень» І Аймақаралық театрлар фестивалінде Йонас Вайткус қойылымындағы «Язычники» спектаклімен қатысты.
Қайырымдылық

Жартыжылдық ішінде. № 2, 3, 22, 27, 28, 74 оқушылары сондай-ақ, Республикалық балалар оңалту орталығы тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия ұйымдастыру.

Апта сайын демалыс күндері халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне (зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар) өтеусіз негізде таңғы және кешкі спектакльдер қою.

Қаңтар. 5 қайырымдылық ертеңгіліктер көрсету - 1 көшпелі (Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы) және мынадай 4 ұйымдарда стационарда:

- «Солнечный Мир» Қоғамдық қоры;

- «Астана қаласының Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ;

- «Астана қаласындағы Қазақстанның балалар қоры» ҚБ;

- «Балам-ай» ҚҚ өткізілді.

Ақпан. «Светоч» балалар үйі.

Маусым. Балаларды қорғау күніне «Приключения Незнайки и его друзей» ертегісінің қойылымы.

Желтоқсан. «Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ арналған жаңа жылдық ертеңгілік қайырымдылық көрсетілімі.

Жетістіктері

Наурыз. Театрға - РФ Президенті В.В. Путиннің орыс мәдениетін сақтау және танымал ету марапаты;

Наурыз. Актриса Н.И. Матвеева - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

Наурыз. Режиссердің көмекшісі Л. Б. Абасова - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

Наурыз. Актриса Л. И. Крючкова – ҚР МСМ алғыс хаты.

Наурыз. Театр әртістері Д. Хомко, У. Штильман - Астана қаласының әкімі А. Исекешовтың алғыс хаты.

Наурыз. Актерлер С. Фортуна, С. Маштаков, А. Корженко, бас суретші Қ. Мақсұтов, ұсақ-түйек жасау цехының меңгерушісі Б Альжанова - Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Ә. Аманшаевтың алғыс хаты.

Наурыз. Видеограф Ж. Дьяченко, актер М. Ященко, қойылым бөлігінің меңгерушісі Р. Мухамадиев, экономист Анаргүл Бейсембаева - Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының алғыс хаты.

Наурыз. Бас суретші Қ. Мақсұтов – «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткен «Сахнагер 2017» Қазақстан театрлары қауымдастығының I Ұлттық театр сыйлығының «Үздік суретші-сценограф» номинациясы;

Наурыз. Актриса П. Харламова – «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткен «Сахнагер 2017» Қазақстан театрлары қауымдастығының I Ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясы;

Маусым. Актер Б. Кирибаев, радиоцех меңгерушісі Н.Шевченко - «Мәдениет саласының үздігі» құрметті атағы.

Біліктілікті арттыру
Қаңтар. Іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі менеджер А. Адамбаева – «Технологии взаимодействия госорганов и СМИ: инструменты работы и их влияния» тренингі;

Маусым. Тігін цехының меңгерушісі Г.Байгаблова – костюмдерді пішу, үлгілеу және тігу саласында біліктілікті арттыру курстары.



Материалдық – техникалық қамтамасыз ету

Театр фасады жаңартылды және ғимарат ішіне косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Театрдың 150 м жылу өтетін жолы шайылды және тексерілді, 50 метр құбыр (суық су) және жылыту жабдығының 2 шүмегі ауыстырылды.

Өрт қауіпсіздігі шеңберінде ғимараттың ағаш конструкциясы өңделді;

Ыстық су жүргізу үшін, 15 метр пластикалық құбыр ауыстырылды;

Бойлер жүйесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, шатырдан су ағып кету келеңсіздігі жойылды, баспалдақ таянышы жөнделді;

Касса баспалдағының үстіне тайып кетудің алдын-алатын төсеме жайылды;

2018 жылы театр ғимаратына толықтай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құжаттар мен смета әзірленді;

Қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді.

БАҚ-мен жұмыс

Театрдың жұмысы «Жылжымайтын мүлік», «Вираж», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Астана ақшамы», «Мәдени Астана», «Литер», «Караван», «Новое Поколение», ИА «Спутник», «TheAstanaTimes» баспа басылымдарында, «Қазақстан», «Астана Радиосы», «24.kz», «Білім және Мәдениет», «Қазақ радиосы», «Радио «Ordafm», «Еуразия», «Радио «Мир», «Шалқар», «Магнолия», «AstanaBusinessChannel», «Хабар», «Казах ТВ» телеарна және радиостанцияларында сондай-ақ «Қазақпарат», «El.kz», «Әдебиет порталы», «DailyNews.kz», «Қазақстан театрлары», «Dixinews.kz», «Meta.kz», «Rtd.kz», «Давай сходим», «AfishaDay», «HomeMagazine», «Вираж», «Әдебиет порталы», «Арнапресс», «Тенгриньюс», «365 инфо» интернет-басылымдарда жарық көрді.



2017 жылы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 6 премьералық қойылым (2 премьера дайындау жұмысы 2017 жылы өткізілді, бірақ премьералық көрсетілімдер 2018 жылға қалдырылды) 65200 адам қараған 294 спектакль қойылды.
«Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК

Іс-шаралар

Театр барлық мемлекеттік және ұлттық мерекелерге байланысты, елорданың мәдени алаңдарында өткен ашық және жабық мерейтойларға арналған іс-шараларға қатысты. Астананың: Талапкер, Софиевка, Воздвиженка, Максимовка және т. б. тұрғын үй алаптарында көшпелі іс-шаралар өткізді.

Қаңтар. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған оқушыларға кітапхана бойынша саяхат нысанындағы іс-шара.

Ақпан. Оқушыларға Д. Қонаевқа 105 жыл және композитор Сегіз серінің 200-жылдығына арналған іс-шара.

Наурыз. ОКЖ – №3 Көпшілік кітапханасымен бірлесіп Алғыс күніне арналған, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Тарихтағы батыр әйелдер» іс-шарасы.

Сәуір. ОКЖ – №3 Көпшілік кітапханасымен бірлесіп Наурыз мерекесіне арналған іс-шара.


Мамыр. № 40, № 15, № 65 мектептерге Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақыт деген сенің бала күндерің!» мерекесі.

Шілде. «ЭКСПО-2017» және ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – Айбарым» іс-шарасы.

Шілде. «Қазақ әуендері» АҚ бірлесіп Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертін өткізу аясында А. Балажанованың «Салған әнім шіркін-ай» атты концерті.

Шілде. Шерхан Мұртазаның 85-жылдығына орай оқушыларға арналған іс-шара;

Қазан. «Құстар - қанатты достар».

Қараша. Ғ. Мұстафиннің 115-жылдығына орай № 40 мектептің оқушыларына арналған; ОКЖ-мен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар.

Қараша. А. Сараеваның 80-жылдығына арналған № 68 мектептің оқушыларына арналған іс-шара.

Конкурстар

Наурыз. «Ақ көгершін» балалар қоры» ҚҚ ұйымымен бірлесе отырып, «Балалар сән үлгісі».

Мамыр. Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжімен бірлесіп, «Мен қазақтың сарбазымын!» патриоттық әндер және марш байқауы.

Мамыр. «Мерейлі отбасы».



Премьералар

«Шыңғысхан» хореографиялық қойылымының 1 бөлігін қою жүзеге асырылды.



Гастрольдер

Қаңтар. Президентіміз Н. Назарбаевтың қатысуымен XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиаданың салтанатты ашылуына қатысу – Алматы;

Сәуір. Концерттік бағдарламамен сапарлар – Жезқазған;

Желтоқсан. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ертіс концерті» концерттік бағдарламасы.



Естелік іс-шаралар

Мамыр. Театрмен келесі мерекелерге арналған іс-шаралар өткізілді: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

Маусым. Театр әртістері «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастарды жинаудың ашылу рәсіміне қатысты.

Фестивальдар

Шілде. Театр «Magic Astana» иллюзионистердің халықаралық фестиваліне қатысты.

Қазан. Театр әртістері Грозный қаласындағы ІХ Халықаралық фестивальге қатысты.

Қайырымдылық

Қаңтар. № 2 оңалту мектебі, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, ЕЦ 166/5 Аршалы кенті;

Ақпан. «Мы против Спида, наркомании и курения!» іс-шарасы, Софиевка кентінде тұратын мүгедектер, қарттар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, ерекше балалар үшін тосыннан мейірімділік көрсету мерекелік іс-шарасы;

Наурыз. Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға түскен тұлғалар үшін дағдарыс орталығы – «Шашу» халықаралық өнер фестивалінің қайырымдылық шарасы;

Сәуір. «Біз ғасыр дертіне қарсымыз» аталатын денсаулық сағаты, № 3 кітапханада оқушыларға арналған «Біз болашақ - Жастар» іс-шарасы;

Мамыр. Қоянды, Көктал, Максимовка кенттерінің тұрғындары үшін Қазақстан халқының Бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні мерекелеріне, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар.

Маусым. Көктал шағын ауданының тұрғындары үшін 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Бақыт деген сенің бала күндерің!» атты іс-шара; Максимовка кентінің тұрғындары үшін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында концерт.

Шілде. Фарфоровое кентіндегі «Асқақтай бер, Астана» бағдарламасы.

Қазан. Аршалы кентінің тұрғындары үшін өз репертуарынан концерт.

Желтоқсан. Тәуелсіздік күніне арналған концерт; Көктал шағын ауданының балаларына арналған «Астана – Жаңа жыл» жаңа жылдық ертеңгілік.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, діни экстремизм және терроризммен күрес

«Терроризм және экстремистік дінге қарсы» тақырыбына лекция - лектор М. Әріпов.

Наурыз. «Терроризм және экстремистік дінге қарсы» тақырыбына практикалық сабақтар - М. Әріпов.

Маусым. «Белгісіз зат табылған жағдайда эвакуациялау жоспарынан өңдеу» бойынша практикалық сабақ - М. Әріпов.

Шілде-қазан. «Төтенше жағдайлар және террористік іс-әрекет туындаған жағдайдағы қолданылатын шаралар» тақырыбындағы дәріс –- М. Әріпов.

Қазан. «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасының ережелері» дәрісі - М. Әріпов.

Желтоқсан. «Террористік акт жағдайындағы ТЖ» практикалық оқу.

Сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес

Қаңтар. «Жемқорлық әрекеті үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбындағы семинар - А.Тұяқаев.

Ақпан. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалардың заңнамалары» семинар, «Мемлекеттік міндеттерді атқарушы уәкілетті тұлғаларды және оларға теңестірілген субъектілерді сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар бойынша жауапқа тарту» тақырыбындағы лекция, «Жасөспірімдердің жауапкершілігі үшін құқық бұзушылық және қылмыс» тақырыбында әңгіме - заңгер А.Туяқаев.

Наурыз. «Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл қатысты жол бермеу» тақырыбы бойынша дәріс - заңгер Ә.Тұяқаев

Мамыр. «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы» атты дәрісі - заңгер Ә.Тұяқаев

Маусым. «Азаттықтың бастауы – Алашорда» дөңгелек үстелі.

Шілде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бойынша лекция - заңгер Ә.Тұяқаев

Тамыз. «Қазақстан Республикасының Конституциясы: әйелдер, балалар және отбасы құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дәріс - заңгер Ә.Тұяқаев

Қыркүйек. «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және кепілдіктері, оларды жүзеге асыру» туралы дәріс - заңгер А. Тұяқаев

Қазан. «Сенің құқығың – менің құқығым» іс-шарасы.

Қараша. «Еңбек кодексі» дәріс - М. Башарова Д. Шалабаев.

Жетістіктері

Директордың орынбасары Д. Қ. Серікбаева - Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіби одағынан «Құрмет белгісі»;

Д. К. Серікбаева, К.Е. Ағымбаева, М.И. Бекенова– Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешевтің алғыс хаты.

М.И. Бекенова, Ж.У. Баймуратова, А.Ж. Айтмағанбетова, Ж.Н.Турлина, Қ.Қ. Байжігітов – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай грамоталармен марапаттау.

Д. Серікбаевва, М.Айтмағанбетова, М. Байбулова, С. Дүзбаев, М. Бекенова – «Мәдениет саласының үздігі» медалі.

А. Маден, М.Самарбаева – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен Құрмет грамотасы.

Ж.К. Бегманова, А.Н. Дайрабекова, К.К. Байжігітов, Н.В. Леонтьева – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен Құрмет грамотасы (EXPO-2017 орайластырылды).

Д. Серікбаева – Кәсіподақтың құрметті белгісімен марапаттау.

Ә.К. Бектеміров, З.Ж. Мәден - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Астана қаласы әкімі Ә. Ө. Исекешевтің алғыс хатымен марапаттау.

А.К. Абжанова, Б.Ш. Бекенов, К.С. Кусаинова – ҚР Тәуелсіздік күніне Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысының алғыс хаттары.

Біліктілігін арттыру

Бас бухгалтер К.А. Инкебаева – «Основа-Профи» ЖШС-де «Бухгалтерский учет в соответствии с МСФО» тақырыбында курстан өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша маман Б.Ш. Бекенов – «Электронные государственные закупки в Республике Казахстан в 2017 году» тақырыбында курстардан өтті.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Түнгі бейнебақылау жүйесі, күзет дабылын жаңғырту жаңартылған, ғимаратта локаль жүйесін кеңейту, жеке сайт құру.

«Шыңғысхан» спектакліне арналған сахналық костюмдер тігу үшін маталар мен фурнитуралар сатып алу үшін (1 бөлім).

БАҚ-мен жұмыс

«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Театр КZ», «Мәдени Астана», «ИКОМ Қазақстан» сондай-ақ «Білім және мәдениет», «Қазақстан», «24 KZ», «Хабар» телеарналары.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, театрдың сайттарында (teatrnaz.kz), инстаграмм және фейсбук әлеуметтік желілерінде театрдың ішкі және ауқымды іс-шаралары туралы ақпарат орналастыру жүргізілуде.



2017 жылы «Наз» мемлекеттік би театрымен 1 премьералық қойылым қойылды, келушілер саны 128703 адам 159 іс-шара өткізілді.
Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет