Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



бет16/52
Дата10.04.2022
өлшемі3,2 Mb.
#138715
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып.
лекция 8, 1545510591, Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, фрезеологизмдер, 313978.pptx 2, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар
Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті



Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.2.1 -Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау;

Сабақтың мақсаты

Кеңестік дәуірде Қазақстан мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтап, кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау.



Құндылықтарға баулу

  • жауапкершілік

  • ашықтық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты
ру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой шақыру:
Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері неде болды?
Кеңестік Қазақстанда мәдениет саласында қандай жетістіктер мен қайшылықтары болды?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Мұғалім презентациясы

Жаңа білім

Оқушылар мәтінмен танысып, қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтайды. Қалыптастырушы бағалаудың 1 тапсырмасын орындайды.
(Әдебиет саласында дүниеге келген туындылар.
Оқушыларды негізгі әдеби шығармаларымен таныстыру.

Автор / Туындысы

Туындыда көтерілген мәселелер

С.Сейфуллин

«Тар жол, тайғақ кешу»



 Шығарма 1916-1919 жж тарихи оқиғаларды суреттеген. Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоймай, әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.

Б. Майлин

«Күлпаш»


Ашаршылық жылдарындағы нәубетті суреттейді. Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында қазақ шаруалары төрт - түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады.

М. Әуезов

«Қараш-қараш оқиғасы»



Ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл повесте зорлықшыл байлар - Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады.

С.Мұқанов

«Ботагөз»

Қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді бейнелеген шығарма. Қазақ халқының хал жайы Ресейдегі оқиғалармен байланыстырыла айтылады: Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар, XX ғ.б. Столыпин реакциясы, патшалық Ресейдің бірінші дүние жүзілік соғысқа араласуы.

Ғ. Мүсірепов

«Қазақ солдаты»

Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген. Романда Халықтардың бауырмалдық достығы көрсетілді. Жауынгерлердің ерлігі, патриоттық сезімі сипатталды. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.

Кеңестік дәуірдегі шығармалардың біреуін таңдап, HIPP формуласы бойынша талдауға беріңіз:
H (Historical context) – Тарихи контекст (шығармада баяндалған тарихи кезең, оқиға)
I (Intended audience) - Арнаулы аудитория (кімдерге арналып жазылған: қалың оқырман, балалар, жастар, ер адам, әйел адамдар)
P (Point of view (author’s) – Автордың көзқарасы (автор суреттелген оқиғаға қандай көзқарас білдірді: дәріптеді ме, әлде сынады ма? Шығармада қандай астарлы ой бар?)
P (Purpose (author’s) – Автордың мақсаттары (Автор нені көрсеткісі келді? Неліктен шығармадағы мәселелерді көтерді? Оқырмандар санасында қандай ой туғызғысы келді?)
Қазақстандағы өнер салалары бойынша постер немесе презентация дайындау тапсырмасын беріңіз:

  1. Музыка (халықтық, классикалық, романс, рок, вокалды-аспаптық, т.б.)

  2. Театр (драма, комедия, трагикомедия)

  3. Бейнелеу өнері (автопортрет, тарихи, тұрмыстық, натюрморт, портрет, т.б.)

  4. Кино (биографиялық, әскери, балалар, деректі, драмалық, тарихи, мелодрамалық, комедия, мультфильм, т.б.)

Оқушылар қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтай алады.

Оқушылар талдау кезінде қалыптастырушы тапсырманы орындайды


Оқушылар
Кеңестік дәуірдегі шығармалардың біреуін таңдап, HIPP формуласы бойынша талдай алады


оқушылар өнер салаларының ерекшеліктерін анықтап, мәлімметрден тірек-сызба жасай алады.


Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы мәдениеттің дамуының жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескриптор: мәтінмен танысып, қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет