Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 1-САБАҚ



бет18/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М


8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 1-САБАҚ


Тақырыбы:

Оң қолымда бес саусақ

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация / суреттер / сызбалар таңдау.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

Дене мүшелерін атай алады, тақырып бойынша тақпақты жатқа айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Мұғалімнің сұрақтарына тақырып көлемінде жауап бере алады, 20-ға дейінгі сандарды ажырата алады.



Кейбір оқушылар:

Басқа да дене мүшелерін атай алады, сабақта үйренгенін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың Жоспарланған жұмыс кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсьфмада оқушылардың назары суретке аударылады, сурет бойынша жұмыс жүргізіліп, оқушылар «бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ» сөздерімен танысады. Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін (Мынау не? Бас. Мынау не? Қол.) сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын оң, сол сөздеріне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар Алмабектің суреті арқылы адамның бас мүшелерін салумен танысады. Берілген үлгі бойынша әр сурет арқылы оқушылар көз, қас, құлақ, мұрын, ауыз деген сөздермен танысады. Осындай сурет салу арқылы оқушылар жаңа сөздерді қайталайды, бекітеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылардың оқылым дағдылары дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім тақпақты қимылдармен көрсетіп қайталатады.



Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

(Ж) 4-тапсырмада оқушыларға сұрақ қою (Мынау қай қол? Оң қолыңда неше саусақ бар? Сол қолыңда неше саусақ бар?), сұраққа жауап беру (Оң қол. Сол қол. Бес саусақ.) дағдыларын жетілдіре түседі. Алдымен берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, оқиды. Сонан соң үлгі бойынша сөйлеседі, сұрақ қойып, сұраққа жауап беріп жаттығады. (ОТ) Мұғалім оқушыларға алақандарының суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады. Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық

Аудиодиск:

8.1.1.; 8.1.З.; 8.1.4.

А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 8.1.



Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







Қосымша ақпарат




Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?




2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 2-САБАҚ


Тақырыбы:

Сен таңертең не істейсің?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация /суреттер / сызбалар таңдау.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған / көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.5.1. Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолдану.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Таңертең не істейтінін айта алады, тақырып бойынша сұрақ қоя алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып көлемінде таңертең не істейтінін әңгімелей алады.





Кейбір оқушылар:

Өз сөзімен күн тәртібін айтып бере алады. Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 -тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен (Сен таңертең не істейсің?) және оның жауаптарымен (Мен жаттығу жасаймын. Мен жуынамын. Мен тамақ ішемін. Мен мектепке барамын) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар сурет арқылы толықтырып айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен таңертең жуынамын. Мен таңертең жаттығу жасаймын. Мен таңертең тамақ ішемін. Мен таңертең мектепке барамын.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдарында оқушылар Мен жуынамын. Мен жуынбаймын. Мен жаттығу жасай­мын. Мен жаттығу жасамаймын сөйлемдерін орынды қолдануға жаттығады. Осы үлгіні жаттықтыру үшін, оқушылар өзара таңертең істейтін / істемейтін нәрселерін айтып қайталайды.

(Ж) 3-тапсырмада оқушылар берілген сөздерден таңдап, толықтырып айтуға жаттығады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды (Сен таңертең не істейсің?), жауап береді. Етістіктің болымсыз түрінің жасалу жолдарын меңгереді. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің және сыныптастарының сұрағына (Сен таңертең не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар диалогті оқып, үлгі бойынша сөйлесуге жаттығады. Оқушылар топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды.

- Сен таңертең не істейсің?

- Мен таңертең жаттығу жасаймын (жуынамын, тамақ ішемін, мектепке барамын).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған;білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық

Аудиодиск: 8.2.1.; 8.2.4.

2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 8.2.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 3-САБАҚ


Тақырыбы: Мамандықтар

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған /тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу. 1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Мамандық (дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші) атауларын атай алады, олардың не істейтінін айта алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады.





Кейбір оқушылар:

Басқа да мамандық атауларын атай алады, олардың не істейтінін түсіндіре алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген диалог пен сөздерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар мамандық атауларын атай алуға үйренеді, мысалы, Бұл кім? Бұл - дәрігер. Содан кейін оқушылар осы үлгі негізінде дәрігер сөзінің орнына мұғалім, суретші, аспаз сөздерін қолдануға жаттығады. Оқушылармен суреттерге қарау, сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(Ж) Оқушылар үйренген сөйлем үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы мамандыққа қатысты суреті бар карточкаларды (дәрігер, мұғалім, суретші, аспаз) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір карточканы көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл кім?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суретке қарап толықтырып оқу арқылы мамандық иелерінің не істейтінін айтып үйренеді. Оқушылар мамандық атауларын тағы бір пысықтап, оқытады, емдейді, сурет салады, тамақ пісіреді сияқты тіркестерді айтып жаттығады. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен мамандық атауларын және олардың не істейтінін сұрай алуды үйренеді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, ол үшін Кім не істейді? сұрағына жауап беруге жаттығады. Мысалы, мұғалім балалардан «Бала­лар, аспаз не істейді?» деп сұрайды, оқушылар суретке қарап жауап береді. Мысалы, Аспаз тамақ пісіреді. (МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау кім? Суретші (мұғалім, аспаз, дәрігер) не істейді?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі.



- Алмабек, мынау кім?

- Бұл - суретші.

- Суретші не істейді?

- Суретші сурет салады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық

Аудиодиск: 8.З.1.; 8.3.4.

Мамандыққа қатысты суреті бар карточкалар.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 8.3.


Сабақтың соңы

41-45

минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ бары­сында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







Қосымша ақпарат




Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1: 2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет