Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016


-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 4-САБАҚ



бет19/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М

8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 4-САБАҚ


Тақырыбы: Дәрігерде

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді /қарапайым оқиғаларды мазмұндау. 1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Дене мүшелерін атай алады, өзінің қай жері ауыратынын / ауырмайтынын айта алады, дәрігердің сұрақтарына жауап беру арқылы өзі туралы қысқаша ақпарат бере алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

Өмірлік жағдаяттарда өзінің денсаулығы туралы мәліметтерді орынды қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 - тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. тыңдау арқылы оқушылар Сенің тісің ауыра ма? деген сұрақ үлгісімен және Менің тісім ауырады / Менің тісім ауырмайды жауабымен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің тісі ауыратынын немесе ауырмайтынын айтуға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар кесте бойынша айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша айтады. Мысалы: Менің тісім (қолым, аяғым) ауырады (ауырмайды). Яғни, біріншіден, оқушылар дене мүшелерін атайды, екіншіден, ауырады / ауырмайды етістігінің айырмашылығын түсініп, айтуға жаттығады.

(Ж) Екінші тапсырманы мұғалім күрделендіре түсуіне болады. Ол үшін түрлі сұрақтар қояды, мысалы, Сенің қолың ауыра ма? Сенің аяғың ауыра ма? Оқушылар Менің қолым ауырады (ауырмайды). Менің аяғым ауырады (ауырмайды) деп айтып жаттығады.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Берілген белгілерге қарап, оқушылар ауырады немесе ауырмайды деп таңдап айтулары керек. Оқушылардың жауттары. Менің қолым ауырады. Менің тісім ауырмайды. Менің аяғым ауырмайды. Мұғалім оқушылардың назарын жіктік жалғауының бірінші жағына, яғни менің қолым, менің тісім, менің аяғым сөздеріне аударады, әсіресе аяқ сөзінің соңғы әрпі ғ әрпіне айналатынына назар аударады. (МК, Ж) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың көңілін «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни Сенің тісің ауыра ма? сұрағын дұрыс қолдануға үйретеді. Оқушылар сұрақты қайталап, бір-біріне қойып жаттығады.

(Ж) 4-тапсырма үлгі бойынша сөйлесуге бағытталған, осы тапсырмада оқушылар «Иә, Жоқ» сөздерін орынды қолданып, толық жауап беруге дағдыланады. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Сенің тісің ауыра ма?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Осыдан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.

Олар өткен сабақтардағы сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, диалогті толықтыруларына болады.

Үлгі:


- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атым -... Сенің атың кім?

- Менің атым - ...

- Сен неше жастасың?

- Мен ... жастамын. Сен неше жастасың? -Мен... жастамын.

- Сенің тісің (қолың, аяғың) ауыра ма?

- Иә, ауырады (Жоқ, ауырмайды).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.



Оқулық

Аудиодиск:

8.4.1.;

8.4.4.


№2 жұмыс дәптері




(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Қосымша тапсырма: 8.4.

Сабақтың соңы 41-45 минут

(К) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ

барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 5-САБАҚ


Тақырыбы: Аурухана

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация / суреттер/сызбалар таңдау. 1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Дене мүшелерін атай алады, қайда баратынын (ауруханаға), неге баратынын айта алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша өзара тілдесе алады, мұғалімнің көмегімен септік, тәуелдік жалғауларын қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар неге? деген сұрақ үлгісімен танысады:

- Сен қайда барасың?

- Мен ауруханаға барамын. - Неге?

Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім осы диалог арқылы оқушыларға сұраққа жауап беруді үйретеді. Оқушылардың назарын ауруханаға, неге? сөздеріне аударады. (МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Сен ауруханаға барасың ба?» сұрағына «Иә, барамын (Жоқ, бармаймын)» деп жауап беруді үйретеді. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар Сен қайда барасың? сұрағына суретке қарау арқылы жауап береді. Алдыңғы сабақтарда үйренген сөздерін еске түсіреді. Оқушылардың жауаптары: Мен дүкенге барамын. Мен ауруханаға барамын. Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын.

(Т) Мұғалім оқушыларға суреттері бар карточкалар (суретте: мектеп, саябақ, дүкен т.с.с.) таратады. Оқушылар Сен қайда барасың? сұрағын қою арқылы баратын бағытты тағы бір рет қайталайды.

(Ж) 3-тапсырма оқушыларды берілген белгі бойынша толықтырып айтуға жаттықтырады. Оқушылар оқулықта берілген белгілер бойынша қайда баратынын/бармайтынын айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен ауруханаға бара­мын. Мен дүкенге бармаймын. Мен мектепке барамын. Мен тауға бармаймын.

(МК, Ұ) 4-тапсырма оқушылардың үлгі бойынша сөйлесу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алдымен диалогті тыңдайды, қайталайды, содан кейін жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі:

- Сен қайда барасың?

- Мен ауруханаға барамын.


Оқулық

Аудиодиск: 8.5.1.; 8.5.4.






- Неге?

- Менің тісім (қолым, аяғым) ауырады.

(Ж) Бұл тапсырманы оқушылар алдыңғы сабақтарда үйренген сөйлеу үлгілерін еске түсіре отырып толықтыруларына болады, оқушылар амандасады, халін сұрайды, қайда бара жатқанын сұрайды, неге бара жатқанын сұрайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекітіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 8.5.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1:






2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:





8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ -САБАҚ


Тақырыбы: Спортзалда

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдар-ламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация /суреттер/ сызбалар таңдау. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Спортзалда не істейтінін айта алады, сұрақ қою және сұраққа жауап беру үлгілерін қолдана алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша өзара тілдесе алады, жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.





Кейбір оқушылар:

Спортпен айналысудың денсаулыққа пайдалы екенін айта алады, өздерінің қандай спорт үйірмелеріне баратынымен бөлісе алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар спортзалда не істей алатындарын айтып үйренеді: Мен спортзалға барамын. Мен жүгіремін. Мен жаттығу жасаймын. Мен доп ойнаймын. Осы сөйлемдерді хормен, топпен айтқызып жаттықтырады. Мұғалім осы сөйлемдерді сыныптағы барлық баланың айтып шығуын қадағалайды.

(МК, Ұ, Ж) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша сұраққа жауап беруге дағдыланады. Алдымен мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді, содан кейін осы сұрақты бір-біріне қойып жаттығады. Олар Сен спортзалда не істейсің? сұрағына суретке қарап жауап береді.

Оқушылардың жауаптары: Мен спортзалда жүгіремін. Мен спортзалда жаттығу жасаймын. Мен спортзалда доп ойнаймын.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім жүгіремін сөзінің қолданылу ерекшелігіне назар аударады, салыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды. Оқушылар «Мен жүгіремін. Мен жүгірмеймін» деген



Оқулық

Аудиодиск: 8.6.1.; 8.6.4.






сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, айырмашылығын түсінеді.

(Ж) 3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар Сен спортзалда не істейсің? сұрағына өз бетінше жауап беруге тырысады, толықтырып оқиды, сыныптастарының жауаптарын тыңдайды. (Ж) 4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды, қайталайды, содан соң жұппен жұмыс істейді. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Сен қайда барасың? Сен спорт­залда не істейсің?) жауап бере алу, өз бетінше сұрақ қоя алу, берілген сөздерді орынды қолдана алу арқылы диалогті түрлендіру. Сонымен қатар оқушылар бұл тапсырманы алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ түрлерін еске түсіріп, диалогті толықтырып (амандасады, атын, жасын сұрайды т.с.с.) жаттығуларына болады. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 8.6.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет