Қош келдіңіздер!!! Тәуелсіз елім Қазақстаным Ашық тәрбие сағаты 9 сыныбы



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі28,87 Kb.
#34391
1   2   3   4   5

Қайрат деген атым бар,

  • Қайрат деген атым бар,
  • Қазақ деген затым бар.
  • ”Еркек тоқты - құрбандық”,
  • Атам десең атыңдар!
  • Хош аман бол артымда,
  • Ағайын, туған-азамат.
  • Артымда қалған ата-анам,
  • Ел-жұртым саған аманат!
  • Сот: -Бүгінгі сот жабық.
  • Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат “Анама” деген өлеңін оқиды.
  • Қайрат:
  • Мейірімді ақ жүзіне анамның,
  • Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.
  • Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,
  • Кемістігі көп-ау мына балаңның.
  • Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,
  • Өкінем де, басымды иіп өтінем.
  • Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,
  • Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
  • 2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.
  • 1-жүргізуші:
  • 5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?
  • 5-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
  • 2-жүргізуші:
  • 6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
  • 6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.
  • 1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
  • 1-жүргізуші:
  • 7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
  • 7-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
  • күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
  • 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.
  • Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
  • екенін көрсетті.
  • Мұхтар Шахановтың “Төрт жыл кешіккен шындық” –
  • өлеңі оқылады:
  • Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
  • Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
  • Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
  • Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
  • Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
  • Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
  • Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
  • Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
  • Мұғалімнің сөзі:
  • Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.
  • 8 – оқушы:
  • 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
  • 9 - оқушы:
  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы
  • «Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.
  • 10 – оқушы:
  • 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.
  • 11 – оқушы:
  • 1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды
  • 12- оқушы:
  • 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
  • І- жүргізуші:
  • Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
  • Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
  • Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
  • Келбетіңнен көремін жалғасымды.
  • ІІ – жүргізуші:
  • Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
  • Жүректерге үміт боп жағылғансың
  • Аяулысың білмеген алақаннан –
  • Суып барып қайтадан табылғансың.
  • І – жүргізуші:
  • «Менің Қазақстаным» әні орындалады (хор)
  • Қорытынды:
  • «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
  • Бір ата, бір ананың түлегіміз
  • Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
  • «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
  • Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -
  • дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

Каталог: pptx
pptx -> Ертегі туралы түсінік
pptx -> Қостанай қаласы №30орта мектебіндегі бастауыш сынып
pptx -> Сәйкестікті орындаңыз
pptx -> Тема: Үш тұғырлы тіл – заман талабы Бағыты
pptx -> “ Тапқыр достар” интеллектуалдық –экологиялық сайыс
pptx -> Сайыс 5 бөлімнен тұрады. І бөлім — «Бәйге». ІІ бөлім –
pptx -> Эрудиттер сайысы Тест сұрақтары
pptx -> Бүгінгі тақырып: Кітап – білім бұлағы
pptx -> Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу,сөйлем құрастыруға үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет