Қош келдіңіздер!!! Тәуелсіз елім Қазақстаным Ашық тәрбие сағаты 9 сыныбы



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі28,87 Kb.
#34391
1   2   3   4   5

І – жүргізуші:

  • І – жүргізуші:
  • Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың “Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
  • ІІ – жүргізуші:
  • Қайырлы күн «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ашық тәрбие сағатының қонақтары. Ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.
  • Мұғалімнің сөзі:
  • Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
  • І - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
  • 1 – жүргізуші:
  • Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
  • 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
  • 2-жүргізуші:
  • Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
  • Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
  • 1-жүргізуші: Рахмет
  • Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
  • 1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
  • 1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
  • 2-оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
  • 2-жүргізуші:
  • 2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
  • 3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
  • 1-жүргізуші:
  • 3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
  • 2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
  • 4-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
  • 1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
  • Қайрат аға рухыңа мен иілем.
  • Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
  • Әділ жанның қазасына күйінем.
  • Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
  • КӨРІНІС
  • Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.
  • Қайрат:
  • Қайнама қазақ қамы үшін,
  • Қарусыз шықтық алаңға.
  • Алыстан әскер алдырып,
  • Қырып салды-ау табанда.
  • Сөйлесем даусым жетпейді,
  • Кез болдық мынау заманға.
  • Шовинизм еді ғой,
  • Басты себеп жанжалға.
  • Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.
  • Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!
  • Хатшы: Отырыңдар!
  • Сот үкімді оқиды.
  • Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:
  • Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

Каталог: pptx
pptx -> Ертегі туралы түсінік
pptx -> Қостанай қаласы №30орта мектебіндегі бастауыш сынып
pptx -> Сәйкестікті орындаңыз
pptx -> Тема: Үш тұғырлы тіл – заман талабы Бағыты
pptx -> “ Тапқыр достар” интеллектуалдық –экологиялық сайыс
pptx -> Сайыс 5 бөлімнен тұрады. І бөлім — «Бәйге». ІІ бөлім –
pptx -> Эрудиттер сайысы Тест сұрақтары
pptx -> Бүгінгі тақырып: Кітап – білім бұлағы
pptx -> Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу,сөйлем құрастыруға үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет