Өшпес бейнең естен мәңгі кетпес



Дата08.06.2018
өлшемі6,08 Mb.
#41898
Өшпес бейнең естен мәңгі кетпес
Кетсе де ізденуге қанша күшің,

Аянбай күш жұмсадың біздер үшін.

Неше жылғы еңбегің зая кетпей,

Біздерге үлгі болды әрбір ісің.


Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» - дегеннен-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз.

Болашақтағы жақсылық атаулының барлығы білім арқылы келер болса, онда білім үйретуші – ұстаз. Оның еңбегін ұмыту мүмкін емес. Себебі адамға білім деген қасиетті нәрсені ұқтырушы, білдіруші – ұстаз. Сондықтан ұстазды ұмытпау һәм ұлықтау парызымыз.



Ибраева Батима Ибрайқызы

Батима Ибрайқызы 1936 жылы Талдықорған облысындағы Октябрь ауданы Көктал селосында дүниеге келген. 1943-44 жылы 1-ші сыныпқа қабылданған. 1949-50 жылы бітіріп, жолдасымен Павлодар облысы, Май ауданы, Орджоникидзе жеті жылдық мектебіне мұғалім болып қызметке тұрады. Содан бері, Қаратерек ауылында тұрады. 1965 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы мұғалімдер институтына қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, 1970 жылы бітіріп шығады. Осы мектепте 38 жыл ұстаз болады. Облысымыздың, республикамыздың әр саласында еңбек етіп жүрген шәкірттері өте көп. 1986 жылы зейнеткерлікке шығады. 1980 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Ол - қазіргі таңда қадірлі ана, аяулы әже. Ол өзін бақытты жан деп есептейді. Ұстаздар қауымына, шәкірттеріне алғысы шексіз.алтын ұя мектебімнің құрметті ұстазымын деп ойлайды. Аяулы ұстазымыз ауылымыздың мәдени-экономикалық өміріне қатысып, өзінің үлесін қосып келеді.



Уалиева Майра Уалиқызы
Майра Уалиқызы 1946 жылы Еңбекшідегі Қарабай деген жерде дүниеге келген. Бастауыш сыныптарда (1-2 сынып) Еңбекшіде, кейін Қызылеңбекте оқыған. 8 жылдық оқуды қазіргі Майскийде жақсы бағаға бітірген. Мектепте қиын пәндердің бірі орыс тілі болған. География, физика және қазақ әдебиеті пәндерін ұнатқан. Қазақ Совет жазушыларының шығармаларын көп оқыған.

1967 жылы педагогикалық училищені бітірген. Май ауылына жолдама алып, Ақшиман совхозында бастауыш орысша-қазақша мектебі ашылған еді. Осы мектептің директоры қызметін атқарған. 1973 жылы тамызда оқу бөлімімен Май совхозына ауысқан. Сол уақыттан бері зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарған. Алғаш келгенде мұғалімдер толық болғасын, интернатта тәрбиеші болып жұмыс істеген. 1975 жылдан бастап,

2-ші сынып бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етті. 1967 жылы 1-ші сыныпты алған, 1977 жылы осы сынып Ақшиманда оқу бітірген алғашқы түлектері болды.

Майра Уалиқызы «Еңбек ардагері» атағымен марапатталған. Осыдан басқа да марапаттаулары бар.



Оспанова Даметкен

Хасенқызы
Даметкен Хасенқызы Семей облысының Покровка атты аудан орталығында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң, Семей қаласындағы Крупская атындағы педагогика институтына оқуға түсіп, ойдағыдай аяқтаған.

1973 жылдан бастап, Қаратерек ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Еңбек ету кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың тіл байлығын дамытуға, сөздік қорын молайтуға көп көңіл бөлген. Оқушыларымен «Тіл дамытуды іс жүзінде асыру» атты мақсатпен Баянауыл жерінде іс-тәжірибесінде болған. Ұстаздың көптеген оқушылары ауданның және облыстың олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Мысалы, Рахметова Әсемгүл 1993 жылы облыстық олимпиадада 3 орынға ие болды.



Даметкен Хасенқызының көптеген түлектері ұстаздық жолды қуып, жоғары оқу орындарына түсті.

Смагулова

Жибек Ризовна

1955 жылы 18-ші қыркүйекте Павлодар облысы, Май ауданы, Киров совхозында дүниеге келген. 1972 жылы 10 жылдық мектепті аяқтап, Павлодар педагогикалық институтына физика-математика факультетіне оқуға түседі. 1978 жылы оқуды аяқтап, Май ауданы, Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебіне келіп, 1981 жылға дейін физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1981-1988 жылдың желтоқсан айына дейін Ақшиман орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болса,

1986-1988 жылдары мектеп директоры қызметін атқарады. 1989 жылы Қаратерек мектебіне оралып,

2013 жылға дейін үздіксіз шәкірттеріне білім береді.



2013 жылы зейнеткерлікпен демалысқа шықты.

Ұстаздың шәкірттеріне сіңірген еңбегі зор. Жыл сайын физика пәнінен оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындап, жоғары көрсеткіш көрсетті. Жібек Ризовна аудандық, облыстық құрмет грамоталарымен марапатталды. Ұстаздың шәкірттері қазіргі таңда Қаратерек мектебінде қызмет етіп келеді және де олар ұстаздарын үнемі мақтан тұтып, ерекше сезіммен еске алады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет