Өсімдіктер физиологиясы және биохимия непздері



бет12/25
Дата09.06.2017
өлшемі5,61 Mb.
#18297
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

54

кезде арнаулы белокпен қосылып, информосома түзеді. Информосома ядродан протоплазмаға өтіп, мұнда бос немесе юлирибосомамен байланысқан күйде болады. Бидай ұрығы пісіп кетілетін кезде онын, клеткасында информосома алғаш бос, кейін байланысқан күйде, пісіп жетілу кезеңінде қайтадан бос күйде болатыны анықталды. Сонымен қатар, өсімдік информосомасы жануар информосомасына ұқсас екендігі байқалды. Бұл — клеткада өтетін күрделі белоктық синтезделу процестерініц реттелу ме-ханизмдерін жобалауға мүмкіндік береді.

1.2.9. МИТОХОНДРИЯЛАР

Митохондрияларды 1952 жылы Палад пен Шестранд ашқан. Осы кезден бастап бұл органоидтар барлық тірі организмдердіқ (микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарлардың) клеткала-рынан табылған. Оларды көбінесе клетканың энергия орталықтары

деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктердің (жалпы алғанда аэробты орга-низмдердің) тыныс алуының негізінде жататын органикалық зат-тардық тотығуы және оттегімен әрекеттесуі митохондрияларда өтеді. Митохондриялар пішіні мен өлшемдері женінен алуан

түрлі болады, бұл клетканың әрбір типіне тән қасиет. Қызылша тамырында олардың түрі гантель тәрізді болады. Ал көпшілік жағдайда олар жұмыр пішінді болып келеді. Оның сыртын қосарланған мембрана жауып жатады, сыртқы мембрана шектеуші болады да, ішкі мембрана үнемі ішке қарай тартылып, жымырылып тұратын толып жатқан қатпарлар түзеді. Олар митохондрияның

ішкі қуысын сегменттерге бөліп тұратын қатпарша тәрізді болады да, криста деп аталады. Өсімдіктер митохондриялары жануарлар митохондрияларына өте ұқсас келеді, олардың айырмашылығы мынада: жануарлар кристалары неғұрлым

тығыз орналасқан, параллель қатар түзеді. Өсімдіктер митохондрияларындағы кристалар сирек орналасқан, көп жағдайда қарама-қарсы қабырғаға дейін жетпейді, кейде ең ұшында

бір-бірімен қосылады да, тұйық шумақ түзеді. Кристалардың арасындағы кеңістікті структурасы жоқ сұйық матрикс толтырып тұрады. Клеткадағы митохондриялардың саны әр түрлі. Олардың саны бауыр клеткаларында — 2500, парамеция клеткаларында — 1000, эвгленада—15—20. Митохондрияның орта есеппен алғанда 8 күндей өмір сүретіндігі анықталған.

Гибор мен Граник митохондриялар көбею процесі ядро тара-пынан қадағаланбайтын өздігінше дербес системалар болып табылады деген жорамал айтады. РНК. мен ДНК-ның митохон-дриядан табылуы да бұл жорамалды растай түседі, өйткені РНК мен ДНК-ның жәрдемі арқылы белоктың синтезделуі, органоидтың белінуі және көбеюі жүзеге асады. Алайда, митохондриядан табыл-ған ДНК. мен РНК-ның ядролық нуклеин қышқылдарынан айыр-машылығы бар екендігі маш (бұршақ) пен турнепс клеткаларын зерттеу нәтижесінде анықталды.

Кристалар митохондрияның ферменттері бекінетін ішкі бетін



55

едәуір арттыра түседі. Матрикс сұйықтығында да ферменттердің көп мөлшері еріген. Аэробты тыныс алудың бүкіл химизмін құрайтын реакциялар осы ферменттердің жәрдемімен өтеді. Мұның өзінде, тыныс алу реакцияларының алғашқы кезеңі матриксте өтеді, ал бірқатар тыныс алу ферменттері арқылы электронның берілуі және осы кезде босап шығатын энергияны байланыстыру реакциялары кристалардың бетінде етеді. Тыныс алу кезінде босап шығатын энергияны байланыстыру АТР синтезі жолымен орындалады.



1.2.10. ХЛОРОПЛАСТАР

Хлоропластар дегеніміз тек қана өсімдік клеткаларына тән ор-ганоидтар болып саналады. Олардың түрі дискі тәрізді, диаметрі 4—10, қалыңдығы 1—2 мкм. Энгельман хлоропластар фотосинтез процесі өтетін орын екендігін эксперимент арқылы дәлелдеген тұңғыш ғалым. Фотосинтез нәтижесінде хлоропласта жарық энер-гиясы, көмір қышқылы және су сіңіріледі де, бос оттек пен орга-



никалық заттар бөлініп шығады. Энгельман өзінің экспериментін клеткаға енгізілген аэробтық бактериялардың жәрдемімен орындап шықты. Мұнда аэробтық бактериялар қозғалғыштық қабілетке ие болып, хлоропластардың оттек бөлініп шығып жатқан аймағына шо-ғырланып жиналды. Клеткадағы хлоропластардың саны бірнеше оннан бірнеше жүзге дейін жетеді. Олар цитоплазманың қалың қабатында қозғала алады. Күшті жарық түскен жағдайда олар клетканың ішкі жағына қарай ауысатыны, ал жарық жеткіліксіз кезде клетканың жарық түсетін жағына жақын орналасатындығы байқалған.

11-сурет. Zеа тауз өсімдігі хлоропластының жұқа кесіндісінін. электрондық микрофотографиясы:


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет