«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Калийдің топырақтағы қоры және оның өсімдікке әсері



бет7/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
10. Калийдің топырақтағы қоры және оның өсімдікке әсері
Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән. Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз алқаптарда органикалық заттардың түзілу процесі бұзылады, өсімдіктердің өсуі және дамуы баяулайды, сәйкесінше өнім азаяды. Өсімдіктердің қорегіндегі ең басты элементтер азот, фосфор және калий болып табылады. Минералдық (химиялық) тыңайтқыштардың құрамында топырақта жетіспейтін азот, фосфор, калий элементтері болады. Оларға суперфосфат, калий хлориді, мочевина (несепнәр), аммоний сульфаты, селитра жатады. Топырақта калий жетіспеген жағдайда тамырлар нашар өседі, түйнектер мен пиязшықтар баяу дамиды. Жапырақтары су жетіспегендей солыңқы көрінеді, ал олардың жиегінде күйік тәрізді қоңыр дақтар пайда болады. Өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін топыраққа тыңайтқыштар түрінде қоректік заттарды енгізу қажет. Тыңайтқыштар органикалық және минералдық болып екіге бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштар — организмдердің тіршілік әрекеттерінің қалдықтары (көң, құс саңғырығы, шымтезек, қарашірік) немесе өлі дене бөліктері. Оларда өсімдіктің қоректенуі үшін қажетті заттардың барлығы болады, бірақ органикалық тыңайтқыштар толықтай шіріп, микроорганизмдер әсерінен минералды заттарға айналғаннан кейін ғана өсімдіктер сіңіреді. Сондықтан органикалық тыңайтқыштарды топыраққа олар көктемге дейін ыдырап (шіріп) үлгерулері үшін күзде енгізеді.

11.Өсімдіктер жасушасының физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясы - өсімдік организміндегі өтіп жатқан химиялық, энергетикалық процестерді және өсуді, дамуды, сыртқы ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Өсімдік организмінің басты ерекшелігі оның автотрофтылығы, яғни күн сәулесі, көміртек және басқа минералды заттарды пайдаланып көптеген органикалық заттарды түзуге қабілетті. Өсімдіктердің өсу мен даму өзгешіліктерін автотрофтық қасиеті мен бір жерде қозғалмай өмір сүруі белгілейді. Өсімдіктер тіршілігінің негізгі қасиеті қоршаған ортамен тұрақты зат пен энергияның алмасуы. Өсімдіктердің тіршілік процестерін терең зерттелуі ақырында олардың реттелу және интеграция жүйелерінің жалпы теориясын жасауға мүмкіншілік туғызады, ал оны пайдаланып өсімдіктердің өсуін, дамуын және өнімділігін басқаруға болады. Физиологиялық функция деп тұтас организм мен оның жеке мүшелеріне тән әрекеттерді айтады. Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организм мен жеке мүшелерде байқалатын әрекеттердің, жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы. Ол зат алмасу процесінде өте айқын байқалады. Зат алмасу процесі организмнің өмір сүруінің негізгі шарттарының бірі. Зат алмасу арқасында тірі материя жаңа сапалы мазмұнға ие болады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сыртқы ортадан қабылданған органикалық заттарды ыдыратып, олардан өзіне қажет құрылымдар түзеді де, қажетсіз ыдырау өнімдерін бөліп шығарады. Зат алмасу процесінің әсерінен азық құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар энергиясы организмде химиялық, жылу, механикалық және электр энергиясына айналады. Организмде жинақталған бос энергия әртүрлі жұмыс орындау, өнім өндіру, торшалардың құрылысы мен қызметін қамтамасыз ету, дене температурасының тұрақтылығын сақтау, өсу және даму процестерін атқару үшін жұмсалады. Зат алмасу — бірімен бірі тығыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінен тұрады. Ассимиляция деп организмнің сыртқы ортадан түскен заттарды сіңіруін, қарапайым қосылыстардан күрделі химиялық қосылыстардың түзілуін айтады. Диссимиляция деп организмде тірі материяның бұзылуын, заттардың ыдырауын, қажетсіз ыдырау өнімдерінің түзілуін айтады. Бұл екі процесс біріне-бірі қарама-қайшы және бірімен-бірі тығыз байланысты. Диссимиляция процесі ассимиляция негізін құрайды, ал ассимиляция диссимиляцияны күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет