«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Физиология ғылымының дамуы жөнінде сипаттама



бет15/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
21. Физиология ғылымының дамуы жөнінде сипаттама
Өсімдіктер физиологиясы бірден пайда болған жоқ. Оның қалыптасуы XVIII ғасырдан басталды. Бұл ғылымның негізін ағылшыл ғалымы Пристли, швейцариялық ғалымдар Ингенгауз, Сенебье, неміс зерттеушілері Соссюр, Сакс, Пфеффер қалады. Сенебье-биология ғылымына «Өсімдіктер физиологиясы» деген терминді тұнғыш енгізген ғалым. Оны К.А.Тимирязов өсімдіктер физиологиясының атасы деп есептейді. Ағылшынның ұлы ғалымы Чарльз Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы» деген атақты еңбегі де осы ғылымның қалыптасуына негіз болады. Орыс және совет ғалымдары С.П.Костычев, В.И.Палладин, А.Н.Бах, Н.А.Максимов, И.И.Туманов, А.Л.Курсанов және басқа физиологтар өсімдіктер физиологиясының дамуына зор үлес қосты. Қазақстанда өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы саласындағы зерттеу жұмыстары 40-50 жылдары басталды. Академик Т.Б.Дарқанбаев сол жылдары өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясына қатысты үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бидай дәніндегі белок пен көмірсудың алмасу ерекшелігің терең зерттеп, бидай сорттарының технологиялық сапасын анықтаудың жаңа әдестерін дамытты. Академик Л.К.Қылышов өсімдіктегі әрекетшіл қосылыстарды зерттеді сол сияқты өсімдіктердің тұзға төзімділігіне қатысты да бағалы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Профессор Ф.П.Полымбетованың басқаруымен көп жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тың игеру аймағындағы жаздық бидайдың құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға қатысты зерттеулерінің практикалық та, теориялық та маңызы зор. А.Д.Жанғалиев, І.Р.Рахымбаев пен В.Н.Беденко жұмыстары республикамызда өсімдіктер физиологиясы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Өсімдіктер физиологиясы – өсімдік тіршілігі мен оның өсуін бақылаудан жинақталған орасан мол деректердің, сондай-ақ жүздеген жылдарға созылған ғылыми зерттеулерінің теориялық және практикалық қорытындысы. Ғылымның басқа салалары сияқты өсімдіктер физиологиясы да өмір талаптарын қанағаттандыру мақсатына сәйкес қалыптасты. «Физиология» гректің «physis» -табиғат және «logos» -ілім, зерттеу деген сөзінен шыққан. Өсімдіктер физиологиясы химия, физика, биофизика, микробиология, молекулярлық биология сияқты ғылымның көптеген салаларымен тығыз байланысты. Физиология өсімдіктердің өсуін, дамуын, гүлденуін және оның организмінде жүретін фотосинтез, тыныс алу және басқа да физиологиялық процестерін, өсімдіктердің ішкі процестерін зерттеумен бірге, олардың сыртқы ортамен байланысын да зерттейді. Өсімдіктер физиологиясының негізгі тағы бір мақсаты –табиғаттың дүлей күшін жеңу жолдарын қарастырып, өсімдіктерден мол өнім алу. К.А.Тимирязовтың өсімдіктер физиологиясының алдындағы мақсаты -тек өсімдік организмінің тіршілік құбылыстарын зерттеу және оны түсіндіру ғана емес, сонымен қатар зерттеу мен түсіндіру негізінде оларды мүмкіндігінше адамның еркіне көндіру, түрлерді адам өз қалауына қарай өзгерте алатындай етіп бағындыру деген тұжырымын жадымызда сақтай білуге тиістіміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет