«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Өсімдік жасушасының құрылыстық бөліктері және функциясы



бет9/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
12.Өсімдік жасушасының құрылыстық бөліктері және функциясы
Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды. Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады. Ядро – цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар . Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады. Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді. Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады. Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады. Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет