«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ



бет3/9
Дата10.06.2017
өлшемі1,64 Mb.
#18402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІІ Сабақты қорыту

Жеңімпаз топты анықтау

Қай топ тапсырмаларды тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады
9-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним. Сөз мағынасының өзгеруі

Сабақтың мақсаты:1.Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын,омонимдерден айырмашылығын түсіндіру. Синоним сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ құпиясы

Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, — өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен «реніш» деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қандай да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасында ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.

Көп мағыналы сөздер Омоним сөздер адамның басы таудын басы судың басы адамның басы аяғыңды жай бас көрікті бас . Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады: болмайды.

Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал).

Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер.

Қазақ тілінде де тұлғасы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-бірімен жақын сөздер көп-ақ. Мысалы: жақын, таяу, жуық, деген үш сөздің мағыналары бір-бірінен алшақ емес, бәрі де «бір зат пен екінші заттың арасы алыс емес» дегендегі алыс деген сөздің орнына қашық, жырақ, деген сөздердің бірін қойып «Екі ферманың арасы қашық емес» «... жырақ емес» деп айта беруге болады. Осы секілді уақыт, мерзім, мезгіл, кез деген сөздер тобы да мәндес, мағыналас.



Синоним сөздердің мағынасы бір-біріне қанша жақын болғанымен, өзара бір-бірінен сәл-пал айырмасы да болады, әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, am, есім деген синоним сөздердің өсім дегені тек адамға байланысты айтылады. Ал мекеме, қала, өзен, may т.б. атауларға байланысты ат сөзі айтылады да, (өзеннің аты, көлдің аты, ағаштың аты). Сондай-ақ, көрікті, келбетті, ажарлы, өңді, көркем, әдемі, сұлу деген синоним сөздер өзара мәндес, мағыналас сөздер болғанымен, әмісе бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, көрікті адам, келбетті адам, ажарлы кісі, өңді кісі, сұлу қыз деп айтылады да, бұл синонидердің әрқайсысын қала, үй, ат деген сөздермен тіркестіріп: келбетті қала, ажарлы қала, келбетті үй, өңді am деп айтуға болмайды.

Мына сөздердің мағынасына назар аудар


Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
Кітап досың, ақылшың

Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.

3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.

ІV Сабақты меңгерту

Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап

А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы

Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті

В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі

Кім көп біледі?

Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр



1

Адамның аяғы,....

2

Домбыраның құлағы,....

3

Жараның ауызы,....

4

Пышақтың жүзі,.....

V Сабақты қорыту

Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал – мәтелдерді жазу

Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.

VІ Үйге тапсырма

Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.



VІ Бағалау


10- сабақ

Сабақтың тақырыбы : Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним. Сөз мағынасының өзгеруі.

Сабақтың мақсаты: 1.Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын,омонимдерден айырмашылығын түсіндіру. Синоним, антоним сөздерді, олардың мағыналарын түсіндіру

2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІІ Жаңа сабақ

Сөздердің бәрі бірдей өзара мағыналыс бола бермейтіні секілді кез келген сөз өзара қарама-қарсы мағынада келе бермейді. Мысалы, киім, дәптер, қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) табылуы мүмкін емес.

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөзді антоним дейміз.

ІV Сабақты меңгерту

Мына мақал-мәтелдерге қажетті антонимдерді жаз



Кім көп біледі? * аш * әдемі * жаңа

Каталог: uploads -> doc -> 04d9
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04d9 -> Тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және Ә. Бөкейхан»
04d9 -> Сабақтың тақырыбы: Сәукеле жасау
04d9 -> Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология) Құрастырушы қазақ тілінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет