«Отбасым асыл қазынам» Дайындаған: Н. С. Габбасова 2015 жыл Тақырыбы: «Отбасым – асыл қазынам»



Дата07.10.2019
өлшемі1.76 Mb.
түріСабақ
«Григорьев мектеп балабақша кешені» КММ
Тақырыбы:
«Отбасым асыл қазынам»


Дайындаған: Н. С. Габбасова

2015 жыл

Тақырыбы: « Отбасымасыл қазынам»

Мақсаты:

А) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,  оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;


ә) Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
б) Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Сабақ түрі: ашық тәрбие сағаты.
Әдістері: Пікір алмасу, сұрақ – жауап, мақал мәтелдер, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін өзі тану.

Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы. Слайд.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.



Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Орнымызға отырамыз. Бүгінгі бізде ашық тәрбие сағаты.
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. (Мұғалімнің түсіндірмесі)
-

Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)


- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.
Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін кімдер екен соларды айтып берейікші. Қане (оқушылар шеңбер құрып, қолдарынан ұстап айтады).



II. Жаңа материал. Ойланайық, пікірлесейік! Топтастыру. «Отбасы»

  • «Отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?

  • Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

III. Жаңа ақпарат.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

  • Абылайхан, Жарас ал сіздер менімен келісесіздер ме? Қане, сіздің қандай ойларыңыз бар?

(Аблайхан мен Жарас ортаға шығып отбасы туралы айтып береді)

  • Олай болса, балалар отбасы туралы жаттап келген тақпақтарымызды ортаға шығып айтайық.

ІҮ. Бекіту. Шығармашылық жұмыс.
а) Құндылық құнын ұғындар. Үлестірмелі қағазбен жұмыстану.(әр балаға)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________


Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

ә) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
б) «Кім шапшаң?» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)


2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер – кішіге ақылшы, кішіге – көмекші.
4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата – анасына)
5. Әкеден балаға берілетін зат ( мұра)
6. 18 жасқа толмаған адам ( бала)

7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)


8. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)



V.Қорытынды. «Бақытты отбасы модулін» жасау постер.

Ілінген суретке отбасы мүшелерін орындарына қою. (1 топ)

Әр отбасы мүшелерінің міндеттерін айтып кету. (2 топ)

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.


1. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
4. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
6. Ананың көңілі ....., Баланың көңілі ...... (Балада, далада)
7. ......... – алтын шаңырақ. (отбасы)

8. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)


9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл).

10. Әкеге қарап ............., шешеге қарап ....... . (ұл, қыз)




  • Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». деген екен.

  • Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет