Отсканированные документы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ



бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі35,89 Kb.
#191846
1   2   3   4
Байланысты:
Бағдарлама
есенберлин, «Буллинг ж не кибербуллинг» 2021-2022 о у жылы, Матем 1 модуль
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ


Практиканың мақсаты:
-мектептің тұтас педагогикалық процесінде әлеуметтік, психолого-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
- тұтас педагогоикалық үдерісті компетентті басқарудағы болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру;
-педагогикалық іс-әрекетке шығармашылықпен, ізденушілікпен келуін дамыту;
-үздіксіз кәсіби-тұлғалық өсу және мұғалімнің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
Практиканың міндеттері:
1. Мұғалім іс-әрекеттерінің объектісі - тұтас педагогикалық үдерісті сезінуі.
2. Өзін-өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтың жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық үдерістін субъектісі болып табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.
3. Сыныптағы тұтас педагогикалық үдерісте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу, және дамыту қызметін іске асыруы.
4. Тұлғалық-бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі білімдік - тәрбиелік технологияларын меңгеруі.
5. Таңдап алынған проблемасына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүзеге асыру.
Практика мазмұны:
1. Меңгеру:
- пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу - әдістемелік құжаттарымен танысу (мемлекеттік стандарт, сабақ жоспарымен, сыныптан тыс іс – шаралармен, тәрбие сағаттарының жоспарымен және т.б.);
- пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар;
- бекітілген сыныптағы тұтас педагогикалық үдерістің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.)
- отбасының педагогикалық үрдісі, психологиялық ахуалы;
- бекітілген сынып оқушыларының ата-аналармен, сынып жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;
- мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;
- мектептің дарынды балалармен жұмысы;
- мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру;
-мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік қор;
- инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту және ендіру бойынша мектеп жұмыстары;
- мектеп кітапханасының кітап қоры;
- тұтас педагогикалық процесіне этнопедагогика негіздерін ендіру;
- Бекітілген сыныптың тәрбиелік дәрежесімен танысу; - Оқушылардың отбасындағы психология – педагогикалық әрекеттерін, жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерімен танысу; - Оқу – тәрбиелік әркеттеріндегі психологиялық аспектілерін бақылау (сабақтың психологиялық құрылымын, педагогикалық әдеп, бір – бірімен қарым – қатынасы, сабақтағы микроклимат); - Пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар - Мектептің әдістемелік ұйымдастырылуы; - Оқушылардың пән бойынша білім дәрежелері; - Мектептің жаңа технологияларды енгізу жұмыстары; - Сыныптағы тәрбиелік жұмыстар (даму дәрежесін бақылау, бір – біріне қарым – қатынасы, баланың әлеуметтік белсенділігі, жоғары сынып оқушыларының мінездері және т.б.) - Мұғалімдердің ғылыми – зерттеу жұмыстары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет