Отсканированные документы



бет1/4
Дата17.11.2023
өлшемі35,89 Kb.
#191846
  1   2   3   4
Байланысты:
Бағдарлама
есенберлин, «Буллинг ж не кибербуллинг» 2021-2022 о у жылы, Матем 1 модуль

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Биология, география және химия» БББ



Келісілді
№ _____________________________
_____________________________
директоры ___________________
«___» ______________ 2023



Бекітемін
Жаратылыстану институтының директоры
_____________________Ахатаев Н.А.
«___» ______________ 2023



6B01516 – Химия-Биология БББ ХБ-23-21 оқу тобының студенттеріне арналған педагогикалық практикадан өту және есеп беру жөніндегі
БАҒДАРЛАМА

Қызылорда 2023 жыл




Құрастырушылар: «Биология, география және химия» кафедрасының оқытушылары: п.ғ.м. оқытушы Г.О.Байзулдаева, п.ғ.м. К.С.Джаксыбаева.

Практика бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 30 қазандағы 2018 жылғы № 595 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған (09.01.2019 ж өзгерістерімен).


Практиканың жұмыс оқу бағдарламасы «Биология, география және химия» БББ-ның отырысында қаралды.


№__ хаттама, «________ » 2023 ж.


Кафедра меңгерушісі __________________ Тоқтағанова Г.Б.


(қолы, аты-жөні)


АЛҒЫ СӨЗ

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі ғылым және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі болашақ маманды сапалы дайындауды қажет етеді.


Болашақ маманды дайындау жүйесінде кәсіптік практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас оқыту процесінің бөлінбейтін бөлігі бола отырып, маман даярлаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Кәсіби практика болашақ маманның жоғары оқу орнында алған теориялық білімін нығайтуға, құзіреттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, алдыңғы қатарлы озық тәжірибені игеруге негіз болады. Болашақ маман өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, кәсіби қызметін дара шығармашылық тұрғыда жасай алуға бағытталған болуы керек
Оқу процесі барысында студенттер мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талабына сай кәсіптік практикалардың бірнеше түрінен-оқу-танысу, оқу, өндірістік, дипломалды т.б. өтеді.
Болашақ маманды кәсіби іс-әрекеттің барлық түріне бағдарлау-практикалық, әдістемелік, ізденушілік т.б.-оның кәсіби дайындығының басты және шешуші жағдайы болып табылады.
Мамандықтар бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сай және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ережесіне сәйкес, кәсіптік практикалардың барлық түрлерін: оқу-таныстыру, оқу, тілдік, өндірістік, дипломалды және т.б. - жүйелендіру және тиімді ұйымдастыру мақсатында бітіртуші кафедралар практиканың жұмыс бағдарламасын жасақтайды.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы орта білім беретін мектептер, өндіріс орындары. 6В01516 – «Химия-Биология» мамандығы бойынша практиканың бірнеше түрі бар: Үздіксіз педагогикалық, оқу, педагогикалық, диплом алды практика.
Практика қорытындысы бойынша аттестаттау берілген талапқа сай рәсімделген, өндірістегі практика жетекшісінің пікірі бар жазба есеп негізінде өткізіледі.
Педагогикалық практика мына шарттар арқылы өткізіледі:
- маманның кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық үдерісті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- студент оқу іс-әрекетінің күрделенуіне байланысты педагогикалық практиканы жүйелі ұйымдастыру болып табылады. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
- психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практиканың классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
- педагогикалық практиканың болашақ маманның нақты мамандығына қарай бағыттылығы;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет