ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/5
Дата08.07.2018
өлшемі129,37 Kb.
#48759
1   2   3   4   5

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Этнолингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы қалай көрінеді?

2. Отандық этнолингвистиканың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

3. Қазақ этнолингвистикасының негізін салған кімдер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Манкееева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. – А, 2000.

354 б.
2. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
3. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

№ 3дәріс тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері. Қазақ этнолинвистикасындағы жүйелілік принципі



Жоспар:

  1. Этнолингвистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері

  2. «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясы

  3. Этнолингвистикадағы «індете зерттеу» әдісі




      1. Этнолингвистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері. Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу тәсіл-әдістері. Бұл - этностың тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән-жайын, мағына-мазмұның терең түсіну және түсіндіру арқылы этнос болмысын (рухын, бейнесін, өзіндік қасиетін) паш ету деген сөз. Сондықтан да бұл қазақ этнолингвистерінің ұстанатын аса маңызды принциптеріне жатады. Олар зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты төмендегідей бірнеше нақтылы шарттан тұрады:

  1. Соның бірі — қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшеліктері
    арқылы ғана танып-білу.

  2. Этнос тіл әлемін түбегейлі меңгеру, игеру. Басқаша айтқанда, бұл принцип тіліміздегі ұшан-теңіз лексикалык байлықты тек сан жағынаң ғана түгендеп шығу емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралай түсу, яғни сөз мұхитының түбіне терең бойлап,«інжу-маржанға» толы қазынасын түгел ақтарып, оның сан ғасырлар бойы сақтап келе жатқан сырын аша түсуге барып саяды. Этнолингвистикалық зерттеудің қиын да, күрделі мәселелерінің бірі осы болмақ.

Этнолингвист-ғалымға койылатын басты талап — жалпы тіл табиғатын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарындажатқан этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта білу. Ал, бұл міндетті орындау кез келген адамның, тіпті тілдің структуралық (грамматика, фонетика, лексика, т.б.) проблемаларымен ғана шұғылданушы мамандардың да қолынан келе бермейді десек, артық айткандық емес. Өйткені бұл салада лексикалық байлықтың тек тіл факторы, сөздердің жиынтығы ретінде ғана емес, этностың тілдегі болмысы, бейнесі, көрінісі, негізі ретінде қаралатындығы. Этнолингвистикамен шұғылданамын деуші талапкерлердің осы бір талапты білгені абзал.

2. «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясы. Тіл байлығындағы заттар мен кұбылыстардың атауларын үлкенді-кішілі (макро-микро) тақырыптық-мағыналық тұлғалық топтарға (салаларға, кластарға, тарау-тармақтарға т. б.) бөліп қарау ғылыми тұжырымды (концепция) іске асырудыңұстанымы (принципі) ретінде талап етілмекші. Этнолингвистикалык еңбектерде адам өзіне қажетті сөздерді оның мағына, түсінігі арқылы іздеп, ол жататын тақырыптық топтардың жүйесінен тез тауып, сол сөзді қоршаған контекст арқылы оған қатысты басқа да мағлұматтармен таныса алады.

Этнолингвистикалық материалды топтастырудың принциптері, әдетте, зерттеу объектісі мен оны танып-білу мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Егер зерттеу объектісін «қазақ этносы», «этнос болмысы» деп жалпылама қарайтын болсақ, онда тіл байлығы — «тіл әлемі» түгел қамтылуы тиіс. Біздің кейінгі жылдардағы зерттеу тәжірибемізде «тіл әлемі» түгел қамтылып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» дегі аталатын үш үлкен салаға жіктеліп, олар іштей 30 (6 + 17 + 7) үлкен (макро) топқа, ал олар өз ретінде 200-дей микро-топқа бөлініп қарастырылуда.

Бұдан шығатын қорытынды: макротоптар өзара «жүйелі қатысты принцип» негізінде, ал микротоптар бір-бірімен «сатылы қатысты принцип» бойынша топтастырылады деген сөз. Осының біріншісі негізгі үш салаға — «Адам», «Қоғам», «Табиғат»— қандай макротоптар енетінін айқындаса, екіншісі әрбір макротоптың тарау-тармақтарына енуге тиісті микротоптарды айқындайды. Мәселен, «Табиғат» саласына жататын ірі-ірі макротоптың бірі «жануарлардүниесі» десек, ол өз ретінде 1)«Жабайы хайуандар» және 2) «Үй хайуандары» болып екі топқа бөлінсе, кейінгісі «төрт түлік мал» «жылқы», «түйе», «сиыр», «қой, ешкі» болып, оның өзі де сатыланып, кіші топтарға жіктелуі мүмкін.

Қысқасы, жалпы «тіл әлемін», сондай-ақкез келгентақырыптықтопты этнолингвистикалық тұрғыдан осылайша жүйелі де сатылыпринциптер бойынша қарастырғанда ғана оларды түгел де түбегейлі меңгердік, танып-білдік деп айтуға болады.

Айта кету керек, бұл принциптер зерттеу объектісіне және оның мақсатына байланысты әр түрлі ауқымда, деңгейде қолданылуы мүмкін.

Айта кету керек, бұл принциптерді кез келген тақырыпқа және әр түрлі деңгейде қолдануға болады. Әдетте, тақырыптық шеңберде этнолингвизмдер мағына, тұлға (кұрам-құрылым, модель т.б.) түрлеріне карап та топтастырылады.



3.Этнолингвистикадағы «індете зерттеу» әдісі

Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің тағы бір принципін біз «індете зерттеу» деп атадық. Аңшылар лексиконында: «аңды іңдетіп алу» — тазылардан қашып келіп, жан сауғалап кез келген інге тығылған андарды (түлкі, қаскыр, қарсақ, борсық т.б.) аңшы амалдап, су құйып, түтін салып, таяқ жүгіртіп т.б. қолғатүсіру әдісі.

«Індете зерттеу» деп, шартты түрде алынып отырған бұл терминнің мәнісі - зерттеушінің тілімізде күнделікті айтылып, жазылып жүрген («қолбала, елгезек») сөздермен ғана шектеліп қалмай, неөзі білетін, шеті көрініп тұрған, не ұмыт болған тіл фактілерінің «ізіне түсіп», лексикалық қордың қойнау-қолаттарынан іздеп тауып, түп тамырымен қопарып, түбегейлі айқындауға тырысу деген сөз. Сонда ғана этнос табиғатын толык танып-білуге қажетті тілдік фактілерді сол фактілердің қабатында, астарында, қайнар көзінде жатқан небір ғажайып этнолингвистикалық деректерді тауып, сөйлетуге болады. Олардың «ірілерін» ғана емес, «майда-шүйделеріне» дейін түгел қамту ләзім. «Індете зерттеуге» әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің жеке бастарын ғана емес, олардан туындап, өркенден, бұтақтап, балалап, тарап жатқап туынды да қатысты дүниенін бәрін (олардың атауы арқылы) түгел қамту міндеті де жатады. Бір-екі мысал келтіре кетейік.

Мәселен, қазақ тілінде адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларына байланысты 500-ден астам атау бар екен. Этнолингвистика саласында өзінің бай өмір тәжірибесін, ел арасынан жинап-тергендерін жариялап, өнімді еңбек етіп жүрген Жағда Бабалықов ақсақал, мәселен, малдың тек бас сүйегіне қатысты тілімізде 500-дей атау қалыптасқанын айта келіп, осы бас сүйектің бір өзінен ғана неше жүз жік-жапсар, бөлік-бөлшек атауларын тау­ып жазып отыр.

Ол қазақ малшылары мен емшілері «...тек қой басы сүйегі бөлшектерінін 170—180 жік арқылы байланысатынын да айтады. Тағы бір ғажабы: сүйек жіктерінің табиғи ерекшеліктеріне орай,— 60 қақ жік, 40 ұңғылы жік, 30 жапсар жік, 30 жанас жік, 10 киілмелі жік» дел бөлгені таңқалдырады...» деп жазады.

«Олардың айтуынша: «қақ жік» дегені — әрі қалың, әрі мықты сүйектердің тығыз біріккен жіктері. Бастың миы тұрған қуысы — милық сүйектер жігі, сол қақ жіктерге жатады. Ұңғылы жіктер бір-біріне қағып кіргізілгендей, күш сала суырғанда бөлек алынатын сүйектер. Бұған тіс пен жақ сүйектер жігі жатады. Киілмелі жіктер қақ сүйектер бір-біріне шарпылар, жарғышақтар арқылы кіргізгендей болып келеді, сәл қозғалса, иіледі, аздап суыра тартса, суырыла салатын жіктер. Жалпы сүйек құрылысында қазақша аталатын 95 бөлік бар. Олар емшілер арасында қақсүйек, қағажақ, шеміршек болып үшке жіктеледі...» дей келіп, автор қонақ күту, мал сойып, мүше тарату сияқты халқымыздың салт-дәстүрін білудің бүгінгі үлкен-кішінің бәріне қажет екенін ескертеді.

Бір ғажабы, біз ұсынып отырған «індете зерттеу» тәсілін лексикалық байлығымыздың белгілі бір саласында, не тарау-тармағында, такырыптық тобында ғана емес, кез келген мағыналық бірліктің тамырын қуала таратып, танып-білу үшін де пайдалануға болатындығы.

Дәрісті қорытындылау:
Бақылау сұрақтары:

1.Жүйелілік принципі қалай жүзеге асады?



2. Ә.Қайдар енгізген «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясының негіздері қандай?

3.Індете зерттеу әдісі дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:
№ 4дәріс тақырыбы: Этнолингвистикалық арналар

Жоспар:

1.Баламалар. Тұракты теңеулер

2. Этнолингвистикалық фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер

3. Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар


1.Баламалар. Тұракты теңеулер. Тілдің лексика-семантикалык қорын дамытудың, байытудың көздері орасан көп. «Негізгі және туынды мағыналық бірліктер» деп аталған бұл екі топты сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да байытып, оны этнос туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен толыктырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің басқа да көздері бар. Біз оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атадық. Олар сан алуан бұлақтан бастау алып, «тіл әлеміне» келіп кұйылып жатқан 6 арнадан тұрады.

Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.



Баламалар. Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде суреттеп беруден туындаған (мыс, көмір — «қара алтын», теле­визор — «көгілдір экран» т. б.) жасанды баламалар (перифраздар) мен әр түрлі наным-сенімге, әдет-ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу, т. б.) байланысты тыйым салынған «табу» сөздерді (бөрі — «қарақұлак», жылан — «түйме» т. б.) алмастыратын эвфемистік баламалар жатады. Тілімізде мыңдап саналатын бұл ба­ламалар да рухани дәстүрге, тіл табиғатына, этностык дүниетанымға тікелей қатысы бар ерекше құбылыстың бірі.

Тұрақты теңеулер. Бұлар, әдетте, бір зат пен екінші бір затты (құбылысты) өзара салыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, теңеу арқылы оларды анықтау, сипаттау, бағалау, бағамдау, өлшеу, болжалдау т. б. осы сияқты танымдық мақсаттан туындап тұрақталған (көпшілігі) тіркестер. Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер (штамптар) тақырыбы (объектісі, мағынасы, құрамы мен құрылымы, уәждік (мотивтік) негізгі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан түрлі. Бұлардың бәрі немен және нені қалай салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады. Мына мысалдарды зерделеп көріңіздер: жерден жеті қоян тапқандай (қуану), екі иығына екі кісі мінгендей (дәу, үлкен) т. б.

2. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер. Фразеологизмдер. Тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі болып келетін тұракты тіркестердің үлкен бір саласы тілімізде (15 мыннан астам) - фразеологизмдер десек, олар да қандай ұғым-түсінікке қатысты болмысын, сайып келгенде, адамның іс-әрекетін, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік бояу-нақышымен бейнелейтін танымдык мәні зор көркем сөз бұлақтарына жатады. Оны мына мысалдардан да: шошқа тағалау, бастан құлақ садаға, ит терісін басына қаптау, шөп басын сындыру т. б. айқын көре аламыз. Бұлардың жасалуына ұйыткы болып тұрған «құлақ» (мал құлағы), «ит терісі», «шөп» тәрізді «тірек» компоненттердің, көріп отырғанымыздай, адамға тікелей катысы жоқ. Сондықтан да этнолингвистика үшін ең қиын мәселе — осы сияқты фразеологизмдердің ауыс мағынада колданылу мотивтерін түсіндіру.



Мақал-мәтелдер. Бұлар да этнолингвистикалық арнаның ең
құнарлы бұлақтарына жатады. Егер тіліміздегі 40 мыңнан астам
мақал-мәтелді фразеологизмдер сияқты жинап, жүйелеп, белгілі бір
«тірек» объектілеріне қатыстығын айқындап, мазмұнын ашып, этно-
лингвистика тұрғысынан түсіндіретін болсақ, этностың «тіл әлемі» 40
мың мағыналық бірлікпен толығып, байи түскен болар еді. Әрбір
мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,наным-сеніміне т.б. катысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысынтанып-білуге косар үлесі зор. Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе-мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе, Адамға (оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, калып-
күйіне т.б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін (уәждерін) тап басып,
дәл айкындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал: «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
деген мақал «от басында қандай
тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге керсең, өсіп-жеткенде де соны істейсін» де-
ген ауыс мағынада бүгінгі педагогикалық тұжырымдаманың (концепг-
цияның) негізіне айналып отыр. Этнолингвистика болса, міне,
осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруте тырысады. Мәселен, осы
мақалдыңөзін алсак, ол - о баста қыран құстар өмірін байкаудан
туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған.
Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп,
қара қанат болып ұшқанға (өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол
төңіректегі барлық аң-құстардың, мал төлінің етімен (кейде өлек-
сесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада «отбасын-
дағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі»
мағынасына баланып отыр.
Ал бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында (семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.

Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел табиғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін айқындап, оларды «тірек» сөздер аркылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.

3. Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар. Жұмбақтар. Жұмбақ табиғаты жұртқа мәлім. Ол — жастардың ой-өрісін кеңейтіп, астарлы сөздің сырын түсінуге, тапқырлыққа баулитын, тұспалдап, жұмбақтап бейнелеп, бір затты екінші бір затқа балап айту аркылы ой потенциясын кеңейте түсетін танымдық мәні зор құбылыс. Бұл жағынан жұмбақтар эвфемизмдер мен перифраздарға өте ұқсас. Мәселен: «мылтық» деген үғымды «белі бүкір, алысқа түкір» деп, «құлыпты» — «Бір итім бар үрмейтін, өзімнен басқаны үйге кіргізбейтін» деп, «түтінді» — «ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ» деп, «диірменді» — «қараңғы үйде қабан күркірейді» деп түсіндіру жұмбақ мақсатының бір жағы болса, оның екінші жағы — оларды дұрыс байыптап, түсіне білу. Жұмбақталған объектіге (яғни сөзге, ұғымға) сәйкес сайланған баламаның мотивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсіндіруге болады. Жұмбақты этнолингвистикалық арнада тоғысатын бұлақтардың бірі деп қарауымыздың басты себебі, міне, осы. Мәселен, «Айдалада қу қазық, мергеншіге жол азық,» деген жұмбақтың шешімі «қоян» екенін тек қазақы түсінік негізінде ғана табуға болады.

Ауыз әдебиеті үлгілері. Әр түрлі бұлақтардан бастау алып, тарамданып келіп, этнолингвистикалық кең арнаға құятын салаларға ауыз әдебиеті үлгілері де жатады. Бұларға жанры мен тақырыбы, құрамы мен кұрылымы, мазмұны мен мағынасы әр алуан болып келетін, халық жадында сақталып, рухани мұра болып, ұласып, ауысып келе жаткан: 1) авторы белгілі ақыл-накыл сездер; 2) салт-дәстүрге (әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-кәде, жөн-жоралғы т. б,) қатысты деректер; 3) той-томалақ, мереке-мейрамдарға байланысты рәсім-салтанат үлгілері; 4) көріпкел, сәуегейлілікке қатысты әңгімелер; 5) әзіл-оспак, артында зіл жоқ бірқақпайлар мен күлдіргі сөздер т.б. осы тәрізді «тұрмыстық жеңіл жанр» үлгілері жатады.

Бұлардың бәрі — этнос өмірінде туындап, соның өзіне ғана тән рухани, мәдени танымды бояу-накышымен тағы бір қырынан суреттеп, «тіл әлемінде» бейне бір зерде тас бөлшектеріндей жарқырап тұратын этнолингвизмдер. Этнолингвистикалық зерттеулерде олар тұлға, құрылым жағынан әр алуан — бірде жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, енді бірде шағын мәтін (текст), қысқа баяндау, өлең-жыр бөлшегі т. т.— болып келсе де, «тірек» сөз арқылы негізгі және туынды мағыналық бірліктерге (атауларға) қатысты әр түрлі такырыптық топтарда сипатталуға тиісті. Бір-ақ мысал: негізгі атауды «сүмбіле» десек, оған қатысты ел жадында сақталған «сүмбіле ұзын болса, көктем де ұзаққа созылады» деген болжам-мәлімет келтіріп, неге олай деуіміздің мән-жайы түсіндірілуі тиіс. Міне, «ауыз әдебиеті үлгілері» деп аталатын сала «тіл әлеміндегі» ең бір ауқымды да информативті байлыққа жатады.



Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Этнолингвистикалық арналар дегеніміз не?

    1. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халық болмысын, табиғатын айқындайтын сипаттары қандай?

    2. Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 5дәріс тақырыбы: Этнолингвистикалық этюдтер



Дәрістің жоспары:

  1. Этнолингвистикалық этюд түсінігі

  2. Этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы

  3. Этнолингвистикалық этюдтерді талдау, саралау

1. Этнолингвистикалық этюд түсінігі



«Этнолингвистикалық этюдтер» деп отырғанымыз — этнос болмысын танып-білу максаты мен «тіл әлемін» түбегейлі зерттеудің нәтижесінде әрбір негізгі мағыналық бірлікті және оған қатысты этнолингвистикалық арналарға деректерді жоғарыда айтылған сатылы қатыстық тәртібімен (негізгі — туынды - қатысты атаулар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері) берілетін түсініктемелер, анықтамалар, мағлұматтар, топшылаулар. Олар этнолингвистикалық жұмыстың түрі мен мақсатына (монография, сөздік мақала т. б.), әр түрлі бұлақтардан жиналған информацияның мазмұнына қарай қысқа да, көлемді де болуы мүмкін.

Енді жеке мақала ретінде берілген этнолингвистикалық этюдтің үлгі-жобасы ретінде 1—2 мысал келтіріп өтейік.

Мысалы: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «итсигек» сөзіне: «буын тәрізді бұтақтары бар, биіктігі 30—100 см жапырақсыз жартылай бұта» [7] деген анықтама беріліп, этнограф X. Арғынбаев еңбегінен «халық қыршаңқы болған жылқыны итсигек, қарандыз сияқты улы өсімдіктердің қайнатындысымен бірнеше рет жуады» деген дерек келтірілген. Демек, лингвистикалык және этнографиялық деректердің «итсигек» туралы беретін мағлұматы осымен шектеледі. Алайда «итсигек» шөбінің дәрілік қасиетін, жинап алу, қолдану тәсілін, пайдаланатын ауру түрлерін т. б. ерекшеліктерін танып-білу үшін бұл деректер жеткіліксіз, әрі тым жұпыны сияқты. Шөп табиғатына қатысты бұлақтарды қарастырғанымызда этнолингвист ғалым А. Сейдімбековтың «итсигек» шөбі туралы арнайы жазғанэтнолингвистикалық этюдін кездестірдік. Оны өз сөзімізбен баяндағанда былай болады: «Итсигектің уын жинау, әдетте, ел жайлауға көшіп қонған, төлдің піскен кезінде басталады. Бұл кезде ол басқа шөптердей емес, көпке дейін күннің шыжыған ыстығы мен жаңбырдың суынан өзгермей, қан-сөлсіз куарып, сарғыш тартып, бунақ-бунақ болып, жер бетінде ербиіп, қабық-жапырақсыз қу бұта қалпында тұрып алатын көрінеді. Осылай мамыр, маусым өтіп, шілдеайы туғанда оған жан бітіп, бұтақтарында көк түйіндер пайда болып, олар бара-бара жапырақсыз көк бұтақшаларға айналады. Шілде ортадан ауғанда бұл бұтақтар қауызын ашып, түсі жуған шүберектей бес тілді гүл жарады. Міне, осы кезде ауыл жастары бойы аласа,гүлін көп салған итсигек бұталарын таңдап жүріп, үстіне шойынқазандарды төңкеріп жауып, ернеуін айналдыра сары топырақпен көміп тастайды. Осылай төңкеріліп, тұмшаланған қара қазандардың астында калған итсигек бұталары шілде мен тамыз ыстығында бусанып, қыркүйек туып, ел күзеуге жылысқанға дейін жата. береді. Содан соң баяғы ауыл жігіттері уланып қалмау үшін жел жағынан келіп, төңкерулі қазандарды аударып, казанның қабырғасы жабысқан көк шұбар түсті итсигек уын кырғышпен қырып, кепсермен шыны ыдысқа салып алады. Miнe, осылай алынған итсигек уын малшы қауымы малды ауылды қыстай мазалайтын ит-құсқа қарсы күресу үшін пайдаланады: у сеуіп тастаған өлексе жеген жабайылар сеспей қататынын олар жақсы біледі. Итсигек уы малдың қышыма ауруына да мың да бір ем» [8, 155-156]

Этнолингвистикалық этюдтердің мақала түрі, міне, осылай берілуі мүмкін. Ескеретін бір жағдай: этнолингвистикалық этюдтерде келтірілетін осы тәрізді мағлұмат-информациялар ғылыми тұрғыдан дәл де, дәлелді бола бермеуі мүмкін. Ол, әрине, екінші мәселе. Қалай болғанда да, этнолингвистиканың мұндай деректерге ерекше мән беруінің себебі: олар біреудің өз тұсынан ойлап тапқаны емес, этностың өз өмірінен туындап, өзіндік дүниетанымы таразысына тартылып, ғасырлар бойы сыналып, қалыптасқан тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Тағы бір мысал.


2. Этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы

Күшала— иран сөзі; «ыстық жақта өсетін улы дәнді, емдік касиеті бар өсімдік» [7] ұл тәрізді жалпылама анықтамадан да «күшаланың» табиғатын толық тану, әрине, мүмкін емес.

Күшала туралы әр түрлі бұлақтардан біздің жинақтаған этнолингвистикалық мағлұматтарымыз мыналар: 1) күшала — көп жылдық шөп тектес «бәйшешек» атты гүлді өсімдіктің түйнек тәрізді жұмыр тамыры; 2) тамырындағы улы затқа бола оны халық дәрі ретінде (жабайы аңды, итті уландыру үшін, қымыз бен бозаға қосу үшін т. б.) қолданып келетіндігі; 3) күшаланы, әдетте, бәйшешек гүлдегенде оның әрбірінің түбіне шыбық шаншып, қар кетіп, жер қарайғанда қазып алып, дорбаға салып кептіріп алады. Күшала қосып ашытқан қымыз бен айран адамды мас қылады. Күшаланы өкпе қабынуына, түберкулезге қарсы пайдаланады. Күшаланың әсеріне байланысты тілімізде: «күшала жеген иттей», «көп жортқан uт күшалаға жолығар» деген тіркестер (қаңғыбас, бұралқы иттерді жою үшін күшала қосып берген тамақты жеген ит қисалаңдап, сілекейі ағып, басын көтере алмай, ақыры өліп тынады) о баста итке қатысты айтылғанымен, айналып келіп, адамнын іс-әрекетімен салыстырылады. Мәселен, кейінгі мақал «ит сияқты көп жортқан адам қаңғырып жүріп, ақыры бір бәлеге ұшырайды» дегенді аңғартады.

Мінеки, «күшала» төңірегіндегі бұл әңгімелер қазақ этносының, біріншіден, табиғи танымын танытса, екіншіден, табиғат пен адам арасындағы жіті байланысты көрсетеді. Тілдегі әрбір сөзге қатысты және содан туындаған тұрақты тіркестердің о бастағы қолданыс себептері мен дами келе, адамға ауысу мотивтерін айқындап, түсіндіру этнолингвистикалық этюдтерде өз өрнегін табуға тиіс.

Тағы бір мысал.. Қазақ тілінде «жеті қазына», «жеті түн», «жеті бүзірік әулие», «жеті шәріп», «жеті асыл mac», «бес аспақ», «бес қонақ» т.б. осы сияқты мыңдаған этнофразеологизмдер бар. Бұлардың әрқайсысына этнолингвистикалық этюд бағыштауға болады.

Міне, осылардың ішінен «Жеті қазына» тұрақты тіркесін негізгі атау - «қазына» сөзіне мақала ретінде былайша берген болар едік.



«Жеті қазына»< ел арасында бұл тіркесті ер адамның жеке басына, өмір-тіршілігіне аса қажетті жеті түрлі асыл зат деп түсіндіреді. Олар: жүйрік am, қыран бүркіт, құмай тазы, берен (кейдe: қара, тура) мылтық, қандауыз қақпан, майланғыш ау-жылым, өткір кездік. Бұл этнофразеологизмдер басқа да түсініктемелерібар.

«Неге олай?» деген сұраққа жауап ретінде бұл қазыналардың ер жігіт үшін асылдығы мен абзалдығы әспеттеліп: «ер жігіттің атта – қаны, қыранда - қуаты, тазыда берік сенімі, мылтықта — оты, қақпанда серті, ау-жылымда әдіс-айласы, кездікте — сұсы болады» деген уәж айтылады. Бұл уәждердің өздері де этностық таным, салт-дәстүр тұрғысынан түсіндірілуі тиіс.

Қазақ арасында шүлен тарту, шүлен жігіт, шүлену, шүленші, шүлен өс тәрізді сөздер бар. Бұл қолданыстарда шүлен сөзі екі түрлі ұғымды білдіретін тәрізді: 1. елге, көпшілікке таратылатын, үлестірілетін зат. 2. Жомарттылық, қолы ашықтық, кең-молшылық. Бір қарағанда бұлардың арасында мағыналық қатыстық байқалмайтын тәрізді. Ал шын мәнінде ондай қатыстық бар: бұлар дербес екі сөз емес, мағынасы кеңейген, төркіндес бір-ақ сөз. Дәлелдеп көрейік. Тарихи деректерге сүйенсек, Орта Азия мен Қазақстан жерін бір заманда билеп-төстеген Шыңғысхан әулетінің дәстүріндегі қарапайым халыққа жылына бір рет, хан төңірегінде жүрген адамдарға аптасына бір рет тарататын тегін ас-суды өз кезінде шүлен деп атаған. Мысалы, бұдан шамамен 100 жыл бұрын шыққан А.Старчевскийдің «спутник русского языка в Средней Азии» (Санкт-Петербург, 1878, 11-бөлім) деп аталатын еңбегінде: шүлен – «ханское угощение чиновников по пятницам» делінген. Қазақ даласында бұл әдет шүлен тарату (яғни хан атынан тегін ас тарату) мағынасында қалыптасса, хан асын таратуға, оны ел-жұртқа емін-еркін үлестіруге қатысқан жігіт-желеңдер шүленші деп аталған. «Қолы ашық, жомарт» мағынасындағы шүлен жігіт тіркесі хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуіне байланысты шыққан.

Сонда шүлен сөзінің бастапқы мағынасы мал сойылып, елге үлестірілетін тамақтың түрі екен. Ол сөз түркі-моңғол тілдерінде күні бүгінге дейін кездеседі. Мысалы, моңғолша силук – сорпа, бурятша – шүле, шулук – ет сорпасы, жас сорпа; якутша сямияк – ұннан жаслаған ботқа, қырғызша сорпо –шилең, т.б. Осыған байланысты «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген фраза «үлестіруіңе де, таратуыңа да жетеді» (мол ас-су) дегенді білдіреді. Шүлен немесе шүлен жігіт, шүленші сөздерінің мағынасы қазақ тілінде көбірек қолданылады.

«Шөлімдегі жалғыз алтын терегім, шөлден шүлен боп туған сергегім» (М.Әуезов). Сөз мағынасының ауысуы, кеңеюі дегенде біз тіл табиғатына тән, міне осындай заңдылықтарды айтамыз. Шүленбай деген есімнің «Атымтай жомарт, мырза, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, оның о бастағы хан атынан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін елдің бәрі білмесе керек.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет