ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет4/5
Дата08.07.2018
өлшемі129,37 Kb.
#48759
1   2   3   4   5

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

Е.Жанпейісовтың этномәдени лексикаға қандай тілдік мағыналық бірліктерді жатқызады?



  1. Е.Жанпейісовтың пікірінше этнолингвистиканың басқа пәндерден ең басты айырмашылығы және ерекшелігі неде?

  2. Орыс тіл біліміндегі жекелеген этнолингвистикалық мектептердің ерекшеліктері сипаттары қандай?

  3. Диалектологиялық этнолингвистиканың ұстанымдары қандай?

  4. Лингвоелтанымдық зерттеулердің практикалық өзектілігі неде?

  5. Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленконың этнолингвистика терминіне берген анықтамаларын салыстыр

Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 8 дәріс тақырыбы: 8 Дәріс №8.



Тақырыбы: Өсiмдiк атауларынан салт-дәстүрге байланысты жасалған кейбiр тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы

Дәріс жоспары:

  1. Тарихи оқиға қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

  2. Салт-дәстүр, дінге қатысты ӨБТТ.Халықтық өлшемге қатысты ӨБТТ

  3. Өсімдіктің түр-түсіне, жан-жануарларға байланысты қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаты

Тарихи оқиға қатысты өсімдік атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты

Тілімізде ғасырлар бойы қалыптасқан, көркем сөз қазынасының бір құнарлы, мәйекті қорына айналған, әрі бай, әрі сан алуан тұрақты тіркес ішінде өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер де ерекше орын алып, қазіргі таңда өзекті тақырыптың біріне айналып отыр.

Табиғаттың‚ әсiресе‚ өсiмдiк дүниесiнiң адамға тигiзетiн әсерi ерекше. Оны «Табиғат» идеографиялық тобына жатқызуға болатын өсiмдiк атауларынан және өсiмдiкке байланысты қалыптасқан тұрақты тiркестерден көруге болады. ӨБТТ-тер қалыптасуын‚ тiлдiк қолданысқа енуiн негiзге ала отырып‚ өзара топтастыруды да қажет етедi. Себебi, ана тiлi сөздiк қорының мәйегi саналатын тұрақты тіркестерді (бұдан былай ТТ) жан-жақты зерттеп‚ тақырыптық‚ мағыналық топтарға жiктеу арқылы ғана халықтың тiл байлығын‚ өмiрiн‚ кәсiби бiлгiрлiгiн анықтауға болады. Бұл жүйеде топтастыру барысында ӨБТТ-дiң халық тұрмысындағы әдет-ғұрпын‚ салтын‚ наным-сенiмiн‚ ырым-сырымын‚ шаруашылық жүргiзу дәстүрiн‚ тарихи оқиғалар үрдiсiн‚ ұлттық ерекшiлiктер мен т.б. қасиеттер белгiсiн айқындауға қатысы барлығын байқауға болады. Өсiмдiктердiң ерекшiлiктерi мен олардың өздерiне тән атқаратын қызметiне байланысты бiрнеше топқа бөлiп қарау-тiл бiлiмi дәстүрiнде бар принцип. Бұл ӨБТТ-дiң де табиғатын терең түсiнудiң жолы‚ тәсiлi болып саналады. Этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеліп отырған ӨБТТ-ді‚ тақырыбымызға лайықты бiзге дейiн халық санасында жiктелiп қойған топтарды‚ яғни халықтық тұрғыдан топтастыруды дұрыс деп ойлаймыз.

Топтастырудың осы бiр тәсiлi арқылы бiз ұлан-ғайыр тiлдiк деректердiң тереңiнен өзiмiзге керектiлерiн бөлiп алып‚ оның табиғатын жан-жақты қарастыруға‚ сырына тереңiрек үңiлiп, тiлдiк сипатын‚ iшкi мазмұнын айқындай түсуге мүмкiндiк аламыз.

ӨБТТ-дi жинастыру барысында қазақ халқының тарихына қатысты Қазақ қайың сауды‚ қырғыз Гиссар ауды мақалын кездестiрдiк. Бұл ХII-ХIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезiнен қалған қанатты сөз. Н.Төреқұлов онда елiнен‚ жерiнен ауып‚ қуғын көрген‚ ашығып, азап шеккен қазақтардың қайың қабығын сорған‚ қырғыздардың тәжiк тауларын паналап‚ Гиссар ауған кездерi бейнеленген деп көрсетедi (101.Төреқұлов Н. Қанатты сөздер. -Алматы: Жазушы, 1977. – 236 б. 142). І.Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгiнде бұл тiркес‚ «қазақ қайың сауғанда‚ қырғыз Ысар кiрген» деп берiлген. Бұл қырғызша «Казак қайың сааганда‚ Кыргыз Ысар кирген» дегеннен алынып отыр (102.Кеңесбаев С. Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi.Алматы: Ғылым. 1977.-711б.102.707) Тарихи оқиға жайында Ш. Уәлиханов: «Зюнгарлар тұсында қалмақтардың күшi әр уақытта басым болған және қырғыздардың Шу өзенiнiң бойынан Ғиссар мен Бадахшанға‚ ал ендi қайсақтардың Бұхараға үдере көшiп қашып кетуiне себеп болған Галден-Цереннiң сұмдық қырғыны 1723 жылы болғандығын» (103.Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1980. – 416б.103.158) деп жазады. Сонымен‚ бұл мақалдың шығуына белгiлi тарихи оқиға негiз болған және Ысар// Гисар// Ғиссар қазақ тiлiнiң орфоэпиялық заңына негiзделiп алынған тәжiк елiндегi жер аты.

Ел-жұртқа қатысты ТТ:

Ер -елiнде‚ гүл-жерiнде; ер ұлсыз болмас‚ жер гүлсiз болмас; гүл өссе‚ жердiң көркi‚ қыз өссе‚ елдiң көркi; бетеге‚ жусан бел көркi; бiлiмдi ұл-қыз ел көркi; Едiлдiң бойы ен тоғай‚ ел қондырсам деп едiм; гүлденсе ауыл гүлденемiз бәрiмiз; туған жердiң жуасы да тәттi; рулы ел‚ ұялы терек т.б.

Кәсiпшiлiгiне қатысты ТТ:

Ши тарту‚ шым ши‚ ақ ши; тез қасында қисық ағаш жатпас; ағаштан түйiн түйген; жалбызды жерде жан қалар; егiн ексең‚ бидай ек‚ құт кетпейдi даладан; тары жеген тарықпас; күрiш жеген арымас; күрмек жеген жарымас; қауыны таланса‚ иесi қос қолдап жұлар т.б.
Салт-дәстүр, дінге қатысты ӨБТТ.Халықтық өлшемге қатысты ӨБТТ

Дiнге қатысты ТТ:

ӨБТТ iшiнде дiни /культтiк / ұғымға байланысты құдайдың қасиетi‚ құдiретi туралы қалыптасқан бiрен-саран ғана ТТ бар. Олар: құдайсыз қурай да сынбайды; құдайым берейiн десе‚ жұдырыққа тас сынады‚ қимайын десе‚ бұршаққа тiс сынады т.б.



Салт-дәстүр‚ әдет-ғұрыпқа байланысты ТТ.

Бұл топқа жататын ӨБТТ қазақ халқының бай салт-дәстүрi‚ әдет-ғұрпына қатысты туындаған көне де байырғы ұғымдар. Мысалы, ерте көктемде көк шығып‚ көкек айы туғанда күн күркiрейдi‚ найзағай жарқылдайды. Осы кездi бiздiң ата-бабамыз – күн күркiредi‚ көк дүркiредi - деп үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғаш күннiң күркiреген сәтiнде киiз үйдiң босағасына‚ маңдайына‚ табалдырығына ағаш шөмiштi тигiзiп тiлеу тiлеген. Осыны «шөмiш қағу» [104.Төреханұлы Ә. Шөмiш қағу. // Ана тiлi. 1994. 02.06.] – дейдi. Күн күркiремей тұрып‚ табиғи көкөнiстi жеуге‚ суға шомылуға тиым салынған. Күн күркiрегеннен кейiн ғана тау-тасқа шығатын табиғи жуалар мен сарымсақтарды асқа қосып жеуге қариялар рұқсат берген. Бұның өзi ата-бабаларымыздың табиғатпен бiте қайнасып‚ табиғатты өмiр тiршiлiгiнiң көзi еткендiгiнiң тағы бiр көрiнiсi.



Өлеңдi жерге өрт қойды – жүрген жерiн у-шу қылатын пәтуасыз‚ берекесiз адам туралы айтылатын өлеңдi жерге өрт қойды тiркесiнiң осы ұғымда қалыптасуына негiз болған қазақтың күзде немесе жәндiктер тiрiлмей тұрып‚ ерте көктемде көктiң шығуына кедергi болмасын деп‚ қураған шөпке өрт қоюы себепшi болған. Қойылған өрттi қадағаламаса‚ көптеген зардап әкелетiнi туралы В.К.фон-Герн былай дейдi: «В высокой степи беспечные казахи‚ пуская палы‚ вовсе не думают о тех ужасных несчастьях‚ причиной коих могут быть и частые палы» [105.Герн. ф. ВК. Палы. Характер и нравы казахов. Караганда. ТОО Номади и К . 1995.-40б.]

- аққұла алымы–алғашқырет қырмандалған астықтан алынатын алым. «Аққұла» көбiне дiн иелерiнiң пайдасына алынған. «Аққұла»-бекер-босқа деген ұғымды бiлдiредi.

- бидай қандау – бидайды ұшырып, тазалап болып, қаптар алдында жасалатын ырым. «Қан берсең, дән берем» деп мал сойып күректi қандап, қырманға қарай шашатын әдет (106.71).

- шыққан қыз шиден тысқары – қазақ халқының салтында қыз бала жат жұрттық деп‚ ұзатылған қызды шыққан қыз шиеден тысқары‚ яғни алтын босағасынiкi деп жатады. /«Келiнiңнiң дiнi не деген қатты едi‚ Мейрамгүл … Жолдың ар жағынан берi өтiп‚ үйге кiрiп шай-суын iшiп шықса қайтар едi. Шыққан қыз шиден тысқары деген осы екен ғой деп ойлап‚ қара үзiп кеткенше қарап тұрамын» [Мырзахметтегi Р. Құдасын құдайдай көрген // Ана тiлi 1994. 15.09].

- бұршағым биттегенде көргенiм – қазақ үшiн құлындамаған бие‚ бала таппаған әйел жаман. Осыған бола кейбiр әйелдер өз уағында бала көрмесе‚ мойнына тәспих құсаған бұршақ тағады. Бұнысы аллаға жалынып‚ бiр бала бер дегенi. Мойнына бұршақ таққан әйелдердiң кейбiрi елуге келгенде балалы болады. Сонда осындай әйелдер баласын бұршағым биттегенде көргенiм Жүнiсов А. Мойнындағы бұршақ. // Ана тiлi. 1994. ғой деп‚ басынан құс ұшырмай отырады. Бұл жердегi бұршақ «көген« ұғымында емес‚ «өсiмдiктiң ұрығы‚ түйiнi түсiп өнер» деген мағынада қолданып тұр. Сонымен бұл тiркес «өсiмдiк сияқты көгерiп‚ көктеп тамыр жайсам‚ дүниеге ұрпақ әкелсем» деген тiлектен туындаса керек.

Салт-дәстүр‚ әдет-ғұрыпқа байланысты ӨБТТ-дi бұл топта көптеп кездестiрiп‚ санамалап көрсетуге болады.

Ұлттық дүниетанымға қатысты ТТ

Қазақы дүниетанымды бойына сiңiрген бейнелi сөз өрнектерiнiң ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен‚ халықтық пайымдауымен астасып‚ үндесiп жатады. Мысалы, өз басында билiгi жоқ‚ әркiмнiң жетегiнде жүргендi‚ жеңiлтек желкүйездердi қазақ Жиренше шешенге қатысты аңызда айтылатын ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi нақылымен әсерлей айтады. Ш.Мұртазаның еңбегiнен мысал келтiрейiк: «Атамекенiң‚ алтын бесiгiң – Қазақстан. Одан тамырың үзiлiп қалмасын. Қаңбақ дейтiн шөп болады‚ қауқиған шар сияқты‚ тамыры осал болады. Жел тұрғанда тамыры үзiлiп‚ домалай бередi. Ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi. Қаңбақта отан болмайды. Сондайдан сақтасын. Отаның Қазақстан‚ Ескендiр, естiдiң бе?» .Мұртаза Ш. Тамұқ. -Алматы: Ата мұра -Қазақстан.1994.Осы оралым «қаңбақ» өсiмдiгiнiң биологиялық сипатын пайымдай бiлген халқымыздың тамыры осал қаңбақтың отандық сезiмi‚ намысы осал адаммен ұқсастығын шендестiре‚ салыстыра бiлгендiгiнен тiлдiк қолданысқа енген. Өсiмдiктiң жаратылысына сай құбылысын оңтайлы тауып‚ адам бойындағы мiнез сипатына ұтымды теңестiру нәтижесiнде: қамыстай жапырылу‚ шыбықтай майысу. / «Аю алып батыр сияқты. Бауырына кiрiп кеткен Алешка шыбықтай майысты [134.Кеңесбаев 1. Қазақ тiлiнiн фразеологиялық сөздiгi. -Алматы: Ғылым. 1977. -711 б.134. 280]/: қауға тиген өрттей және ебелек қағу т.б. ТТ-терi түзiлген. Ебелек қақты фразеологизмнiң бәйек болған‚ қалбалақтаған‚ ұшып-қонған мағынасына негiз «ебелектiң« жел соғар соқпастан қимыл-қозғалысқа келiп‚ қалбалақтауы. Ебелектiң алғашқы түбiрi «ев» немесе «еп» тұлғаларының өзi-ақ «жедел қимылдау»‚ «асығу» мағыналарын берген. Әрi дәрменсiз‚ әлсiз‚ ұшып-қонған жеңiлтек‚ ұшқалақ адамды да ебелекке ұқсатып жатады. «Ебелек қағу» фразеологизмiнiң қалыптасуына «ев»‚ «еп» тұлғасының асығу‚ қалбалақтау мағынасы тiрек болған.

Жер жағдайын бажайлауға келгенде де қазақтан сыралғы жоқ болар: жердiң соны шөбiн киiк бiлер‚ жайылым жердiң көкорай шалғынын құнан бiлер /Қорқыт/; ат жемейтiн ащы шөптiң гүлденiп өспегенi жақсы; көкек ұшпас‚ көкпек шықпас жер; жерiңдi баптай бiлсең‚ астықты қаптай бiлесiң; сайдың шөбiн жеген бiлер‚ түздiң шөбiн бөкен бiлер т.б.

Табиғат құбылысын сипаттайтын: күн бiр жауса‚ терек екi жауады мақалын Р.Г. Ахметьянов «қырғызда terngerim bir зaasa, tegerim eki зaajt. Если бог мой дождит раз‚ terek мой дождит дважды говорят о том‚ что слово terek означало защитника» деп көрсетедi. Әрине‚ терегiң болса‚ тiрегiң болар немесе татардың bilancikbasybisterаk, bilgitiktailutyrt /Исәнбәт, /III,71/ иелiгiнде бес терек белгi тiк те‚ ел қондырт тiркестерiнде терек [111.Ахметьянов Р.Г. «Лес»‚ «Дерево»‚ и «Барс» у тюрков //Советская тюркология. 1980. N5.90 б.] сөзi қорған мағынасында тұр. Ал күн бiр жауса‚ терек екi жауады мақалының қалыптасуына iркiлiп жиналған жаңбыр суының лүп еткен желден қозғалысқа енген жапырақтардан шайқалып төгiлуi себепшi болған.



г) Халықтық өлшемге қатысты ТТ

Қазақ халқының тарихи өмiрiнде орын алған iс-әрекеттер мен белгiлi бiр күнделiктi тұрмыста тұтынатын заттарына‚ еңбек құралдарына т.б. өз тұрмыс-тiршiлiгiне сай өлшемдiк ұғымның орнығуына байланысты қазақ тiлiндегi өлшем мағынасындағы сөздер мен сөз тiркестерi қалыптасқан. Қазақ дәстүрiнде қалыптасқан уақыт‚ кеңiстiк, қашықтық‚ көлемдiк‚ сандық‚ салмақтық т.б. толып жатқан өлшемдiк ұғымдар кейде ӨБТТ арқылы да сипатталады.



Уақыт өлшемiне қатысты ТТ:Көшпендiлер әулетi үшiн шаруаның арқа-басы кеңiп аққа аузы тиген‚ қардың ерiп‚ көктiң шыға бастайтын кезi‚ яғни көктiң шығуы уақыттың объективтi критериi болып саналған. Мысалы, көк шықты‚ көк дүркiредi‚ шөп жетiлдi‚ шөп қуарды. Кез келген өсiмдiктердiң көктеп жер бетiне қылтиып шығуынан бабына келiп пiсуiне дейiн тиiстi мезгiлi болатын көк шөп айлық‚ үш айлық‚ үш айдан соң шошайдық тiркесiнен көруге болады. Сол сияқты кезеңдiк жұмыстың уақытын бiлдiретiн: пiшен шауып жатқанда; егiн орғанда‚ ал қазiргi жарты сағат мөлшерiн бiлдiретiн тiркеске шай қайнатым сияқты сөз тiзбектерi жатады.

Мөлшерлiк ұғымға байланысты ТТ:сыңсыған жидек‚ жайқалған егiн‚ қара орман /халық/‚ ну орман‚ шопақ құрлы көрмеу т.б7

Сандық ұғымға қатысты ТТ:жетiмге жетi бидай да тамақ; қасық тары ботқа болмас; жер жемiсiн жетi аса; көктемде жерге түскен бiр дән‚ күзде мың дән; бiр орын шөп т.б.

Алғыс, қарғыс‚ тiлек тiлеу‚ мадақтауға қатыстыТТ

Алғыс мәндi тұрақты тiркестер ауызекi тiлде‚ халық ауыз әдебиетiнде‚ көркем шығармада жақсылық болсын деген мақсатпен iзгi ниет бiлдiру түрі кең тараған. Қазақ тiлiндегi сөз иелерiнiң бiр-бiрiне деген жағымды көзқарасын бiлдiретiн алғыс мәндi ӨБТТ-де туыстық‚ жолдастық‚ достық‚ iзгiлiк қарым-қатынас әрекетiне байланысты пайда болған. Алғыс асқан қуанышпен‚ ризалық сезiммен‚ шын жүректен айтылады. Алғыс мағынасындағы тұрақты тiркестердi:

Адам қуанышты жағдайға кез болғанда: қадамыңа гүл бiтсiн; өркенiң өссiн т.б.

Үй-iшiне амандық‚ береке тiлеу: көлеңкелi қаба ағашың кесiлмесiн; көсегiң көгерiп‚ көрпең ұлғайсын; жазың жауынды‚ бағың жемiстi болсын; табаныңа қадалған шөгiр /шөңке‚ тiкен/ маңдайыма қадалсын т.б.

Сапарға шыққалы тұрғанда: қадамыңа гүл бiтсiн; жолыңа гүл бiтсiн т.б.

Болып жатқан iстiң үстiнде айтылатын: (136136.Болғанбаев Ә.Қазақ тiлi лексикологиясы. -Алматы: Мектеп. 1979. -176б.) егiн салып жатқанда; салар көбейсiн; жинап жатқанда: алар көбейсiн; қырман толсын; қызыл қырман болсын; т.б.: шөп шауып жатқанда: шабар көбейсiн; еңбек жемiстi болсын т.б.

Өнерлiге‚ жастарға айтылатын: өркенiң өссiн; құшағың гүлге толсын т.б. топтастыруға болады.

Ә.Болғанбаев алғыс мәндi тiркестердiң пайда болуы дiни сенiммен тығыз байланысты дейдi. Олар арқылы адам баласының өмiр тiршiлiгiн оңайлатуға немесе қысқартуға болады деген ұғымнан келiп туған [113.Болғанбаев Ә. Қазақ тiлiндегi алғыс-қарғыс мағынасындағы тұрақты сөз тiркестерi. Қазақ тiлi мен диалектологиясының мәселелерi. 2-шығуы. -Алматы: Ғылым. 1960. 117-121б.Б.117]. Қарғыс ерекше ренiш пен наразылықтан туады.

Қарғыс мәндi тұрақты тiркестер жағымсыз көзқарастан туған. Адам баласының қоғамдағы немесе үй iшiндегi бiр-бiрiне жасаған дұшпандық‚ жамандық қарым-қатынасынан‚ iс-әрекетiнен шығады. Жағымсыз iс- әрекеттiң иесiне жауап ретiнде қарсы адамның күштi сезiмi пайда болады.

Мысалы, басқан жерiңе шөп шықпасын – ісiң оңбасын‚ қырсық‚ кесiр арылмасын; шөбiң жапырылмасын – малсыз‚ тып-типыл бол деген мағынада; батық тисiн басыңа – басыңа шоқпар тисiн /«батық»- ағаш сапты шойын шоқпар; өрiсiңдi өрт‚ жайлауыңды жау алғыр – жамандық айнала шырмасын‚ жау жағадан‚ бөрi етектен алсын деген мағынада; жуадай солғыр – тез өлiм тап‚ қыршыныңнан қиыл деген мағынада; жүзiмiң үзiлiп‚ жуадай солғыр – ардақтың қаза тауып‚ соның қайғысынан қан жұт деген мағынада; жолыңа жуа шықсын – жолың болмасын‚ iсiң алға баспасын деген мағынада; көктей сол‚ көктей үзiлгiр‚ көгермей көктей солғыр – жастай қайғыға ұшыра‚ өспей жатып өш деген мағынада.

Тiлiмiзде «көгеру»‚ «көк шықты»‚ «көкке аузы iлiктi»‚ «көсегесi көгергiр» деген тәрiздес ұялас сөздер мен сөз тiркестерi бар. Соның бәрi сайып келгенде өмiр сүру‚ жаңару – жасару‚ мұратқа жету деген ұғыммен төркiндес. Табиғат оянып‚ тiршiлiк бiткенге жан беретiн жыл мезгiлi де көктем деп аталады. Қарғыс бiткеннiң қатерлiсi де «көктей солғыр» болып келген. Алғыс-қарғыс мәндi ӨБТТ негiзiнен ұлттық дәстүрге тән‚ ғасырлар бойы қалыптасқан қолданыстар. Олар‚ көбiнесе‚ бұйрық рай формасында; -қыр/ғыр‚ -кiр/гiр; сын/сiн т.б. тұлғада алынады.
Өсімдіктің түр-түсіне, жан-жануарларға байланысты қалыптасқан ТТ-ң этнолингвистикалық сипаты

Тiлiмiздегi түр-түс атауларының барлығы бiрдей ТТ компонентi бола алмайды. Мәселен орыс тiлiнде түр-түс атауларының ұясы болып табылатын 30 сөздiң тек 14-i ғана фразеологизмдер құрамында қолданылып ТТ жасайды екен. Ал қазақ тiлiнде фразеологизмдер құрамынан төмендегiдей түр-түс атауларын кездестiремiз: ақ‚ қара‚ қызыл‚ көк‚ сары‚ қоңыр‚ ала‚ боз‚ құба‚ жасыл [114.Қалымова Ж. Фразеологизмдердегi түр-түстiң сипаты. //Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1992. N5. 6-7.6].

Ақ түске байланысты ТТ.

Ақ түстi халқымыз ежелден адалдық пен берекенiң‚ кiршiксiз тазалықтың белгiсi деп санайды. ӨБТТ-дiң iшiнде «ақ» сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынандай мағыналық топтарға бөлiнедi: Аппақ‚ кiршiксiз‚ сымбатты: аршыған жауқазындай; ақ борықтай; аққұба; бидай өңдi т.б.Дәндi-дақылдың түрiн: ағаяқ бидайық; ақ бидайдың қадiрiн ашыққанда бiлерсiң; ақ бауыр тары; ақ тон; ақ көйлек (ШҚО. бидайдың қабығы); ақ сүттендi; ақ егiс; ақ егiн; ақ үрпiктендi; ақ сабан; ақ талқан т.б. Мал азығы: ақ от т.б. Өсiмдiктiң ақшыл түсiн: ақ баттауық (сулы жерде өсетiн ақ шөп); ақ сора / биiктiгi 30-75 см. шала бұта/; ақ қайың; ақ селеу; ақ собық / собықтың әлi пiспеген‚ сүттенiп тұрған кезi / т .б. Құрал- жабдық ұғымында: ақ сойыл; ақ құлақ шелек /айран‚ сүт құятын шелек / ақ сөңке/; саңғырап кепкен отын/ т.б. Қызметiне қатысты: ақ жүрек /ШҚО. дененiң қызуын қайтару үшiн‚ ем ретiнде пайдаланатын терiскен тәрiздi шөп/ т .б.

Қара түске байланысты ТТ.

ӨБТТ-дiң iшiнде «қара» сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынандай мағыналық топтарға бөлiнедi: Азық ретiнде: қара азық; қара от; қара талқан т.б. Көп‚ сансыз: қара ағаштан қалың; қара орман; қара шағыр қамыстай т.б. Өсiмдiктiң түсiн: қара меңдуана; қара бұрыш; қара барқын тартты/ барқын бөктерде өсетiн еркек шөп‚ барқындай көк майсаланып‚ қара түске ену./; қара сексеуiл; мойылдай қара; қара өлең; қарабас шалғын; қара меңдуана жегенсiң бе? т.б.

Көк түске байланысты ТТ

Көк сөзi түстi бiлдiрумен қатар: көк – аспан атауы: көк – шөп және өсiмдiк атауы: көк – тәңiр атауы. ӨБТТ iшiнде көк сөзiнiң қатысуымен жасалған ТТ мынадай мағыналық топтарға бөлiнедi: Көк түстi бiлдiретiн; көк сабақ болу; көк ала сақал болу; көк қасқа бетеге т.б. Жас жетiлмеген: көк сабан болды /дән алмады‚ басына түк шықпады/; көк сағал /шала пiскен/ көк балауса т.б. Мал азығы‚ шөп: көкке тойды; көкке аузы iлiну; көк майса; көкорай шалғын; көк азық‚ т.б.

Сары түске байланысты ТТ

ӨБТТ iшiнен сары түске байланысты ТТ мынадай мағыналық топтарға бөлiнедi: сары түстi бiлдiретiн: сары өрiк; сары қазыны кертiп жеп‚ сараңдар отыр жоқпыз деп. Сары қауынның қағын жеп‚ сақылар отыр тоқпыз деп; сары мия; мұз сарғалдақ /таудың мұз қатқан жерлерiне өсетiн кiшкене сары түстi гүл [115.ҚТТС -Алматы: Ғылым. 1984. 7т-620б.243]; сары қараған; сары құлақтану; сары балақ тарту т.б. Ұзақ қудалау мағынасында: сар/ы/ iзiне шөп салу т.б. Ұзақ күту‚ сарғаю‚ қайғыру мағынасын бiлдiретiн: оған запыран өсiмдiгi жатады. Бұл өсiмдiктiң осылай (лат. крокус (crocus) аталуына аңыз бойынша ғалым‚ жиһангер‚ аруақтар‚ көпес‚ ұры және iрi қара малдың жебеушiсi – Герместiң әскери шеберлiгiн көрсету үстiнде досы Крокусты өлтiрiп алғанда‚ оның қаны тамған жерге өсiп шыққан өсiмдiк себепшi. Оның ерекше иiстi‚ гүлi сары болуына байланысты және аңыздағыдай қайғылы оқиғаға қатысы барлығынан запырандай солу‚ запырандай сарғаю‚ запыран құсу тiркестерi қалыптасқан. (Запырандай сарғаю – «Күйiктенiсте зар‚ зарлы өлең‚ зарлы жоқтау‚ зарлы қарғыс көп болмақ. Айталық: запырандай сарғайдым‚ қарап сенiң жолыңа‚ неге тудың анашым‚ тартатын бұл сорыма. Iш-бауырым езiлiп‚ елжiрейдi амал не; Түскенiм ғой қайғының қасiреттi торына [116.Тiлеуқабылұлы Д. Шипагерлiк баян. Алматы: Жалын, 1996.-464б. 120] запыран құстым: «Пенделiк қайғы өттi қарынға Құйдырғылық тудырмақ‚ соның үшiн «Зар құштым‚ запыран құстым» – деулiгiмiз осыдан болмағы шарт; Запырандай солу. «Запырандай солғанмын‚ үш жыл тұтқын болғанмын» [117.Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы: Ана тiлi. 1993.-255б.162].

Қызыл түске байланысты ТТ

Қызыл түсiн бiлдiретiн; қисық бұтаққа да қызыл жиде бiтедi; шие қызыл; қызыл қайың т.б. ӨБТТ iшiнде ақ‚ қара‚ көк‚ қызыл‚сары сөздерiнен жасалған ТТ- ден басқа боз / боз қаңбақ/: құба /Сырдың құба талындай/: ала / ала бүйрек тары‚ ала бұтаға ат бекiтпе/ сөздердiң қатысуы арқылы қалыптасқан ТТ де бар.



ж) Хайуанаттар дүниесiне қатысты ТТ

ӨБТТ-дiң мағыналық тобын қарастыра отырып‚ қазақ халқының ғасырлар бойы тұрмыс тiршiлiгiмен сабақтас болып келген күн көрiсi: азығы‚ киiм-кешегi‚ құрал-жабдығына айналған төрт түлiкке‚ сахара төсiн ен жайлаған аң-құсқа‚ суын мекендеген балығына‚ оларды сипаттайтын бейнелi сөз өрнектерiне тоқталмай өту мүмкiн емес. Тiлiмiзде жануарлар дүниесiне қатысты туындаған ТТ:

Төрт түлiкке байланысты ТТ жылқы малына қатысты (26) ТТ жиналды. Мысалы, андызды жерде ат өлмес; қашағанның шөбiн жұтқызбау; атты арпамен айда; ат раң етiн алды; көлдiң көркi -құрақ‚ жiгiттiң көркi-пырақ т.б. Қой-ешкiге қатысты (19 Т.Т.): шыбынды шыбықпен айдаған‚ шыбышты сырықпен айдаған; ақсақ қойдың аузына жел айдаған қаңбақ түсер; қыста қойыңды бақ‚ жазда шөбiңдi шап; шетендi қой төлдi болар т.б. Құстарға қатысты (20) ТТ: Әр құс өз үнiмен сайрайды‚ әр гүл өз түсiмен жайнайды; бұтаққа құс қонар‚ мақтаулыға сөз қонар; торғай қаққан тарыдай; саясы жоқ дараққа бұлбұл қонбайды; бозторғай момынсып жүрiп‚ бiр мойын тарыны тауысады; қарағай бойы қар жауса‚ жұтамайды сауысқан; көкек қонбас‚ көкпек шықпас жер т.б. Аңға қатысты (16) ТТ: Ердi намыс‚ қоянды қамыс өлтiредi; заманына қарай заңы‚ тоғайына қарай аңы; бөлтiрiктi қанша асырасаң да‚ тоғайға қарай ұлығанын қоймайды; тауына қарап тоғайы‚ шошқасына қарап торайы; бөрiнiң /табысы/ ортақ‚ құзғындiкi ағаш басында; жылан жалбыздан қашады‚ жалбыз аузын ашады; тасбақаның аузынан шөп алған адам; бақа оты; тышқан құлақтану /тарының тебендеп шыға бастаған кезi/. Итке қатысты (6) ТТ: Шөп қорыған ит; ит түйнек /пiспей жетiлмей қалған қауын қарбыз /иттен сауын болмас‚ иттүйнектен қауын болмас; көп жортқан ит күшалаға жолығар; жақсы болса жаужұмырды /шөл‚ шөлейт жерлерде өсетiн көп жылдық шөптесiн өсiмдiк/ ит жей ме? т.б. ғ) Балыққа қатысты (5) ТТ: Қарағай басын шортан шалды; балықты көлде балдыр көк‚ балдырды құртсаң балық жоқ т.б.

Халқымыз жан-жануарлардың мiнез-құлқын‚ дағдысын ұқыптылықпен сұрыптап‚ терең түсiнiп‚ оларды адамның әр қилы әрекетiн меңзей айтатын даяр қолданыстарға айналдырып‚ ТТ ретiнде тiлдiк қолданысқа енгiзгендiгiне жоғарыда келтiрiлген мысалдар дәлел.


Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Тарихи оқиғаға қатысты қалыптасқан тағы басқа қандай тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді білесіз?

  2. Қазақ тіліндегі уақыт, кеңістік өлшемдерінің негізгі ерекшеліктері неде?

  3. Сөздің құдіреті, тілдің қасиеті туралы қандай этнолингвистикалық бірліктерден байқауға болады?



Жоспар:

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 9дәріс тақырыбы:



Жоспар:

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 10дәріс тақырыбы:



Жоспар:

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 11дәріс тақырыбы:



Жоспар:

Дәрісті қорытындылау:

Бақылау сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

№ 12дәріс тақырыбы:



Жоспар:

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет