Оқу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#40237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Омофондар. Тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер кездеседі; оларды омофон деп атайды. Мысалы, 1.ащы-дәмі ащы, 2.ашшы-есікті аш деген сөздердің айтылуында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ олардың жазылуы әр түрлі.
Жазылуы бірдей, бірақ әр түрлі айтылатын сөздерді омографтар немесе омограммалар дейді. Алайда, қазақ тілі лексикасында олар жоқтың қасы. Мұндай сөздердің алдымен, тілдегі дауыс екпіні әсерін тигізеді. Соның салдарынан қазақ тілінде омографтарды кездестірмейміз.[16 61-62 беттер]
Сөз варианттары. Тілдегі синонимдер иен омонимдер мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан болсын әрқайсысының өзіндік дербестігі бар
жеке-жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әртүрлі варианттарымен шатастыруға болмайды.
Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары деп атаймыз. Мысалы, риза-разы-ырза, дәнеме-дәнеңе, әжуа-ажуа, жұбану-жуану-уану, т.б.
Сөз варианттары мынадай 3 түрлі белгі арқылы ажыратылады:
а) сөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық болуы қажет.
б) лексика-семантикалық жалпылығы (ұқсастығы) сақталу қажет.
в) дыбыстық өзгешілігі лексика-семантикалық өзеріс тудырмауға тиіс.
Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі не одан да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттың әрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз болып қалыпстасады. Мысалы, әл-хал, қисп-есеп, қарекет-әрекет, қағида-кәде, хайуан-айуан, табиғат-тәбет, мағлұмат-мәлімет.
Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас келген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүлдем болмайды. Мысалы, садақ-садаға, кузеу-күзек, қыстау-қыстық, қоңырсу-көңірсу, пысылдау-пышылдау.
Сөз варианттарының тағдыры негізінен екі түрлі жолмен шешілу мүмкін. Сөз варианттарының
1. Екі түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлінуі мүмкін. Мысалы, ащы-ашты, ыстық-ыссы, тәрізді сөз варианттары. Орыстың горький-соленый, горячий-жарко сөздерінің баламасы ретінде екеуі 2 бөлініп кетуі ғажап емес.
2. Әдеби тіл мен сөйлеу тілінің ыңғайына қарай 2 салаға телінді болып қолданғандығы сөзсіз. Мысалы, әне-әні, кәне-қане, міне-мінеки, өйткені-үйткені, қария-кәрия, қазір-кәзіргі дегендердің алғашқы варианты әдеби тілде жиі қолданылады.
Фразалық тіркестер. Қазақ тілінің бай қабаттарының бірі - фразалық тіркестер. Бұларда қазақ тіліндегі жеке сөздер сияқты ұзақ дәуірлердің жемісі. Егер осыдан 900 жылдан бұрын «Дивану-лұғат-ат-түрік» атты сөздікте кездесетін көп мақалдар ағыз йесә көз уайазұр - ауыз жесе, көз ұялар, Бір қарға бірлә қыш келмәс, сүсэгэн удқа тәңрі мөңүз бермес- сүзеген сиырға құдай мүйіз бермес.
Сөздердің жеке мағынасы сақталып, сақталмауы жағынан фразалық тіркестер 2 топқа - идиомға, фразаға бөлінеді.
Сөздің лексикалық мағынасы деп, әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандығы (статистикалық күйдегі) нақтылы я негізгі мағынасын айтады. Сөздің лексикалық мағынасын сөздердің тура, негізгі
мағынасы деп атайды. Мысалы. Бала, кітап, жолдас, алып, оқыды деген сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасы бар және жеке-дара күйде тұр.
Ал сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындап, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?
3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?
4. Сөз варианттары дегеніміз не?
5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – А., 1975
2. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. – А., 1976.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А., 1996
4. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А., 1997.

2 Модуль. Сөз мағынасының дамуы


№2 Дәріс тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру себептері
Жоспар:
1. Сөз мағынасы өзгеруінің сыртқы және ішкі себептері.
2. Ауыспалы мағынаны тудыратын тәсілдер.
3. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша өзгеруі.
4. Метонимия, жасалу жолдары.
5. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе керісінше қолданудің негізінде сөз мағынасының ауысуы.
Мазмұны: Сөздің әр түрлі мағынаға ие болуы сөз мағынасының өзгеруі, ауыспалы мағынада қолданылуы нәтижесінде іске асады. Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жалпы мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар: 1. сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері; 2. тілдік немесе лингвистикалық себептер. Бұл себептердің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі (дифференциялануы) сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды.
Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге, 1) «идея, бағыт», 2) «тәсіл» тәрізді абстракты, қосымша (туынды) мағыналарға ие болған.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, мысалы, бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең саладан тар немесе арнаулы бір салаға, мысалы, жалпыхалықтық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса, оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір ұғымды білдіретін терминдік мағынаға ие болады. Мысалы, түбір деген сөз жалпыхалықтық лексикада «күллі өсімдік атаулының жерде қалған тамыры мен түбі» деген жалпылама мағынаны білдірсе, арнаулы бір сала, лингвистикалық терминологияға ауысқанда, «түбірлес сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы түп бөлшегі, морфема» деген арнаулы терминдік мағынаны білдіреді.
Сөз мағынасы қоғамның дамуы, қоғамдық қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріп түрленуі де мүмкін. Мысалы, ағылшын тіліндегі feon деген сөз алғашында «мал» деген мағынаны, онан кейін «қозғалатын зат атаулыны», ақырында келіп «ақша» деген мағынаны білдірген (И.В. Арнольд. Лексикология современного англиского языка. М., 1959, с. 68). Белгілі бір тарихи дәуірде байлық атаулы малмен өлшеніп, құны (бағасы) сонымен айқындалатын болған.
Сөз мағынасы функционалды семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін. Функционалды семантика заңы заттардың қызмет бірлігіне негізделеді. Бір зат басқа бір затпен ығыстырылып алмасады да, соңғысықызмет бірлігіне қарай, алғашқы заттың атауымен аталады.
Қоғамның даму барысында жаңадан танылға заттар мен құбылыстарды тілде сөзбен атау әр түрлі тәсілдер, соның ішінде сөз мағынасының өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы арқылы да іске асады. Сөз мағынасының өзгеруіне, оның жаңа, қосымша мағынаға ие болуына әсер ететін сыртқы себептер осылар.
Сөз мағынасының өзгеруінің сыртқы себептеріне қарағанда, ішкі, яғни лингвистикалық (тілдік) себептері тіл білімінде аз зерттелген. Сөз мағынасының өзгеруінің лингвистикалық себептері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрі ақыр аяғында мағынаға келіп тіреледі: сөз жеке-дара күйінде емес, басқа сөздермен әрқашанда белгілі бір байланыста, қарым-қатынаста өмір сүреді. Тілдің сөздігі бытыраңқы сөздердің ретсіз жиынтығы емес, сөздердің барлығы жиналып келіп және өз ара қарым-қатынаста бола отырып, оның лексика-семантикалық жүйесін құрайды. Жаңа сөз немесе жаңа мағына тілдің лексика-семантикалық жүйесіне келіп қосылғанда, ол тілдің лексикасында бұрыннан бар сөздердің мағыналарымен, әсіресе өзімен синонимдес келетін сөздермен, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай қарым-қатынастың өзі екі жақты болуы мүмкін: тілдің лексика-семантикалық жүйесіне келіп қосылған жаңа сөз немесе
жаңа мағынаға сөздік құрамда бұрыннан бар сөздердің әсер ететіні сияқты, сөздік құрамда бұрыннан бар сөздерге жаңа сөз немесе жаңа мағына да әсер етеді.
Сөз мағынасының өзгеріп, қосымша мағынаға ие болуына оның тұрақты сөз тіркестерінде немесе сөйлемде қолданылуы әсер етуі мүмкін. Сөз тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылу ыңғайына қарай, фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болса, сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай кейде грамматикалық байлаулы мағынаға немесе синтаксистік шартты мағынаға ие бола алады. Мысалы, жел деген сөздің «ауаның ағымы» деген мағынасы – бастапқы, негізгі мағына да, «бос» деген мағынасы – туынды, фразеологиялық мағына. Бұл соңғы мағына оның жел сөз деген тұрақты тіркесте қолданылу ыңғайына қарай пайда болған қосалқы мағынасы болып саналады. Мұнымен бірге сөз сөйлемде белгілі бір қызмет атқаруына, қолданылу ерекшелігіне байланысты үстеме мағынаға ие болуы мүмкін. Сөз мағынасының өзгеруінің ішкі себептері, негізінен алғанда осылар.
Сөз мағынасының ауысуы, келтірінде мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінде мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет