Ақтөбе облыстық ауруханының 40-қа жуық дәрігері шетелдерде тәжіребиеден өтті. «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша 52 медициналық нысан салынған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысына заманауи 600-ге жуық қондырғылар сатып алынды.
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласында туындап жатқан мәселелер.
1. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың төмен деңгейі.
2. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде негізгі дәрі-дәрмектердің халыққа қол жетімділігі толығымен қамтылмағаны.
Денсаулық сақтау жүйелері мемлекеттік, өндіруші мен медициналық көмек тұтынушы арасындағы қарым-қатынасқа сәйкес үш негізгі экономикалық модельдерге бөлінеді. (Рахимжанова., Шаяхметова., Сыздыкова, 2010)
•нарықтық принциптерге негізделген ақылы медицина;
•көпсалалы қаржыландыру жүйесімен нарықтық реттеу принциптеріне негізделген денсаулық сақтау жүйесі.
.
Украиндік ғалымдардың зерттеулері бойынша, бүгінгі таңда әлемде медициналық қызметті ұйымдастырудың үш негізгі үлгісі бар.
Медициналық ұйымдарды орталықтандырылған тікелей қаржыландыруды көздейтін және бүкіл халыққа тегін медициналық көмек көрсететін бюджеттік модель. Мұндай модельдің жарқын өкілдері - Ұлыбритания, Беларусь және Қазақстан.
Аралас модель - бюджеттік және жеке қаржыландырудың симбиозы. Ол Германияда, Францияда және азаматтардың әлеуметтік қорғалуына ортақ сипатта болатын басқа елдерде қолданылады.
Ерікті сақтандыруға негізделген американдық нарық үлгісі.
Сапалық әдіс ғаламтордан зерттеу сұрақтары төңіргенде мәліметтер іздеу, саралау, сараптау және оларды талдауды қамтыды.
Сапалық әдіс маманданған сұхбат алу, теориялық білімдері мен өмірлік тәжірибелері бар тұлғалармен тікелей сұхбаттасу - қажетті қосымша сұрақтар қою арқылы сараптамалық бағалау жүргізуге мүмкіндік берді.