Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан



бет3/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»
8сынып БЖБ, 1
Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.
Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×1023 моль-1.
Осыдан : 1) әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t,p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады; 2) Қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4л/моль болады. Олай болса, 1 моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.
Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің эквиваленті 1 моль, оттегінің эквиваленті 0,5 моль болғандықтан сәйкесінше эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады.
Химияның негізгі заңдары
Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.
Эквиваленттер заңы - әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.
Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.
Мысал 1. мына қосылыстардағы HCI, H2S, NH3, CO, CO2 элементтердің эквивалентін , эквивалент массаларын және эквивалент көлемдерін анықтау қажет болса, заттың эквивалент және эквивалент массалары анықтамасы бойынша хлордың, күкірттің, азоттың, көміртектің эквиваленті сәйкесінше
1 моль, 1/2 моль, 1/3 моль, 1/2 моль, 1/4 моль және эквивалент массалары 35,5г/моль, 16г/моль, 4,67 г/моль, 6 моль, 4 моль болады .
Элементтің эквивалентін және эквивалент массасын анықтау үшін олардың сутектік және оттектік қосылыстарына ғана қарамайды, қосылыстағы эквиваленті және эквивалент массасы белгілі басқа заттар арқылы да анықтайды. Мысал 2. 5,6г темір күкіртпен 8,8г темір сульфидін түзсе, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болатынын есептеу керек, егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль екені белгілі болса. Есептің шарты бойынша 5,6г темірге 8,8 – 5,6 = 3,2г күкірт келіп тұр. Эквиваленттер заңы бойынша 5,6г темір ------- 3,2г күкіртке эквивалентті
Мэ г/моль ------- 16 г/моль
Осыдан, Мэ (Fe) = 28г/моль. Темірдің эквивалент массасы оның атомдық массасынан екі есе кіші болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар, сондықтан темірдің эквивалнті ½ моль болады.
Күрделі заттардың эквивалент массасын эквивалент заңына сүйеніп мына формулалармен анықтайды: Мэ (оксидтің) = Моксид /элемент атомдарының саны × оның валенттілігі
Мэ ( қышқыл) = Мқышқыл / қышқыл негіздігі
Мэ ( негіз) = Мнегіз / негіздің қышқылдығы
Мэ ( тұз ) = Мтұз / металл атомдар саны × металл валенттілігі
мұндағы Мэ және М – эквиваленттің және қосылыстардың мольдік массалары. Қышқылдардың негіздігі қышқыл негізбен әрекеттескенде қышқыл молекуласының беретін протон санымен анықталады. Негіздердің қышқылдығы негіз қышқылмен әрекеттескенде негіз молекуласының қосып алатын протондар санымен анықталады. Тотықтырғыштың (тотықсыздандырғыштың) эквиваленті деп тотықсызданғанда (тотыққанда) 1 моль электрондарды қосып алатын (беретін) мөлшері. Тотықтырғыштың (тотықсыздандырғыштың) эквивалент массасы реакция кезінде қосып алған (берген) электрондар санына олардың молекулалық массасын бөлгенге тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет