Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан


ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ



бет6/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»
8сынып БЖБ, 1

1.3 ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ


Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т
(Т = 273 + t) анықтайды. Қысым 1,013×105 Па (760мм сынап бағ.) , температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р0, Т0 , t0 , V0 .
Бойль- Мариот заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V1p1 = V2p2 = …, яғни Vp = const, V1/ V2 = p2 /p1.
Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 . Тұрақты көлемде: р1/ р2 = T1/ T2.
Менделеев- Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V1p1/ T1 = V2p2/ T2 не V p/ T = V0p0/ T0 , егер күйлердің бірі қалыпты болса.
Кез келген газ үшін заттың 1 моль мөлшеріне V0p0 /T0 тұрақты және бірдей, оны универсал газ тұрақтысы R деп атайды, сонда V p = RT, ал n моль газ үшін Vp = nRT Vp = nRT. Сонда Vp = mRT/ M - Менделеев-Клапейрон теңдеуі. R – мәні көлем мен қысым өлшем бірлігіне байланысты болады. Есептерде көбінесе мына мәндер алынады: 22,4 л; 273К, 8,31 Дж×моль-1×К-1. Мысал 1. 5т құрамында 80% кальций карбиді бар ізбесті термиялық айырғанда 27°С температурада 100м3 көміртегі (ІҮ) оксидін жинап алу үшін қажет қысым көлемі қанша? Шешімі: Айрылған карбонат массасы: 5т×0,8 = 4т; М(СаСО3) = 100г/моль; Мына реакция теңдеуінен: СаСО3 ® СаО + СО2 4000×22,4/100 = 896м3 СО2 бөлінгенін есептейді. Vp /T = V0p0/T0, p = V0p0T / T0V , сонда (СО2) = 896×1,013×105×300/273×100 = 9,97×105Па = 1МПа. Егер масса арқылы есептесе, 4000×44 / 100 = 1760кг. р(CO2)=mRT/MV, p (CO2) = 1760×8.31×300 / 44×100 = 9.97×105 Па.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет