ОҚУ Әдістемеліқ кешен «Бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»


Дүниетану» оқыту әдістемесінің методикалық негізі



бет2/7
Дата16.01.2020
өлшемі0,53 Mb.
#56032
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ДНИЕТА~1


3. Дүниетану» оқыту әдістемесінің методикалық негізі

Биология дидактикасының әдістемесін оқытудың методологиялық негізі толықтай « Дүниетануда», сонымен қатар диалектикалық материализмнің философиясы болып табылады. Шын ғылыми оқыту процесін тану және оның заңдылықтарын ашу материалистік дидактикасыз мүмкін емес, себебі ол барынша толық және жан-жақты олардың қозғалысын объективті шындықты, өзара байланысын, өзара әрекеттестігін бірлік заңы тұсында және қарама-қайшылықпен күресінде ашады.

Биологияны оқытудың әділ заңдылық процесін ашу үшін және осы негізде орны мен ережесін орнатуда, биология ғылымының негізіне балаларды оқытуда басшылыққа алу керек, оқыту процесіне тән қарама-қайшылықты көре білу, қайшылықтарын ашу жолында талдау негізінде айқындау қажет.

Жалпы мектепте оқыту процесінде, көбіне «Дүниетануды» оқыту процесінде барлығын қамтитын бірлік заңы мен қайшылықпен күрестен тыс деп қарамау керек.

«Дүниетануды» оқытудың орталық кезеңі болып оқушылармен таным пәні және тірі табиғат құбылысы болып табылады. Табиғатты білмегеннен кейін оқушылар оқытушылар басшылығымен оны жан-жақты тануға, білімнің толықсыздығынан толық және көбіне дәлдікке барады. Бұл процесс өзінше диалектикалы және қарама-қайшы. Қайшылықты бүл процесте оқылатын табиғат көлемі мен оқушылардың субъективті ойын құрайды. Оқушылар, табиғат құбылысы мен пәні туралы ақпарат ала отыра оқытушылардан және өзіндік жұмыс процесінде де, биология ғылымының негізін меңгере отыра, кейбір шындықтарды біліп қана қоймай, олардың өара байланысын ашады, тірі табиғаттың заңдылықтарын туралы ғылыми түсінігін танып білгенін кеңейтеді.

Табиғат қуралы мен қубылысын тануда диалектика жарығында бастысы әртүрлі объектіні біле тура тек қана уқсастықтарын біліп қоймай, бір объектіден келесіге көшетінін көре біледі. Бұл жолда оқушылар есінде тірі табиғаттың тарихи қиялы қалыптасады және өмір барысының материалдық жетілуі түсіндіріледі.

Осылай, биологиялық білім диалектикасы табиғат тану процесі табиғат қубылыс диалектикасынан шығады.

4. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы

Оқыту әдісі кез-келген ғылым сияқты диалектикалық материализм философия негізінде қурылады және өңделеді.

Болашақ педагогикалық бір саласы ретінде әдістеме басқа ғылым бөлімдерімен негізі байланыста, әсіресе дидактикамен. «Дүниетануды» оқытудың әдістемесі өзіне тән заңдылықтарың дайындауда әдістеме жалпы оқыту заңдылықтарына тірелуі, дидактикамен бекітілген. Өз кезегінде, әдістеме дидактикаға қуралдарын кеңейтуге, жалпы оқыту заңдылықтарын білу үшін береді.

Оқушыларды болашақ қызметке дайындауға байланысты сурағын шешуде, әдістеме политехникалық білімнің мәселерін дайындайтын педагогика ғылымының осы бөліміне тіреледі.

«Дүниетануды» оқытудағы тәрбиелік мәні туралы сурақ әдістемесі дайындалады, тәрбие барысында үйлесімді жекелікте жалпы тәрбие заңдылығынан шығады.

Жаратылыстануды оқытуда әдістеме тарихы педагогика тарихымен байланысты.

Әдістеме табиғат туралы ғылымның ішінен оқу пәнінің мазмунын алады яғни білім беретін қуралын. Мектептегі биология курсын беру оқытушыдан биология ғылымы жағынан эрудицияны қажет етеді, теория жағынан да-табиғат қубылыстарын ғылыми дурыс түсіндіру үшін, тәжірибе жағынан да, табиғатты өсімдік пен жануарларды білуге қажетті, олардың анықтамасын, өсірілуін, препарат жасау, олармен тәжірибе жасауға қажет.

Мектеп пәнінің мазмұны ғылыми болуы тиіс. Биология ғылымының негізгі мазмұны және қарапайым биологиялық зерттеу әдістері «Дүниетану» оқыту өзіне тән әдістемесін анықтайды және басқа мектеп пәндерінің әдістемесінен ерекшелейді оны.

Мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында мақсат, көлем, құрылыс, әдіс және баяндау жағынан үлкен айырмашылық бар. Биологиялық ғылымның мақсат-зерттеу жолында табиғат туралы жаңа мәліметтер алу. Мектеп пәнінің мақсаты-ғылыммен алынған фактілермен заңдылықтар мәліметін оқушыларға жеткізу. Мектептегі пәнді оқытуға белгілі уақыт беріледі және оқушыларға нағыз бекітілген ғылым негіздерін жеткізеді, оларды басты ғылыми проблемаларымен керексіз хабармен артық жүктемей таныстырады.

Биологиялық ғылым, ботаника және зоология сияқты, өзінің дамуында дифференциялданды анатомияға, морфологияға, жүйеге, физиологияға, экологияға және т.б. бөлінді. Мектептегі пәнде тірі организмді білуде, жекелеген өсімдік пен жануарлар органдарын, сонымен қатар адамды осы ғылым элементтері біріктіреді интегралдайды. Оқытушыға әдістеме ғылым негіздерінде басты қажетті бөлшектерін дұрыс табуға көмектеседі, түсіну және есте сақтау үшін барынша жеткілікті оқу құралдары өзіндік объектіні оқытады және баяндайды. Бұл айырмашылық мектеп балаларының психологиялық жастарын ескере отырып, оқытудағы педагогикалық ерекшеліктеріне сай тарихи құрылды. Білім құрылысы мен олардың мазмұндық қалпы мектеп пәнінде басқаша-педагогикалық. Бұл туралы «Ғылыми және педагогикалық ғылымды мазмұндау-екі түрлі нәрсе, бүкіл мемлекет оқытушылары ғылыми педагогикалық жүйе жасау жолында еңбек етуде» – деп Ушинский К.Д. айтқан.

Сонымен, оқу пәні жүйедегі ғылымға сай алынған, оқыту заңдылықтарының әдісімен анықталған және жалпы білімді мектеп мақсаты тәрбиеге сай және оқушылардың жас ерекшеліктерімен алынған білімді біріктіреді «Дүниетану» оқытудың әдістемесі логикамен, психологиямен, физиологиямен байланысты. Оқыту әдістемесін дайындау қажеттілігі онымен оқылатын құбылыстардың күрделілігінен басқа ғылым негіздерін қолдануға шақырады. ( Верзилин И.М., Корсунская В.М. 1986., Скаткин М.Н. 1982) .

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 16, 17,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17, 18
Тақырып №2. Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері (4 сағат)

1. ХVIII ғасыр-жаратылыстану пәнінің оқу пәні ретінде еңгізілуі.

2. Жаратылыстану әдістемесінің кенес дәуірінде дамуы

1. ХVIII ғасыр-жаратылыстану пәнінің оқу пәні ретінде еңгізілуі

Табиғаттану оқытудың әдістемесінің ғылым ретінде өз тарихи бар, бұл ғалымдар мен оқытушыларға мектептегі, әдістеме саласындағы жаңа ғылыми зерттеулердегі жаңа оқу тәрбиелік міндеттерді шешу үшін зор мүмкіндіктер береді. Бұл ғылым жаратыластану ғалымдарының, оқытушылардың, әдістемешілердің еңбегімен дүниеге келді, өйткені олар осы ғылымның қалыптасып дамуына зор улес қосты. Қоғамдық саяси өмірдегі ұлы оқиғаларға байланысты табиғаттану оқыту әдістемесінің тарихын екі түрлі негізгі кезеңге бөлуге болады, олар: революциялық кезеңге дейінгі және совет дәуірі кезеңі.

Жаратыластану ғылымындағы әдістеменің пайда болуы 18 жузжылдықтағы 1786 жылғы « Ресей империасының халықтық училищелеріне уставы» бойынша оқу пәні ретінде көрініс беретін жаратылыстану мен география мектебіне кіріспемен байланысты болды. Өйткені бұл уставта мектептің құрылысы мен оқу процесінің мазмұнына анықтама берілген. Екінші Екатеринаның үстем құрып түрған кезінде үкімет сол кезеңнің талаптарына назар аудара отырып, Ресейдегі феодалдық құрылыстың негізіндегі капиталистік қатынастардың пайда болып, дамуын және мемлекеттің білім реформасын енгізді. “Ресей империясындағы халықтың училищелер уставында” губерниялық қалалардағы ең басты халықтық училищелер көрсетілген. Жаратылыстану мен география оқу пәні ретінде басты халықтық училищелерде оқытылды. Жаратылыстану сонымен бірге оқытушыларды дайындау ушін ашылған оқытушылар семинариясында да оқытылды.

Жаратылыстану мен географияға кіріспедегі практикалық мақсаттар: оқушыларды адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын табиғат әлемімен, әртурлі минеральды, тау жыныстарымен және жануарлар әлемімен таныстыру.

1786 жылғы “Уставта” өсімдіктерің барлығын оқыту шарт емес деп көрсетілген, яғни адамдарың әртүрлі мақсатта пайдаланатын негізгі өсімдіктерді ғана оқыту қажет, осыған байланысты жаратылыстану мен географияны оқыту кезіндегі басты мақсат табиғи байлақтарды пайдалану ушін қажетті білімдерді меңгеру болып табылады.

Зуев Василий Федорович (1754-1794) академик, оқытушы семинариясының профессоры, жаратылыстану бойынша алғаш оқулық жазды. 1786 жылы жаратылыстану бойынша алғаш орысша оқулық екі кітап болып, «Начертания естественной истории…» деген атаумен басылып шықты. Бұл оқулықтағы материал: «Ископаемое царство», «Прозябаемое царство» (өсімдіктер), «Животное царство» деп аталатын бөлімдерге бөлінді. Соңғы бөліміне адамдар денесін суреттеу енгізілді

В.Ф. Зуевтың оқулығынан жаратылыстану әдістемесі басталады. Бұл оқулықтың кіріспесінде жаратылыстануындағы оқу- тәрбиелік міндеттер көрсетілген және жаратылыстануды қалай оқыту керек жөнінде әдістемелік көрсеткіштер берілген. Сонымен бірге В.Ф. Зуев жаратылыстану оқушыларға өмірге қажетті білімді беру керек деп ескертті.

В.Ф. Зуевтың ғылыми және педагогикалық қызметіндегі көрсеткен еңбегі:- ол оқу пәні мен ғылым арасындағы айырмашылықтарды бірінші болып көрсетті және мектепте оқыту үшін табиғат объектілеріне әдістемелік іріктеме жасады.

18 ғасырдың екінші жартысында, табиғат жөніндегі ғылымда көптеген жылдар бойы суреттемелі жүйелі бағыттар қызмет еткен болатын, бұл бағыттың негізін салған атақты швед жаратылыстанушысы Карл Линней (1707-1778). 18 ғасырдың соны мен 19 ғасырдың басында осы суреттемелі жүйелі бағыт-мектеп жаратылысына да ене бастады. Мектептегі ең негізгі міндет Карл Линнейдің ұсынған өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жуйесін оқушылардың менгеруіне ықпал жасау. Мұндағы оқытудағы басты назар заттардың сыртқы белгілерін суреттеп жуйелеуге аударылды. Мектеп жаратылысындағы суреттемелік жуйелі бағыт 19 ғасырдың бірінші жартысында мына негіздермен сипатталады:



  1. Оқулықтар бірнеше тілде көптеген морфологиялық және жуйелі атаулармен толықтырылған.

  2. Мұнда белгілі бір көрнекі құралдар болмады.

  3. Оқушылар мұндай мазмұнды тек жаттап алу арқылы ғана меңгерді

  4. Оқулықтың мазмұнын толығымен есте сақтауда оқушыларға қойған оқытушының талабынан, оқушылар жаратылыс тарихына зейінсіздікпен жек көрушілікпен қарады.

Ресейдің шаруашылығының құлдырауына себеп болған 1812 жылғы отандық соғыс революциялық шаруалар қозғалысының көтерілісін тудырып, бұған самодержавиелер репрессиямен жауап қайтарды. 1825 жылғы декабристердің қозғалысы үкіметтің наразылығын тудырды. Көптеген реформалар қабылданды, бұл реформалардың бірі халықтың білімді қайта құруға бағытталып, сословиялык сипатқа ие болды. Бір ғана мектеп жүйесінің орнына екі турлі жүйелер енгізілді, оның бірі төменгі сословиялар үшін қажетті бастауыш білім, ол екіншісі: дворяндар үшін қажетті орта және жоғарғы білім. Гимназиялар дворяндардың балалары үшін оқу орны қызметін атқарды. Мұндағы білімге классикалық бағыт берілді, ал жаратылыстану болса қауіпті материалистік идеяларды таратушы пән ретінде көрініп орта мектептер курсынан ұзақ мерзімге алынып тасталынған болатын.

География болса қосымша пән ретінде көрініп, бұл пән тек бастауыш сыныптарында ғана оқытылды. Бірақ елдегі әлеуметтік демократиялық өзгерістер, және 19 ғасырдың 60 жылдарындағы бас кезіндегі жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы мектепте жаратылыстануды қажетті пән ретінде қайта қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.

Жаратылыстану мен географиядағы әдістемелік бағыттың дамуына сол уақыттары балаларға табиғат жөнінде дұрыс ғылыми көзқарастар беру мүмкіндігін негіздеген прогрессивті педагогтар зор әсер етті.

Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) ұлы әдістемеші, және бастауыш оқыту оқушыларының логикалық ойлауын, қиял елестері мен тілдерін дамыту үшін бастауыш сыныптарындағы жаратылыстану мен географияны оқытуға аса мән берді.

Герд Александр Яковлевич (1841-1888) ғылым ретіндегі жаратылыстанудың ресейлік әдістемесінің негізін қалаушы, муны ол К.Д. Ушинскийдің дидактикалық жуйесі мен дарвинизм идеясының негізінде өңдеді.

А.Я. Герд - осы күнге дейін өзінің әдістемелік мәнінен айрылмаған бастауыш сыныптарында табиғатты зертеудің жүйесін өңдеді. Ол 2-3 сыныптар үшін “Мир божий” деген оқулықты жазды, ол екі бөлімнен тұрады. Ал оқытушылар үшін “Предметные уроки в школе” (1883), деп аталатын әдістемелік оқу құралын жазды. Мұнда ол балаларды бастауыш жаратылыстану білімдеріне қалай уйрету керек жөнінде, қандай оқу құралдарды пайдалану керектігін, және бақылау мен тәжірибелер жүргізу арқылы балалар қандай тужырымға келетіндігі жөнінде түсініктеме берілген.

А.Я. Герд өзінің көзқарастары мен өзі өмір сурген уақытының мектебіндегі жаратылыстану оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тұжырымдай отырып, сол уақыттағы прогрессивті талаптарға сәйкестендіріп мектептегі жаратыластану оқыту әдістемелердің негізгі мәселелерін шеше отырып, оны педагогикалық ғылым ретінде көрсеткісі келді. Сондықтан А. Л. Герд бастауыш жаратылыстану оқыту ресейлік әдістемесінің негізін құрушы болып табылады.

Семенов Дмитрий Дмитриевич (1835-1902) орыс педагогы, К.Д. Ушинскийдің ізішары. Өзінің педагогикалық қызметінде Д.Д Семенов мектептегі география мәселелеріне көп назар аударды. Оның тужырымы бойынша: географияның бастаушы курсы төменгі сыныптарда оқытылу керек және ол өзінің мазмұны бойынша отан тану негізінде құрылу керек деді. Бұл дегеніміз, географияны оқыту кезінде балалардың туратын жерінен бастап оқыту керек, өйткені бұл балаларға табиғатты тек кітап пен картадан ғана емес сонымен бірге тікелей байқаудың жолымен тануға мүмкіндік тудырады да балалар материалды саналы түрде меңгереді.

19ғасырдың екінші жартысы бастауыш жаратыластану оқыту әдістемесіндегі маңызды да оңды өзгерістермен сипатталады. Бірақ патшалық үкіметтер мектепке материализм ілімі мен құдайсыздың негіздің енуінен қауіптеніп, 1876 жылы гимназияның төменгі сыныптарынан жаратылыстану қайтадан алынып тасталды, тек 1901 жылы ғана бұл ғылым біртіндеп қалпына келе бастады.

Ресейде капитализм қарқынды дамып, математика, физика, химия, биология және географияны жақсы білетін адамдарға деген зор сұраныс туды. Ресейдің дамуындағы әлеуметтін экономикалық жағдайына , патшалық үкіметтер жаратылыстануды гимназияның 3 төменгі сыныптарының оқу жоспарына қайта енгізуді талап етті. Бұл бағдарламаның негізінде А.Я. Гердтің жуйесі жатыр. Енді жеке оқу орындары құрылып жатты, мұнда өз дәуріне қажетті жаңа әдістемелік идеялар оқытылды. Халық ағарту министрлігі бұл мектептердің ісіне онша араласа бермеді, өйткені бұлардың өз бағдарламалары, өз оқулықтары болды.

Осы кезеңнің әдістемесіңде сабақтан тыс білім берудің екі түрлі формалары оңделінген, олар: топсаяхаттық және практикалық, яғни оқушылар үшін қажетті оқу материалының мазмұнын іріктеу мәселелері шешілуде.

1902 жылы гимназияда орман институтының профессоры Д.Н.Кайгородовтың құрған табиғаттану бағдарламасы енгізілді. Мұнда табиғатты бақ, орман, өзен сияқты бөліктерге бөлу бойынша оқыту усынылған. Оқушылар өсімдік әлемі мен органикалық емес ортаны бір бірімен өзара байланыста, яғни мезгілдер бойынша және табиғатта топсаяхат жұргізу арқылы оқыту керек.

Ұлы октябрь социалистік революциясына дейінгі шыққан табиғаттану оқулықтарының көптеген авторлары көбінесе «биологиялық әдісті» ұстанды, мұны барынша насихаттаған В.В.Половцов болды.



Половцов Валериан Викторович (1862-1918) орыс педагогы мен жаратылыстанушысы, алғаш рет Петербург университетінің тарихында студенттер үшін жаратылыстануды оқытудың әдістемесінің курсын оқыды. Оның лекциялары 1907 жылы, «Основы общей методики естествознания” деген атаумен шықты. Бұл кітапта көптеген орыс педагогтары мен жаратылыстанушыларының әдістемелік көзқарастары тәрбиеленген болатын. Өзінің әдістемесінде ол оқушылардың оқитын табиғи фактілері мен құбылыстары және, бөлек бөлек қарастырылмау керек деп көрсетті. Табиғаттың құбылыстарымен таныстыру процесі кезінде тікелей бақылаудың көмегімен табиғаттағы қатынастар мен байланыстар оқушыларға ашылмақ. Нақ осыдан В.В.Половцов “биологиялық әдістің” енуінен оқушыларда экологиялық білім мен тәрбие қалыптасады, өйткені бул мәселеге қазіргі уақытта зор мән берілуде. өсімдіктер мен жануарлар экологиясын білу адам мен табиғаттың бір бірімен өзара әрекеттесуіндегі бүкіл аспектілердің негізінде жатыр.

2. Жаратылыстану әдістемесінің кенес дәуірінде дамуы

Ұлы Октябрь Социалистік революция тубірімен барлық халықтың білімдерді қайта құрды. Патшалық Ресейдің көптеген сословиялық ер балалар мен қыз балалардың біріктіріліп оқытылуы үшін арнайы еңбектін жалпы білім беру мектептерімен ауыстырды.

Осындай бірыңгай еңбек мектептері 2 турлі сатыға бөлінеді. Біріншісі 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін, екіншісі – 13 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін. Мұндай мектеп өмірінің негізі ретінде қоғамға қажетті өнімді еңбек көрініс береді. Бұл оқытумен тығыз байланысты журеді. Үздіксіз күрделене отырып, енбек балаларды өндірістің әртүрлі формалырмен танысыруда.

1920 жылы жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынды, бұл жоспардың мәселесі оқушыларды жаңа заманғы ғылымның деңгейіндегі білімдерімен камту, мұнда табиғат және қоғам жөніндегі ғылымды оқытуға көп уақыт бөлінген.

Мектептегі білімді жаңа революциялық дәуірдің міндеттеріне сәйкестеп жетілдірудегі маңызды рөлі ағарту ісінің халықтық комиссариатының Мемлекеттік оқу советінің бағдарламаларда белгіленді.

Бұл бағдарламаларда ең негізгі назар адамдардың еңбек кызметіне адамның табиғатқа әсеріне, табиғи күштерді қоғамдық мақсатарға бағындыру негіздеріне аударлды. Осы бағдарамада усынылған оқушыларды оқытудағы комплекстік тәсілдер тек қана табиғаттануды оқытудың мазмұнына емес, сонымен бірге табиғаттануды қалай оқыту керектігіне әсер етті. Табиғат барлық қолған материалдармен байланысты оқытылды, өйткені тап осындай табиғаттануда жекелеген пәндер болмады. Табиғатты оқытуда 2 түрлі тәсіл басымдық көрсетеді; олар: еңбектік және топсаяхаттық.

Сонымен бірге мектеп, оқушылардың білімі мен еңбек тәрбиесіндегі мәселелерді шеше отырып, жалпы білімберетін білімдердің қажетті мөлшерін бермеді. Сондықтан, 1931 жылы ЦК ВКП (б) “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыны қабылдады, мұнда мектеп жұмысындағы жеткіліксіздіктер көрсетіліп және оларды жөндеудегі жолдар да көрсетілген. Бұл қаулы және осыдан кейінгі 1932 жылы 25 тамыздағы “Бастауыш және орта мектептептердегі оқу бағдарламалары мен режимдері жөніндегі” қаулы бастауыш мектептеріндегі жұмыстарды қайта құру үшін маңызды да шешуіші роль ойнады. Өйткені бұл қаулылар одақтық республикалардың наркомпростарына бағдарламаларды ғылыми тұрғыдан өңдеу мен оқулықтарды құруды уйымдастыруды міндеттеп отырды, яғни бұлар кәсіби білімді алуға дайындықты қамтамасыз ететін әрбір пәндер бойынша жүйелі білімдердің көлемін айқын, дәл анықтауды көздеді. Бағдарламалар мен оқулықтарда басты назар политехникалық білімге аударылуы керек, яғни бұлар теория мен практика жүзінде оқушыларды өндірістің басты басты салаларымен таныстырып, оқыту процесін өндіріс еңбегімен тығыз байланыс жүргізу керек

1984 жылы “Жалпы білім беру және кәсіби мектептер реформасының негізгі бағыттары” басылып шықты, мүның мақсаты мектеп қызметінде жинақталған негативті қубылыстар мен маңызды кемшіліктерді жою

Осы реформаның негізгі бағыттарына сәйкес орта жалпы білім беру мектебі 11 – жылдық жүйеге көшті.

Мектеп реформасы оқытудың әдістері мен тәсілдерінің жаңа формаларын өңдеуді, жаңа бағдарламалар қуруды талап етті.

Осыған байланысты әдістемелік ғылым алдында тоқтаусыз шешімдерді талап ететін мәселелер турды. Бүл мәселелерге: жаңа оқылықтар тудыру, табиғаттануды оқыту процесінде оқушыларды комплексті түрде тәрбиелеу, табиғатқа жауапкершілікті қатынысты қалыптастыру, табиғаттануды оқыту процесінде төменгі сынып оқушыларының белсенділігін дамыту негіздері жатады

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Қосымша әдебиеттер: 11, 12, 13, 14
Тақырып №3 Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі (4сағат)


  1. «Заң», «заңдылық», «принцип», «ереже» ұғымдарының ара қатынасы.

  2. «Дүниетану» оқытудың принциптерінің сипаттамасы.

1.« Заң», «заңдылық», «принцип», «ереже» ұғымдарының ара қатынасы.

Кез келген ғылым өздеріне тән табиғат пен қоғамдағы қажетті және маңызды қубылыстардың заңдылықтарын білдіретін байланысты ашумен және зерттеумен айналысады. Заңдылықты ашу сыртқы таным ойынан бірте-бірте зат пен құбылыстардың маңыссыз байланысынан, олардың маңыздылығына өтетін күрделі процесс. Заңдылықты білу және оларды қолдану адам қызметін саналы және мақсаттылыққа, оның тиімділігін арттырады. Жалпы қоғам табиғатының заңдылықтары және ойларымен қатар, диалектика заңдары қандай болып келеді, шағын ортаның құбылыстарын қамтитын ерекше заңдар бар. Бұған көбіне жалпы педагогикалық және оқыту принциптеріне тән заңдылықтар жатады. Дидактикалық заңдылық оқытудың мазмұнын, әдісін және ұйымдық нысанын жан-жақты ашатын басты ережесінде нақты орнын білдіреді. Осындай бастапқы күйі дидактикалық принцип деген ат алды.

Сонымен, принцип-бұл, әр сала қызметінде қажеттілік тудыратын және басшылыққа алатын негіз.

Бұдан, оқытудың принципі-мұғалімнің қызметін және оқушының таным қызметінің сипаттамасынаң шығатын, негізін қалайтын ереже.

Дидактикалық принцип, оқытудың принципінің объективті заңдылықтарын көрсетеді, тәрбие мақсатын анықтайды, нақты бір тарихи жағдайда әртүрлі көрінеді және қолданады, тарихи және диалектикалық сипаттамасы болады

2. «Дүниетану» оқытудың принциптерінің сипаттамасы.

Тәрбиелік оқудың принциптері.

«Дүниетану» сабағында басты тәрбиелік мақсаттар шешіледі. Мұғалім оқушы зердесіне бірлік идеясы мен табиғаттың әр алуандығын жеткізеді, жекелеген элементтер мен табиғат құбылысы арасындағы байланыс пен өзара байланысты нақты мысалдармен ашады, оқушыларды табиғаттық әркашан өзгерісте болатын айқындалған жалпы даму идеясын түсінуге дайындайды. Осының бәрі оқушыларда диалектикалық-материалистік көзқарастың дұрыс қалыптасуына септігін туғызады.

Негізінде тәрбиелік оқудың төрт жағдайын белгілеуге болады:

-ғылыми көзқарастың қалыптасуы (бастауыш сыныптарда дүниенің диалектикалық- материалистік элементтерін түсіну);

- жеке бастың моральдық қасиетін және мінездің жігерлі ерекшеліктерін тәрбиелеу;

- қабілетті дамыту.



Принциптің ғылымилығы және түсініктілігі.

Принциптің ғылымилығы оқушыларды барлық оқу жылдарында қашаң ғылыми біліммен қамтамасыз етілетіндігін білдіреді.

Принциптің ғылымилығының басты талаптары, ғылым логикасына жауап беретін, көбінде мектептін бастапқы баспалдақтарында оқытуға, ең керекті ғылыми (теориялық) мазмұнын алудан турады.

Ғылыми мазмұнды тандау-бұл, төменгі сыныптағылар үйренуге тиіс, шындығында осы тұрғыдағы ғылыми жүйесін алу болып табылады. Себебі түсініктің қалыптасу жүйесі әрекет тәсілінің қалыптасуынан ажырамайди, осы түсініктер арқылы алуға болатын, өйткені оқыту мағынасына кіретін бұл әрекет тәсілі. Принциптің ғылымилығының басты мақсаттары осындай.

Диалектикалы-материалистік философия, ғылыми түсініктер, теориялық заңдар-заттардың нақты мәнінің маңызын білдіретіндігін оқытады. Сондықтан, ғылыми танымды нақты мәнінен ажыратуға болмайды. Теориялық жағын түсіну-оқушының ойлау қабілетінің сипатын көрсететін, ғылым болудан қалмай, әртүрлі тереңдікте мәнділікті көрсетеді. Сондықтан, ғылыми түсінік әр сыныпта, барлық оқыту этаптарында мүмкін.

Бастауыш сыныптарда анықтама мен ғылыми жағдай, түсініктерді азырақ тереңдікпен сипатталуы тиіс, бірақ оларды бұрмаламау керек. Оқытпастан бұрын, терең түсінікті теориялық жағдайын көзқараспен, оқу материалдарын логикалық сипаттамада елестету керек.

Бір оқу пәні мен оның әр бөлімінің жүйесінде түсінік белгілі бір өзара байланысты табады. Принцип ғылымилығының басты бір мақсаты, теориялық мағлұматтар жүйесін, ортаның шындығын, оларға әсерінің тереңдігінің казқараспен анықтаудан тұрады. Көп ғылыми шындық тану тереңдігінің азырақ негізінен туады. Алғашқы ғылыми білімдер негізінде баланың қоршаған орта туралы елесінен, оның өмір тәжірибе негізінен туады.

Оқытудың қолайлы принциптері үш жақты қамтиды:

-берілетін жаңа білім баладағы бар білімнің, оның өмірдегі тәжірибесіне негізделуі тиіс;

-оқылатын білім жүйесі жалпы дамуға көбірек жоғары деңгейге көшуге әсерін тигізуі немесе осы асуға елеулі тенденция құруы керек;

-оқыту, нақты жағдайда оқушылар дамуын атқару мақсатында осы оқу материалының қажеттігін айқындай білугі тиіс.

Осылай, ғылыми принцип, биологиялық ғылымның даму деңгейін, қазіргі кезде оқу материалының қажеттілігін қарайды, сол қолайлы принцип оқу материалының түсінік мүмкіндігін ескере отырып және оқушының осы жастағы қабылдауы, олардың дамуын және дайындығын көрсетеді. Бар өзінің қиындылығымен ғылым, балаға ашу, танып-білу мүмкіндігімен қарсы тұратындай. Негізі оқыту жүйесі және жекелей биологиялы оқытуда басты бір заңдылықтары осыдан тұрады. Сондықтан, жалпы білім беретін мектепте тек биология ғылымының негізі, ал төменгі сыныптарда-тек табиғат туралы ғылымның бастамасы оқытылады. Ең басты теориялық және тәжірибелік қатынастар, сонымен бірге оқушылар түсінігіне қолайлы табиғат туралы фактілер, түсініктер, заңдар қатаң іріктеуден өтеді.

Ғылымға маңызды, жалпы білім мен тәрбиелік мәні болмайтын бөлшектер, мектепке арналған оқулық пен бағдарламада кеңінен жіберілуі мүмкін. Оқушылар мен ғылыми қиын және терең түсініктер мен заңдарды мезгілінен бұрын, қазіргі ғылыми жағдайдың сүйенімсіз айтылуы, көбіне тек сырттай есте қалдыруға әкеледі. Оқытуда қиындықты жеңу, оқушылардың белгілі жас дамуында ұсынылатын оқу материалының қолайлы жағдайында ғана мүмкін. Оқушыларға, олардың түсінуіне қолайсыз материалдар ұсыну, қурсты ғылыми түсінікпен және терминдермен көп мөлшерде жүктеу, әрқашан теріс нәтижеге әкеледі (1998 ж. Казанский Н.Г., НазароваТ.С.,1999 ж. Всесвятский Б.В.)

Принциптердің жүйелілігі мен дәйектілігі.

Принциптің жүйелілігінің маңызы, сабақтан сабаққа дейінгі оқушылардың мектепте күннен күйге алған жекелеген білімдері, белгелі логиқалық жүйеге әкелуі мүмкін болғандығында. Бұл мағынада принцип жүйелілігі логиқалық дидактиқалық принцип болып табылады.

Оқу барысында принцип жүйелілігін жеткізу-бұл, бәрінен бұрын, сабақта жүйелі білімге бағытталған жұмысты атқару.

Жәй логиқалық операцияның бірі-білім жүйелілігін іске асыру арқылы, топтастыру болып табылады. Бұл логикалық операция, көбірек маңызды белгілерге сай, берілген заттардың түріне тән және басқа заттар түрінен ерекше, пәндерді сыныптарға топтастырудан тұрады. Сонымен бірге әр сынып жүйеде өзінің тұрғылықты орны бар және сонымен қатар сынып тармақтарына бөлінеді.

Топтастыру негізіне салыстыру қызмет етеді-шындығында заттар мен құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығынан тұратын, логикалық операция.

Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін, ен болмағанда екі жағдайды ұстау керек:



  1. Басты, маңызды мағынасы бар белгілеріне қарап, заттарды салыстыру керек:

  2. Шындығында қоршаған заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысын көрсететін, тек осындай түсініктерді салыстыруға болады.

Төменгі сынып оқушыларынан, ұқсастықты ашудан көрі, көбіне салыстыру жиі білінетіні және заттар мен құбылыстар арасындағы өзгешелікті ашу барысы жақсы жүретіндігі табылған. Осыған байланысты, оқу барысында салыстыруды айырмашылықты табудан бастау мақсатқа лайықты, сосын ұқсастықты ашуға көшу керек, сонымен айырмашылықты ашуда ұқсастықты анықтауда, салыстыруды жетілдіруге болады. Екі объектіні зертеу кезінде салыстыру үшін бастапқы екеуінен қатты ерекше үшінші объект кіргізіледі, оқушылар салыстыру кезінде ұқсастық белгілерін көп табатындығын зерттеу көрсетті (Шардаков М. Н.).

Оқу барысында принциптің жүйелілігін жеткізу-оқушыларға оқу материалдарын белгілі бір жүйеде жеткізу болып табылады.

Қазіргі мектепте білім оқушыларға дидактикалық жүйеде жеткізіледі,ғылыми жүйеге қарсы емес, бірақ, сонымен қатар оған тепе-тең емес. Оқушыларға білімді дидактикалық жүйеде жеткізу,мұғалімді оқылатын оқу материалдар арасындағы белгілі дидактикалық байланысты анықтауды жүктейді. Бұл байланыстар әртүрлі. Қабылдау байланысы, немесе мынандай байланыстар,кез-келген жаңа материалдың алдында оқылған материалға сүйене байланысы қисынды. Қабылдау байланысы материалдарын оқытуда анықталады.

Перспективалық байланыс, немесе байланыс, жаңа материал негізі дайындалғанда, келесі матералды оқу мен қабылдауға қисынды негізді құрады. Перспективалық байланыс, қабылдау байланысы сияқты, курс ішінде оқу материалын оқылуын белгілейді.

Сонымен, оқу жүйесінде, принцип жүйелілігін тарату-бұл сабақта жүйелі білімге бағытталған жұмысты атқару, оқу материалын белгілі бір дидактикалық жүйеде беру, оқытылатын білім жағының дидактикалық байланысын табу.

Дәйектілік, оқушының таным қызметінде келесі бөлімді үйренудегі бұрынғы өткеннен шығатын,соған сүйенетін және келесі сатыға дайындайтын қисынды негізді болжайды.

Жүйелілік пен дәйектіліктің оқыту мағынасы мұгалім мен оқушы қызметін сай талаптармен толықтырады. Мұғалімнен қатан жүйелілік пен дәйектілікті талап етеді және сабақтың құрылуының дәйектілігі, білім беру, қайталау бекіту және оқылған материалдарды тексеру мағынасы, оқушылар оқу барысында жүйелі жұмысқа дағдылануы керек.

Жүйелілік пен дәйектілік білім игеруде қабылдауды жүзеге асыруды болжайды. Әр сабақта қабылдауды ұстану керек, әр бөлімді оқу кезінде немесе бағдарлама тақырыбында, бір оқу жылынан келесіге өткенде, ең төмен оқыту сатысынан биігіне өту қабылдаудың ең басты мәні. Ең көбірек қиындықты, жалпы білім беретін мектепте төменгі сыныптарда және орта буындағы пәндік оқытудағы байланыс арасындағы қабылдау көрсетеді. Дәйектілік, оқу бағдарламасы және оқылықпен қатаң келісімдігін қамтамасыз ету керек, мұғалімнің алдағы және кейінгі оқытудың мағынасымен бөлшектеп таныстыруы, ойланып ұйымдастырылған қайталау, пәндік оқыту муғалімнің төменге сыныптың сабағына қатысуы.

Жүйелілік пен дәйектілік принциптерінде ғылыми принциптін талаптары өз бейнесін көреді. Негізгі ғылыми білім анық ықыласпен және қисынды дәйектілікпен сипатталады. Сонымен бірге білім жүйесі оларды тәжірибеде қолдану, өмірмен байланысты атқару үшін керек. Жүйелілік пен дәйектілік принциптері басқа дидактикалық принциптермен өзара тығыз байланыста.(1988 . Казанский Н.Г., Назаров Т.С., 1994. Сорокин Н.А.)

Көрнекілік принцип.

Оқу жүйесінің құрылысы белгілі бір бейнеге сүйенеді, елестету оқушылар жинайтын эмпиризмдік білімді қамтамасыз етеді, керектіні әрі қарай теорияда байыптауға, ғылыми нәтиже үшін, бай сезімтал таным тәжірибесімен қамтамасыз етеді, буларсыз оқушылар толық үйренуі түсінікті мүмкін емес. Көрнекілік принциптін мәні дәл осыдан турады.

Оқу барысында көрнекілік принципті жеткізу-оқушының өзінділік сезім тәжірибесін кеңейтеді және байытады олардың сезім елесін анықтайды, сонымен оларда байқағыштықты дамытады, оқу қызметіндегі мағынасын қайта бағалау оны қиын.

Оқуды көрнекі қылу-бұл тек көрермен бейнесін құру емес, қоршағанның қабылдауын қамтамасыз ету, сонымен бірге оқушыларды өзіндік тәжірибелік қызметке қосуды білдіреді.

Оқу барысында көрнекілік принципті жеткізу-бұл ғылым негізінің сезімін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының таным тәсілінің дамуына сүйенеді және ең алдымен абстракті ойлауға жағдай жасайды. Көрнекі оқытуда нақтылық пен абстрактілік органикалық бірлікті білдіреді. Көрнекілік балаларда абстрактілі ойлау, тіл дамуына әсерін тигізеді, қарап талқылау негізінде нақты құбылыстарды кеңейтуге, сосын тәжірибеде қолданылуына көмегін тигізеді.

Дегенмен, оқу барысында көрнекілік принципті материалдық дүниенің заттары мен құбылыстарына немесе олардың бейнесіне, оқушылар оқу барысында өзінділік жұмысқа қатысы бар, тек сол кезде жүзеге асады деп ойласақ бір жақты болар еді.

Көрнекілік принципті жеткізу, оқу барысында сыртқы амалдың көрнекілігін қолдануға байланысты болуы немесе байланыста болмауы мүмкін. Көрнекілікпен оқытуға болады, балалардың жеке тәжірибелерінде болатын елестету, әсер ету арқылы, осы бейнелерге сүйене отыра. Көрнекілікпен оқыту, оқушылардың қабылдауына сүйенетін, оқу барысында сыртқы көрнекі амалды қолдауына байланысты, дидактикада сыртқы көрнекілік деп аталады. Көрнекілікпен оқыту оқушының елестетуне сүйену сыртқы көрнекі амал қолданумен байланысты емес, ішкі көрнекі амал деп аталады. Көрнекілік принципті жеткізу бұл оқу барысында осы екі көрнекілікті қолдану болады.

Өлкетану принципі.

Төменгі сыныптарда оқытуда өлкетану жолы басты дитактикалық принциптерді таратуға септігін тигіздеді: жақыннан-алысқа, белгісізден-белгіліге, қарапайымнан-қиынға. Өлкетану материалын көп тарту мектептегі оқуды өмірмен тығыз байланыстырады, оқушының өзінше дамуына, олардың қызығушылығын бекітеді, қоршаған ортаны танудағы саналы және тікелей араласуын қоршаған өмірдің қубылыстарына әсерін тигізеді.

«Дуниетану» бағдарламасы толығымен өлкетану неғізінде қурылған. Оқу пәнінің басты мақсаттары мынаған бағытталған:


  • төменгі сынып оқушыларында диалектика-материалистік көзқарастын дұрыс қалыптасуына;

  • әр түрлі табиғи жерде табиғат пен адам еңбегі туралы

қарапайым білім алуға;

- қолдану мен табиғат қорғаудың негізгі заңдарын білу.

Бұл мақсаттарды дұрыс шешу үшін, тек оқытуда өмірмен тығыз байланыстыру негізінде дұрыс шешу мүмкін, ал бұл үшін балалар табиғатпен жүйелі және жиі араласуы керек. өмір мен адам еңбегін бақылау табиғатқа жоспарлы топсаяхат жолы арқылы мүмкін. Дегеймен, табиғат жағдайы әртүрлі табиғат жерінде бірдей емес, будан «Дуниетануды» оқытуда өлкетануға жол керектігі шығады.

Өлкетану негізінде «Дуниетануды» оқыту оқушыларда туған өлке туралы елеулі, толық біліммен қамтамасыз етеді, өлке аумағында өткен сол немесе басқа тарихи фактілер мен оқиғаларға жақындатады, табиғат құбылысын түсінуге, оның маусымдылығын ұғынуға септігін тигізеді, ол өсімдік пен жануарлар өміріндегі және ауа-райы жағдайы арасындағы өзара келістігін және себепті тергеу байланысын терең ашуға септігін тигізеді, сонымен қатар адам еңбегінің ерекшелігін ашуға

Негізі мектептегі өлкетану екі басты мақсатты көздейді:туған өлкені білу және оқу-тәрбие мақсатында өлкетану материалын қолдану. Бұл есепті шешу үшін келесі кезендер беріледі:


  1. Муғалімнің өзі туған өлкені оқып білуі керек.

  2. Өлкетану жұмысына қолдан келетін пайдалы қоғамдық еңбекке оқушыларды тарту.

  3. Материалды жинау, өңдеу және сақтау.

  4. Сабақта жәнe сыныптан тыс оқуда өлкетану материалын қолдану.

Тек, теориялық білімді табиғат пен адам еңбегін нақты оқып білумен қосып, балаларға алдымен өз өлкесі туралы берік білім негізін беруге болады, ал осы негізге басқа жердің табиғат өзгешелігі туралы ұғым мен түсінікті салыстыру жолымен құруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет