ОҚУ Әдістемеліқ кешен «Бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»



бет3/7
Дата16.01.2020
өлшемі0,53 Mb.
#56032
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ДНИЕТА~1


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 8, 9, 11, 14, 12, 25

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
Тақырып №4 Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің рөлі

(2 сағат)

  1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

  2. Экологиялық тәрбие.

  3. Санитарлық - гигиеналық тәрбие.

  4. Еңбекке тәрбиелеу.

  5. Эстетикалық тәрбие.

1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

«Дүниетану» оқу пәні ретінде мектеп оқушыларына білім беріп, тәрбиелу үшін зор тәрбиелік мүмкіндіктерге ие. Білім беру мәселелері Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік мазмұнымен айқындалады. Бастауыш сыныптарында оқитын оқушылар өлі және тірі табиғат жөнінде элементарлы мәліметтерге ие болып, өз еленің, өз облысының, өз ауданының адамдарының белгілі бір өнімдері мен еңбектері мен танысады. Табиғаттану білімі мен тәрбиелеудің мазмунына балалардың табиғат обьектілерін байқаулар жургізудің жолымен, өсімдіктер мен жануарларға тәжірибе жүргізудін жолымен тура зерттеулері, мектеп оқушыларын адамдардың еңбек қызметімен таныстыру, сонымен бірге мектеп оқушыларының еңбекке практикалық тұрғыдан қатысуы кіреді. «Дүниетану» курсын оқыту 1-ші сыныптан басталады. Төменгі сынып оқушыларын қоршаған дуниемен таныстыру кезінде оларда өлі және тірі табиғаттың алуан түрлі пәндері және олардың өзгеруі жоніндегі білімдер жинақталып, қалыптасады. Ал 2-ші сыныпта табиғатты тану білімдері кенейе түседі…

Табиғаттану білімдерін оқушылар (табиғат, оқулықтар, ғылыми-әйгілі әдебиеттер, оқытушының, ата аналарды мәліметтері, периодикалық басылым, кино, радио, теледидар) сияқты әртүрлі бастамалардан алады. Ақпараттардың мұндай кең диапазоны оқу-тәрбиелік мәселелерді аса сәтті турде шешуге мумкіндік береді. Оқу процесіндегі білім беру және тәрбиелеу мәселелері комплексті турде шешіледі. Оқытумен бірге жан жақты тәрбиелеу де жузеге асырылады, мұның негізінде мектеп оқушыларында ғылыми көзқарас, патриоттық және интернациональдық, экологиялық және эстетикалық, санитарлы-гигиеналық, физикалық және еңбек тәрбиесі қалыптасады. Тәрбиенің мақсаты мектеп оқушыларын еңбек мәдениетіне және еңбек адамдарына сыйластықпен қарауға дағдыландыру, оларды әртурлі мамандықтармен таныстырып және осылардың негізінде профориентациялық жумыстар жүргізу.

Ғылыми көзқарасты қалыптастыру тәрбиелеудің бір мәселесіне жатады. Осы мәселені шешу ушін зор мумкіндіктер «Дуниетану» курсының мазмұнында берілген. Ғылыми көзқарасты қалыптастыруға «Дүниетану» жөніндегі оқулық пен бағдарламаның мазмұны мумкіндік береді. Балаларға адамдардың еңбегі жөнінде, өлі және тірі табиғат жөнінде элементарлы мәліметтерді жеткізе отырып мұғалім табиғаттың обьектілері бір бірімен қалай байланысқанын, табиғатқа адамның еңбек әрекеті қалай әсер ететікдігін көрсетеді. Табиғаттағы өзгерістер жөніндей білімді оқушылар жануарлар мен өсімдіктерге тікелей бақылау жургізу процесінде жақсы меңгереді. Мұндай кезде балаларды бақыланған құбылыстарды түсіндіруде өз ойларын анық білдіруге уйрету өте маңызды. Тірі және өлі табиғаттағы өзара байланыстарды түсіну біртіндеп жиналады. Табиғат жөніндегі білімнің жуйелі түрде дамуы, «Байқау кунделігін» үздіксіз жүргізіп отыру мектеп оқушыларында тірі табиғаттың дамуы заңды қубылыс болып табылады деген пікірді қалыптастыруға мумкіндік береді. Бастауыш сыныптарында балаларға диалектикалық заңдар жөнінде тікелей тусініктемелер берілмейді, бірақ тусіндіру кезінде олардың саналы түрде меңгеруі үшін философиялық анықтамалар мен терминология беруді ұсынады. Тәжирибе мен бақылау жургізу кезінде жуйелі түрде оқушылардың басты назарын табиғаттағы өзара байланыстар мен заңдылықтарға аударту керек. Табиғаттану материалының мазмұны оқушылар алдына табиғаттағы өзгерістердің негізгі зандылықтарын ашып қана қоймай, сонымен бірге себеп салдарлы байланыстарды түсіндіріп және осының негізінде әрбір фактіге, процеске немесе қубылысқа негіздеме мен тусініктеме беруге мүмкіндік береді. Ол үшін табиғаттың кез келген қубылыстарына форма беріп көрсету арқылы обьектілерді сұрыптау және бұларды балалардың дұрыс ұғыну өте маңызды.



2. Экологиялық тәрбие.

Мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесінің манызды бөлігіне табиғатты қөрғау жұмыстары жатады. Мұндай жұмыстық негізіне төменгі сынып оқушыларын қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлармен таныстыру, балаларды табиғатпен қатынас жасасудың нормалары мен ережелеріне тәрбиелеу, өздерінің тұрғылықты жерінің табиғатын қорғау жөнінде әртүрлі шамаға шақ қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқару деген сияқты жұмыстар кіреді. Казіргі уақытта табиғи ортаны қорғау обьективті түрде жузеге асырылатын қажеттілік болып табылады. Мұғалімнің міндеті-балаларға нақты мысалдар келтіре отырып, «адам дегеніміз табиғаттың бір бөлгі және табиғатсыз адам өмір суре алмайды деген негізді қарапайым тусінікті тілмен жеткізу. Осыған сәйкес табиғатқа ұқыпты қатынас жасау, оның байлықтарын рациональды түрде пайдалану жалпы халықтық іс болып табылады. «Дүниетану» оқыту процесінде қалыптасқан білімдер мектеп оқушыларын табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, оны қорғауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу ушін негіз болып табылады. Бастауыш сыныптарындағы экологиялық тәрбие белгілі бір деңгейде нақты табиғатты қорғау жұмысын атқарумен байланысты болады.Мұндай жұмыстың формалары да әртүрлі;олар:өзінің тұрғылықты жерінің қорғаудағы обьектілерін оқу, жануарларға қамқорлық көрсету және өсімдіктерді отырғызу жөніңде қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу, құстар үшін жем шөптер мен астаулар дайындау, жас көшеттерге кутім жасау, ғылыми-әйгілі әдебиеттерді оқыту, табиғатты қорғау тематикасы бойынша хабарлар көру. Табиғаттағы топсаяхаттарға көп мән беріледі, өйткені мұнда мұғалім қорғауға жататын табиғаттың обьектілеріне балалардың назарын аудартады нақты мысал келтіре отырып, мұғалім балаларға табиғатпен дурыс қатынас жасамасы, оның неге апарып соқтыратындығы түралы әңгімелеу керек, яғни гулді өсімдіктердің жиналып қалуы, бұтақтардың сынуы, суаттардың ластануы, руқсат етілмеген жерлерді от жағу деген сияқтылар. Осыған сәйкес мектеп оқушыларын табиғатпен дурыс қатынас жасаудың нормалары мен ережелеріне тәрбиелеп және осы ережелер мен нормалар олар үшін дағдыға айналуын жүйелі түрде көздейді. Барлық оқу-тәрбиелік экологиялық жұмыстарда мынаны ескеру керек: табиғаттың байлығы шексіз және табиғатқа дөрекі қатынас жасаудың салдарынан ауа мен су ластанып, жануарлар мен өсімдіктердің құрып кетуіне әкеледі. Табиғатты қорғау-жалпы халықтық іс.

Экология – қоғамдық сана түрінде, биология ғылымның бір бөлшегі болып саналады, ол флора мен фауының өзара қатынастар зандылығымен, олардың жеке өкілдерінің қатынастарын және де олардың қоршаған ортаға қатысын, зерттейтін ғылым.

Экологиялық сана оқушылардың дүниетанымының негізі бөлшегі ретінде, экологиялық тәрбиелеу процесін қалыптастырады.

Балалардың экологиялық сауатына, тәрбиесіне бір мақсатына бағытталған, жүйелі педагогикалық іс-әрекет, экологиялық білімді жинақтау,

Табиғатты аялауда қолданылатын дағдылардың қалыптастырылуы, адамгершілік-эстетикалық сипатының оянуы, бәріде табиғат қорғау жұмысына тиімді.

Экологиялық тәрбиелеу бір-бағыттағы оқытудың барысында орындалады.

Оқушылар оқу процесінде сан түрлі заттармен таңысқанда экологиялық біліммен қаруланады.

Саналы және эстетикалық тәрбие балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігінен туындайды, оның табиғаттының әсемдігіне, ләззәтануына, бағалауына назарын аударады.

Қоғамға пайдалы еңбек оқушыларды табиғатты қорғау жұмысына үйретеді.

Оқушылар дүниетанымының маңызды құрамды бөлігі болып табылатын

экологиялық сана экологиялық тәрбие үрдісі барысында қалыптасады. Ол балалардың экологиялық білімі мен тәрбиесін дамытуға бағытталған және де экологиялық білімін жинақтауға табиғатты қорғау іс-әрекетіндегі іскерлік пен қабілеттілікті өзінде қалыптастыру, жоғарғы адамгершілік-эстетикалық сезімдерді ояту, табиғатты қорғау жұмысын жүзеге асыруды жоғары адамгершілікке негізделген, жекеленген қасиеттерге жету сияқты мақсатты бағыттағы жүйелі педагогикалық іс-әрекетте ұсынады.



  1. Санитарлық - гигиеналық тәрбие.

Санитарлық-гигиеналық тәрбие оқу-тәрбиелік жұмыстың процесі кезінде оқушылардың дене мәдениетін дамыту,тамақтану режимін орындау, профилактикалық шаралар өткізу деген сияқты гигиеналық білімдерін жүйелі түрде кеңейтуді қарастырады. Санитарлық-гигиеналық тәрбиенің міндеттеріне мектеп оқушыларының физикалық және рухани куштерінің қалыпты деңгейде дамуы үшін аса қолайлы жағдайлар тудыру кіреді. Санитарлық- гигиеналық тәрбиенің міндеттері сонымен бірге ұй мен қоғамдық орындарда балалардың санитарлық- гигиеналық нормалары мен ережелерін орындап отыруын үздіксіз бақылап отырудан және ата аналардың тәрбиесі жөнінде санитарлық-гигиеналық шаралар жургізуден көрініс береді.

4. Еңбекке тәрбиелеу.

Енбек тәрбиесі мектеп оқушыларының теориалық тұрғыдан және еңбекке дайындығының бірлігін қамтамасыз етіп, бул қазіргі заманғы мектептің дамуындағы басты бағыт болып саналады. Балалардын мектеп қабырғасын бірінші рет аттағанынан бастап, оларға еңбектің ең басты қажеттілік пен мұқтаждық екендігін түсіндіре отырып, балалардың еңбекке деген қатынасына оңды көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу керек. Оқу процесінде еңбек тәрбиесіне барынша назар аудалырады. Сондықтан оқытудын алғашқы кезінен бастап, оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу керек. Еңбек сүйгіштін дегеніміз тұлғаның өнегелі, адамгершілікті белгісі. Оқушылардың еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастырып, дамытудың ең негізгі шарты ол окушыларды әртүрлі оқу еңбектеріне қатыстыру. «Дүниетану» жөніндегі бағдарламада оқыту процесінде мектеп оқушыларының менгеруіне міндетті дағдылар мен іскерліктердін тізімі айқындалған. Балалардың ең басты еңбегі ол оқу еңбегі. «Дүниетану» бойынша өтілетін сабақтардың барлығында да оқытуды еңбекпен үйлестіріп жүргізу керек. Оқу еңбегінің бір түріне балалардың оқулықпен дербес, өзіндік жұмыс істеуі жатады. Сондықтан, балалар әртурлі тақырыптармен, суреттермен, тапсырмалармен жұмыс істеуге дағдылануы керек, тақырыптың ішінде ең негізілерін көрсетіп, тақырыпты жеке мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, берілген сұрақтарға жауаптар дайындап, сурет бойынша әнгіменің жоспарын немесе әңгіме қуруға дағдылануы керек. Оқу еңбегін уйымдастыру кезінде мұғалім мектеп оқушыларының индивидуальды ерекшеліктерін ескеруі қажет, ал ол ушін арнайы тапсырмалар беру керек. Мұндай тапсырмалардын тәрбиелік маңызы өте зор. Еңбек тәрбиесі ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің бір бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуге мумкіндік береді. Осындай өзара байланыстың және ақыл ой еңбегі мен дене еңбегінің жуйелі түрде алмасып, кезектесуінің негізінде мұғалім оқушылардың білімін дамытып қана қоймай, еңбек сүйгіштік, оқуға деген қоғамдық жұмысқа және қоғамдық пайдалы еңбекке адал қатынас жасау сияқты тұлғалық сапаларға оқушыларды тәрбиелейді. «Дүниетану» курсының мумкіндіктері балалардың өзіндік, дербес әрекет ету мен инициатива сияқты қабілеттерін дамыту үшін өте зор. Мундай қабілеттер бақылаулар жүргізу кезінде, тәжірибелер ұйымдастыру кезінде, тірі табиғаттың бұрышында жұмыс істеу кезінде, оқу –тәжірибелік орындарда, географиялық аумақтарда айқын көрініс береді. Оқу тәрбиесі айқын түрде уйымдастырылып, рухани және эмоциональды шеңберлермен көмкеріліп және педагогикалық түрде негізделуі керек. Тек осындай жағдайда ғана оқушылардың еңбекке деген творчествалық қатынасы мен қызығушылықтары әрі қарай дамиды. «Дуниетануды» оқытудың процесінде практикалық дағдылар мен іскерлікті өндеу өте маңызды. Бул процесс өте ұзаққа созылуы мумкін және жуйелі де мақсатқа бағытталған жұмысты қажет етеді. Табиғатты тану білімдерінің негізінде оқушылар практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, феналогиялық байќаулар жургізіп, олардың нәтижелерін « Бақылау күнделіктеріне» жазып отырады, белгілі бір қорытындылар мен тұжырымдар жасайды, ауа райын бақылап, компаспен жұмыс істейді. Топсаяхаттар мен практикалық сабақтарда оқушылар сол жерге бағдарлануға, картаны оқуға , картаға табиғи обьектілерді түсіруге, қарапайым оқу құралдарын өздігінен дербес дайындауға, географиялық аймақтар мен оқу- тәжірибелік орындарда практикалық жұмыстар орындауға уйренеді. «Дүниетануды» оқытудың процесінде еңбек тәрбиесінің жуйелі турде жузеге асуы, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру балалардың оқуға деген саналы қатынасын қалыптастыру үшін, тулғаның интеллектуальды және физикалық сапаларын, сонымен бірге оның адамгершілігін дамыту ушін маңызды жағдай болып табылады.

  1. Эстетикалық тәрбие.

Табиғатқа деген қатынастың қазірі заманғы жаңа мәдениетінің негізінде адамның эстетикалық қатынастары мен бағалаушылығы жатыр. Жас ұрпақта эстетикалық тәрбиенің қалыптасуын бүкіл оқу-тәрбиелік жұмыстары қамтамасыз етеді. Педагогтар табиғатқа тұтас ретінде эстетикалық қатынастың маңызын түсіну керек. Табиғатқа индивидуальды эстетикалық қатынасты қалыптастыруда манызды рольді табиғи ортамен сезімдік түрде тікелей тілдесу кезінде тәжірибе жинақтау, сонымен бірге осы тілдесу процесі кезінде индивидуальды эстетикалық бағалауды жүйелі түрде көрсету ойнайды. Табиғи объектілерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауды ұйымдастыруға педагогикалық әсердің маңызы зор. Бұл табиғатқа деген тулғаның эстетикалық қатынасының қалыптасқандығын көрсетуге, табиғатқа деген эстетикалық қатынастыќ оптимальды үлгілерін айқындауға, және белгілі бір ужымды эстетикалық құндылықтарға бағдарлауға көмектеседі. Табиғатпен, өнер шығармаларымен тікелей сезімдік байланыстар көбейген сайын оқушының табиғатқа деген қатынасын және оның табиғатты қорғау әрекетіне дайындығына дем беретін бағыттаушы әсерлердің қоры да көбейе түспек.

Сондықтан әрбір оқушыда тек әлем жөнінде әртүрлі эстетикалық түсінік пен өз «табиғатының» таңдаулы образын қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге табиғатқа деген баланың өзінің қатынасының тұлғалық маңызды, әлеуметтік және педагогикалық түрде қолайлы үлгісін қалыптастыру мәсілелері педагогикалық маңызға ие. Мұндай улгілер эстетикалық түрде және адамгершілікті түрде әрекетшіл болуы керек, сонымен бірге табиғатпен тілдесудің жоғарғы идеалына және табиғат алдында борышты сезінуге жауапкершілікте болуы керек. Бірақ мұнда баланың дүниені түйсінүі мен белсенділігінің жас ерекшелітері де ескеру қажет. Балалардың мектеп жасына дейінгі, төменгі сынып кезінде оларға табиғаттың тікелей әсер етуі, баланың табиғатпен бірге байланыста болуынан балаларда әртурлі сезімге бай әсерлер мен эстетикалық эмоциялар қалыптасады; табиғат белсінді түрде балалардың ойын әрекетіне қатысады. Табиғат және оның эстетикалық сапалары ойын кезінде қарқынды түрде меңгеріледі, табиғат кәдімгі шынайы ойын сферасы ретінде қабылданып, бағаланады. Сондықтан табиғатқа деген мәдени қатынас эстетикалық мотивтерден, критериілерден бағалаулардан тыс, сонымен бірге табиғат пен дуниені меңгерудегі яғни эстетикалық түрде игерудегі жалпы адамзаттық тәжірібенің жетістіктерінен тыс қалыптаса алмайды. Балаларда эстетикалық қатнастардың қалыптасуының барлық сатысында педагогтар олардын табиғи құбылыстарға эстетикалық түрде бағытталған қабылдаулары мен эмоцияларына, сонымен бірге дағдылары мен іскерліктеріне және білімінің дамып баюына назар аудару керек. Мұны оқушының оқуы, еңбек және коммуникативті әрекеттері, сияқты табиғи компоненттерді жүйелі түрде обьект болып табылатын оқушылардың әрекеттерінің негізгі түрлерін басшылыққа ала отырып жүзеге асыруға мумкін болады. Оқушының танымдың әрекетінде табиғатқа деген эстетикалық қатынасты тәрбиелеу нақты оқыту дисциплиналарының шеңберінде сияқты пән аралық байланыстарда да, сабақ беру процесінде немесе жұмыс жүргізудің сабақтан тыс формасында да көрініс беретін өзара әрекеттерде де жүзеге асырылады.



Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 8, 14, 15, 16, 18, 19, 20,21

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
Тақырып № 5 Оқушының пәндік компитенттілігін (құзіреттілігін) қалыптастыру (2 сағат)

1.Табиғаттану ұғымдарының қалыптасуы.

2. Табиғаттану ұғымдарының даму әдістемесі.

1.Табиғаттану ұғымдарының қалыптасуы.

«Дүниетану» курсында қалыптасқан жаратылыстану ғылыми ұғымдарына сипаттама беруді логикалық-гносиалогиялық категориалар түрінде көрінетін.

«Түсінік» және «ұғым» - ға анықтама беруден бастау қажет «Түсінік» термині екі тірлі мәнге, яғни омонимге ие. Психологиялық әдибеттерде «түсінік» “қазіргі уақытта сезім органдарына әрекет етуден қалған адамдардың бурынғы кездері қабылдаған шындық фактілерінің құбылыстары мен заттарының сақталынып қалған образы” ретінде талқыланады. Түсініктер адам есінің ең негізгі мазмұнын құрап ойлау процесі мен қиял әрекеті үшін ең негізгі материал болып табылады. Педагогикалық негіздегі «түсінік»дегеніміз білімнің элементарлы негізі, кейде белгілібір нәрсені тусіндіретін үстіртін білім болып табылады. Адам күнделікті ой әрекетінде тек тусініктері арқылы ғана емес, сонымен бірге ұғым деп аталатын басқакатегориялармен де пайдаланды.

«Ұғым» терминіне берілетін анықтамалардың саны отыздан астам. Осындай көптеген анықтамалардың ішінен психалогиялық- педагогикалық әдибеттен келтірімен тен қана екітурлі анықтаманымысалға келтірейік: «ұғым» дегеніміз өмір суру белгілерінің біртектілігіне қарай біріктірілген құбылыстар мен заттардың тутас тобының тұжырымдалған білімі болып табылады. «Ұғым дегеніміз-өте күрделі логикалық және гносеологиялық категория. Бұл біздің материальдыќ әлемнің белгілі бір обьектілері жөніндегі білімдеріміздің дамуыныњ кейбір этаптарының нәтижесі. Пайда бала отырып ұғымның өзі таным обьектісі болады. Сонымен бірге ұғым ойлаудың бір формасы және мұндай маѓынадакөрініс береді.

Ұғымдар сезімдік көрнекі формаларға ие емес, олар сөзде ғана болмақ. Тусінік дегеніміз, көрнекі түрде қабылданатын белгілі бір затқа тән белгілері мен түсі, формасы мен құрылысы сияқты сапаларын сақтап қалушы нақты бір заттардың немесе нақты біртекті заттардың тізбегінің бір образы болып табылады.Ұғым дегеніміз жалпы маңызды белгілерге ие біртекті заттардың тұтас тобының қорытындылап бейнеленуі. Ұғым осындай маңызды белгілердің маңызды емес, қосымша белгілерден дерексі здену жолымен қалыптасады.

Қоршаған әлем жөніндегі білімдер жүйесінде ұғым өте маңызды рольге ие, өйткені бұлар негізгі элементтер болып табылады және реальды шындықты танудың тужырымы болып табылады.

Логикалық категория ретіндегі ұғымға берілген негізгі сипаттамаларға мыналар жатады: 1) ұғымның мазмұны 2) ұғымның көлемі, 3) нақты бір ұғымның басқа бір ұғыммен қатынасы мен байланысы.

Ұғымның мазмұны ретінде белгіленген ұғымдардың көмегімен санада бейнеленетін құбылыстар немесе заттардың тобының маңызды қасиеттерінің жиынтығын түсінеміз.

Обьектілер тобының маңызды касиеттері деп обьектілер тобының барлық басқа обьектілерден ерекшеленуін атаймыз.

Қоршаған ортаның құбылыстары мен заттарының маңызды касиеттері «белгілер» деген атауға ие болды. Мектеп курсындағы «Дүниетану» негізінен, алғашқы ұғымдарды қалыптастырады, яғни мұндағы мақсат балаларды өздерінің сезімдік тәжірибелеріне суйендіре отырып қоршаған әлемнің заңдылықтарын тусінуге кірістіру болып табылады. Бастауыш сыныптарында қалыптасатын табиғаттану ұғымдарына: «тірі табиғат;» өлі табиғат; «табиғаттағы мезгілдік өзгерістер;» өсімдіктер бөлігі; «карта;» пайдалы қазбалар; «топырақ;» күн мен туннің алмасуы», «жер бетінің формалары» және тағы да басқалары жатады.

Ұғымдар мазмұны жағынан күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Бастауш сыныптарын оқытуда қарапайым ұғымдарды пайдаланудың негізінде заттар немесе табиғат құбылыстары жөніндегі білімдердің бір элементтері жатыр. Оқытудың будан кейінгі этаптарындағы әрбір ұғымдар біртіндеп дамып, күрделене бастайды. Қурамында білімнің бір ғана элементі бар алғашқы қарапайым ұғымдар басқа да қарапайым элементтермен бірлесе отырып күрделі ұғымдарды құрайды. Мысалы: қарапайым «көк жиек»ұғымын қалыптастыру кезінде оқушылар «көк жиек» деген адамның өзін айнала қоршап тұрған жер деп түсінеді әрі қарай олар көк жиектің сызығымен танысады. Оқытудың бұдан нейінгі этаптарында оқушылар «көк жиектің» төрт түрлі негізгі жақтары болатындығын және олар қозғалыс кезінде өзгеріске ұшырайтындығын біле бастайды. өйткені «көк жиектің» төрт турлі негізгі жақтарына солтүстік, оңтүстык, шығыс және батысты жатқызамыз, сонымен бірге көк жиек қозғалыс кезінде өзгереді. Сондықтан, «көк жиек» ұғымын зерттеу кезінде оның мазмұны толығып, кеңейеді және тереңделеді. Мұны зерттеудің нәтижесінде оқушылардың санасында «көк жиектің» күрделі ұғымы қалыптасады.

Ұғымның көлемі ретінде белгілі бір ұғымдармен қамтылатын немесе белгілі бір ұғымдардың көмегімен санада бейнеленетін обьектілердің мөлшерін тусінеміз. Ұғымдар көлемі бойынша, жеке, жалпы категориыларға бөлінеді. Жеке ұғымдар көлемі бірлікке тең ұгымдарды жатқызамыз. Ал бірліктен көлемі асып кеткен жағдайда мұны жалпы ұғымдар деп атаймыз. Сонымен алдында келтірілген мысал бойынша, «Дүниетану» курсында қалыптасқан «көк жиек» ұғымының көлемі үш турлі бірліктерге тең, олар:, көк жиек сызығы; «солтүстік, оңтустік,батыс, шығыс сияқты көкжиектің төрт турлі негізі» және «көкжиек қозғалыс кезінде өзгереді», қоршаған ортаның букіл заттары мен құбылыстары байланысты жәнебір бірімен өзара жузеге асырылып отырады заттар мен құбылыстар арасындағы осындай обьективті турде өмір сүретін байланыстардың адам санасында бейнеленуі «ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар» деп аталатын ұғымның үшінші бір сипаттамасы болып табылады. Ұғымдар арасындағы қатынастар ең алдымен ұғымдардың мазмұны және олардың көлемі сияқты сипаттамалары бойынша олардын қатынастары болып табылады.

Осындай сипаттамаларды және олардың бір бірімен өзара байланысын ескере отырып, түрлік және тектік ұғымдарды ажыратамыз. Әрбір заттарда бір жағынан заттар тобына жалпы тән маңызды белгілер, екінші жағынан заттардын жекелеген тобына тән ерекше белгілер бар.

Ұғымдармен түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мәні оқыту кезінде балалардың санасында болатын күрделі танымдың процесстерді басқаруда көрініс береді. М.Н. Скаткиннің көрсетуі бойынша: «оқушыларға білім беру дегеніміз олардың санасында заттар мен құбылыстар жөніндегі тусініктерді қалыптастыру, құбылыстардың мәнін ашу-ұғымдарды қалыптастыру,материалды ортадағы құбылыстардың заңды байланыстарын ұғындыруға көмектесу және осылардың барлығын дұрыс және нақты ауызша немесе басқа да бір формаларға иелендіру.

Баланың санасында белгісіз бір заттар жөнінде айқын да нақты түсінікті қалыптастыру үшін, бұл затты балаларға міндетті түрде көрсету қажет, тіпті иіскетіп, дәмін сездіріп және мүмкін болса ұстап көруіне де беруге болады. Бұл кіші жастағы мектеп оқушылары үшін өте қажет. Оқытушы сабақта қарастырылып отырған құбылыстар мен заттарды қабылдау процесін жүйелі түрде басшылыққа алып отыруы керек. Өйткені ұйымдастырылмаған сезімдік қабылдау баланың санасында айқын да нақты түсініктердің қалыптасуына әкелмейді. Мұндай басшылық балалардың назарын белгілі бір заттың маңызды ерекшеліктеріне аудартуға бағыттаудың жолымен жүзеге асырылады. Балалардың назарын сұрақтардың, әртурлі тапсырмалардың көмегімен аудартуға болады, өйткені бұлар затқа оның қасиеттерін көрсетудың мақсатында әсер етудегі балалардың қызығушылықтарын оятады. Мұнда маңызды рольге салыстыру әдісі ие.

Ал егер де затты балаларға көрсету мүмкін болмаса, онда оның бейнесі мен кескінің көрсету керек. Нақ осындай тәсіл арқылы вулкандар, шөл, сирек кездесетін өсімдіктермен жануарлар жөніндегі тусініктерді қалыптастыруға болады.

Қарастырылып отырған затты немесе оның бейнесін қабылдау мен бір уақытта оқушылар белгіленген затты немесе оның жекелеген сапаларын анықтайтын сөздерді де меңгереді. Сөздер заттын образымен байланысты болып, екеуі қосылып бір тұтастықты құрайды. Сөз бос форма болудан қалады.

2. Табиғаттану ұғымдарының даму әдістемесі.

Қоршаған ортаның жекелеген заттарын адамдар ешқашан да басқа заттардан ажыратып бөлек қабылдай алмайды. Заттарды бір бірімен үздіксіз сәйкестендіріп салыстыру, олардың арасындағы айрмашылықтар мен ұқсастықтарды табу заттты белгілі бір топқа жатқызуға мүмкіндік береді. Ұқсаз заттар тобы бір ғана белгіленген сөз арқылы анықталынады. Яғни оқушылардың санасында алғашқы тұжырымдар, элементарлы ұғымдар қалыптасады. Ұғым дегеніміз ойлау жұмысының жемісі жекелеген заттар мен құбылыстар жөніндегі қорытынды білімдердің нәтижесі.

Ұғымның тусініктен еңбасты ерекшелігі мынада : тусінік заттың сыртқы көрінісін, яғни сезім органдары арқылы тікелей қабылдауға мүмкін болатын заттың белгілерін бейнелейді. Тусінік заттың мәніне терең ене алмайды. Тусінікке Қарағанда ұғым бір ғана топтың заттары ушін жалпы тән байланыстардың белгілері мен маңызды қасиеттерін көрсетеді.

Белгілі бір ғылымның негіздерін меңгеру дегеніміз ең алдымен осы ғылымның ұғымдар жуйесін меңгеру деген сөз. Сондықтан кез келген пәнді оқытудағы ең басты міндет ол оқытушының бала санасында дұрыс ғылыми ұғымдарды қалыптастыруға ұмтылу болып табылады.

Ұғымдардың пайда балуы көптеген заттарға тєн жалпы белгілердің абстракциялануының тек қана нәтижесі емес, қайта ол құбылыстар мен заттарды танудағы таным тереңдігін, қатынастарды және жаңа қырларды ашудың процесстерін негіздейді.

Әрбір ұғымдар баланың санасында қарапайым тужырымдардан бастап, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының терең де күрделі байланыстары мен қашеттерін ұйғарумен бітетін дамудың ұзақ жолымен журеді.

Ұғымдарды байытып дамыту оқушылардың сөздік қорының баюымен байланысты жүреді. Мазмұнынан айрылған сөздер бос форма балудан қалады. Сондықтан олар шыңдық жөніндегі шынайы данақты білімдердің айқын көрінісі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет