ОҚУ Әдістемелік комплексі


Сабақ 1 Жеке адамды әлеуметтендіру және әлеуметтік-психологиялық адаптация мәселелері



бет8/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтік психология
Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны

Сабақ 1 Жеке адамды әлеуметтендіру және әлеуметтік-психологиялық адаптация мәселелері.

Жоспары:


1. Әлеуметтендіру ұғымы, оның механизмдері мен функциялары, сфералары.

2. Жеке адамды әлеуметтендірудің институттары.

3. Әлеуметтік-психологиялық адаптация мәселелерінің зерттелуі.

1. Әлеуметтендіру ұғымы, оның механизмдері мен функциялары, сфералары.
Әлеуметтендірудің қазіргі заманғы теорияларының негізі көптеген авторлардың пікірі бойынша, француз әлеуметтанушысы Габриэль Тардтың еңбектерінде жатыр. Оның пікірінше, әлеуметтік өмірдің негізі – дара сананың өмірдегі сенім мен ой-пікірлерді меңгеру және басқалардың талап-тілегін түсінудегі өзара іс-әрекет болып табылады. Әлеуметтік өмірдің негізінде біздің «Мен» және басқалардың «Меніне» қатынас және үздіксіз өзара әсер болады. Осындай әлеуметтендірудің негізгі механизмі ретінде Г.Тард қоғамның өзінің әлеуметтік институттары, яғни білім беру жүйесі, тәрбие жүйесі, отбасы, қоғамдық пікір арқылы реттейтін еліктеуді атады.

«Әлеуметтендіру» термині американ әлеуметтанушысы Ф.Г.Гиддингстің есімімен тығыз байланысты, ол аталған терминмен қоршаған ортаның стихиялы түрде әсер ету нәтижесінде жеке адамның қалыптасу процесін атады.

Әлеуметтік психологияға «әлеуметтендіру» ұғымын 40-50 жылдары А.Бандура мен Дж. Кольман енгізді. Қазіргі заманның түсіндіруі бойынша, «әлеуметтендіру» терминінің бірнеше мағынасы бар және әртүрлі авторлардың интерпретациясы бір-бірімен сай келе бермейді. Бұның себебі, аталған ұғым пәнаралық болып табылады, яғни ол әлеуметтік психологиядан басқа, әлеуметтануда, педагогикада, әлеуметтік педагогикада, философияда кең қолданылады.

Жалпы түрде, «әлеуметтендіруге» мынадай анықтама берілген: «...индивидті қоғамдық өмірге ендіретін және мәдениетті түсінуге үйрететін, өзін-өзі ұжымда таныта алатын және әртүрлі әлеуметтік рольдерді орындайтын ортаның әсері».

Г.М.Андреева әлеуметтендіруге мынадай анықтама береді: «...бұл – екіжақты процесс, бір жағынан, индивидтің әлеуметтік ортаға ену жолымен әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, екінші жағынан, индивидтің белсенді қызмет арқылы әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта өңдеу процесі, яғни жеке адам әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге оны өзіндік құндылықтары, құрылымдары, бағдарларына айналдырады»,

А.В.Мудрик көптеген әлеуметтендірудің негізгі теорияларының негізін қалаған, оған мынадай анықтама береді: «... адамның мәдениетті меңгеру және қайта өңдеу процесінде дамуы мен өзіндік өзгеруі, яғни әлеуметтендірудің маңызы адамның нақты қоғам жағдайында бейімделуінде» деп атап көрсетті.

Психологиялық сөздікте әлеуметтендіру «индивидтің қызмет пен қарым-қатынастарда жүзеге асыратын әлеуметтік тәжірибені меңгеру және қайта өңдеу процесі мен нәтижесі» деген анықтама берілген.

Әлеуметтендірудің механизмдері деп сыртқы әлеуметтік орта мен ішкі тұлғалық факторлардың жиынтығын атайды. Әлеуметтендіру бірнеше механизмдер арқылы жүзеге асады.



  1. имитация – мінез-құлықтың белгілі бір үлгісін саналы түрде қайталауға ұмтылыс. Әлеуметтендірудің бірінші кезеңінде еліктеудің үлгісі ретінде ата-аналар алынады, ал екінші кезеңінде маңызды басқа адамдар алынады.

  2. идентификация – индивидтің қоршаған басқа адамдардың мінез-құлық нормалары мен қарым-қатынастарына ұқсастылығының белгілері;

  3. интериоризация - әлеуметтік нормалар, құндылықтар және әлеуметтік ортаның басқа компоненттерін меңгеру нәтижесінде психиканың ішкі құрылымының қалыптасу процесі;

  4. экстериоризация – ақыл-ой әрекеттерінің нәтижелерінің сыртқа шығу процесі;

  5. еліктеу – индивидтің басқа адамдардың тәжірибесі мен мінез-құлық үлгісін саналы және санадан тыс қайта өңдеуі;

  6. проекция – адамның өзіндік жағымсыз ерекшеліктерін басқаларға таңу;

  7. ұят сезімі – басқа адамдардың реакциясымен байланысты мүмкін болатын ұятты іс-әрекетке толқу сезімінің болуы;

  8. кінә сезімі – басқа адамдардан тыс өзін жазалауға байланысты мүмкін болатын ұятты іс-әрекетке толқу сезімінің болуы.

Жалпы түрде әлеуметтендірудің екі негізгі сатысын анықтауға болады:

  1. алғашқы саты;

  2. екінші саты.

Әсер ету құралдарының жиынтығы құндылықтардан, нормалардан және белгілерден құралады, яғни қоғам үлкен және шағын топтар арқылы қалыптасқан жеке адамға нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін береді.

Жеке адамның нормалар мен құндылықтар жүйесіне енгізілген топтар әлеуметтендіру институттары деп аталады. Алғашқы әлеуметтендіру сатысы аса маңызды және онда мәдениетке ену, әлеуметік нормалар, құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін меңгеру жүреді. Адамның алғашқы әлеуметтендіруі сатысындағы негізгі міндеттер:



  • жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеру және отбасылық-неке құрылымдарын үйрену;

  • экономикалық тұрғыда өзіндік өмірге дайындық;

  • кәсіби ортада өзін-өзі анықтауы;

  • достар мен жарын табу.

Бұл сатының нәтижелері жеке адамның болашақ өмірі мен дамуын анықтайды.

Екінші әлеуметтендіру – ересек адамның өмір сүруінен ерекшеленетін әлеуметтік рольдерді әрі қарай меңгеру, тұлғалық ерекшеліктерін, нормалары мен құндылықтарын, мінез-құлық және қарым-қатынас үлгісін әрі қарай өзгерту және түзету.

Алғашқы және екінші әлеуметтендірудің бірнеше сапалық өзгешеліктері бар:


  • ересек адамның әлеуметтендіруі негізінен сыртқы мінез-құлқының өзгеруімен анықталады, ал баланың әлеуметтендіруі құндылық бағдарды, қатынас пен құрылымдарды қалыптастырады және түзетеді;

  • ересек адамдар өзіндік бағалауына байланысты нормаларды бағалай алады, ал балалар тек нормаларды меңгереді;

  • ересек адамдардың әлеуметтендіруі қабылданған нормалар, ережелер мен құндылықтарды шартты түрде түсінуге мүмкіндік береді;

  • ересек адамдардың әлеуметтендіруі адамға өмір сүруге қажет белгілі бір дағдыларды меңгеруге көмектесуге бағытталған;

  • балалардың әлеуметтендіруі негізінен мінез-құлық негіздерін қалыптастырады.


2. Жеке адамды әлеуметтендірудің институттары.
Әлеуметтендірудің факторларын үш топқа бөлуге болады:

  1. микрофакторалар – отбасы, мектеп, мектептен тыс ұйымдар, ресми емес ұйымдар;

  2. мезафакторлар – этномәдени жағдайлар, адамның тұратын және дамитын елді мекені, бұқаралық ақпарат құралдары;

  3. макрофакторлар – қоғам, мемлекет, ғаламшар.

Көптеген тұжырымдамаларда отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде қарастырылады. Отбасында өзара іс-әрекеттің алғашқы дағдылары қалыптасады, алғашқы әлеуметтік рольдерді меңгереді, ер адамға және әйел адамға тән белгілер қалыптасады. Адамның мінез-құлқының негіздері, оның еңбекке, моральды, идеялық және мәдени құндылықтарға қатынасы қалыптасады.

Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі мектеп болып саналады. Мектепте жүйелі білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге адамды қоғамдағы өмірге үйретеді. Мектеп отбасымен салыстырғанда, қоғам мен мемлекетке біршама тәуелді, сонда да болса, мектепте адамға мемлекеттің бір азаматы ретінде алғашқы түсінік беріледі.

Балалардың отбасы мен мектептен тыс уақытының көп болуына байланысты замандастар қоғамының маңызы артуда, олардың ықпалы ата-аналар мен мұғалімдердің ықпалынан көбірек.

Мектептен басқа, бұқаралық ақпарат құралдарының – баспасөз, радио, теледидар, компьютерлік жүйелердің ролі мен маңызы артуда. Баспа мен теледидарды бақылау мен жоспарлауға алуға болады, ал интернет жүйесін бақылауға алу қиынға соғады.

Әлеуметтендіру процесіне белгілі бір этносқа қатыстылық мәселесі ықпал етеді. Этностық ерекшеліктер бір жеке адамға емес, көптеген топтарға сипаттама береді. Этностардың құрылуы көптеген ғасырлар бойы біршама факторлардың әсерімен жүріп келе жатқан процесс болып табылады. Әрбір этносқа белгілі рухани құрылым тән, мысалы – менталитет, қазақшаға аударғанда діл деп аталады. Менталитет халықтың арнайы әлеуметтік мәдени өмір жағдайларында қалыптасады және әлеуметтендірудің маңызды факторы болып саналады.

А.В.Петровскийдің пікірі бойынша, менталитет ұғымы бір қауымдастықты екінші бір қауымдастықтан ерекшелейтін сана ауқымындағы ерекше құбылыстарды анықтауға қолданылады. Әрі қарай ол мынадай мысал келтіреді: «жақын адамдарға деген махаббат сезімі, олардан айырылғандағы өкініш сезімі, олардың өмірден өтулеріне себеп болған адамдарды кінәлау жалпы адамдық қасиеттер бооып табылады, сонымен қатар қанды кек алуды адамгершілік жағынан ақтау – менталитеттің халық дәстүрімен бекітілген белгісі болып саналады. Мысалы қанды кек алу – «вендетта» деп аталады, итальян тілінде «кек алу» деген мағынаны білдіреді.

Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі елді мекеннің типі болып табылады. Әлеуметтендіру процесі үлкен қалалар мен алыстағы кішкентай ауылда бірдей жүреді деп айтуға болмайды.

Жеке адамның қалыптасуы жүретін үш сфераны атауға болады: қызмет, қарым-қатынас және өзіндік сана. Осы үш сфераның жалпы сипаттамасы ретінде индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланыстарын кеңейту процесін алуға болады.

Қызмет сферасында адам қызметтің жаңа түрлерін меңгереді. Қарым-қатынас кезінде оның кеңдігі мен тереңдігі қарастыралады. Қарым-қатынасты кеңейтуді адамның басқа адамдармен байланыстарын көбейту деп түсіндіруге болады. Қарым-қатынастың тереңдігін монологты қарыми-қатынастан диалогты қарым-қатынасқа өту деп түсіндіруге болады.

Әлеуметтендірудің үшінші сферасы өзіндік сананың дамуы, яғни әлеуметтендіру процесінде адамның «Мен» бейнесінің қалыптасуы жүреді, өзінің әлеуметтік статусы мен ролін түсіну, өзіндік бағалауының қалыптасуы жүреді. «Мен» үш компоненттен тұрады: танымдық (өзін тану), эмоциональды (өзін бағалау), мінез-құлықтық (өзіне деген қатынас).


3. Әлеуметтік-психологиялық адаптация мәселелерінің зерттелуі.
«Әлеуметтендіру» терминімен «әлеуметтік-психологиялық адаптация» ұғымы тығыз байланысты. Әлеуметтік-психологиялық адаптация деп адамдардың белгілі әлеуметтік-психологиялық статусқа ие болуы және әлеуметтік-психологиялық функцияларды меңгеруі түсінідіріледі. Статус деп жеке адамның құқығы, міндеттерін анықтайтын тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны түсіндіріледі. Статус жеке адамның тұрақты сипаттамасы болып табылмайды және әртүрлі топтарда әртүрлі нұсқада болады.

Әлеуметтік-психологиялық адаптация әлеуметтендіру механизмінің құрамды элементі болып табылады және өмірдің әртүрлі жағдайларына бейімделуінің жиынтығы ретінде қарастырады. Әрбір адаптация адамның тәжірибесін байытады, оны әлеуметтендіруге ұмтылады. Әлеуметтік-психологиялық адаптация жеке адамның өзгермелі әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет процесі және нәтижесі болып табылады.

Адам үшін әлеуметтік-психологиялық адаптацияның оң нәтижелері мыналар:


  • өзінің биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру және өмір сүру мүмкіндігі;

  • өз қажеттіліктерін қарым-қатынас мен мінез-құлқының қажетті құралдарын қалыптастыру нәтижесінде әлеуметтік талаптарға сәйкестендіру;

Бұл нәтижелердің көрсеткіштері ретінде төмендегілерді алуға болады:

  • адамның әлеуметтік ортадағы жоғары әлеуметтік статусы;

  • осы статусқа, әлеуметтік ортаға және оның маңызды элементтеріне, мысалы, қызметке қанағаттану.

Қоғам үшін әлеуметтік адаптацияның маңыздылығы өзінің әлеуметтік құрылымын қайта өңдеу мүмкіндігіне ие болумен анықталады.

Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының деңгейінінің объективті және субъективті критерийлері бар. Объективті критерийлер:



  • нәтижелі қызмет;

  • ұжымдағы нақты орны;

  • әлеуметтік шындық ретіндегі авторитеті.

Субъективті критерийлер:

  • жаңа немесе өзгермелі әлеуметтік ортадағы әртүрлі аспектілер тұрғысындағы жеке адамның қанағаттануы;

  • қызмет пен қарым-қатынастың әртүрлі аспектілеріне жағымды қатынас.

Адамға өзгермелі әлеуметтік ортадағы адаптациясы сәтті өтуі үшін оның өмірлік қиындықтарды жеңуге бағытталған күш-қуатының белсенділігі және болып жатқан оқиғаларға жеке жаупкершілік сезімі сияқты тұлғалық қасиеттері қажет. Әлеуметтік белсенділіктің маңызды белгілері:

  • әлеуметтік процестерге ықпал етудің күшті және тұрақты ұмтылысы;

  • қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті, оның формалары мен түрлерін сақтауға, қайта құруға, өзгертуге бағытталған қоғамдық істерге нақты қатысу.

Жеке адамның әлеуметтік белсенділік деңгейіне байланысты оның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының екі түрін анықтауға болады: белсенді және енжар. Белсенді әлеуметтік-психологиялық адаптация адамның әлеуметтік ортаға әсер етуге ұмтылысында көрінеді. Енжар адаптация осындай өзгертулер мен іс-әрекеттерге ұмтылыстың жоқтығымен анықталады.

Адам барлық уақытта әлеуметтік ортаның жағдайларына бейімделе бермеуі себепті, әлеуметтік-психологиялық адаптацияның осы белгісі бойынша екі түрін анықтауға болады: ерікті және еріксіз.

Ерікті адаптация орта ұсынған жаңа құндылықтар мен іс-әрекет әдістері жеке адамның құндылық жүйесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда пайда болады:


  • әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтары жеке адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктер жүйесіне енгізіліп, оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды;

  • жеке адамға тән құндылық бағдарлар мен мінез-құлық нормалары еш қысымсыз жаңа жағдайларға сай өзгереді.

Еріксіз адаптация кезінде қайта құрулардың әдістері мен бағыттары жеке адамның құрылымдарына сай келе бермейді:

  • жаңаны қабылдамай, жеке адам ортаның талаптарын өзгертуге тырысады, бірақ ол нәтижесіз болып, соңында жеке адамның бағынуына тура келеді;

  • индивид еш өзгертуге тырыспай бағынады;

  • әлеуметтік мінез-құлықтың жаңа әдістері жеке адамның қасиеттеріне сай келе бермейді, бірақ жеке адам оларды әрі қарай өмір сүру үшін қолдануға мәжбүр болады.

Адаптация процесіне қарама-қарсы процесс дезадаптация деп аталады. Осы процестің мәні ішкі психикалық процестер мен мінез-құлықтың дамуы мәселелерін шешуге емес, жеке адамның қиындықтарының күшеюіне әкеліп соғады. Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес деп екіге бөлінеді. Патологиялық дезадаптацияда психикалық функциялар мен мінез-құлықтың деструктивті өзгерістері пайда болады.

Әлеуметтік психологияының негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік құрылымдарды және олардың адамның мінез-құлқына әсерін зерттеу болып табылады. Құрылымды индивидтің басқа адамдарды, әртүрлі объектілерді, құбылыстар мен идеяларды бағалаудағы бейімділігі анықтайды. Ағылшын тілінде «әлеуметтік құрылым» ұғымы «аттитюд» ұғымына сай келеді, оны ғылыми тұрғыда енгізген У.Томас пен Ф.Знанецкий. Бұл авторлардың аттитюдке берген анықтамасы мынадай: белгілі жағдайларда нақты объектімен байланысты адамның мінез-құлқы мен қатынасын реттейтін сана жағдайы және оның объектінің мәні мен әлеуметтік құндылықты психологиялық сезіну жағдайы.

Берілген анықтамада ең алғашқы орынға аттитюдтің немесе әлеуметтік құрылымның маңызды белгілері берілген:


  • адамның мінез-құлқы мен қатынасымен байланысты объектілердің әлеуметтік сипаты;

  • осы қатынастар мен мінез-құлықты саналы түсіну;

  • эмоциональды компонент;

  • әлеуметтік құрылымның реттеуші ролі.

Әлеуметтік объектілер ретінде қоғам мен мемлекеттің институттары, құбылыстар, оқиғалар, нормалар, топтар, жеке адамдар және т.б. болады. Өткен ғасырдың ортасынан бастап, американдық зерттеушілер құрылым құрамында үш компонентті анықтады: когнитивті, аффектілі және мінез-құлықтық. Когнитивті компонентте әлеуметтік құрылым объектіні саналы түсінудің нәтижесі ретінде көрінеді және адамның санасында белгілі және тұрақты ой-пікірлер, сенімдер, көзқарастар түрінде көрінеді. Аффектілі компонент адамның әлеуметтік құрылым объектісіне байланысты пайда болатын сезімдері, эмоциональды көңіл-күйлерінде көрінеді. Мінез-құлықтық компонент әлеуметтік құрылым объектісіне қатынасында кезектестік мінез-құлық бейнесі ретінде көрінеді.

Қазіргі кезде әлеуметтік құрылымының үш деңгейлі құрамы туралы мәселе пікірталас тудырып отыр (саналы түсіну, бағалау, іс-әрекет етуге дайындық). Кейбір әдебиеттерде құрылымға мынадай анықтама берілген: объектіге позитивті және жағымсыз баға беру. Әлеуметтік құрылымның негізгі функциялары:



  • бейімделгіш немесе утилитарлы, адаптациялық функция – адамның мақсатқа жетуде және қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған объектілерге бағыттайды;

  • гностикалық (танымдық) – құрылым адамға белгілі объектіге қатынасында мінез-құлыққа байланысты жеңілдетілген талаптар ұсынады, бұл шешім қабылдауда уақыттың тығыз жағдайында пайдалы;

  • экспрессивті – құрылым адамның өзін ішкі қысымнан ерікті тұлға ретінде көрсетуімен байланысты;

  • қорғаныстық - әлеуметтік құрылым жеке адамның шешім қабылдау процесін жеңілдетеді және сол мақсатта ішкі кикілжіңдердің алдын алуға және шешуге мүмкіндік береді;

Әлеуметтік құрылымдардың түрлері:

  • перцептивті құрылым – қоршаған ортаның қабылданған элементтеріне белгілі интерпретация жасауға индивидтің бейімділігі;

  • стереотиптер - әлеуметтік құрылымның жүзеге асу формаларының тұрақты өзгерістер мен жаңа тәжірибеге ықпалы.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жеке адамды әлеуметтендіру механизмдеріне не жатады?

2. Жеке адамды әлеуметтендірудің сфералары мен факторларын атаңыз.

3. Жеке адамды әлеуметтендірудің инститтутары дегеніміз не?

4. Әлеуметтік-психологиялық адаптация дегеніміз не?


Модуль 4 Жеке адамды әлеуметтендіру мәселелері.

Блок 1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІГІ



Сабақ 2. Кикілжіңдер табиғаты және оны шешу жолдары

Жоспары:


1. Кикілжің ұғымына анықтама.

2. Кикілжіңнің түрлері мен функциялары.

3. Кикілжіңнің динамикасы мен құрылымы.

1. Кикілжің ұғымына анықтама.
Кикілжің сөзі латын тілінен аударғанда – соқтығысу, қақтығысу деген мағынаны береді және өзара іс-әрекет процесінде пайда болатын қарама-қарсы бағытталған мақсаттар, қызығушылықтар, ұстанымдар, ой-пікірлер, көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келмеуі аталады.

Кикілжіңдерді жіктегенде әртүрлі критерийлерді қолдануға болады:



  1. кикілжіңдердің орны бойынша тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық деп бөлуге болады.

  2. тұлғаішілік кикілжің адамның ішкі дүниесінде пайда болып, оның әртүрлі мақсат, тілек, себептерінің негізінде пайда болады.

  3. тұлғааралық кикілжің екі немесе одан да көп жеке адамдардың арасында пайда болады. Тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуынынң бірнеше себептері бар:

  • ақпараттың жеткіліксіздігі;

  • тығыз байланыстың аз болуы;

  • таңдау жасаудағы еріксіздік;

  1. тұлғалық-топтық кикілжің жеке адамның мінез-құлқының топтық нормаларға сәйкес келмеуінен пайда болады. Жеке адам мен топтың өзара іс-әрекет деңгейіндегі кикілжіңдер әртүрлі нұсқада беріледі:

  • басшының қол астындағылармен кикілжіңі – бұндай кикілжіңдердің себебі басшының төмен деңгейлі құзырлылығынан болуы мүмкін;

  • теріс ықпалды формальды емес лидерлердің басымдылығы;

  • жаңа басшыны «сырттан» сайлау, бұнда осы топ ішінде басшы болуға мүмкіндік бар үміткердің болуы;

  • басқару стилінің сәйкес келмеуі;

  • топ мүшелерінің ұжыммен кикілжіңге баруы – кикілжіңнің себебі адамның тұлғалық ерекшеліктері болуы мүмкін;

  • жеке адам үшін маңызды нормаларды топтың бұзуы;

  • топтың жеке адамдардың статусына қарым-қатынасының сәйкес келмеуі;

  • адамдардың ресми және ресми емес өзара іс-әрекет нормаларын бұзуы.

  1. топаралық кикілжің – бұнда кикілжіңге қатысушылар ретінде қарсы топтың мақсаттарымен сәйкес келмейтін топтар алынады. Нәтижесі бойынша конструктивті және деструктивті кикілжің деп бөлуге болады.

Конструктивті кикілжің – мұнда жеке адам немесе топ жинақталған қарама-қайшылықтарды шешіп, ол дамуының жаңа кезеңіне өтуге бағыт алады.

Деструктивті кикілжің – бұл түрі өзара іс-әрекеттерді бұзуға, жеке адам мен топтың эмоциональды жағдайын төмендетуге бағытталған. Көп жағдайда кикілжіңнің осы түрі стресс жағдайының себебі болып табылады.

Деструктивті кикілжіңнің мынадай белгілері бар:


  1. кикілжіңге жаңа адамдарды көптеп енгізу;

  2. бір-біріне деген қарым-қатынаста жағымсыз әсерлердің көбеюі;

  3. кикілжіңнің «эскалациясы» - қысымның өршуі, қарсыласты шынайы қабылдамау.

Кикілжіңнің бұл түрін шешу өте қиын.
2. Кикілжіңнің түрлері мен функциялары.
Кикілжіңдердің функциясын сипаттай отырып, оның екі аспектісін анықтауға болады:

  1. кикілжіңге қатысушылардың өздеріне әсері;

  2. кикілжіңнің әлеуметтік ортаға әсері.

Конструктивті функцияның қатысушыларға әсеріне мыналар жатады:

  • қатысушылар арасындағы қарама-қайшылықтарды толық немесе жартылай жою;

  • қарсыластардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін терең бағалауға мүмкіндік беру;

  • кикілжіңге қатысушылар арасында психологиялық қысымның азаюына жол беру;

  • жаңа тәжірибе жинақтау және жеке адамды дамытудың қайнар көзі болуы;

  • қарсыластардың тұлғааралық қарым-қатынастарын тұрақтандыруға ықпал ету.

Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің конструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:

  • кикілжіңнің топтың әлеуметтік өмірін жетілдіруге ықпал етуі;

  • қызмет пен қарым-қатынастағы шешілмеген мәселелерді түсінуге мүмкіндік беру;

  • топтың пікірін, оның мүшелерінің көзқарасы мен көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беруі;

  • кикілжіңнің ішкі қиындықтар пайда болғанда топтың ұйымшылдығына әсер етуі.

Қатысушыларға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайда көрінеді:

  • кикілжің қатысушылардың психикалық жағдайына жағымсыз әсерінің және стресске ұшырауының себебі болуы мүмкін;

  • тұлғааралық қарым-қатынастардың бұзылуының себебі болуы мүмкін;

  • қызметтің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін;

  • кикілжің топтағы мәселелерді күштеп шешудің себептері болуы мүмкін.

Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:

  • кикілжің топтағы қарым-қатынас процесін бұзады;

  • топтың құндылық-бағдарлы тұтастығын әлсіретеді;

  • бірлескен іс-әрекеттің сапасын төмендетеді.

Көптеген тұжырымдамаларда отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде қарастырылады. Отбасында өзара іс-әрекеттің алғашқы дағдылары қалыптасады, алғашқы әлеуметтік рольдерді меңгереді, ер адамға және әйел адамға тән белгілер қалыптасады. Адамның мінез-құлқының негіздері, оның еңбекке, моральды, идеялық және мәдени құндылықтарға қатынасы қалыптасады.

Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі мектеп болып саналады. Мектепте жүйелі білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге адамды қоғамдағы өмірге үйретеді. Мектеп отбасымен салыстырғанда, қоғам мен мемлекетке біршама тәуелді, сонда да болса, мектепте адамға мемлекеттің бір азаматы ретінде алғашқы түсінік беріледі.

Балалардың отбасы мен мектептен тыс уақытының көп болуына байланысты замандастар қоғамының маңызы артуда, олардың ықпалы ата-аналар мен мұғалімдердің ықпалынан көбірек.

Мектептен басқа, бұқаралық ақпарат құралдарының – баспасөз, радио, теледидар, компьютерлік жүйелердің ролі мен маңызы артуда. Баспа мен теледидарды бақылау мен жоспарлауға алуға болады, ал интернет жүйесін бақылауға алу қиынға соғады.

Әлеуметтендіру процесіне белгілі бір этносқа қатыстылық мәселесі ықпал етеді. Этностық ерекшеліктер бір жеке адамға емес, көптеген топтарға сипаттама береді. Этностардың құрылуы көптеген ғасырлар бойы біршама факторлардың әсерімен жүріп келе жатқан процесс болып табылады. Әрбір этносқа белгілі рухани құрылым тән, мысалы – менталитет, қазақшаға аударғанда діл деп аталады. Менталитет халықтың арнайы әлеуметтік мәдени өмір жағдайларында қалыптасады және әлеуметтендірудің маңызды факторы болып саналады.

А.В.Петровскийдің пікірі бойынша, менталитет ұғымы бір қауымдастықты екінші бір қауымдастықтан ерекшелейтін сана ауқымындағы ерекше құбылыстарды анықтауға қолданылады. Әрі қарай ол мынадай мысал келтіреді: «жақын адамдарға деген махаббат сезімі, олардан айырылғандағы өкініш сезімі, олардың өмірден өтулеріне себеп болған адамдарды кінәлау жалпы адамдық қасиеттер бооып табылады, сонымен қатар қанды кек алуды адамгершілік жағынан ақтау – менталитеттің халық дәстүрімен бекітілген белгісі болып саналады. Мысалы қанды кек алу – «вендетта» деп аталады, итальян тілінде «кек алу» деген мағынаны білдіреді.

Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі елді мекеннің типі болып табылады. Әлеуметтендіру процесі үлкен қалалар мен алыстағы кішкентай ауылда бірдей жүреді деп айтуға болмайды.

Жеке адамның қалыптасуы жүретін үш сфераны атауға болады: қызмет, қарым-қатынас және өзіндік сана. Осы үш сфераның жалпы сипаттамасы ретінде индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланыстарын кеңейту процесін алуға болады.

Қызмет сферасында адам қызметтің жаңа түрлерін меңгереді. Қарым-қатынас кезінде оның кеңдігі мен тереңдігі қарастыралады. Қарым-қатынасты кеңейтуді адамның басқа адамдармен байланыстарын көбейту деп түсіндіруге болады. Қарым-қатынастың тереңдігін монологты қарыми-қатынастан диалогты қарым-қатынасқа өту деп түсіндіруге болады.
3. Кикілжіңнің динамикасы мен құрылымы.
Кикілжіңдердің құрылымы – басқа әлеуметтік құбылыстармен салыстырғанда оның тұтастығын қамтамасыз ететін киілжіңнің тұрақты байланыстарының жиынтығы.

Кикілжіңнің құрылымы:



  1. кикілжің объектісі;

  2. кикілжің мәселесі;

  3. кикілжіңге қатысушы жақтар;

  4. пайда болатын ішкі жағдайлар;

  5. кикілжіңді жағдайдың бейнесі;

  6. мүмкін болатын кикілжіңді іс-әрекеттер мен оның нәтижелері.

Кикілжіңнің объектісі – соқтығысудың мәселесі, яғни материалдық, рухани, әлеуметтік құндылықтар арқылы кикілжіңге баратын екі жақтың қарама-қайшылық мәселелсі.

Кикілжіңнің мәселелсі – екі жақтың қарама-қайшылығының қайнар көзі болып табылатын объективті және субъективті мәселелер.

Кикілжіңге баратын жақтар – қатысушылар, яғни негізінен адамдар жеке, ресми, заңды тұлғалар болып кикілжіңге барады.

Ішкі жағдайлардың бірнеше түрлері бар:



  1. кеңістіктік-уақытша - пайда болатын қарама-қайшылықтың орны мен уақыты;

  2. әлеуметтік-психологиялық – топтағы психологиялық ахуал, олардың қарым-қатынастарының типі мен деңгейі;

  3. әлеуметтік - әртүрлі әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылыққа ұшырауы;

Кикілжіңді жағдайдың бейнесі мынадай элементтерден тұрады:

  1. қатысушылардың өздері туралы ойлары – қажеттіліктері, құндылықтары, мүмкіндіктері, мақсаттары;

  2. қарама қарсы жақ туралы пікірлері, кикілжіңді жағдайлар болған орта туралы ойлары.

Бұл бейнелер әрдайым шынайы бола бермейді.

Кикілжіңді іс-әрекеттер қарама-қарсы жақтың мақсаттары мен қызығушылықтарының жетістіктерін қоршауға бағытталады. Кикілжіңді іс-әрекеттердің нәтижелері – кикілжіңнің нәтижелері болып табылады.

Кез келген кикілжің динамикалық процесс болып табылады және оның дамуының бірнеше кезеңдері болады.


  1. объективті кикілжіңді жағдайдың белгілі бір мәселе бойынша пайда болуы; Бұл кезең «потенциалды кикілжің кезеңі» деп аталады.

  2. объективті кикілжіңді жағдайды кикілжіңге қатысушылар өз мақсаттарын қарама-қарсы жақтың мақсаттарына сай еместігін түсінген кезде пайда болады.

  3. кикілжіңді мінез-құлыққа өту, яғни өз мақсаттарына жетуге белсенді іс-әрекетке көшу. Осы кезеңде 5 типті атауға болады:

  1. бәсекелестік типі;

  2. кикілжіңді елемеу, шеттету;

  3. бейімделу, ыңғайлану;

  4. келісімге келу, ымыраға келу;

  5. ынтымақтастық.

Әлеуметтік-психологиялық адаптация әлеуметтендіру механизмінің құрамды элементі болып табылады және өмірдің әртүрлі жағдайларына бейімделуінің жиынтығы ретінде қарастырады. Әрбір адаптация адамның тәжірибесін байытады, оны әлеуметтендіруге ұмтылады. Әлеуметтік-психологиялық адаптация жеке адамның өзгермелі әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет процесі және нәтижесі болып табылады.

Адам үшін әлеуметтік-психологиялық адаптацияның оң нәтижелері мыналар:



  • өзінің биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру және өмір сүру мүмкіндігі;

  • өз қажеттіліктерін қарым-қатынас мен мінез-құлқының қажетті құралдарын қалыптастыру нәтижесінде әлеуметтік талаптарға сәйкестендіру;

Бұл нәтижелердің көрсеткіштері ретінде төмендегілерді алуға болады:

  • адамның әлеуметтік ортадағы жоғары әлеуметтік статусы;

  • осы статусқа, әлеуметтік ортаға және оның маңызды элементтеріне, мысалы, қызметке қанағаттану.

Қоғам үшін әлеуметтік адаптацияның маңыздылығы өзінің әлеуметтік құрылымын қайта өңдеу мүмкіндігіне ие болумен анықталады.

Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының деңгейінінің объективті және субъективті критерийлері бар. Объективті критерийлер:



  • нәтижелі қызмет;

  • ұжымдағы нақты орны;

  • әлеуметтік шындық ретіндегі авторитеті.

Субъективті критерийлер:

  • жаңа немесе өзгермелі әлеуметтік ортадағы әртүрлі аспектілер тұрғысындағы жеке адамның қанағаттануы;

  • қызмет пен қарым-қатынастың әртүрлі аспектілеріне жағымды қатынас.

Адамға өзгермелі әлеуметтік ортадағы адаптациясы сәтті өтуі үшін оның өмірлік қиындықтарды жеңуге бағытталған күш-қуатының белсенділігі және болып жатқан оқиғаларға жеке жаупкершілік сезімі сияқты тұлғалық қасиеттері қажет. Әлеуметтік белсенділіктің маңызды белгілері:

  • әлеуметтік процестерге ықпал етудің күшті және тұрақты ұмтылысы;

  • қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті, оның формалары мен түрлерін сақтауға, қайта құруға, өзгертуге бағытталған қоғамдық істерге нақты қатысу.

Жеке адамның әлеуметтік белсенділік деңгейіне байланысты оның әлеуметтік-психологиялық адаптациясының екі түрін анықтауға болады: белсенді және енжар. Белсенді әлеуметтік-психологиялық адаптация адамның әлеуметтік ортаға әсер етуге ұмтылысында көрінеді. Енжар адаптация осындай өзгертулер мен іс-әрекеттерге ұмтылыстың жоқтығымен анықталады.

Адам барлық уақытта әлеуметтік ортаның жағдайларына бейімделе бермеуі себепті, әлеуметтік-психологиялық адаптацияның осы белгісі бойынша екі түрін анықтауға болады: ерікті және еріксіз.

Ерікті адаптация орта ұсынған жаңа құндылықтар мен іс-әрекет әдістері жеке адамның құндылық жүйесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда пайда болады:


  • әлеуметтік ортаның нормалары мен құндылықтары жеке адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктер жүйесіне енгізіліп, оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды;

  • жеке адамға тән құндылық бағдарлар мен мінез-құлық нормалары еш қысымсыз жаңа жағдайларға сай өзгереді.

Еріксіз адаптация кезінде қайта құрулардың әдістері мен бағыттары жеке адамның құрылымдарына сай келе бермейді:

  • жаңаны қабылдамай, жеке адам ортаның талаптарын өзгертуге тырысады, бірақ ол нәтижесіз болып, соңында жеке адамның бағынуына тура келеді;

  • индивид еш өзгертуге тырыспай бағынады;

  • әлеуметтік мінез-құлықтың жаңа әдістері жеке адамның қасиеттеріне сай келе бермейді, бірақ жеке адам оларды әрі қарай өмір сүру үшін қолдануға мәжбүр болады.

Адаптация процесіне қарама-қарсы процесс дезадаптация деп аталады. Осы процестің мәні ішкі психикалық процестер мен мінез-құлықтың дамуы мәселелерін шешуге емес, жеке адамның қиындықтарының күшеюіне әкеліп соғады. Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес деп екіге бөлінеді. Патологиялық дезадаптацияда психикалық функциялар мен мінез-құлықтың деструктивті өзгерістері пайда болады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Кикілжің дегеніміз не?

2. Кикілжіңнің түрлері мен функцияларын атаңыз.

3. Конструктивті кикілжің мен деструктивті кикілжіңнің қандай өзгеншелігі мен айырмашылығы бар?

4. Кикілжіңді неге динамикалық процесс ретінде қарастыруға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет