ОҚУ Әдістемелік комплексі


Сабақ 1. Сабақтың тақырыбы: Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы



бет6/11
Дата06.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57276
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әлеуметтік психология
Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны, Бастауыш – сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған сабақтардың мазмұны

Сабақ 1.

Сабақтың тақырыбы: Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы

Жоспары:


1. Әлеуметтік психологиядағы топ ұғымына анықтама.

2. Шағын топтың түрлері мен функциялары.

3. Шағын топтағы динамикалық процестердің зерттелу мәселелері..

1. Әлеуметтік психологиядағы топ ұғымына анықтама.
Әртүрлі ұлттардың ойшылдары ерте замандардан бері адамның табиғаты туралы талдау жасады. Аристотель адамды жануар ретінде қарастырды. Көптеген ғасырлар бойы философиялық талдау ортасында жеке адам тұрды, ал адамдар тобы математикалық мөлшер ретінде болды. Шағын топтарды зерттеу 20 ғасырдың екінші жартысында басталды. Шағын топтарды зерттеу шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Алғашқыда әлеуметтік психологияда сипаттамалық анықтама беретін тұжырымдар пайда болды. Оларға «Көпшілік психологиясы» - негізін қалаған Г.Лебон мен С.Селье болды. «Әлеуметтік мінез-құлық инстинктілері» - авторы У.Мак-Дугалл. Осы авторлардың назарында үлкен топтар да болды. Шағын топты зерттеуге арналған алғашқы еңбектер Г.Зиммель және Ч.Кулиге жатады. Бұл ғалымдардың еңбектері топтарды зерттеудегі эксперименттік кезеңге бағытталған. Бұл кезеңде топтың адамның іс-әрекетіне әсері анықталады, яғни бірлескен іс-әрекет емес, «коация» (жанында) іс-әрекет зерттеледі. Коактілі топтарды зерттеу нәтижелері көрсеткендей, басқа адамдармен бірге адамның іс-әрекетінің сапасы төмендеп, оның жылдамдығы үдейді. Басқа адамдармен адам қызметінің нәтижелілігі немесе жылдамдығының артуы «әлеуметтік фасилитация» деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда – жеңілдету). Ал басқа адамдармен бірге адам іс-әрекетінің төмендеуі «әлеуметтік ингибиция» деп аталады (латын тілінен аударғанда – тоқтау). Әлеуметтік психологияда кең тараған әлеуметтік фасилитация зерттеулері болды. Бұл құбылыстарды Ф.Олпорт және В.Меде сипаттаған. Ресейде топтардың адам қызметіне әсерін зерттеумен В.М.Бехтерев және М.В.Ланге айналысты.

Зерттеудің үшінші кезеңінде бірлескен қызметпен біріккен топтарды зерттеу басты назарда болды. Топтағы бірлескен қызмет жағдайында мәселелер тез шешілетіні анықталды, бірақ нәтижелер қызметтің сипатына байланысты болды.

Топтарды зерттеуге екінші дүниежүзілік соғыс ықпал етті. Топтардың ұйымшылдығы, қызметтің тиімділігі, басқару стилі зерттелді. Топтық процестер эксперименталды талдаудың пәні бола бастады. Теориялық негіздемелер бойынша, әлеуметтік психология негіздері алғаш рет гештальтпсихология, бихевиоризм және психоанализ негізінде қаланды. Топтардың әлеуметтік психологиясының жалпы дамуына К.Левиннің теориясы, Дж.Мореноның тұжырымдамасы ықпал етті. К.Левин Массачусетс технологиялық институтында арнайы орталық ашты. Гештальпсихологияның идеяларына сүйене отырып, К.Левин «өріс» теорясының негізін қалады. Зерттеудің негізгі мәселесі топтардың табиғатына, олардың қалыптасу жағдайына, индивид пен басқа топтармен өзара байланысына, жеткілікті қызмет жағдайына арналды.

Дж.Морено шағын топтарды зерттеудегі социометриялық бағыт құрды. Оның пікірінше, қоғамды қарым-қатынастың екі құрылымын анықтауға болады: макроқұрылым және микроқұрылым. Ол макроқұрылым деп индивидтердің өмір сүрудегі әртүрлі формадағы «кеңістіктік» өзіндік орналасуын атады. Микроқұрылым деп индивидтің қоршаған адамдармен психологиялық қатынасының құрылымын түсіндірді. Оның пікірінше, барлық кикілжіңдер макро және микроқұрылымныңң сәйкессіздігімен байланысты. Симпатия және антипатия жүйесі адамға берілген макроқұрылым шеңберіне сай келмейді. Осы мақсатқа жету үшін социометрияны қолдану қажеттігі туды.

Қазіргі заманғы әлеуметтік психологияда социометриялық әдістеме кең тараған. Социометриялық бағыттың негізгі кемшілігі топтағы эмоционалды қарым-қатынастарға зейінді жинақтау болды. Социометрия шағын топтың социометриялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді, ал социометриялық құрылым – социометриялық процедуралар нәтижесінде өзара қолдау көрсету және қарсы пікір айту негізінде топ мүшелерінің арасындағы байланыстың жиынтығы деп түсіндіріледі. Шағын топтың социометриялық құрылымының негізгі сипаттамасы:



  • топ мүшелерінің социометриялық статусы, яғни топ мүшесінің тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде алатын орны;

  • өзара қолдау және ауытқудың сипаттамасы;

  • Топ мүшелерінің өзара қарым-қатынаста болатын микро топтың болуы;

  • өзара қолдаудың қалыпты мөлшері.

Топтардың терапевтік мүмкіндіктеріне алғаш назар аударған американдық дәрігер Дж.Пратт болды. Ол 1905 жылы алғаш рет туберкулезбен ауыратын аурулар үшін психотерапевтік топтар ұйымдастырды. Пратт мынадай тұжырым жасады: топ өз мүшелеріне терапевтік эффект көрсетуге қабілетті. Бұл эффект топтағы толық түсіністік пен ынтымақтастықтың пессимизмді жоюға және оқшаулануды сезінуді жоюға көмектеседі.

20 ғ. барлық психотерапевтік бағыттар жұмыстың топтық түрлерін пайдаланды. Әсіресе негізін қалаған К.Роджерстің гуманистік бағытын атауға болады. 20ғ. 50-60 жылдарында пайда болған топтық қозғалыстарға деген қызығушылық К.Роджерстің пікірінше, мәдениетті ізгілендіруге негізделген, яғни шынайы қарым-қатынастар ескерілмей, материалдық құндылықтарға деген ұмтылыста көрінеді.

Ресейлік психологияда топтардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасын зерттеу 20 ғасырдың 60-жылдарында басталды. Ең алдымен өндірістік топтар, мектеп және ғылыми топтар зерттеле бастады. Отандық әлеуметтік психологияда басты ұғым «ұжым» деп қабылданды. Бұл анықтаманың отандық әлеуметтік психологияда белгілі идеологиялық мазмұны болды. «Ұжым» ұғымы «топ» ұғымының синонимі болды, оның нәтижесінде оның ғылыми мазмұны жойылды. 70-жылдардың басында топтық қысым жағдайында тұлғаның мінез-құлық мәселелері, топтық ұйымшылдық мен үйлесімділікке байланысты зерттеу жұмыстары басталды. Оның көрнекті өкілдеріне В.В.Шпалинский, А.В.Петровский, В.А.Бакеев, А.А.Бодалев т.б. болды.

Психологиялық сөздікте шағын топ деп жалпы мақсаттар мен міндеттермен біріккен байланысқан индивидтердің кішігірім тобы түсіндіріледі. Топтың төменгі және жоғары шекарасы бар: 1. шағын топ екі адамнан құралады – диада. Мұндағы тұлғааралық байланыстар берік болумен анықталады. 2. шағын топ үш адамнан құралады – триада. Екі адамнан тұратын топта эмоционалды қарым-қатынастарды реттеуге болады, қызмет бойынша кикілжің пайда болса, ол тұлғааралық кикілжің сипатына ие болады. Үшінші адам кикілжіңге қатыспай тұлғааралық емес, қызметтік бастау алады.

Шағын топтың жоғары шекарасы деп 10,15,20 адамнан тұратын топ аталады. Г.М.Андрееваның пікірі бойынша, шағын топтың жоғары шекарасының критерийі зерттелетін топтың аталған мөлшері және бірлескен топтың қызметтегі қажеттіліктері деп аталды. Жоғарыда айталғандарды қорытындылай келе, шағын топтың сан жағынан мөлшері әлі де пікірталас тудыруда. Сонда болса да барлық анықтамаларда шағын топтарға тән келесі белгілер бар:


  • екі немесе үш және одан көп адамдардың болуы;

  • жалпы мақсат пен бірлескен қызметтің болуы;

  • адамдар арсындағы байланыс және қарым-қатынастардың жүзеге асуы;

  • топтық нормалар мен құндылықтардың қалыптасуы;

  • адамдардың өзара өмір сүрудегі жеткілікті уақыттың болуы;

  • басқару жүйесінің болуы.

Топтың негізгі функцияларына мыналар жатады:

  1. әлеуметтендіру функциясы – жеке адамның белгілі әлеуметтік ортаға енгізу нәтижесінде нормалар мен құндылықтарды меңгерумен анықталады. Мазмұны жағынан осы функцияға жақын нормативті функция бар, онда топ адамның мінез-құлық нормаларының, әлеуметтік және құнды бағдарлардың көзі ретінде саналады.

  2. инструменталды – адамдардың бірлескен қызметінде көрінеді. Қызметтің көптеген түрлерін басқа адамдармен бірге, топта орындауға болады. Мысалы, құтқарушылар отряды, конвейерлік бринавда т.б. Мұндай топтар белгілі міндеттерге бағытталған топтар деп аталады.

  3. топтың экспрессивті функциясы – адамның қолдау, құрметтеу және сенім білдіру қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады.

  4. топтың қолдау функциясы адамдардың қиын жағдайда бірігуге ұмтылуында көрінеді.

  5. топтың салыстырмалы функциясы топ адам өзін және басқаларды бағалай алатын эталон ретінде бола алатындығында көрінеді.


2. Шағын топтың түрлері мен функциялары.
Шағын топтардың бірнеше түрлері бар: формальды (ресми), формальды емес (ресми емес), нашар дамыған, жақсы дамыған, референтті, мүшелік, табиғи, лабораториялық топтар.

Формальды топтар (ресми топтар) – олардың заңды реттелген статусы, оның мүшелерінің нормативті түрде бекітілген құқықтары мен міндеттері, сайланған басшылары бар.

Формальды емес топтар (ресми емес топтар) – олардың заңды статусы жоқ, ерікті негізде құрылады, яғни ортақ қызығушылықтары, достық, симпатия, мүдделері бірдей болған жағдайда құрылады. Ресми емес топтар жеке және ресми топтардың ішінде де құрылады.

Нашар дамыған топтар – бұлар өз дамуының алғашқы кезеңіндегі топтар. Жақсы дамыған топтар – бұрыннан бар топтың түрі, ортақ қызығушылықтары мен мақсаттары бар топқа жатады. Олардың ұйымшылдығы жоғары деңгейде, тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесі дамыған.

А.В.Петровскийдің пікірі бойынша, бірлескеен қызмет орындау барысында топ өз дамуының ерекше деңгейіне – ұжымға дейін көтеріледі. Ұжымның психологиялық теориясы тұрғысынан топ өз дамуы барысында бірқатар деңгейлерден өтеді. Әр деңгейдің психологиялық сипаттамасы болады.

Топтық құрылымның орталық буынын (А деңгейі) топтың заттық іс-әрекеті құрайды, ол іс-әрекет міндетті түрде әлеуметтік-позитивті болуы керек. Заттық іс-әрекеттің даму дәрежесін 3 критерий арқылы анықтауға болады:



  1. негізгі қоғамдық функцияны орындауды бағалау, яғни еңбектің қоғамдық бөлуде қатысу;

  2. топтың әлеуметтік нормаларға сай келуіне баға беру;

  3. топтың әрбір мүшесінің дамуын қамтамасыз ететін қабілетіне баға беру.

В деңгейі топтың әрбір мүшесінің топтың іс-әрекеттегі орындаудағы қарым-қатынастарын реттейді. Осы деңгейде бірлескен іс-әрекеттің мазмұнымен негізделген тұлғааралық қарым-қатынастар көрінеді. Топтық құрылымның С деңгейі топ мүшелерінің арасындағы сыртқы байланыстарын реттейді.

Референтті топтар – бұнда адамдар өздерінің қызығушылықтары, симпатия, антипатия, жеке құндылықтарына бағдар алады. Бұл топтың түрі адам үшін эталон ролін орындайтын топқа жатады. Референтті топтар шынайы және шартты түрде, яғни адамдардың санасында болады (кітап кейіпкерлері, жазушы-саяхатшылар т.б.). Бұл топтар екі негізгі функцияны орындайды: нормативті және салыстырмалы.

Мүшелік топтар – бұл топтарда адам шынайы өмір сүреді. Табиғи топтар – бұл топтарда адамдар үнемі қызмет пен күнделікті өмірде бірге болады. Лабораториялық топтар – белгілі топтық процестерді зерттеу мақсатында құрылады. Реалды немесе нақты, шынайы топтар – бұл топтар нақты қарым-қатынастармен бірлескен, уақыт пен кеңістік бойынша ортақ топтар (сынып, отбасы т.б.). Шартты топтар – адамдардың ортақ белгілері бойынша біріккен тобы (жынысы, жасы, білім деңгейі, қызмет сипаты т.б.).
3. Шағын топтағы динамикалық процестердің зерттелу мәселелері.
Психологиялық сөздікте динамикалық процесс деп шағын топтың өмір сүруіне тән топішілік әлеуметтік психологиялық процестер мен құбылыстардың жиынтығы аталады. Топтық динамика процестеріне жетекшілік пен лидерлік феномені, топтық шешімдер қабылдау процесі, ұйымшылдық және топтық кикілжіңдер жатады. Соынмен бірге, топтық динамикаға топтық қысым процестері, жеке мінез-құлықты реттеу әдістері жатады.

Батыс психологиясында «топтық динамика» терминін ХХ ғасырдың 30-жылдарында К.Левин енгізді. Ол шағын топтарды зерттеу мақсатында лабораториялық топтар құрды, кейіннен бұл термин К.Левиннің шағын топтарды зерттеудегі әлеуметтік психологиялық мектебін атауға қолданылды. Динамикалық процестердің маңыздыларын атайық: шағын топтарды құру, топтық ұйымшылдық процесі, топтық қысым құбылысы, лидерлік және жетекшілік құбылысы, топтық шешім қабылдау процесі, бірлескен қызметтің тиімділігі.

Шағын топтарды құру процесінің бірнеше сатылары бар. Бірінші сатысында топ мүшелерімен танысу жүзеге асады, адамдардың өздері туралы алғашқы пікірлері қалыптасады, бірлескен қызметтің мақсаты мен міндеттерімен танысады. Екінші сатысында топ мүшелері жақындасады, тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесі құрылады, топтық нормалар қалыптасады. Қарым-қатынас процесінде топтық мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарлар қалыптасады. Үшінші сатыда топтық пікір көзқарас қалыптаса бастайды, ортақ көңіл-күйлер пайда болады. Төртінші сатыда «Біз» деген сезім қалыптасады, іс жүзінде адамдардың топқа психологиялық ендіру процесі жүреді.

Топтық ұйымшылдық. Бұл сипаттама топты құру процесінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Топтық ұйымшылдық – топтық динамика процесі, онда топ мүшелерінің топқа ендірілу деңгейі анықталады. Топтық ұйымшылдық көрсеткіштері:



  • тұлғааралық қарым-қатынастардла өзара симпатия деңгейі – топ мүшелерінің бір-біріне ұнауы көп болса, оның ұйымшылдығы да жоғары.

  • Тартымдылық дәрежесі, топ мүшелері үшін топтың пайдалы болуы, өздерінің топ ішінде болуымен қанағаттанатын адамдар көп болса, топтық тартымдылық күші жоғары.

Топтық ұйымшылдық тұжырымдамасының негізін қалағандар К.Левин, Л.Фестингер, Д.Картрайд, А.Зандер. Топтық ұйымшылдықтың негізгі факторлары:

  1. топ мүшелерінің басты құндылық бағдарлардың ұқсастығы;

  2. топтық мақсаттардың айқындылығы және белгілігі;

  3. басшылардың демократиялық стилі;

  4. бірлескен қызмет процесінде топ мүшелерінің өзара бір-біріне тәуелділігі;

  5. топтың шағын көлемді болуы;

  6. кикілжіңге баратын микротоптың болмауы;

  7. топтың дәстүрлері мен беделі.

А.В.Петровский енгізген термин бойынша топтық ұйымшылдық құндылық-бағдарлы тұтастық деп түсіндіріледі. Топтық ұйымшылдықты диагностикалауда әдістемелік тәсіл ретінде социометриялық әдістеме көп қолданылады.

Топтық қысым. Бұл құбылыс психологияда «конформдылық» деген атқа ие болды, латын тілінен аударғанда ұқсас, сәйкес, пайымдау дегенді білдіреді, яғни адамның топтық қысымға икемділігі, көнгіштігі туралы айтылады. Конформдылық топтың әсері арқылы адамдардың мінез-құлқы мен құндылықтарын өзгеруінде көрінеді. Конформдылық жеке көзқарас пен топтық көзқарас арасындағы кикілжіңді шешудің әдісі болып саналады. Оның екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі конформдылық - өз көзқарасынан гөрі қоршаған адамдардың негізделген және объективті көзқарастарын іштей қабылдау нәтижесінде жеке бағдарларын қайтадан құрумен сипатталады. Сыртқы конформдылық – топтың тарапынан қолдау алу мақсатында топ пікіріне бағынышты болуды білдіреді.

Эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып, конформдылық деңгейінің бірнеше себептері бар: а) топтық қысым көрсетілетін адамдардың сипатттамасына: жынысы, жасы, зердесі, еліктеуі; ә) топтың сипаттамасы: көпшіліктің пікірі, топ мүшелерінің саны т.б.

Лидер термині ағылшын тілінен аударғанда басшылық, жетекшілік деген мағынаны білдіреді. Отандық психологияда лидерлік пен басшылық феномені екі түрлі құбылыс ретінде қарастырылады. Б.Д.Парыгин жетекші мен басшының келесі айырмашылықтарын көрсетеді:



  • лидер топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды реттуді жүзеге асырады, ал басшы топтың ресми қарым-қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

  • лидерлік – микроортаның элементі, басшылық – макроортаның элементі;

  • лидерлік стихиялы түрде пайда болады, басшыны сайлайды;

  • лидерді табу топтың көңіл-күйіне байланысты, басшылық – тұрақты құбылыс;

  • басшы белгілі санкциялары бар, ал лидерде олар жоқ;

  • басшының шешім қабылдау процесі қиын әрі күрделі, ал лидер тікелей шешім қабылдай береді;

  • лидердің қызмет ауқымы тек шағын топта, ал басшының қызмет ауқымы кең.

Топтық шешім қабылдау деп топтың мүшелеріне ортақ міндетті шешуде өзара ақпарат алмасу жағдайында топтың таңдау процесі түсіндіріледі. Топтық шешім қабылдау процесінің бірнеше кезеңдері бар:

  1. ақпараттық-іздеуші кезең – бұнда қосымша ақпарат жиналады;

  2. мақсат қою және оған жетудегі баламалы іс-әрекеттерді анықтау кезеңі;

  3. бағалау-прогностикалық кезең – бұнда шешім қабылдау әдістері жан-жақты талданып, пікір алмасады, бұнда дискуссия, «миға шабуыл» әдістері қолданылады.

  4. шешімді өзінше қабылдау.

Топтық шешім қабылдау процесінің күшті және әлсіз жақтары бар. Топтық шешім қабылдаудағы талдаулар көп идеяларға жол береді, топ қабылдаған шешімдер нақты болып келеді. Топтық шешім қабылдауда топтың құрамы әсер етеді. Гетерогендік топтарда (ер, әйел) қабылданған шешімдер жоғары сапалы болып саналады. Ал гомогендік топтарда (әйел) шешім қабылдауда топ мүшелерінің қанағатттануына көбірек ықпал етіп, кикілжіңнің азаюына назар аударады. Топтық шешімнің кемшілігі – топ оның мүшелерінің шығармашылығына кедергі келтіреді.

Бірлескен қызметтің тиімділігі деп алдын ала жоспарланған нәтижеге жеткен нәтижелердің қатынасы түсіндіріледі. Тиімділіктің критерийлері:



  1. экономикалық өнімділік;

  2. еңбек етумен қанағаттану.

Бұлардан басқа психологиялық ахуал сипаттамасы сияқты критерий бар, бұнда жеке адамның топ ішінде жан-жақты дамуына ықпал ететін психологиялық жағдайдың жиынтығы ретінде көрінетін тұлғалардың қарым-қатынасының сапалық жағы түсіндіріледі.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Топ дегеніміз не?

2. Шағын топқа анықтама және оның функцияларын атаңыз.

3. Шағын топтағы динамикалық процестердің құрылымын анықтаңыз.

4. Топтық ұйымшылдық, конформдылық, коактілі топ дегенміз не?


Сабақ 2.

Сабақтың тақырыбы: Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы

Жоспары:


1. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топ ұғымына анықтама.

2. Үлкен топтың түрлері мен функциялары.

3. Стихилы топтардағы әсер ету әдістері.

1. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топ ұғымына анықтама.
Адам өмірінің көп уақытын оның тұлғалық дамуы жүретін шағын топтарда өткізеді.
Бірақ шағын топтар үлкен топтардың ықпалымен өмір сүреді. Осы жағдай үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыруды қажет етеді.

Топтарды зерттеуге екінші дүниежүзілік соғыс ықпал етті. Топтардың ұйымшылдығы, қызметтің тиімділігі, басқару стилі зерттелді. Топтық процестер эксперименталды талдаудың пәні бола бастады. Теориялық негіздемелер бойынша, әлеуметтік психология негіздері алғаш рет гештальтпсихология, бихевиоризм және психоанализ негізінде қаланды. Топтардың әлеуметтік психологиясының жалпы дамуына К.Левиннің теориясы, Дж.Мореноның тұжырымдамасы ықпал етті. К.Левин Массачусетс технологиялық институтында арнайы орталық ашты. Гештальпсихологияның идеяларына сүйене отырып, К.Левин «өріс» теорясының негізін қалады. Зерттеудің негізгі мәселесі топтардың табиғатына, олардың қалыптасу жағдайына, индивид пен басқа топтармен өзара байланысына, жеткілікті қызмет жағдайына арналды.

Қазіргі заманғы әлеуметтік психологияда социометриялық әдістеме кең тараған. Социометриялық бағыттың негізгі кемшілігі топтағы эмоционалды қарым-қатынастарға зейінді жинақтау болды. Социометрия шағын топтың социометриялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді, ал социометриялық құрылым – социометриялық процедуралар нәтижесінде өзара қолдау көрсету және қарсы пікір айту негізінде топ мүшелерінің арасындағы байланыстың жиынтығы деп түсіндіріледі.

Үлкен топтар – белгілі әлеуметтік белгілері негізінде (жынысы, жасы, ұлты, кәсібі т.б) құрылған сан жағынан шектелмеген адамдардың шартты және нақты қауымдастығы. Үлкен топтарда мінез-құлық нормалары, қоғамдық және мәдени дәстүрлер, қоғамдық пікір қалыптасады. Үлкен шартты топтарға келесі топ түрлері жатады: әлеуметтік кластар, этностық ұлттар мен топтар, кәсіби топтар, жыныстық-жас ерекшелік топтар. Бұл топтардың шартты аталуының себебі, бұларда үздіксіз байланыс болмайды, кеңістік пен уақыт бойынша шектеулер болады. Үлкен нақты топтарға белгілі бір қоғамдық қызмет арқылы байланысқан, күрделі ұйымдасқан қауымдастық жатады. Осындай топтарға мектеп ұжымын жатқызуға болады. Үлкен әлеуметтік топтар біртұтас кеңістік пен уақыт бойынша құрылады. Жоғарыда аталған топтар табиғи үлкен топтарға жатады, себебі олардың пайда болуы қоғам дамуымен негізделген. Бұл топтар қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі орын алады, сондықтан тұрақты топқа жатады. Сонымен қатар стихиялы түрде пайда болған, қысқа мерзімге құрылған қауымдастықтар да болады.

Үлкен әлеуметтік топтардың шағын топтармен салыстырғанда ортақ белгілері бар:


  • шағын топтарда болмайтын әлеуметтік мінез-құлық реттегіштерінің болуы (салт-дәстүрлер, әдеттер);

  • топтың өмір сүру салты – топтың өмірлік ұстаным ерекшеліктері мен мінез-құлық нормаларының бірлігі;

  • арнайы тілдің болуы – этностық топтар үшін белгілі сипаты болады, ал басқа топтар үшін тіл белгілі жаргон түрінде болады.

Аталған ерекшеліктер үлкен әлеуметтік топтарға тән. Сонымен қатар бұл топтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Үлкен әлеуметтік топтардың өз мүшелерінің санасына ықпалы екі жол арқылы жүзеге асады:

  1. топтың өмір сүруінің әлеуметтік-психологиялық жағдайларымен анықталған топтың әрбір мүшесінің өмірлік тәжірибесі арқылы;

  2. белгілі әлеуметтік ортада болатын қарым-қатынас арқылы.


2. Үлкен топтың түрлері мен функциялары.
Әлеуметтік психологияда класс деп қоғамдық өндірістің тарихи белгілі жүйесінде орны бойынша, олардың өндіріс құралдарына қатынасы бойынша, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы ролі бойынша, қоғамдық байлықтың көлемі бойынша анықталатын адамдардың үлкен ұйымдасқан тобы түсіндіріледі. Қысқаша түрде, класс деп, еңбекті бөлу жүйесіндегі орны, мемлекетке деген қарым-қатынасымен, жеке меншік құқықтарымен байланысқан адамдардың үлкен тобы түсіндіріледі.

Әлеуметтік кластар өндірістік күштер дамуының нәтижесі болып табылады және қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі фактор болып табылады. Кластық психология саласында кластық қажеттіліктер, кластық қызығушылықтар, әлеуметтік сезімдер сияқты құбылыстарды атауға болады.

Кластық қажеттіліктер - әлеуметтік топтың маңызды психологиялық ерекшелігі. Қажеттіліктердің белгілі құрылымы, олардың психологиялық маңызы кластың әрбір мүшесінің материалдық және рухани байлығының құрамы мен көлемін анықтайды.

Кластық қызығушылықтар – кластық психологияның эмоциональды ауқымының маңызды элементі. Кластық қызығушылықтың мазмұны аталған кластың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесімен анықталады. Кластық қызығушылықтар топтың әрбір мүшесінің әртүрлі әлеуметтік топтардағы қызығушылықтарының нәтижесі ретінде пайда болады.

Әлеуметтік сезімдер – топқа тән эмоциональды жағдайдың белгілі сипаттамасы. Аталған ұғым топтың эмоциональды ауқымының кейбір жағдайлары. Сипаттайтын анықтамасы ретінде қолданылады. Кластық психологияның тұрақты компонентіне «психикалық құрылым» (склад) құбылысы жатады. Бұл мінез-құлықпен қызметтің негізінде аталған әлеуметтік топтың басшылыққа алатын нормалары түрінде көрінетін психикалық бейнесі. Аталған ұғымдардан басқа, әлеуметтік кластың психологиялық ерекшеліктерін сипаттауға әлеуметтік сипат, әдеттер, салт-дәстүрлер сияқты ұғымдар қолданылады.

Әлеуметтік сипат - әртүрлі класс өкілдерінің өмір сүру қызметі жағдайында іс-әрекеттерінің тұрақталған бейнесі ретінде көрінеді. Кластың әдеттері мен салт-дәстүрлері - әлеуметтік топ мүшелерінің әлеуметтік мінез-құлық мен қызметінің реттегіштері ретінде көрінеді.

Дүниежүзілік өркениеттің даму тарихында адамдарды әртүрлі белгілері бойынша классификациялау болды. Осының негізінде адамдарды этносқа бөлу пайда болды. Этнос деп ортақ тілдері бар, мәдени тұрақты ерекшеліктері және этностық бірлігі бар, белгілі аймақта тарихи қалыптасқан әлеуметтік қауымдастық түсіндіріледі. Этностық психологияның жүйелі-құрылымдық компоненттеріне этностық өзіндік сана, ұлттық сипат, темперамент, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Этностық топтардың психологиялық эмоциональды ауқымына этностық сезімдер жатады.

Этностық өзіндік сана – қоғамдық қатынастар жүйесінде адамдардың белгілі этностық қауымдастыққа қатыстылығын түсіну. Ол идея, көзқарас, сезімдер түрінде көрінеді.

Этностық сипат – топтың біртұтас бірлігі жағдайында анық көрінетін типтік белгілерінің көрінісі. Әрбір адамда этностық сипатының жалпы белгілерін анықтауда көп қиындықтар пайда болады. Қоғамдағы әрбір адамның этностық және әлеуметтік статусы мен сипаты болады. Көп жағдайда әртүрлі этностарға этностық стереотиптер тән, олар әртүрлі этнос өкілдеріне тән адамгершілік, ақыл-ой, физикалық сипаты туралы тұрақты көріністерден тұрады. Этностық стереотиптер екіге бөлінеді:


  1. автостереотиптер

  2. гетеростереотиптер.

Автостереотиптер – этностық қауымдастық өкілдерінің өзінің этносына берген пікірлері, көзқарас пен бағалары. Көп жағдайда олардың оң бағалары кездеседі. Гетеростереотиптер – басқа халық туралы бағалау көзқарастарының жиынтығы. Бұларда оң және теріс бағалаулар да кездеседі. Жағымсыз этностық стереотиптер этноцентризмнің пайда болуына әкеп соғады. Этноцентризм эталон ретінде қарастырылған этностық топ ұстанымы тұрғысынан өмірлік құбылыстарды қабылдауға бейімделуде көрінеді.
3. Стихиялы топтардағы әсер ету әдістері.
Стихиялы әлеуметтік топтар – көп адамдардың қысқа мерзімді бірлестігі, көп жағдайда әртүрлі қызығушылықтары бар, бір себеп бойынша жиналған және бірлескен іс-әрекет етеді. Бұл топтар белгілі бір шамада ұйымдасқан, көп жағдайда стихиялы түрде пайда болады. Стихиялы топтағы адамның мінез-құлқының маңызды сипаттары мыналар:

  1. бет бейнесінің болмауы - өз іс-әрекеттеріне бақылаудың нашар болуы, жеке жауапкершілік сезімдерін жоғалтуы;

  2. сезімдер интеллектіден басым болады;

  3. психикалық жұқтыру, еліктеуге бейімделу жоғары болады.

Ұйымдастыру дәрежесіне байланысты стихиялы топтардың үш түрін анықтауға болады:

  1. тобыр (толпа)

  2. масса (көпшілік)

  3. публика (бұқара)

Бүгінгі күнде психологиялық әдебиеттерде «тобыр» сөзінің жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Тобыр – эмоциональды жағдайының ұқсастығымен және ортақ объектісімен өзара байланысқан адамдардың ортақ мақсатсыз, құрылымсыз жиналуы». Тобыр көп жағдайда әртүрлі жағдайларға байланысты көшеде пайда болады (жол оқиғалары т.б.). Тобырдың ұзақтығы болған оқиғаның маңыздылығымен анықталады.

Масса (көпшілік) – анық шекаралары жоқ, тұрақты құрылым, тобырға қарағанда ұйымдасқан түрде пайда болады. Массаны құрайтын адамдарға іс-шараның ұйымдастырушылары, оны өткізудің орны мен уақыты белгілі болады. Массаның мысалы ретінде адамдардың митинг, демонстрация, концертке жиналған тобын атауға болады. Массада әртүрлі қызығушылықтар соқтығысуы мүмкін.

Публика (бұқара) – арнайы ұйымдасқан іс-шараны өткізуге байланысты бірлесіп уақыт өткізуге жиналған адамдардың қысқа мерзімді тобы. Публика адамдардың ұйымдасқан және басқарылған тобы. Оның мысалы ретінде театрға келген адамдар тобын алуға болады. Жабық мекемелерде, мысалы лекция залдарында публиканы аудитория деп атайды.

Әлеуметтік қозғалыс әлеуметтік қоршаған ортадағы өзгерістермен байланысты алдында белгілі мақсаттары бар, адамдардың ұйымдасқан тобы ретінде түсінідіріледі. Әлеуметтік қозғалыстар әртүрлі деңгейлерде ұйымдасуы мүмкін:



  • глобальды мақсаттары бар ауқымды көпшілік қозғалыстар;

  • аймақ немесе әлеуметтік топпен шектелген локальды қозғалыстар;

  • шектелген аймақта прагматикалық мақсаттары бар қозғалыстар.

Өзінің көлеміне қарамасатн, әлеуметтік қозғалыстың төмендегідей сипаттамасы бар:

  • белгілі қоғамдық пікір негізінде құрылады, кейін қозғалыстың дамуына қарай өзі қалыптасуы немесе өзгеруі мүмкін;

  • әлеуметтік қозғалыстың мақсаты ретінде белгілі әлеуметтік жағдайдың өзгеруі мүмкін;

  • қозғалысты ұйымдастыру барысында оның бағдарламасы құрылады;

  • әлеуметтік қозғалыс әртүрлі қоғамдық акцияларда, мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарламаларда, демонстрацияларда, митинг пен съездерде жүзеге асады.

Адамдардың әлеуметтік қозғалысты ұйымдастыруға итермелейтін мотивтерді бірнеше топқа біріктіруге болады:

  • әлеуметтік қозғалыстың ресми мақсаттармен тікелей байланысты мотивтер. Бұл мотивті жетекшілікке ала отырып, адам әлеуметтік қозғалысқа енеді және белгілі әлеуметтік өзгерістерді қажет деп санайды;

  • өзін-өзі жүзеге асыру мотивтері – адамның белгілі бір қоғамдық пайдалы жұмыс атқару үшін әлеуметтік қозғалысқа енуге ұмтылысында көрінеді;

  • пайда табу мотивтері - өзінің жеке жағдайын жақсартуға байланысты болады. Бұл жағдайда қоғамдық қозғалыс адамның өзіндік пайда табуының құралы ретінде болады.

  • Танымдық мотивтер – қоғамдық қозғалысқа жаңа ақпарат алу мақсатында енеді.

  • Шақыру мотивтері – қозғалысқа бір адамның тілегіне қарсы тұру жағдайында енуде жүзеге асады (ата-ана, достар, қызметтестер, жалпы қоғам).

  • Бірігу мотивтері – осы мотивтерді жетекшілікке алатын адамдар үшін және әлеуметтік қозғалысқа қатысу олар үшін топтың бір мүшесі болудың жеңіл әрі бір ғана мүмкіндігі болады және басқа адамдар тарапынан өздерін қабылдауға қол жеткізуді көздейді.

Қоғамдық қозғалыстың мысалы ретінде – «хиппи» қозғалысын алуға болады. Бұл қозғалыстың пайда болуы ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы батыстық қоғамның тарихи-мәдени дамуымен негізделген. Бұл қозғалыстың негізгі принциптері мыналар:

  • индивидуализм – зейін ортасында барлық құндылықтардың өлшемі болып табылатын адам тұрады;

  • адамдар өмірінің саяси және этикалық құрылымдарына қарсы келетін адамды жетілдірудің мүмкін екеніне сенімділік;

  • адамның өзіндік ашылуының құндылығы;

  • өз өмірін жоспарлаудан бас тарту;

  • гедонизм - «өзіңе не ұнаса, соны істе»;

  • иррационализм – мәселерді шешудің рациональды жолдары мен дәстүрлі ғылымға сенімсіздік таныту, көп жағдайда интуиция, мистика және сиқырлы құбылыстарға сүйену.

Аталған қозғалыстың негізгі мотивтері «Мен» сезімінің және тұлғалық тәжірибесінің кеңеюі, жеке адамның бет бейнесінің жоғалуына және оның адамдық қасиеттерінің жоғалуына қарсылық білдіруді алуға болады.

Стихиялы топтардағы әсер ету әдістеріне жұқтыру, иландыру және еліктеу жатады. Жұқтыру – индивидтің белгілі психикалық жағдайларға еріксіз түрде, санадан тыс енуі. Жұқтыру ақпаратты саналы түрде қабылдау арқылы емес, белгілі эмоциональды жағдайлардың берілуімен анықталады. Жұқтыру «паника» жағдайында күшейеді. «Паника» сөзі грек тілінен аударғанда – есепсіз үрей, қорқыныш деген мағынаны білдіреді. Паника шынайы және қиялдағы қауіптің алдындағы жаппай үрей жағдайымен сипатталады. Ол өзара жұқтыру процесінде күшейеді және жағдайға рациональды түрде баға беру қабілетін төмендетеді. Егер аталған топ нашар дамыған болса, және топтың ұйымшылдығы мен лидерлерінің авторитеті төмен болған жағдайда, паника адамдар тобын тез қамтып алады.

Паника қауіп-қатер мен қорқыныш туралы ақпараттың жеткіліксіздігі жағдайында күшейе түседі. Сонымен қатар паниканы қиын жағдайлардағы күту, үрей, психикалық қысымның жалпы жағдайы сияқты факторлар күшейте түсуіне ықпал етеді.

Жұқтыру әрдайым жағымсыз құбылыс ретінде болады. Әсіресе ол адамдардың сыни көзқарасын төмендетуге ықпал етеді, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға сенуге әсер етеді. Бірақ жұқтыру белгілі формада болса, саяси үгіт жұмыстарын немесе өнерді ұжымдық қабылдаудың тиімділігін арттырады. Паника қорқыныш, жек көру, кектену, ашу, ыза сияқты жағымсыз эмоциялардың таралуына ықпал еткен жағдайда әлеуметтік жағынан қауіпті болып табылады.

Иландыру – бір адамның екінші бір адамға немесе топқа ешбір дәлелсіз, мақсатты түрде әсер етуі. Топтық иландырумен қатар, топтық қарсы келу құбылысы да бар. Топтық қарсы келу деп топтың тарапынан иландыруға қарсы келу процесі аталады. Бұл қарсы келу түрі топтың сапалық құрамына байланысты, яғни топтың ұйымшылдық дәрежесіне, мақсаттары мен мотивтерінің бірлігіне, қызметі мен басқа факторларға байланысты болады. Топтың топаралық байланыстары мен қарым-қатынастары нашар болса, топтық қарсы келу де төмен дәрежеде болады.

Еліктеу – адамдардың бір-біріне әсер ету механизмі, оның нәтижесі ретінде басқа адамның мінез-құлқының немесе жалпы психикалық жағдайдың кейбір белгілерін қабылдау алынады, сонымен қатар индивидтің көрсетілген мінез-құлық белгілері мен бейнелерін қайталау алынады. Қорытынды ретінде үлкен стихиялы топтардағы сипатталған механизмдерінің жалпы ортақ белгілері бар және олардың арасындағы шекаралары қалыптасқан.

А.В.Петровскийдің пікірі бойынша, бірлескеен қызмет орындау барысында топ өз дамуының ерекше деңгейіне – ұжымға дейін көтеріледі. Ұжымның психологиялық теориясы тұрғысынан топ өз дамуы барысында бірқатар деңгейлерден өтеді. Әр деңгейдің психологиялық сипаттамасы болады.

Топтық құрылымның орталық буынын (А деңгейі) топтың заттық іс-әрекеті құрайды, ол іс-әрекет міндетті түрде әлеуметтік-позитивті болуы керек. Заттық іс-әрекеттің даму дәрежесін 3 критерий арқылы анықтауға болады:



  1. негізгі қоғамдық функцияны орындауды бағалау, яғни еңбектің қоғамдық бөлуде қатысу;

  2. топтың әлеуметтік нормаларға сай келуіне баға беру;

  3. топтың әрбір мүшесінің дамуын қамтамасыз ететін қабілетіне баға беру.

В деңгейі топтың әрбір мүшесінің топтың іс-әрекеттегі орындаудағы қарым-қатынастарын реттейді. Осы деңгейде бірлескен іс-әрекеттің мазмұнымен негізделген тұлғааралық қарым-қатынастар көрінеді. Топтық құрылымның С деңгейі топ мүшелерінің арасындағы сыртқы байланыстарын реттейді.

Топтық шешім қабылдау деп топтың мүшелеріне ортақ міндетті шешуде өзара ақпарат алмасу жағдайында топтың таңдау процесі түсіндіріледі. Топтық шешім қабылдау процесінің бірнеше кезеңдері бар:



  1. ақпараттық-іздеуші кезең – бұнда қосымша ақпарат жиналады;

  2. мақсат қою және оған жетудегі баламалы іс-әрекеттерді анықтау кезеңі;

  3. бағалау-прогностикалық кезең – бұнда шешім қабылдау әдістері жан-жақты талданып, пікір алмасады, бұнда дискуссия, «миға шабуыл» әдістері қолданылады.

  4. шешімді өзінше қабылдау.

Топтық шешім қабылдау процесінің күшті және әлсіз жақтары бар. Топтық шешім қабылдаудағы талдаулар көп идеяларға жол береді, топ қабылдаған шешімдер нақты болып келеді. Топтық шешім қабылдауда топтың құрамы әсер етеді. Гетерогендік топтарда (ер, әйел) қабылданған шешімдер жоғары сапалы болып саналады. Ал гомогендік топтарда (әйел) шешім қабылдауда топ мүшелерінің қанағатттануына көбірек ықпал етіп, кикілжіңнің азаюына назар аударады. Топтық шешімнің кемшілігі – топ оның мүшелерінің шығармашылығына кедергі келтіреді.

Бірлескен қызметтің тиімділігі деп алдын ала жоспарланған нәтижеге жеткен нәтижелердің қатынасы түсіндіріледі. Тиімділіктің критерийлері:



  1. экономикалық өнімділік;

  2. еңбек етумен қанағаттану.

Бұлардан басқа психологиялық ахуал сипаттамасы сияқты критерий бар, бұнда жеке адамның топ ішінде жан-жақты дамуына ықпал ететін психологиялық жағдайдың жиынтығы ретінде көрінетін тұлғалардың қарым-қатынасының сапалық жағы түсіндіріледі.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Үлкен топ дегеніміз не?

2. Үлкен топқа анықтама және оның функцияларын атаңыз.

3. Шағын топтағы динамикалық процестердің құрылымын анықтаңыз.

4. Топтық ұйымшылдық, конформдылық, коактілі топ дегенміз не?

Модуль 3. Жеке адамның әлеуметтік психологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет